1. Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз


Ақындар мен жыраулардың өнердегі адамгершіліктік ұғымына анықтама, түсініктеме беріңіз



жүктеу 1,21 Mb.
бет29/52
Дата09.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#30278
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52
Сессия жауаптары мадениеттану

27. Ақындар мен жыраулардың өнердегі адамгершіліктік ұғымына анықтама, түсініктеме беріңіз.

Жырау–– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен басқа да ел билеушілері жыраулар пікірімен санасып отырған. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған. Туындылары адам көңілін деп басар әсерлілігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігі және куатты серпінділігімен ерекшеленеді. Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий (абыздар), сақ, ғұн дәуірлерінен бастап жоғары бағаланған. Жыраулық қызмет көшпелілер арасында ежелгі арий, абыздар, сақ, ғұн бастап жоғары бағаланған. Түркі қағанатының тарихын тасқа қашап жазған Иолық тегін оғыздар ұлы озаны Қорқыт ата көшпелілер қоғамында үлкен рөл атқарған. Ал кейінгі қазақ әдебиеті тарихында жыраулар шығармашылығы үлкен бір кезеңді қамтиды. Жырауларға: Бұқар жырау, Кетбұға, Көшеней Рүстембекұлы, Ақтамберді Сарыұлы, Қызыл жырау, Асан қайғы Сәбитұлын жатқызамыз. Жырау – ақпа-төкпе импровизатор, өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын ойлай білетін парасаты мол ел ағасы, қысылғанда жол табар ақылшысы, уақыт, оқиға сырын, замана бағыт-бағдарын ақыл таразысына салып сынай, салмақтай білетін, болжағаны болып, айтқаны келетін тапқыр да көреген дана абызы. Жырау ел тағдырын шешер ірі оқиғалар, аса мәнді, көкейкесті мәселелер турасында толғанған. Халық қайғырғанда демеп, қуанғанда қанат бітіріп, ақыл қосатын асыл сөз иесі – жырауларды өзгелерге қарағанда аса қадір тұтқан. XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген жыраулар мен ақындардың көпшілігі сарай маңында көрінеді. Мұндай сипатты Шығыс, Орта Азия елдерінің ақындары өмірінен де байқаймыз. Сөзі өтімді, халыққа беделді мұндай адамдарды ел билеушілер тірек етпеуі, өз маңында ұстамауы мүмкін емес еді. Жыраулар әлеуметтік мәні зор, ірі, келелі мәселелерді жырласа, ақындар өмірмен қоян-қолтық, бетпе-бет келіп сан қилы тақырыпта өлеңдер шығарды. Бұл сипаттар Тәтіқара, Көтеш, Шал шығармаларынан, XIX ғасырдағы ақындар мұрасынан айқын аңғарылады. Халқымыздың поэзиялық мұрасын атадан балаға ұластырып, айтып жеткізушілер – жыраулар мен ақындар. Ол мұралар ішінде жыраулар мен ақындардың төл шығармалары да, оларға әріден жеткен бағзы жырлар да, сол дәуірде туған эпостық туындылар да болуы мүмкін. Жыраулар мен ақындар жырларды тудыра отырып, өзі де қадір тұтқан поэзиялық мұраларды жырлап, таратып отырған. Бұл дәстүр қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, ноғай т.б. халықтарда күні бүгінге дейін сақталып, дами түсті. XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар мен ақындар елдік, ерлік, өмір, дін, заман хақында толғанған. Олар шығыс поэзиясы дәстүрімен өмірдің өтпелілігін жырлап, ізгілік пен инабатты дәріптеген. Заманының ойлы перзенті ретінде өмірдің сан алуан мәселелерін сарапқа салып, гуманистік тұрғыда философиялық-дидактикалық түйін-тұжырымдар жасап, жер-суды, атамекенді қорғау, ел бірлігін сақтау мәселелерін жырлаған. Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең,жыр –дастан,поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. Ақын ұғымының жырау, жыршы өлеңші сияқты ұғымдардан ауқымы кең, ол солардың бәрін қамтиды. Ауыз әдебиетінде ақын өлең, жыр-дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған. Халықтың сөз өнерінде ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша шынайы ақындар өлеңді табан астында суырып салып айтқан. Ондай жағдайда өлеңді, жырды домбыра немесе қобыз сияқты музыка аспаптарына қосылып орындаған. Оларды халық әдебиетінің дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда “халық ақыны ” деп атайтын болды. Қазақ халқының Жамбыл Нүрпейісов, Кенен Әзірбаев т.б. ақындары көптеген мұра қалдырған. Олар жыршылық өнерді де меңгеріп, кейде ұзақ дастан-жырларды жатқа айтқан. Мұндай ақындар тек қазақ халқында ғана емес, туысқан қырғыз, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Ақын деп жазба әдебиетінің өкілін де атайды. Бірақ мұндағы ақынның тұлғасы мүлде басқа. Жазба әдебиет өкілдерін алсақ, бұлардың өмір шындығын бейнелеу әдісі, көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, стиль, тіл өзгешелігі қай жағынан да жаңа, соны қасиет-сипаттар мол. Қазақ әдебиетінде жазба әдебиетінің дәстүрін жан-жақты қалыптастырып дамытуға Абайдан бастап, С.Торайғыров А.Байтұрсынов , М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, С.Сейфулин, І.Жансүгіров сияқты көптеген ақындар өз үлесін қосқан. Ақын, жыраулар мұрасында сол дәуірдегі талай тайпалар басынан өткен тарих іздері сайрап жатыр. Әр дәуірдің ірі, іргелі оқиғалары, көрнекті адамдары тарихи тұрғыда нақты, дәлдікпен көріне қоймаса да, жыраулар мен ақындардың өз басы жағдайлары,  жыр жолдарында кездесетін адамдармен қарым-қатынасы, олардың сыртқы және ішкі бейнесінің кейбір көріністері, сол замандағы бірқатар оқиғалар хақындағы деректер анық байқалады. Мысалы, Асан қайғы жырламаса Жәнібек хан, Шалкиіз жырламаса Темір, Әзике, Мансұр билер, Махамбет жырламаса Жәңгір хан поэзия жолдарында қалмас еді. Мысалы, Тәтіқараның «Кеше тоқыраулы судың бойынан», Бұқардың «Ал, тілімді алмасаң» толғауларынан Абылай өмірінің кейбір деректерін, Үмбетейдің «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіртуінен» қалмақ пен қазақ арасындағы шайқас көріністерін тани аламыз. Ақын, жыраулар хан қасында болып, оның мәртебесі мен мерейін асыруға қаншама қызмет еткенмен, өмір шындығын жырлаудан ауытқи алмаған, реті келгенде хан мен бектің ұнамсыз қылық, ыңғайсыз істерін де ашық айтып, батыл әшкерелеп отырған. Замана шындығын, дәуір сырын бейнелеген жолдар ақын, жыраулар мұрасында аз емес. Мұндай реалистік элементтер «Қырында киік жайлаған», «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» сияқты Асан толғауларында, «Би Темірге айтқаны», Ақтамберді, Бұқар, Шалкиіз т.б. ақын, жыраулар мұраларында да мол. 


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау