1. Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз



жүктеу 1,21 Mb.
бет1/52
Дата09.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#30278
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Сессия жауаптары мадениеттану


1.Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз

Мәдениеттану –мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, ол философияның бір бөлігіне, дәлірек айтқанда, мәдениет философиясына жатады.

Мәдениеттану ғылым ретінде мәдени үрдістің заңдылықтарын, материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштері мен құбылыстарын, сондай-ақ адамдардың мәдени мүдделері мен қажеттіліктерін, олардың мәдени құндылықтарды сақтауға, көбейтуге және беруге қатысуын зерттейді.

Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.

«Мәдениеттану мәдениеттің мазмұнын, құрылымын, динамикасын, оның шығу тегін, мәдени құндылықтарды іріктеу мен беруді зерттейді» А.Я.Флиер

«Мәдениеттану семиотикалық жүйелерді зерттейді: белгілер, символдар, өнер тілі және адам шығармашылығының барлық саласы» (Ю. Лотман, А. Кармин)

Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1.Бірінші кезең. Жалпы XVIII ғ. жартысында мәдениетті белгілі бір бүтіндік тұрғысынан қарастыра бастағанда, қоғамдық жүйені сипаттауды руханилықпен байланыстырғанда іске асты. Мәдениет туралы мәселені осы тұрғыда алғаш рет қойған, мәдениеттану теориясын алғаш рет жасаған Готфрид Гердер болды. Ол мәдениеттің анықтамасын беріп қана қоймай, сонымен қатар мәдениеттің шығу тегі, оның дамуын, қозғалыс механизмдерін, әртүрлі мәдениеттердің түрлерінің өзара байланысы туралы, тіл мен мәдениет жүйесіндегі діннің рөлі туралы, мәдениеттің әралуандығын туындатудағы географиялық факторлардың маңыздылығы туралы бірқатар идеялар берді.

2.Екінші кезең Виндельбанд, Риккерт, Кассирер жұмыстарының көрінуі мәдениет теориясының дамуындағы екінші кезең болды. Бұл кезең ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының ақырына дейін созылды. Осы кездері мәдениет теориясының дамуындағы мәдениет феноменін ойластыруға неокантшылдар мен философиялық марксизм, «өмір философиясы», «түсінуші социология» сияқты бағыттардың өкілдері айтарлықтай үлестерін қосты. Маркс, Энгельс, Ницще, Шопенгауэр, Макс Вебердің жұмыстарының арқасында өзіне тән заңдылықтар арқылы дамитын мәдениет феноменінің, қоғам өмірінің барлық жақтарына ықпал жасай отырып, қоғам дамуының заңдарымен сай келе бермейтіндігі туралы мәдениеттің жаңа түсінігі пайда болды. Осының негізінде мәдениеттің әртүрлі концепциялары пайда болды, солардың ішінде кешегі кеңестік дәуірге де тән «қарекеттілік» концепциясына байланысты көптеген мәселелердің пайда болуына негіз болды.



Мәдениет мәселелері ғылыми білімнің объектісі ретінде, неокантшылықтардың жұмыстарында қойылған болатын. Олар, білімнің бұл түрінің гуманитарлық ғылымдар зерттейтін мәселелер кешеніндегі орталық орынын негіздеуге әрекет етті. Өз ілімдерін жетілдіре отырып, нағыз философия — мәдениет философиясы деген шешімге келіп және оны олар кұрамында табиғат туралы, құндылықтар мен символ әлемінің даму заңдылықтары туралы деректері бар ғылыми білімдердің бөлігі ретінде қарастырды.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау