Өскемен қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттілік және әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жария тыңдауының хаттамасы
№ 14 2016 жылғы 27 қазан
КҮН ТӘРТІБІ:
Даңғылды Каюм Мұхамедхановтың атымен атауды келісу туралы.
ТЫҢДАДЫ:
О.А. Булавкина – Биылғы жылы көрнекті ғалымның, технологтың, Семей қаласында алғашқы Абай атындағы мемлекеттік әдеби мұражайдың негізін салушының 100 жылдығы атап өтілуде.
ҚР Президенті әкімшілігінің 2016 жылғы 20 шілдедегі хатына сәйкес Тәуелсіздіктің 25-жылдығына қоғамдық патриоттықты нығайту мақсатында ономастика саласында іс-шаралар қатарын өткізу ұсынылды. Сондай-ақ «Каюм Мұхамедхановтың атындағы білім беру және мәдениет орталығы» қоғамдық қорынан Өскемен қаласының көшелерінің бірін Каюм Мұхамедхановтың атымен атау туралы бірнеше рет ұсыныс келіп түсті.
Осыған байланысты жұмыс тобының отырысы өткізілді және 19-бен 20-шы тұрғын аудандарының арасындағы даңғылға ат беру ұсынысымен қалалық мәслихатқа құжаттар пакетін жолдау туралы шешім қабылданды.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Дина Мүхамедхан – Каюм Мұхамедханов – көрнекті ғалым, технолог, Семей қаласында алғашқы Абай атындағы мемлекеттік әдеби мұражайдың негізін салушы, ғылыми абайтанудың, шәкәрімтанудың, алаштанудың негізін қалаушы, М. Әуезовтың адал оқушысы және серіктесі, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, үздік педагог, жетекші және қоғам қайраткері.
Каюм Мұхамедхановты еңбегіне қарай орыс халқының ұлы перзенттерімен салыстыруға болады, олар: Дмитрий Лихачев – мәтінгер, Сергей Михалков – Әнұранның жазушысы және авторы, Лев Гумилев – өз пікірінен бас тартпайтын ғалым-түркітанушы, Гулаг/Карлагтың тұтқыны.
Ол біздің халқымыздың көптеген таныс тұлғаларын ақтауға күресті және олардың еңбектерін жандандырды (алаштар, Абайдың, Шәкәрімнің оқушылары және т.б.). Өлеңдерді және пьесаларды терең зерттеуі, аударуы қазақ, орыс, әзірбайжан, украин, поляк, татар, өзбек, түрікмен және т.б. мәдениеттерін біріктірді.
Өлеңтануға, театрдың, мұражайтанудың, мұрағаттық істің қалыптасуына және дамуына үлес қосты. Сирек қолжазбалар мен мұрағаттарды жинаушы және сақтаушы, Ғылым академиясына, мұражайға бірегей материалдарды тапсырған. Біздің орталықтың ұсынысын қолдауларыңызды және көшелердің бірін Каюм Мұхамедхановтың атымен атауды өтінемін.
А.К. Кантарбаев – Мен Каюм Мұхамедхановтың оқушысы болдым. Ол 60-шы жылдардың аяғымен 70-ші жылдардың басы болатын, мен Семей педагогикалық институтында оқыдым. 20-шы жылдары Семей, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының жерлерін Новосібір округіне қосу мәселесі көтерілген кезде Мұхтар Әуезов осы қосылуға қарсы шықты, себебі бұл жерлер ежелден қазақтардікі болған және ол өзінікін мойындауға қол жеткізді. Осы мәселе екі рет көтерілген. 1940 жылы Мұхтар Әуезов пен Каюм Мұхамедхановқа қайта Новосібірге баруға тура келді, олар жоғарыда көрсетілген жерлер Қазақстанға тиесілі екенін дәлелдеді.
Каюм Мұхамедханов өзінің бүкіл ғұмырын Абайдың еңбектерін зерттеуге арнаған. Каюм Мұхамедханов Қазақ ССР-нің алғашқы әнұранының сөзін жазған, бірақ Мәскеуде жеке-дара авторлықты бекітпейді, сондықтан әнұранның авторына екі адам жазылған.
Мен қаланың көшесі Каюм Мұхамедхановтың атын алып жүруі қажет екендігімен толықтай келісемін.
Серік Оразбайұлы – Мен көшені Каюм Мұхамедхановтың атымен атау туралы ұсыныспен толықтай келісемін. Ол елдің мәдени және тарихи дамуына зор үлес қосқан еңбек сіңірген қайраткер.
А.М. Картаева – Мен депутаттардан Каюм Мұхамедхановтың атындағы білім беру және мәдениет орталығының бастамасын қолдауларыңызды және көшені Каюм Мұхамедхановтың атымен атауды сұраймын. Мен ұлы адамның атын тек көше ғана емес, сондай-ақ оның атын мектеп немесе жоғары оқу орыны алып жүруі қажет деп санаймын. Өзінің өмірінің көп бөлігін ұлы Абайдың еңбектерін зерттеуге арнаған. 1951 жылдың 7 сәуірінде Каюм Мұхамедханов Абай мектептерінің қызметіне арналған диссертацияны қорғаған, бірақ осы еңбекті қорғауға рұқсат бермеген, себебі тақырыбы тиым салынатын болып есептелген. Соның салдарынан ол сотталып, көптеген жылдарын лагерьлерде өткізген. 1954 жылы оны ақтап босатқан. Ол Семей педагогикалық институтында жұмыс істей бастады. Ол Абайды зерттеуге және оқуды жоғарылатуға зор үлес қосты.
Н.Б. Харламова – Мен С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қызметкері болып табыламын. Соңғы жылдары біз Дина Мұхамедханмен Каюм Мұхамедхановтың мұрасын жүйелеу бойынша жұмыс істедік. Ол расыменде ғалым, жазушы және ақын болып табылады. Мен жастарды патриоттық тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлгім келеді. Бұған Каюм Мұхамедханов айқын үлгі болады, ол қандай жағдайда болмасын өзінің қағидаларына адал болып қалады. Мен оның атымен аталған көше Өскемен қаласында болуы керек деп санаймын.
З.М. Слямова – Мен Наталья Борисовнаның әріптесімін. Біз Қазақстанның даму тарихымен айналысқан ғалымдар туралы бар ақпаратты жинаймыз. Каюм Мұхамедханов адамгершіліктің символы болып табылады. Біз өзіміздің балаларымызды осындай адамдарды үлгіге ала отырып тәрбиелеуіміз керек. Ол бүкіл әлемге қазақтар тек көшпенділер ғана емес, сондай-ақ жоғары білімді адамдар екенін дәлелдеді.
Мен алдыңғы сөз сөйлегендермен келісемін және даңғылды Каюм Мұхамедхановтың атымен атауды қолдауларыңызды сұраймын.
О.Н. Осерчева – Біз көпжылдан бері Каюм Мұхамедхановтың атындағы білім беру және мәдениет орталығымен қызмет істеп келеміз. Біз тек зерттеу жұмыстарын ғана емес, сондай-ақ жинау жұмыстарында жүргіземіз. Біз көрмелер ұйымдастырамыз, жуықта 15 қыркүйекте Каюм Мұхамедхановтың өміріне арналған көрме өтті. Біз Мұхамедхановтың отбасына құжаттарды және материалдарды жинастыруға көмектескендеріне алғыс білдіреміз. Каюм Мұхамедханов біздің қаламыздың көшелерінің бірі оның атын алып жүруге лайықты.
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ҚАУЛЫ ЕТТІ: «Каюм Мұхамедхановтың атындағы білім беру және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының 19-шы және 20-шы тұрғын аудандардың арасындағы даңғылды Каюм Мұхамедхановтың атымен атау туралы өтінішімен келіссін.
Дауыс берді: бірауыздан келісті.
Тұрақты комиссияның төрағасы Е. Омарбеков
Достарыңызбен бөлісу: |