1-сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау



жүктеу 0,49 Mb.
бет6/8
Дата22.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#15925
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

19-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ұқсас және әр түрлi нысандар. Нысанмен жұмыс жасау.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Ұқсас» және «әр түрлi» нысандарды қарастыру.

  2. “әр түрлi” және “ұқсас” нысандарды анықтап, таба бiлуге үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

“Ұқсас” және “әртүрлi” нысандар ұғымын қалыптастыруды жұмыс дәптерiндегi берiлген нысанмен жұмыс түрiнде өткiзуге болады.



Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Қар ерiп, көктем ерте басталған кезде қар астынан гүлдер өсiп шығады. Жаз бойы күз түскенге дейiн бұл гүлдер түрленiп гүлдене бередi. Гүлдi нысан ретiнде қарастырайық. Олар ұқсас немесе пішіні, көлемi, иiсi бойынша әр түрлi болуы мүмкiн.

Егер сен мектептiң кiтапханасына барсаң, онда кiтаптар жиналған сөрелердi көресiң. Кiтаптар аты, мазмұны, көлемi және түсi бойынша ұқсас немесе әр түрлi болуы мүмкiн.

Жұмыс дәптерiндегi берiлген геометриялық денеге назар аударыңдар. Ондағы геометриялық денелер – моншақтар дөңгелек, шаршы, үшбұрыш. Олар түрлi-түстi, үлкен және кiшкентай болуы мүмкiн.

Жапырақтың түбiрi мен бұтағын, қарақат пен аққайыңды бiр-бiрiнен қалай ажыратасың? Оларды пішіні мен көлемi бойынша ажыратуға болады. Қайыңның жаздағы және күздегi жапырақтары бiр-бiрiнен қалай ажыратасыңдар? Түстерi бойынша ажыратылады. Дұрыс айтасыңдар.

Ендi балалар, сендер ұқсас және әр түрлi болып келетiн нысандарға мысал келтiрiңдер.



Тапсырмалар

  1. Үлгiге қарап боя.

  2. Ұқсас денелерді жалға.

  3. Ұқсас және әр түрлi нысандардан құралған тiзбектердi қарастыр.

  4. Ұқсас нысанды жалға: гүл, моншақ, саңырауқұлақ, жапырақ. Оларды боя.

  5. Нысандардың қандай айырмашылықтары бар? Оларды бірдей етіп сал және боя.

  6. Не артық?

Сергiту сәтi

20-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Нысандардың жұмыс жасау әрекеттерi.

Сабақтың мақсаты:

  1. нысанмен жұмыс жасау әрекеттерiн атап, анықтауға үйрету.

  2. нысанды жұмыс жасау әрекеттерi бойынша топтап, жалпы қасиеттерін табуға үйрету.

  3. нысанның белгiлерi, құрамды бөлiктерi және әрекеттерi бойынша анықтап, сипаттауға үйрету.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Нысандармен жұмыс жасаудың көптеген iс-әрекеттерi түсiнiктi, мысалы, доп секiредi, машина жүредi, қоңырау шылдырлайды, гүлдер өседi, кiтаптар оқылады.

Ұшақ, компьютер, көтерме кран, қарға, мысық, тышқан, қалам, қарындаш, қаламұш, фонтан, мұғалiм, оқушы қандай iс-әрекеттердi орындауы мүмкiн? Ал ендi оқушылар, мына әрекеттердi қандай заттардың орындайтынын анықтаңдар: жүгiру, секiру, оқу, жазу, сурет салу, жүзу, ұшу, шиқылдау, кесу, соғу, иiскеу.

Ендi нысанды сипаттауға көшейiк. Көбелек - кiшкентай, сары, ұшады. Қарындаш – ағаштан жасалған, қызыл, сурет салады. Апельсин – үлкен, сарғыш, тәттi, оны жейдi. Карлсон – кiшкентай, толық, ұша алады. Күнбағыс – үлкен, сары, өсiп келедi.

Шешiңдер! Бұл кiм немесе бұл не? Бұл нысан қандай әрекет орындауы мүмкiн?

Өзi үлкен, сұр, тұмсығы ұзын? (Пiл).

Тық-тық етедi, уақыт өтедi? (Сағат).

Өзi үлкен, жасыл түстi, жүзедi? (Крокодил).

Дөңгелек пен кабинадан тұрады, көлемдері әр түрлi, түрлi-түстi болады (Машина).

Сырты жасыл, iшi қызыл? (Қарбыз).



Тапсырмалар

  1. Мына нысандар қандай әрекеттерді орындауы мүмкiн?

Қарындаш – сурет салу.

Машина – жолда жүру.

Компьютер – ақпаратты сақтау.

Сағаттар – уақытты көрсету.

Гүл – гүлдену.

Доп – секiру.



  1. Артық нысанды сызып таста: ұшақ, қарындаш, парашют.

  2. Мына нысандарды қолдану арқылы қандай әрекеттер орындауға болады?

Кiтап – оны оқуға болады.

Гүл – оны суару керек.

Балта – онымен ағаш жаруға болады.

Алма – оны жеуге болады.

Күрек – онымен жер қазылады.


  1. Жеуге болатын нысандардың астын сыз – алма, қарбыз.

Жүзе алатын нысандарды дөңгелекпен қоршап, сурет салуға болатын нысандарды шаршымен белгіле – кеме, балық, қарындаш.

  1. Нысандарды бiрдей етiп сал. Боя.

  2. «. . . не шығады?» ойыны.

Жұмыртқадан – балапан.

Кiрпiштен – үй.

Балапаннан – құс.

Ұннан – нан.

Жiбек құртынан – көбелек.

Сергiту сәтi

21-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Берiлген қасиеттерi бойынша нысан құрастыру.

Сабақтың мақсаттары:

  1. оқушыларға нысан қасиеттерiн ажыратуды үйрету.

  2. оқушыларды берiлген тапсырма бойынша нысанды құруға үйрету.

  3. оқушылардың ойлау қабiлетiн, аналитикалық iс-әрекеттерiн және байқағыштығын дамыту.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Әр түрлi белгiлер бойынша жаңа нысан құрастыру өте маңызды. Мысалы, әрбiр моншақтың дұрыс тiзiлуiнiң өзiндiк белгiсi бар. Олардың түрлерi ұқсас, түрлi-түстi, түстерi бiрдей немесе әртүрлi болуы мүмкiн. Нысанның белгiлерiн бiлу жаңа нысан құрау үшiн қажет. Мысалы, құрылысшылар үй салғанда қажеттi материалдың, оның терезесінің, есігінің, тастарының және т.б. қасиеттерінің, пішіндерінің, түстерінің қандай болатынын бiледi. Биолог мамандар тұқым сортының түрлерiне байланысты өсiмдiктер мен гүлдердiң жаңа түрлерiн қалай өсiру керектiгiн бiледi. Ал, балалар, сендермен бiрге заттың қасиеттерi мен құрамды бөлiктерi бойынша оларды сипаттап, анықтап және құрастырып үйренейiк.



Тапсырма.

  1. Берiлген денелерден құрастыруға болатын нысанды сал (шырша, машина, аққала, үй).

  2. Берiлген қасиеттерi бойынша нысанды тауып, сызық арқылы қос.

а) түсі қызыл, секіреді – доп

ә) тіктөртбұрышты тілдері бар - сағат

б) жасыл, тез жүреді – машина

в) жасыл, өседі - шырша

г) қызыл, иісі бар – гүл

ғ) қызыл, гүрілдейді - машина

д) тіктөртбұрышты, қатты – кірпіш

е) тіктөртбұрышты, тәтті – қант

ж) домалақ, жүреді – тасбақа

з) сұр, жұмсақ – мысық

и) сұр, ұзын тұмсықты – піл

к) домалақ, ілініп тұрады - люстра



  1. Не артық? Нысанды боя.

  2. Гүл салынған құмыраларды бiрдей етіп сал. Боя.

  3. Мына нысандардың ортақ белгiлерiн тап.

Балмұздақ, мұз – салқын.

Қарындаш, қалам – әрекет (жазады), көлемі.

Кiрпi, шырша – тiкенек.

Пышақ, ара – темір.

Дәптер, кiтап – құрамы (қағаз), пішіні (тiктөртбұрыш).


  1. Мына нысандардың құрамды бөлiктерiн ата

Кiтап – бет, парақтар.

Үстел – бетi, аяғы.

Көзілдірік – әйнек, ілмек.

Компьютер – жүйелiк блок, монитор, пернетақта, тышқан.



  1. Сөздердi тауып оқы: парта, кітап, перне, сөмке, шырша, қалам.

  2. Бос орынға тиісті санды қой: керекті немесе iзделетін сан – барлық қалған сандардың қосындысы.


Сергiту сәтi

жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау