1. Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз


Қазақ мәдениеті архетіпінің ерекшеліктерін кестелік тәсілмен анықтап, сараптама жасаңыз



жүктеу 1,21 Mb.
бет30/52
Дата09.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#30278
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52
Сессия жауаптары мадениеттану

28. Қазақ мәдениеті архетіпінің ерекшеліктерін кестелік тәсілмен анықтап, сараптама жасаңыз.

Начало формы

Архетип (грек, агсһе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпы адамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени архетиптер — бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, қазіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. Архетип туралы ілімдер К. Юнгтің «аналитикалық психологиясында», Выготскийдің «мәдени-тарихи теориясында», Дж. Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К.Юнгтің аналитикалық психологиясында архетип көмескі сананың тылсымдық құрылымдарында «ұжымдық бейсаналық» түпнұсқалар ретінде сақталды. Мәдени тұлғаның рухани-шығармашылық қазынасын қауымдық тылсымдағы архетиптер құрастырады. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық-кеңістік өрісі пайда болады. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, Қазақстанда соңғы жылдары мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен тұстас. Қазақ мәдениетінің бейнесі: қазақ мәдениетінің архетипіне келетін болсақ, түркі заманында қалыптасқан. Қазақ елінің ерекшелігі оның салт-дәстүрінде, тілінде, ұлтында. Әрбір мемлекет өздігенен ерекшеленеді. Біз басқа ұлтардан өзіміздің салт-дәстүрімізбен ерекшеленеміз. Өйткені біздің мейрамдар басқа елдерде атап өтілмейді. Мысалы сырға салу, наурыз мерекесін тойлау, келген қонақты дастархан жайып күтіп алу. Осынаң бәрі қазақ елінің архетипі. Қазақ мәдениеті - Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды. Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады. Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады. К.Ясперстің пікірі бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды. Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн. Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы даланы тұтас бір континиум ретінде бағалаумен қатысты. XX ғасырда қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар. Қазақ және басқа да түрік халықтарының мәдени мұраларынан бүкіл еуразиялық Ұлы даланың түріктердің ата қонысы деп есептелінетінін байқаймыз. Мысалы, қазақ эпосында Қырым, Қоқан, Ыстамбол, Хиуа, Алтай, Қазан, Ордос т.б. түріктердің өз жері, ал бұлардың сыртындағы Шам, Мысыр қысылғанда арқа сүйейтін тілектес елдер болып есептелген. Әрине, кеңістіктік, тастық уақыт ағынына төуелді болған. Ӏшкі қайшылықтар шиеленіскенде жалпытуыстық сезім кейін қарай шегіндіріліп отырған. Тарихтан тек үлкен суперэтностардың (өркениеттердің) ішінде ғана емес, сонымен бірге этностардың құрамында да кескілескен қақтығыстардың болғанын білеміз. Алайда тарихи өркениеттерге аян болған кеңістіктің шекаралары туралы мәселе тек саясаттанулық емес, бүл туралы мәдениеттану ілімінде де бірнеше қарама-қарсы пікірлер бар. Кестеге түсіріп сессия болғанда жазыңдар. Удачи.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау