16. Араб мәдениетінің әлемі және ерекшелігі.Мәдениеттанулық талдау.
VII-VIIIғ.Мұсылман дінінде сопылық(суфизм) жаңа бағыт пайда болды.Бұл бағытты қолдаушылар Пақыр (факир),диуана(дервиш)деп атады.Олар байлықты айыптап, кедейлікті мақтап,дүниеден безіп,адам жанының құдай мен жалғасып, оның бірте-бірте тануын жақтады және адам бір сиқырлы махаббат пен интуиция арқылы құдайдың нұр шапағатына бөленеді деген түсінік болды.
Ғылым мен мәдениеттің дамуына мұсылманның ең басты қасиетті кітабы Құранның орны ерекше болды.Құранда дінді уағыздау жолы, әдеп-ғұрып пен құқықтық қоғамдағы орнын белгілеу, намаз оқу мен адам парызының мәні,насиқаттық әңгімелер және көптеген өсиеттер жазылған.Мұхаммед оқу білмеген сондықтан, оның көмекшілері, Медине мен Меккеде айтқан ойлары мен өсиеттерін пальма ағашының жапырағы мен тасқа жазып отырған дейді.
Құранды араб тілінен рұқсат болмағандықтан,Құранды оқу ,білу араб тіліне байланысты,және оны жатқа білу міндет болды.Араб тілінің дамуы мен тарауының маңызын арттырды.
Араб тілі ұзамай ғылымдардың тіліне айналды.IХ ғ басында Мамди Халифтың сарайында аударма мектебі қалыптасты.Грек ойшылдарының барлық ғылыми салаларындағы шығармалары аударылды.Ғалымдар тіл туралы ғылымды жасады.Олар география мен картография саласында еңбек етті, географиялық шығармалар танымдық ниетпен жазылды.Теңізде жүзуде, соғыс пен сауда істерінде мұсылмандар ашқан жаңалықтар дүниедегі мәдениеттің дамуына әсер етті.
Х -ғасырда Әбу-Вафа математика іліміне үлес қосты.Сфералық тригонометрияның синустар теоремасын, синустың 150 интервалдық таблицасын есептеп шығарды, сеанс пен косекансқа сәйкестендірілген кесінділерді кіргізді.
Ақын,ғалым Омар Хайям Алгебраны жазды.Шығармада 3 дәрежелік теңдеудің жүйелі зерттелуі қамтамасыз етілді.Сонымен бірге иррационалдық және нақты сандар мәселесі мен табысты шұғылданды.
Египеттің аса көрнекті ғалымы математик, физик Ибн-Әл-Хайсам оптика туралы еңбектің авторы.
Арабтың медицинасын ортағасырда әйгілі еткен Ибн-Сина, ол теориялық және клиникалық медицинаның энциклопедиясының авторы,онда Грек ,Рим және Орта Азиялық дәрігерлердің көз қарасы мен тәжірибесін қорытып жазды.
Әбу Бәкір Мұхаммед-ар-Рази деген Багдад хирургі шешек пен қызылша ауруына классикалық суреттеу берді.
Сириялық Бактикюның жанұясында жеті буын бойында атақты дәрігерлер болды.
Араб философиясы антикалық мұра негізінде дамыды.Аль-Кинди, Әл-Фараби,Ибн-Рушдтер өз уақытының ғылыми философиялық жетістіктерінің энциклопедиясын жазды.Философ-ғалымдар:Ибн-Син сауығу кітабы деген философиялық трактатының авторы.
ХІ ғ тарихи еңбектер пайда болды.Өте көрнекті өкілдері:Әл-Беларузм, Әл-Накуби,ат-Табари,және ал-Масуджи жалпы тарихтың авторлары.
VII ғасырда мұсылмандардың ірі бағаналық мешіттері пайда болды.
Х ғ бастап, үйлерді әсем нәзік өсімдіктер мен геометриялық сымбат ою өнерімен, оның ішінде белгілі бір стильде келтірілген арабтың жазуларымен көркемделінді.Еуропалықтар бұл ою өнерін арабеска деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: |