5 -сабақ.
1. 2-ге көбейту және бөлу кестесін айт.
2 . Тапсырманы жаз. Қосуды көбейтумен алмастыр.
2+2+2+2 4+4 5+5 6+6
2+2+2+2+2 8+8 7+7 9+9
3. Сұрақтарға жауап бер. Жауабын жаз.
4 тышқанның құлағы нешеу? 5 қазда неше аяқ бар?
2 сиырдың аяғы қанша? 2 түйенің неше өркеші бар?
4
. Сұрақтарға жауап бер. Жауаптарын жаз.
- Суретші қораптан 20 қарындаш алды, қорапта тағы 10 қарындаш калды.Суретшінің қорабында неше қарындаш болған?
- Аптадағы күн аттарын атап шық.
- Жылдың неше мезгілі бар, аттарын жаз?
-Қыс айлары қалай аталады?
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
«Бекітемін»
Мектеп директоры
Т.Б.Жайлибаев
_______________
« » 20__ ж.
Математика пәнінен 3 - сыныпқа арналған
факультатив курсының жоспары
« Қызықты математика »
Сынып жетекшісі:Рахметова Г.К.
Түсінік хат
Бүгінгі таңда 12 жылдық білім беру сатсына көшу бағыты мұғалім мен оқушы алдына үлкен міндеттер мен жауапкершілікті жүктейді.
Төменгі сыныптан бастап балаларды өздерінің қабілеті бар салаға бағыттау, сол салаға деген қызығушылығы мен ізденісін қалыптастыру өзекті мәселе. Жалпы білім беретін оқу орнының бастауыш сатысында «Қызықты математика» таңдау курсы оқытылады. Бұл курс математика пәнін тереңдетіп оқытуға негізделген.Таңдау курсы оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығуын қалыптастыру үшін, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады.
Бастауыш сыныптың 3-сыныптарына арналған «Қызықты математика» арнайы курс бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескеріледі.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиял- дауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәр- биелейді.
Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
«Қызықты математика» таңдау курстың әрбір бөлімдерде аталған тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген. Шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрастыру және есептерді тиімді жолмен шығарудың тәсілдері туралы айтылады. Әрбір тақырып соңында сол тақырыпқа сәйкес тест берілген. Сонымен қатар курсты оқу барысында оқушылар есептеулердің тиімді жаңа тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын анықтай алады.Тақырыптың теориялық бөлімінде сыныптағы жеке оқушының қабілетіне, олардың білім деңгейіне қолданудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ізденімпаздығы талап етіледі. Курс пәнаралық байланыс негізінде технология, жаратылыстану пәндерімен байланыстырыла оқытылады.
Бұл таңдаулы курс 3-сынып оқушыларының білім-білігіне, икем-дағдысына және сынып балаларының ойлау қабілетінің дамуына ықпал етері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |