1. Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз


Мәдениет философиясындағы ХХ-ғасырдан ХХІ ғ аралығындағы методологиялық жағдайларға жаңаша сипаттама жасаңыз



жүктеу 1,21 Mb.
бет26/52
Дата09.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#30278
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
Сессия жауаптары мадениеттану

24.Мәдениет философиясындағы ХХ-ғасырдан ХХІ ғ аралығындағы методологиялық жағдайларға жаңаша сипаттама жасаңыз.

Методология (грек. metodos – таным жолы, logos – ілім) : Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды.

Ертедегі философиялық жүйелерде методологияның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты методологиятеориялық ойлаудың негізіне айналды. Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін методологияның ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.Декарттың “Әдіс туралы ойлауында” Бэконныңэмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір филосфиялық принциптердің салдары болды. Бұл дәуірдегі методологиялық ғылым ретіндегі философия математиканың философиялық құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғылыми жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды. XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді. И.Кант “Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды методология идеясын ұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейінГ.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді.

XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. Методологияның 3 деңгейі бар: философилық, жалпы-ғылыми және жеке-ғылыми милософиялық методология – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғылыми методология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді. Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады. Методологияның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, философиялық-методологиялық принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды.

М.Вебердің "идеалды типі" әлеуметтік-мәдени теорияның методологиясы ретінде. Макс Вебер (1864-1920) – ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы ең ірі әлеуметтанушылардың бірі. М.Вебердің айналысқан ғылыми салалары өте кең: ол антикалық заман, ортағасырлар мен жаңа заманның діні мен өнері, құқығы мен шаруашылығының тарихын зерттеді. Урбанизация мәселесіне байланысты антикалық және ортағасырлық қалалардың тарихымен айналысты. Мәдениет туралы ғылымның жалпы маңыздылығы М.Вебер зерттеулерінің негізгі тақырыбына айналды. Оның логикалық-методологиялық қондырғылары өз құрамында мәдениет саласын да кіргізетін әлеуметтік ғылымдардың таным принциптерін жасақтауға үлкен ықпал етті. Ол барлық таным ғылымның мүдделері мен құндылықтарына байланысты деп есептеді. Сондықтан ол әрбір нақты жағдайдағы эмпирикалық объектті зерттеудің тәсілі мен таңдауын анықтайтын "танымдық мүдде" ұғымын енгізеді. Сонымен қатар әлемді көрудің мәдени-тарихи тәсілін анықтайтын "құндылықтың идеясы" ұғымын да енгізді, өйткені біз мәдени жан болғандықтан оны бағаламай, оған мән бермей әлемді зерттей алмаймыз. Таным барысында қай құндылықтың анықтаушы болатыны ғалымның өзіндік шешімінің нәтижесі емес, уақыт рухының, мәдениет рухының өнімі. Вебер құндылықты белгілі бір тарихи дәуірдің қондырғысы ретінде, оған тән "мүдденің бағыты" ретінде түсіндіреді. Зерттеудің бағыты мен мақсатын анықтайтын идеялар мен мүдделер уақыт ағымында өзгереді, мәдениет туралы ғылымдарда келтіретін ұғымдарда, яғни "идеалды типтерде" бейнеленеді. Идеалды тип теориялық конструкциялар түрінде көрінетін "дәуірдің мүдделері" болып табылады.

М.Вебердің әлеуметтануында әртүрлі идеалдық типтерді, яғни үстемдіктің (билік формасы, басқару), әлеуметтік әрекеттің, діннің типологиясын табуға болады.




жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау