Абай, Шоқан,Ыбырай ойлары Тексерген: Сарсембаев Руслан - ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде ағасұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Шоқанға ата-анасының азан шақырып қойған аты – Мұхаммедханафия. Шоқанның балалық шағы атақонысы Сырымбетте өткен. Жасында ауыл молдасынан хат таныған Шоқан 1847-1853 жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқыған. Корпуста бірге оқыған досы, кейіннен үлкен этнограф-ғалым болған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді.
Шоқан 1855 жылы Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында жинаған материалдарының негізінде «Тәңірі (Құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазған.
- Қазақ халқының тұңғыш ағартушы ұстазы, алғашқы аудармашы, қазақ балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай өңірінде дүниеге келген. Үш жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Балқожа Жаңбыршыұлы – қазақ даласына әйгілі билердің бірі болған. Болашақты болжағыш Балқожа немересі Ыбырайды бес жастан бастап Орынборда ашылмақ болған орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойған. 1850 жылы аталмыш мектеп ашылғанда түскен отыз қазақ баласының бірі – Ыбырай Алтынсарин еді.
Поэзиялық шығармалары:
Оқу-білімге, өнерге шақырған өлеңдері: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар».
Табиғат туралы өлеңдері: «Өзен», «Жаз».
Адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері: «Әй, жігіттер», «Бұл кім?», «Ананың сүюі».
Ел ішіндегі теңсіздік мәселесі: «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Азған елдің байлары».
- Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей өңіріндегі Шыңғыс тауының бөктеріндегі Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген. Бала кезінде ауыл молдасы Ғабитханнан сауатын ашқан Абайды он жасында әкесі – тобықты руының ағасұлтаны Құнанбай – Семейге оқуға жіберген. Абай әуелі Ғабдул-Жапардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқыған.
Өлеңдері:
Сөз өнері жайлы өлеңдері: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».
Оқу-білім тақырыбындағы өлеңдері: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге».
Табиғат лирикасына арналған өлеңдері: «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып».
Достарыңызбен бөлісу: |