2017жыл
Кітапханашыларға және оқырмандарға арналған
№3 (31)
Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- --
Өз өлкеңді таны!
Балалар кітапханаларындағы өлкетану қызметі
Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы жолында рухани байлықты тереңдете
оқыту мен насихаттау ірі мәселелердің бірі болуда. Сондықтан қазақ халқының қоғамдық саяси,
әлеуметтік мұралары мен бай рухани қазыналарын сақтап, қорғап қалыптастыру мен насихаттау
кітапхана қызметкерлері үшін қашанда басты міндет. Өлкетану жұмыстарының түрлі салаларын
үйлестіре жүргізетін бірден-бір орын кітапхана. Кітапхана қызметкерлері өлкетану тақырыбын
меңгере отырып әр өлкенің, облыстың, республиканың экономикасының дамуы, оның тарихы,
табиғи қорларын пайдалану мәселелерін оқырмандар арасында кеңінен насихаттап отырады.
Кітапханалардағы өлкетану жөніндегі барлық жұмыстар халыққа жалпы білім беру, бұқараның
мәдени дәрежесін арттыру, қазіргі заманның алға қойып отырған келелі ғылыми өндірістік
мәселелерін қамти отырып жүргізіледі.
Оқырманның ой-пікірін сараптап, сұраныс талаптарын қадағалап отыруда, жас
оқырмандарды кітап оқуға қызықтыруда, қазіргі кітапханашыларда ізденіс, ой-пікір айту
орнықтылығы бар деуге болады. Қазіргі оқырмандарды өзгелермен салыстыру арқылы шама-
шарқыңды бағамдайсың, озық үлгілермен танысып үлгі аласың. Республика кітапханаларында
шығып жатқан әдістемелік-библиографиялық құралдармен танысу, семинарларға қатысу арқылы
басқа кітапханашылармен тәжірибе алмасып, тың идеялармен қаруланып жүресің. Осындай
мәдени тәрбиелік мәні бар іс-шараларды жүргізудің арқасында ғана кітапты насихаттау
жұмысының жемісін көре аласың.
Күні бүгін әрбір кітапханаларда өлкетану қызметіне көп көңіл бөлінген. Жалпы қоғамда,
кітапхананың күшімен өлкетанулық ақпараттың үлкен ауқымы жасалуда. Сонымен қоса оған
халықтың әр түрлі санаттарының қол жеткізуі қамтамасыз етіледі. Көптеген кітапхана сайттарында
өлкетану құжаттарының толық мәтінді бай жинақтары шығып, сол жерде стратегиялардың түрлі
нұсқалары қалыптасқан.
Облыстық Хамза Есенжанов атындағы және балалар кітапханасының қызметіндегі ең
басты бағыттардың бірі - өлкетану библиографиясы. Кітапхана қызметкерлері өлке тарихынан
мәлімет беретін деректерді жүйелі түрде анықтап, жинақтап, ол жайында ретроспективті,
ағымдағы және ұсыныс көрсеткіштерін, атаулы күндерге арналған күнтізбелер құрастырады,
өлкетану тақырыбы бойынша мыңдаған оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандырады. Қазіргі
уақытта кітапханалардың мүмкіндіктері біршама өсті. Осы жазбалардың, яғни жинақталған
қорлардың арасында оқырмандар кітап және журналдар теңізінде еркін бағдар ала алады.
КІТАПХАНА
ХАБАРШЫСЫ
БИБЛИОТЕЧНЫЙ
ВЕСТНИК
Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ақпараттық-
библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің 2017 жылы шығарған «Өлке тарихының
тамыршысы» атты өлкетанушы Жайсаң Ақбайдың 90 жасқа толғанына арналған жадынама
балалар оқуының жетекшілері мен көпшілік оқушылар қауымына арналған.
Құралдың негізгі мақсаты – оқырман қауымды тарихшы-өлкетанушының өмірі мен
шығармашылығы туралы әдебиеттермен таныстыру.
Табиғатты аялау – адамзаттың перзенттік парызы. Сондықтан да, балалар мен жасөспірімдерге
осы бағытта мәлімет беруді жеңілдету мақсатында “Батыс Қазақстан облысы экологиясы”
бойынша толықмәтіндік мәліметтер қоры жинақталуда. Бұл мәліметтер қорына өлкеміздің
экологиялық жағдайы туралы мәліметтер кіреді.
1-ші бөлім. Орал өңірінің табиғаты;
2-ші бөлім. Экологиялық жағдайы;
3-ші бөлім.Жануарлары мен өсімдіктері;
4-ші бөлім.Өзендері мен көлдері;
5- ші бөлім. Қорықтар.
Биылғы жылы толықмәтіндік мәліметтер қорына жергілікті басылымдардан өлкеміздің
экологиялық жағдайы бойынша 6 мақала енгізілді. Орал өңірінің экологиялық жағдайы туралы
білгісі келетін оқырман осы толықмәтіндік мәліметтер қорынан өзіне қажетті деген мәліметтерді
таба алады.
Қашанда балалар кітапханалары мектеп, оқушылар, мектеп кітапханалары, ұстаздар
қауымымен тікелей жұмыс жасайды. Сондықтан да кітапханалардың баспа жұмыстары солардың
туындаған сұраныстары мен тілектерін қабыл ала отырып жасалады. 2015 жылы инновациялық-
әдістемелік бөлім бастамасымен «Аталардың ерлігін жыр етем келер ұрпаққа» деген облыстық
балалар шығармашылығынан қолжазба кітаптар жасау байқауы ұйымдастырылды. Ұлы Жеңістің
60 жылдығына орай өткізілген осы байқауға жасалған, Ұлы Отан соғысына қатысқан өлкеміздің
батырлары - аталар ерлігін дәріптеп осы қолжазба кітаптардың электронды варианты жасалды.
Оқырман назарына ұсынылған бұл құралда жауынгерлердің өмірбаяны, шығармашылығы,
адамгершілік бейнесі, ерліктері туралы әңгімеленеді.
Жалпы тарихқа тереңірек көз жүгіртіп қарасақ, оның тегеурінді тепкісін сезінбеген халықты
кездестіру әсте қиын. Солардың ішінде қиянат – қысымды дәл қазақ халқындай көп шеккен,
зорлық пен зұлымдықтың зардабын көп тартқан халық жоқ шығар.
Еліміз шаттанған қуаныш пен қабырғасы қайысқан қайғыны аз көрген жоқ. Қазақ елі жері
қандай кең болса, маңдайына берілген қасіреті де қалың болды. Сол қасіреттерінің бірі – Ұлы Отан
соғысы.
Кітапхананың өнер әдебиеті бөлімінде осы тақырыпқа арналған, өлкеміздік батырлары
жөнінде «Отты жылдар шежіресі» атты электронды интеллектуалды ойын жарық көрді.
Өлкетану бағытындағы бұл құрал 5 бөлімнен тұрады: Тарих, Әдебиет, ҰОС техникасы, Сәулет
және Өнер. Бұл танымдық интеллектуалды ойын 12 жастан жоғары оқырмандарға, жалпы көпшілік
қауымға арналған.
Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы жас
жеткіншектермен жұмыс барысында өлкетану тақырыбына ерекше көңіл бөліп келеді. Жылдан-
жылға өркендеп, көркейіп келе жатқан әсем қала – Орал туралы балалар оқу залы «Ақ Жайығым
– ару мекенім» атты Орал өңіріне виртуалды саяхат электронды құралын шығарып,
оқырмандарына ұсынды.
Батыс өңірі – Азия мен Европаның ортасы, алтын қақпа, ең үлкен ғылым-білім ордасы,
рухани өмірі өте бай. Ол туралы көп жазуға болады. Өлкеміздің танымал суретшілері туралы
кітапхана «Орал өңірінің суретшілері – Художники Приуралья» атты электронды ұсыныс
құралын шығарды.
Біздің кітапхананың инновациялық-әдістемелік бөлім қызметкерлері құрастырып, оқырман
қауымға ұсынған «Батыс Қазақстан өңіріне балалар көзімен виртуалды саяхат» атты
электронды құралында да Батыс өңірі жайлы балалар көзімен, балалар тілімен ақпараттар
ұсынылған.
Сонымен қатар, кітапханамызға есімі берілген, өлкетанушы, жазушы, «Ақ Жайық»
трилогиясының авторы Хамза Есенжановтың өмірдерегін толық ашып көрсететін «Қайтпас
қайсар, мұқалмас қалам иесі» электронды дерек шығарылды. Бұл құралда жазушының өмірі мен
шығармашылығы баяндалып, деректі фильмдер мен фотосуреттер, әдебиеттер тізімі ұсынылған.
Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде Хамза Есенжановқа арналған және өлкенің
даму тарихы туралы ақын-жазушылардың еңбектері кітап сөрелеріне қойылған. Сонымен бірге
өлкенің танымал адамдарына арналған тақырыптық папкалар да жинақталып отырады.
Х.Есенжанов, Ш.Қыдырниязова, Д.Мұштанова, Жұбан Молдағалиев, Мұқадес Есләмғалиұлы,
Айсұлу Қадырбаева, Махамбет Өтемісұлы, Ақұштап Бақтыгереева, Жанғали Набиуллин, Қадыр
Мырза Әли, Мира Шүйіншалиева сынды өлкенің ақын-жазушылары.
«Өлкетану өзінің туған жеріңді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы
білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге
үйретеді», - деп академик Лихачев Дмитрий Сергеевич айтқандай кітапхана қорындағы әлемге
танылған құндылықтардың жиынтығын, жазба мәдениетті, яғни ақын-жазушылар мен мемлекет
қайраткерлерінің қолжазбалары мен туындыларын, ұлттық мәдени мұраларды пайдалануға еркін
ақпараттық кеңістікті құруға мейлінше бар жағдайды жасау қажет. Оқырман сұранысы оқу
талабынан туындап жатады. Олардың кітапханадан сұрайтыны өлкетану тақырыбына байланысты
қазақ тілінде жазылған кітаптар. Сол себепті де қазақ тіліндегі кітаптар, ақпарат алуға болатын
мерзімді басылымдар саны көбейіп жатса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Біз кейбір оқырмандарымыздың әсіресе жастардың өз өлкесінің тарихын нашар білуімен,
өздерінің аса көрнекті жерлестерін, ескерткіштер мен нысандарын білмеуімен және т.б. жиі
кезіктіреміз. Сонымен қоса, біз ақпаратты өлкеге насихаттау керектігін де түсінеміз. Кітапхана
өзіне тарихи-өлкетанулық жұмысты үйлестіруші және ұйымдастырушы рөлін алып, мерейтойлық
іс-шараларды мұражаймен, мектептермен, мұрағатпен, қоғамдық өлкетанушылармен т.б. бірігіп
өткізуде бастамашылық жасай алады. Ескі тұрғындардың естеліктерін жинау, отбасылық және
мемлекеттік мұрағаттардағы, орталық кітапхана қорларындағы материалдарды зерттеу, зерттелген
деректерді жинақтау, ең құндысын таңдап алу өз елді-мекеніңнің тарихын зерттеуге көмек береді.
Көптеген кітапханашылар бұл жұмысты жүргізе отыра, олар әдебиетпен ғана емес бастапқы
құжаттармен де жұмыс жүргізе алатындарын және білікті түрде іздестіру мен зерттеу жасап
бастапқы құжаттар жасай алатындарын дәлелдеді. Жиналған материалдан альбомдар, бумалар,
құжаттамалар рәсімделеді. Кітапханалар өлкетану бойынша кітапқа жатпайтын дереккөздерді
қалыптастырады: шығармашылық жұмыстар, мұрағаттық материалдар, қала, аудан, ауыл
тұрғындарымен жасалған жұмыс нәтижесі. Бұл материалдардың алтын қоры, кітапханалардың
өлкетану материалдарының кішкене бөлігін ғана құрайды.
Сонымен қатар түрлі өлкетану бағытында өткізілген шаралар барысында кітапхана
мамандарынан түскен ұсыныстарды да назарға ала отырып, болашақта жұмыстану қажет. Олар,
өлкетану бағытындағы мультимедиялық құралдар құрастыру, кітапханалық қызметтің воркшоп,
топпел жұмыс түрлерінен қызмет көрсету, жаңаша кітапханалық жобаларды дамыту, барлық қала,
аудан, ауыл кітапханаларымен әр бағытта он-лайн режимде семинарлар өткізу, өлкетанулық
электрондық каталог құрастыру, оқырмандарға өлкетану бойынша ақпараттың қолжетімділігін
қамтамасыз ету, кітапхана пайдаланушылары үшін өлкетану құжаттарын жинақтау мен сақтаудың
кешенді ақпараттық жүйесін құру, өлкетану ақпараттарының насихатталуы мен сақталуын
қамтамасыз ету, жастардың бойында туған өлке тарихына деген қызығушылықты қолдау және
дамыту.
Жылжып уақыт өткен сайын жылдан-жылға оқырман түзеліп, оның сұранысы артып жатса,
оған уақыт талабына сай қызмет көрсету де кітапханашылардың міндеті боп қала бермек.
Батыс Қазақстан облысы,
Хамза Есенжанов атындағы облыстық
балалар және жасөспірімдер кітапханасы
әдістемелік-инновациялық жұмыс бөлімі басшысы
Есбулатова Мейрамгүл Жұмабайқызы
Өлкетану туризмі
«Өлкетану туризмі облыс тарихын
зерделеудің маңызды элементі ретінде»
Жалпы білім беру мекемелерінде өлкетану қызметін жүйелі ұйымдастыру арқылы
оқушылардың бойында туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімді ұялатуға; оқушылардың
дүниетану көзқарасын қалыптастырумен бірге эстетикалық сезімдерін жетілдіріп, еңбекке, өнерге
деген құштарлық сүйіспеншілік сезімдерін оятуға;
- оқушылардың шығармашылық еңбектерін талдай отырып, сөз өнеріне деген талғамы мен
талантын ұштай түсуге, сөйтіп олардың келешекте өмірден өз орнын таба білуіне бағыт-бағдар
беруге;
- өлкетану үйірмелерінде оқушылардың пән сабақтарында игерген білім, білік дағдыларын
ары қарай дамытуға, оларды іскерлік қабілетіне қарай топтастырып қоғамдық істерге белсене
қатыстыруға мүмкіндік туғызуға, достықты, жолдастықты нығайтуға болады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен (Б.№521 16.11.2009)
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздерінде атап көрсеткендей білім беруде басқа саладағы сияқты барлық халықпен бірге ел
тағдырын жасайтын балалар мен жастарды тәрбиелеу мен оқытуда еліктеуге лайық үлгі атап
көрсетілген. Оны іске асыру механизміне - патриоттық форумдар, акциялар, оқушылардың
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары мен белгілерін білуге арналған байқаулар
және олимпиадалар, қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа этностардың мәдени мұрасы,
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары, елдегі саясат, өнер,
бизнес және т.б. еңбек адамдарымен кездесулер өткізу қажеттілігі аталған.
Ал биылғы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында атап
көрсетілгендей жаңа заманға сай рухани жаңғырудың басты кілті - ұлтты ұлт ретінде сақтайтын,
санасына сіңіріп өсетін жас ұрпаққа ұлттық нақышта тәрбие беру. «Туған жер» рухани жаңғыру
бағдарламасындағы «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен
атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деген жолдарды оқи отырып жас
өлкетанушыларды тәрбиелеу сіз бен біздің міндетіміз.
«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер
атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта
пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас
ұрпақ біліп өсуге тиіс» деген жолдардан алдағы мақсаттарымызды айқындауға болады.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы 56 жылдан бері -
өлкетану қызметімен үздіксіз жүйелі шұғылдануда.
Облыс оқушылары арасында жас зерттеуші-өлкетанушыларға арналған «Менің Отаным -
Қазақстан» туристік экспедициялық отрядтар слеті, «Әр білім мекемесінде музей!» акциясының
қорытындысы бойынша Облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп өткізетін «Үздік мектеп
музейі» фестивалі мен «Музей және балалар» көрмесі, Х. Есенжанов атындағы балалар мен
жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп өткізетін өлке туралы білімдерін сынауға арналған «Туған
жер – алтын бесік» өлкетану олимпиадасы, алау жанында гитарамен ән айтуды меңгертуге
бағытталған «Шырқаған жастық шақ» фестивалі, жас ақын, жас жазушылардың қаламын
шыңдайтын, жас костюмер, таланттардың өнеріне қанат бітіретін «Жайық толқыны» өлкетану
фестивалі, шекаралас елді мекендерде достықты нығайтуға бағытталған «Мәңгі бірге»
экспедициясының қорытынды слеті, ұлттық дәстүрді насихаттайтын «Наурыз», «Масленица»
мерекелері, ұлттық ойындар байқаулары оң нәтижесін беруде.
«Ауыл шежіресі», «Балалар туризмінің тарихы», «Ескерткіштер ел тарихы», «Ұлы дала
перзенттері», «Даланың жазылмаған дастандары», «Құнды жәдігерлер сыры», «Өзіңді өзің
тексер!» атты ресурстары бар «Туған өлкем - Ақжайық» виртуалдық энциклопедиясы барлық
кітапханашылар бірлесіп жұмыстануға шақырамын.
Өлке тарихын меңгерту мақсатында «Орта ғасырлық Жайық қалашығы», «Ақжайық
романының ізімен», «Ерлікке тағзым», «Орда шежіресі – өлке шежіресі», «Қойнауы сырға толы
ауылым», «Қазақстанның жеті кереметі» атты өлкетану экспедициялары, «Іздеу», «Ерлігің ұрпақ
есінде» патриоттық акциялары ұйымдастырылып өткізілді. Бұндай экспедициялар әр аудандарда
да жоспарлануда. 2017 жылға 55 өлкетану экспедициясы жоспарлануда. Облыстық, аудандық,
және қалалық туризм орталықтары мен кітапханалар бірігіп жас өлкетанушыларға өлкетанулық
тапсырмалар беруді, олардың білімін толықтыруда өлкетанулық кітаптарды табуға, басшылыққа
алуға үйретуіміз қажет. Мысалы: Хамза Есенжановтың романын оқыту, өлке тарихын меңгерту,
жер су атауларының шығу тарихын меңгерту мақсатында «Ақжайық романының ізімен» өлкетану
экспедициясы өте қызықты өтті. Мұндай экспедициялар құрамына өлкетанушыларды, музей,
мұрағат, кітапханашыларды алу қажет. Әр экспедицияның берер тағылымы мол.
Жоғарыдағы шаралардың жеңімпаздары Астана қаласында өтетін аймақтық «Струнная
капель» жас бард әндерін орындаушылар фестиваліне, «Менің Отаным - Қазақстан» («ҰЛЫ ДАЛА
ЕЛІ») туристік-өлкетану республикалық жасақтардың слетіне облыстық құрама команда қатысып
жүлделі орындардан көрінуде.
Өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен «Жайық толқыны» өлкетану фестивалінің буклеті
жасақталып, өлкетанушы оқушылардың жинақтауының арқасында «Соғыстың үшбу хаттары»
жинағы шығарылды. Қазіргі таңда «Мектеп музейінің жинағы» каталогы жасақталып, «Орал өңірін
тану» кітабы Республикалық «Әдістемелік вернисаж» байқауынан 1 орынды жеңіп (2012, 2013)
алды.
Сонымен бірге, өте ауқымды тақырыптарды қамтитын өлкетану ісін жетілдіру, жандандыру
мақсатында «Музей ісі - өткені, бүгінгісі, болашағы» тамыз кеңесінің секция жұмысы, «Музей -
тарих шежіресі» музей семинарлары үнемі оздырылады. Облыстық білім беру басқармасына
мектеп музейлерінің қызметі туралы хабарлама берілді.
Өлкетанулық үйірмелердің жұмыстарымен толықтырылатын білім беру мекемелеріндегі
музейлерге арналып 2017 жылы Облыстық білім басқармасының қолдауымен «Әр білім беру
мекемесінде музей!» акциясы жариялануда! Акция 2019 жылы «Үздік ББ музейі» фестивалімен
қорытындыланады. Акция аясында жаңа музейлер ашуды, бұрыннан бар музейлердің қызметін
жолға қоюды, 2012 жылғы құжаттандырылған музейлерді қайта құжаттау жұмысы жүргізіледі.
Сонымен бірге, өте ауқымды тақырыптарды қамтитын өлкетану ісін жетілдіру, жандандыру
мақсатында «Музей ісі - өткені, бүгінгісі, болашағы» тамыз кеңесінің секция жұмысы, «Музей -
тарих шежіресі» музей семинарлары үнемі оздырылады.
Батыс Қазақстан білім беру мекемелерінде барлығы 136 мектеп музейі, 36 зал, 31 бұрыш
бар. Оның 82 паспортталған. Оның 38 музей жетекшісіне штаттық кестеде ақы төленуде. Өлкетану
ісімен барлығы 416 үйірмеде - 7099 (мектепте 288 оқушы – 5032, туризм бойынша 128 үйірмеде
2067) оқушы жұмыстануда. 125 мектеп музейі жетекшілері семинарларға қатысып, біліктілігін
арттырды. Жыл бойына 3 мектеп музейінің материалдық - техникалық базасын нығайту
мақсатында 5 млн. 297 мың қаражат бөлінген. Ел Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына 107 мектепте
бұрыш ашылды. Ресейдің Нижний Новгород қаласында Халықаралық білім беру мекемелеріндегі
музейлер форумынан біздің орталықтың музейі - «Балалар туризмі тарихы музейі» гран при, Бөрлі
ауданы Аксай қаласының №2 мектебі екі бағыттан 1 орын, Зеленов ауданы Макаров мектебінің
музейі 3 орын жеңіп алды.
Облыстық «Әр білім беру мекемесінде музей!» акциясының жариялануына орай жыл
бойына ұйымдастырылған барлық жарыстар мен мектеп музейі жұмысын қорытындылай келе
өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық бөлімінің 2016 жылғы жұмысы бойынша Ақжайық,
Зеленов, Орал қаласының командалары үздік деп танылды.
БҚО балалар және жасөспірімдер туризм және
экология орталығының маманы
Қайырлиева Құралай Жауынбайқызы
Кітапханалардағы өлкетану
Өлкетану жұмысы балалар кітапханасында
Елбасымыз бұл жайлы өзінің "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру"
мақаласында: « ... патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни
туған жеріңе деген сүйіспешіліктен басталады... " деп айтқан болатын. Туған ауыл мен қала
тағдырына қатысы болу сезімі өздігінен пайда болмайды, ол тәрбиеленеді. Өлке туралы білу,
өткенге деген қызығушылықты дамыту, кітапхананың өлкетану қызметінің басты міндеті.
Өлкетану – тарих, халық аманаты. Сол аманатты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу алдыңғы буын
өкілдерінің борышы. Бүгінгі таңдағы көпшілік болып қолға алынып отырған отансүйгіштік тәрбие
мәселесі, өз елін сүю беделін көтеру, оның салмағын арттыру жолында қала кітапханашылары
көптеген іс- шараларын осы бағытқа арнап отыр.
Өзім еңбек ететін А.С.
Пушкин атындағы Орталық балалар кітапханасында өлкетану жұмыстары жақсы жолға қойылған.
Көпшілік жұмыстар жүргізу арқылы жас оқырмандардың бойына патриоттық сезімді ұялату,
адамгершілікке баулу, оқырманның қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын қалыптастыруға
септігін тигізеді.
Сол сияқты өлке тарихын насихаттауда қызығушылық клубы оқуды
шығармашылықпен ұштастыруға мүмкіншілік туғызады. Әр жастағы оқырмандардың әдебиеттік,
экологиялық, өлкетанушылық қауымдастық құндылығы осында жатыр.
Елбасымыз айтқандай:
«Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп
жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан
қасиетті мекені, талай жанның өмір – бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрседе жүрегінің түбінде
әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды». Осы тұрғыда балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
мақсатында кітапханамызда «Жас өлкетанушы» клубы 40 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасап
келеді. Клуб мақсаты – өңір тарихы, қазіргі жағдайы және келешектегі дамуы туралы
оқырмандарды ақпараттандыру және өлкетану бағытындағы ұйымдастырылып жатқан
тақырыптық кітап көрмелері, әңгімелер, тарихи сабақтар, кездесу кештері, әр түрлі бағыттағы
саяхаттарды өткізу және тұнып тұрған өлке шежіресін оқырмандарға жеткізе білу – басты
мақсатымыз. «Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады» деген мақал
бар. Туған жері мен елі туралы білімін жетілдіріп, сол арқылы Отанын сүйген азаматтық рухтағы
ұрпақ тәрбиелегіміз келсе кітапханадағы өлкетану жұмысына көбірек көңіл бөлгеніміз абзал.
Бекешева Торгын Болатовна
«М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасы»
А.С Пушкин атындағы орталық балалар кітапханасы
«Танымал өнер адамдары арқылы өлкені тану»
Біздің өлке – аса көрнекті мәдениет және өнер шеберлерінің отаны. Атап айтсақ, артына
өшпес музыкалық мұра қалдырған Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нұрпейісова, Сейтек,
Дәулеткерей, сазгер Базарбай Жұманиязов пен әйгілі дирижор Шамғон Қажғалиевті сондай-ақ
ерлік пен елдіктің, азаттық пен бостандықтың жыршысы, дауылпаз ақын Махамбетті, белгілі театр
әртісі Хадиша Бөкееваны, ақын Ғарифолла Құрманғалиевті мақтан тұтамыз. Сондай-ақ Ақжайық
өңірі – «Қыз Жібек» халық эпосының басты кейіпкері, сұлу Жібектің, ғалым Тайманов пен Қайрат
Жұмалиевтердің, ақын Жұбан Молдағалиев, Қадір Мырза Әлі, Ақұштап Бақтыгереевалардың
туып-өскен жері.
Өлкеміздің тарихы мен өнерін жинақтап зерттеудің мол тәжірибесі негізінде болашақ
ұрпақты тәрбиелеудің қажеттілігі арта түсуде. Әсіресе, туған жеріміздің саңлақтарымен өткізілген
кештер мен кездесулер, танымдық сағаттар - туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін оятумен
қатар, өз ата-бабаларын мақтан етуге шақырады. Орал қаласындағы танымал әдебиет, мәдениет,
өнер иелерімен таныстырудың, яғни, кіші отанға деген махаббат пен азаматтық борышты өтеуге
баулудың маңызы зор. Осы орайда М.Горький атындағы Орал қалалық кітапхана жүйесі кітапхана
пайдаланушылары үшін өлкетану құжаттарын жинақтау мен сақтаудың кешенді ақпараттық
жүйесін құру, өлкетану ақпараттарының насихатталуы мен сақталуын қамтамасыз ету, жастардың
бойында туған өлке тарихына деген қызығушылықты қолдау және дамыту мақсатында жұмыс
жасап келеді.
Балаларды өлкеміздің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетке деген қызығушылығын
насихаттау бағытында №3 кітапхана-филиалында «Поиск» өлкетану клубы, №5 кітапхана-
филиалында «Қайнар» өлкетану клубы, №6 кітапхана-филиалында «Наследие» өлкетану клубы
және А.С. Пушкин атындағы ОБК «Жас өлкетанушы» клубы жұмыс жасап келеді.
Жас ұрпақты туған жер, ел оның тарихы мен табиғатын, батыр мен ақыны, тарихтағы
тұлғаларды үлгі ету, сүйікті қаламыздың әсемдігі арқылы тәрбиелеудің берері көп болып
табылады. Біз - Тәуелсіз елміз. Өзіміздің қазақ екенімізді, тарихы мол шежірелі ұлт екенімізді
көрсетуіміз үшін осы жолда еңбегін аямай төккен тұлғалардың тарихқа қандай үлкен үлес
қосқандарын, олардың өлшеусіз еңбектерін тек біліп қана қоймай, сонымен қатар өз
оқырмандарымызға ақпаратты жеткізе жүруіміз керек. Осы жолда ұлттық өнегеміз ұрпақ бойында
көрініс тапса, біздің жұмысымыздың нәтижесін көргендей боларымыз анық.
Шатимова Назым Тұрарқызы
М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасы
Балалар кітапханасындағы өлкетану жұмысы
«Әркімнің туған жері Мысыр шаһары»-десек қателеспейміз. Сол туған жеріміздің өткені
мен кемел келешегінің даму жолында әркім шама-шарқынша еңбектенеді. Біздің Сырым ауданы
тоғыз жолдың торабында орналасқан тарихи мекен.Талай тарихты басынан өткеріп, небір асылдың
сынықтары жерімізді мекен еткен киелі аймақ.Тәуелсіздіктің туын алғаш көтеріп атқа қонған
Сырымдай батырдың жерінде кешегі Күнбатыс Алашорданың да жасыл туы желбірегені тегін
емес. Сол киелі ата қонысқа ие болып, тәуелсіздіктің алтын таңын көру бақыты бұйырған.
Өлкетану мақсатындағы сұраныстар жыл өскен сайын өсіп, күрделенуде. Оған себеп, елдің
рухани, мәдени өсуі, өнеркәсіп пен экономикадағы өзгеріс, табиғи байлық көздерінің табылуы,
халықтың қоғамдық өмірге белсене араласуы жатады. Балалар кітапханасына келіп түскен
өлкетану сипатындағы сұраныстар негізінде кітапхананың оқырман талабын қанағаттандырған,
орындалған анықтамалық сұраныс дәптері есебінде жүреді. Өлкетану картотекасында ауылдың
тарихы, тыныс-тіршілігі, әлеуметтік тұрмысы, мәдени өмірі туралы деректермен толығып, жазба
мәліметтер жүргізіліп отырады. Өсіп-өнген жерімізді дәріптеп, оқырманның сұранысын
қанағаттандыру мақсатында өлкеміздің тарихы туралы тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Өлкетану білімін насихаттау мен таратуда өлкетану клубы маңызды рөл атқарады. 2015 жылы
жергілікті ақын Ж.Жұрмағанбетованың 90 жылдығына орай еске алынып «Айтыстың алғашқы
қарлығашы» атты жыр кеші өтіп, ақынға арнап «Жас ақындар» клубының тұсау кесері ашылды.
«Жас ақындар» клубына жерлес ақын М.Қажиахметов жетекшілік етеді. Қазақ халқының түп-
тамыры ауылдан таралып, жан дүниесі содан нәр алғанын ескерсек, ауылдың рухани
дамуына,оның қайта түлеп, жаңғыруына балалар кітапханаларының өлкетанушылық жұмысының
қосар үлесі өте зор. Айтар болсақ, Сырым аудандық балалар кітапханасында өлкетану
бағытындағы өткізілетін көпшілік шаралардың жерлес ақын-жазушыларға арналған жыр
кештері,тақырыптық,тарихи-танымдық кештердің маңызы зор. Биылғы жыл - Сырым елі үшін
ерекше. Қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, дала реформаторы Сырым Датұлының 275
жылдығы, Алаш үкіметінің 100 жылдығы мен Алаш үкіметінің қайраткері Ж.Досмұхамедовтың
130 жылдығы аталып өтілетіндігімен маңызды. Осы мақсатта ұлт азаттық көтерілісінің басшысы
Сырым Датұлының туғанына 275 жыл толуына орай «Әрі көсем,әрі шешен» атты тақырыптық
картотека мен «Қазақта артып тумаған Дат баласы Сырымнан» атты жыл бойына тұрақты кітап
көрмесі көпшілік оқырманға ұсынылып, библиографиялық шолулар жасалады. Жымпиты
топырағы - киелі және де дарынды адамдар дүниеге келген жер. Алаш қозғалысының белсенді
мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Досмұхамедовтың 130 жылдығына арналған
«Тағылымы мол ірі тұлға» атты кітап көрмесі мен «Алаш арысы» тақырыптық папкасы
жасақталды. Қазақ халқына ортақ дарабоз ақын Қ.Мырза Әлиге арналған «Зерделі жырдың
зергері» атты тақырыптық папкасы арқылы оқырмандардың сұраныстары орындалып отырады.
Өлкетанушы, жерлесіміз Жайсаң Ақбайдың мерейлі 90 жасқа толуына орай «Тарих жаршысы»
тақырыптық картотека ұйымдастырылды.
Айгүл Алғалиева,
Сырым аудандық балалар
кітапханасының кітапханашысы
«Туған өлке – тұғырың»
Өзіндік тарихы жоқ өлке болмайды. Біздің аудан аймағындағы әрбір елді-мекеннің
тарихы бірегей болып келеді және ол зерттеу қызығушылығын тудырады, себебі өзінің үлкен және
кіші Отаны жайлы, әлемде тұрып жатқан адамдар туралы естен шығармау игілікті іс болып
есептеледі.
Казталов ауданында 112 тарих пен мәдениет ескерткіші бар, солардың ішінде 98-і
археологиялық ескерткіштер. Жалпақтал ауылы тарихи ескерткіштер жөнінен ерекше орын алады.
Мұнда 9 нысан бар, олардың бәрі де тарихи мәдени құнды ескерткіштер. Жалпақтал ауылы
табанына алғаш көшіп келіп қоныстанған орыстар - Сламихиндер отбасы. Кейін отырықшылар
саны көбейіп, елді мекен "Сламихин станицасы" аталған. Шіркеу, мешіт, бірнеше диірмен
салынған. Станица тұрғындары — казак-орыстар, қазақтар, татарлар Қараөзен мен Сарыөзеннен
балық аулап, мал өсіріп күнелткен. 2 бастауыш ұлдар және қыздар мектебі ашылған. Жылына бір
рет үлкен жәрмеңке өткізіліп, Ресейдің ішкері қалаларынан, шет елдерден саудагерлер келіп,
айырбас сауда жасаған. Станицада бай-көпес Овчинниковтар отбасы да түрған. Оның 1904 жылы
салдырған үйі әлі бар. 1919 жылы В.Чапаев, Д.Фурманов бастаған Қызыл Армия станицаны ақ
гвардияшылардан азат етіп, Кеңес үкіметін орнатқан. Сондықтан елдімекенге және ауданға
Фурманов есімі берілді. 1993 жылы ауылдың тарихи — Жалпақтал атауы қайтарылып, ол 1997
жылға дейін аудан орталығы болды.
1885 жылы Сламихин станицасында Қазан татары Қожантай хазірет мешіт салдырған.
Ғимарат күйдірілген қызыл кірпіштен салынып, шатыры қаңылтырмен жабылған. Ішкі аумағы -
240 шаршы метр. Оны «Қожантай мешіті» деп атаған. Сол уақыттарда мешітте бір мезгілде 400
адам намаз оқыған. Мұнда Ғұмар Қараш дәріс берген деген дерек бар. Бұл мешіттің 1936 жылға
дейін есігі ашық болған. Кеңес үкіметі орнауына байланысты қос мұнарасы қиратылып, молдалар
қуғындалып, жабылып қалған еді. 1937-1983 жылдар аралығында мешіт ғимараты Жалпақтал
аудандық мәдениет үйі болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мешіт астық және басқа азық-түлік
өнімін сақтайтын қойма ретінде пайдаланылды. 1983-1987 жылдары бос тұрды. Тек 1988 жылы
қайта күрделі жөндеуден өтіп, 1995 жылға дейін Жалпақтал аудандық тарихи-өлкетану музейі
болып қызмет етті. 1995 жылы Жалпақтал аудандық әкімшілігінің №99 қаулысымен Жалпақтал
ауылдық мұсылмандар мешіті болып қайта құрылды. 2013 жылы мешітке жөндеу жүргізіліп,
мұнара салынды.
1891 жылы Сламихинге (Жалпақталдың сол кездегі аты) Александров – Гай (Алғай)
станциясы арқылы орыс патшасының мирас қоры – Цесаревич Николай Романов келеді. Оның
мақсаты әскерге жылқы дайындаушы Овчинниковтер жылқыларын көріп, бағасын беру болатын.
Сөйтіп, жалпақталдық қазақ жылқыларына жақсы баға беріп, сыйлық тапсырады. Кейіннен бұл
өңірде №51 және №28 жылқы зауыттары ұйымдастырылып, осы салада жалпақталдықтар Одақ
шеңберінде үздік жетістіктерге жеткені, оған Совет Одағының маршалы С.М.Буденныйдың келіп
(1947, 1949, 1951 жж.) өзі тікелей араласып ықпал еткені де тарихи шындық. Міне, осыдан да
Жалпақтал өңірі қазақ жылқысының байырғы отаны аталуы да тегін емес. Содан кейін Сламихин
(қазіргі Жалпақталда) тұрақтаған көпес Овчинников 1904 жылы осы үйді салдырады. Ғимарат
Жалпақтал ауылында орталық саябақ маңында орналасқан. Үйді ХХ ғасырдың басында сол кездегі
аса ірі көпестердің бірі - мал өнеркәсібімен айналысқан А.Я. Овчинников тұрғызған. Ол мұнда
жәрмеңкелер мен сауда келісім шарттарын жасасқан кезде тұрған. Малды көтерме саудамен
сататын қазақ сұлтандары және байларымен кездесіп отырған. Ғимарат мықты қызыл кірпіштен
салынған, бір қатарлы, арқалығы бар. Шатыры қаңылтырмен жабылған. Қазіргі кезде мұнда
колледж орналасқан.
Мұқамбетқалиева Әсем Әділғалиқызы
Казталов аудандық Қараөзен ауылдық
кітапханасының кітапханашысы
Туған жерім – Қаратөбем
Киелі Қаратөбе жері – құпиясы мол сырлы өлке. Оның қойнауы тұнған қазына. Оны ашып
зерттеу, халық игілігіне жарату бүкіл Қазақстанға Қаратөбе атты асыл мекен бар екенін таныту
өзгенің емес, осы өлкемізде өсіп келе жатырған өрендеріміздің парызы.
Аққұм қорығы Қаратөбе ауданың Егіндікөл ауылына 10 шақырым жерде орналысқан құмды
алқап. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай ұзындығы 18, батыстан шығысқа қарай созылған құстың
сопақша жұмыртқасы тәріздес құмды жоталар. Археологиялық жұмыстар жүргізіліп, алтын
бұйымдар, әскери құралдар, тұрмыстық құрал жабдықтар т.б. нәрселер табылған. Қаратөбедегі
өлкетану мұражайында Аққұмнан табылған экспонаттар қойылған.Осы жер ХІІ-ХІV ғасырларда
ежелгі қаланың орны болған деген жорамал бар. Халық арасындағы аңызға сәйкес Аққұм шағылы
– Алшағыр ханның шаһары, ірі сауда орталығы болғанға саяды. Аққұм шаһарын Алшағырдан өшін
алған Қобыланды қиратқан деген аңыз бар. Оған Қобыланды батыр жырындағы
Аққұм деген бар шағыл,
Ол жайлы аңыз еседі.
Қобыланды шапқан Алшағыр
Хан Ордасы деседі, деген өлен жолдары дәлел.
Аққұм өңірін Қобыланды батыр жырымен байланыстыратын деректер аз емес. Аққұмнан
60-70 шақырым жердегі Қобыланды ауылы бар. 1988 жылы 22 Желтоқсан Біріккен Ұлттар
ұйымның Ассамблеясының шешімімен өткен Бразилия – 92 құрылтайында Аққұм қорық болып
белгіленді. Содан бері Аққұм қорығы ерекше күтімге алынып жыл сайын балаларға туристік сапар
ұйымдастырылып Аққұм қорығына саяхатқа шығарылып, Егіндікөл жерінде «Жасыл желкен»
туристік-демалыс лагері жыл сайын жаз айында жұмысын дамытуда.
Гатауова Құрманай Жанболатқызы
Қаратөбе ауданы оқырмандарды қамту
бөлімінің кітапханашысы
«Мәңгілік елдің бір белгісі:
«Қырық оба патша қорғаны» археологиялық тарихи – мәдени мұра
Бөрлі ауданы – еліміздің ең серпінді дамып келе жатқан, бай тарихында із қалдырған
даңқты оқиғаларға толы қасиетті өлке. Қазіргі Бөрлі ауданының тарих және мәдениет
ескерткіштерінің жиынтығында 200 – ден астам дербес тұрған қорғандардың басын біріктіретін 45
археология ескерткіші бар. Олардың елеулі бөлігі үстірттің су айрықтарына және аңғарлардың
қырқаларына орналасқан. Ең ежелгі ескерткіштер тас ғасырына жатады. Тас ғасырының жекелеген
тұрақтары мен қоныстары құмдауыт алаптар мен шоқылы төбелерге тән болып келеді. Олар
неклустар, сықпалар, қабыршақтар және ұсаққұйматас түріндегі тас құбырлар – жабдықтар түрінде
байқалады.
Бөрлі ауданындағы негізгі археологиялық ескерткіштері ерте темір ғасырына жатады.
Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде, су бөлетін үстіртте орналасқан, ол ондаған шақырымға кең
сызыққа созылған ондаған үлкен жер қорғандарынан тұрады. Алып өлшемдерімен ерекшеленетін
«Патшалық» деп аталатын 3 басты қорған бөлек орналасқан.
Диаметрі 80 бастап 150 дейін м, биіктігі 8-ден 20 м дейін құрайтын үйіндісі бар, төбесінде
терең шұңқырлар бар, бұл ескі тонаудың белгісі. Ең ірі қорғанның бөлек жер телімдеріндегі
үйіндіде бұрын жерлеу құрылысының үстіңгі бетін жапқан тас «сауытының» белгілері байқалады.
Ғалымдар Қырық Оба қорғанын 2 негізгі кешенге бөледі. Олар бір-бірінен 10 шақырым ара
қашықтықта орналасқан. 6 патшалық қорғаннан тұратын топ Қырық Оба I кешеніне, ал 40 түрлі
қорғаннан тұратыны Қырық Оба II кешеніне кіреді.
Тарихшылардың пікірі бойынша осы қорғандар біздің заманымызға дейін 4
мыңжылдықтарда батыс қазақ даласында пайда болған. Археологтар үшін патшалық қорғандар
ерекше орын алады. Ең биік қорғанның биіктігі 20 метрден асады: Әлемдік археологиялық
тәжірибесінде осындай көлемдегі қорғандар табылған емес. «Қырық Оба» кешені осы жоба
бойынша бірегей болып табылады, сондықтан көптеген елдер археологтарының назары оған
үңілген. Ғалымдар Қырық Оба қорған кешенін тағы бір әлем кереметі деп атайды. Олардың
көпшілігі «Дала мұнарасы» деп аталатын ашық аспан астындағы тарихи-мәдени және табиғи-
ландшафттық мұражай-қорығын құру жайында ұсыныс жасаған.
Есенжанова Айша Есмурзиевна
Бөрлі аудандық ОКЖ-нің балалармен
жұмыс әдіскері
«Любовь к малой Родине – основа патриотизма»
Вот уже 13 –й год библиотека- филиал №6 носит статус краеведческая.
Цель у нас одна – превратить учреждение в универсальный, культурно -досуговый центр для
жителей, микрорайона, юных и взрослых, создать информационные ресурсы, посвященные
истории, природе нашего края, донести эту информацию до детей, учителей, краеведов, до всех кто
неравнодушен к истории своей малой Родины. Также на протяжении 13 лет в библиотеке работает
краеведческий клуб «Наследие».
Именно с любви к малой родине, к ее подлинной истории пробиваются ростки истинного
патриотизма.
Члены клуба «Наследие» учащиеся СОШ №32 с удовольствием принимают участие во
всех мероприятиях, выразительно читают стихи, инсценируют отрывки из произведений. Одно из
важных направлений краеведческой работы – гражданско-патриотическое воспитание молодежи
на примере воинского подвига земляков - участников Великой Отечественной войны и афганских
событий. К примеру, среди самых заметных мероприятий на эту тему можно назвать: видео -
презентация «Наши улицы - наши герои» (посвящённая героям – Великой Отечественной войны) и
час общения «Эхо афганской войны» (60 лет со дня рождения нашего земляка героя Советского
Союза Кайырболата Майданова ). Где в ходе мероприятия ученикам был показан фильм - «Летчик
от бога – Николай Майданов». Единственный казах, дважды удостоенный за боевые заслуги
звания Героя в новейшей истории. Своим героическим поступком он спас немало жизней. Он
прожил короткую, но очень яркую жизнь. Гордость за героя, которого родила наша земля, должна
передаваться из поколения в поколение. Наша миссия донести до ребят имена таких людей, на
которых надо ровняться в жизни, которым надо подрожать.
Невозможно представить себе процесс патриотического воспитания без изучения родного
края. Экскурсии в различные музеи города, изучение истории Родины и родного края, культурного
наследия, богатства природы – все это очень интересно пытливому детскому уму, а также
позволяет школьникам с ранних лет понимать, что их Родина – лучшее место на земле, что можно
по-настоящему гордиться тем, что ты родился именно здесь. Имена Исатая Тайманова и
Махамбета Утемисова хорошо знакомы членам нашего краеведческого клуба «Наследие».
Неоднократно мы организовывали мероприятия и экскурсии в краеведческий музей, на которых
участники знакомились с историей восстания 1836 года под предводительством Исатая и
Махамбета, учащимся хорошо знакомо поэтическое творчество Махамбета. К 180 летию
восстания был проведен устный журнал: « Не меркнущий дух мужества и свободы». К
мероприятию была оформлена книжная выставка «Две судьбы, одна история». Устный журнал
состоял из трех страниц:
Первая страница: «Исатай Тайманов и Махамбет Утемисов».
Страница раскрывала биографию, где ребята узнали, что Махамбет был знаком с русским
писателем и этнографом В.ИДалем и с ученым-путешественником Г.С.Карелиным .
Вторая страница устного журнала - «Восстание». Присутствующим был показан видео
материал «Восстание 1836 - 1838 г.г. в Бокеевской Орде».
Третья страница устного журнала «Исатай и поэт Махамбет», где освещалась дружба
Исатая и Махамбета, так же творчество Махамбета Утемисова. Устный журнал сопровождался
стихами: «Эх птица-чибис, страж озер» и «Как я хотел свой меч обнажить» и др.
Само название нашего клуба говорит о многом -«Наследие», его можно понимать как
продолжение, сохранение, изучение всего, что есть в истории нашего края. А также «Наследие» -
несут сами участники этого клуба как продолжатели народа населяющего наш край. Доказано
временем, клуб востребован, и актуальность его занятий не устареет в течение долгих лет. В
настоящее время членами клуба являются 25 детей, не только активно изучающих культурное
наследие края, но и распространяющих полученные знания среди сверстников. Это третий состав
краеведческого клуба «Наследие», а второй в сентябре 2016 года торжественно передал герб и
девиз клуба своим сверстникам.
Библиотекарь Астахова Людмила Игоревна
Центральная городская библиотека
имени М.Горького, Библиотека №6
«Шежірелі өлкем-Шыңғырлау»
... Шыңғырлау ауданы біздің ақын-жазушыларымызға бай өңір. Біздің өлке, яғни
Шыңғырлау өлкесінде кіндік қаны тамған ақын-жазушылар Қойшыбай Бижанов, Қаршыға
Елемесов, Қуаныш Есенов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қалампыр Рахимова, Жыр дүлдүлі Көшелек
жырау ақын – жазушылар туралы мәліметтер жинақталып, сонымен қатар Шыңғырлау өңіріне
саяхаттап келген ақын-жазушылар біздің "кіші отанымызға" арнап жазылған қызықты естеліктер,
жол жазбалар мен өлең жолдарын қалдырған осының бәрі балаларға әрдайым насихатталып
тұрады. Өлкетанулық жұмыстың кітапханамыздағы маңызды бағыттарының бірі - Ұлы Отан
соғысы мен ауған оқиғаларына қатысушы-жерлестеріміздің әскери ерлігін мысалға келтіре
балаларды жастарды азаматтық-отансүйгіштікке тәрбиелеп оларды жалғастыру. Өлкетанулық
әдебиеттермен жұмыс жасағанда барлық кітапхана қызметіне ортақ әдістеме пайдаланылады.
Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиеттерінің жоқ екенін
ескере отырып, аудандық балалар кітапханасында «Библиокеруен» инновациялық жоба 1-
наурызынан бастап ұйымдастырылды.
«Библиокеруен» инновациялық жобаның мақсаты:
Біздің мекен –жайымыз:
Орал қаласы, Достық
даңғылы 166/2
т: 50-44-19
Кітапханамызға қош
инновация әдістерін пайдалану арқылы өлкетану материалдарын оқыту, елдің тарихын оқып
меңгерген тарихи сананы қалыптастыру.
«Библиокеруен» инновациялық жобаның міндеті:
-оқырмандардың тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру
-өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу
Күтілетін нәтиже:
1. Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.
2. Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге,
Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.
3. Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті
істерге қатысу қабілеті дамиды.
4. Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.
Кітапханада өлкетану бойынша жүргізілетін жұмыстар жас ұрпақтың туған жерге деген
шынайы сүйіспеншілігін арттыруға, аймақтың тарихы мен таңдаулы тұлғаларын танып-білуге
көмектеседі деп есептеп, бұл бағыттағы жұмыстарымызды әрі қарай жалғастыра бермекпіз.
Досиева Гульзира Ақылбекқызы
Шыңғырлау аудандық орталық
кітапхананың кітапханашысы
Краеведческие работы в детской
библиотеке
Наша работа в детской библиотеке примечательна тем, что именно здесь начинается
краеведческая работа с детьми. Мы сделали акцент на поисковый и творческий характер, тем
самым стали активно распространять краеведческие знания. Именно такое направление работы в
нашей библиотеке дает возможность, опираясь на семью и общественность, ежедневно ставить
перед своими читателями вопросы, интересующие каждого, вопросы, способные пробудить
интерес и удовлетворить любознательность детей.
В краеведческую работу с детьми мы хотим внести много новых тем: местный фольклор,
записи рассказов сторожил, краеведческие поиски. Но мы сталкиваемся с некоторыми
проблемами. Главная – это практически полное отсутствие детской краеведческой книги.
Приходится в работе с детьми использовать материалы для взрослых, написанные сухо и
неинтересно. Это отторгает детей от краеведения.
Дети с трудом воспринимают обычные беседы. Поэтому, мы используем в своей работе
такие формы работы как: иллюстрированный материал, игровые элементы. Предлагаемая
информация должна иметь максимально эмоциональную окраску. Дети не любят скуки. Мы
придерживаемся принципа не запоминать информацию, а активно участвовать в процессе ее
приобретения (отгадывание загадок, интеллектуальные разминки, рисунки- подсказки и т.п.).
В своей работе мы широко используем местные ресурсы: краеведческий музей, культурные
учреждения, памятные места. Проводим краеведческие конкурсы: «Улицы Уральска», «Экология
города», «Страницы истории нашего города». Их главная цель - развить у учащихся интерес к
«Малой Родине», сформировать культуру мышления и речи. Также проводим краеведческие
тесты, викторины по произведениям писателей Западно-Казахстанской области.
Поэтому ценность краеведения, сегодня очевидна. Оно является источником духовного
возрождения Казахстана.
Жаманова Татьяна Токжановна
Центральная городская библиотека
имени М.Горького, Детская библиотека №2
Достарыңызбен бөлісу: |