19.Мәдениеттанулық тұрғыдан алғанда әлемдік діндердің рухани өмірдегі қызметін көрсетіңіз.
Діни қызметтің өзіне тән ерекшелігі бар. Ол екіге бөлінеді: культтік және культтік емес. Культтік емес рухани және тәжірибелік салада болады. Культтік емес рухани қызметтің негізін діни идеялар, теологиялық догматтардың жүйелері мен интерпретациясы, діни туындылар т.б. құрайды. Тәжірибелік культтік емес қызметтің әртүрлілігіне миссионерлік, діни қызметке араласу, оқу орындарында (мектептерде, университеттерде, рухани оқу орындарында) діни пәндерді оқыту, діни ұйымдар мен институттарда басқарушылық қызмет атқару, отбасы мен басқа топтарда басылым, радио, телевидение арқылы діни көзқарастарды насихаттау жатқызылады.
Культ (лат. Cultus – күтім, құметтеу) діни қызметтің маңызды түрі болып табылады. Оның мазмұны діни ұғымдармен, идеялармен, догматтармен анықталады, Қасиетті Кітап мәтінімен таныс болу, сыйыну, діни ән айтумен шұғылданады.
Культтің қызметінің пәні діни бейнелердің формасында түсіндірілетін түрлі нысандар мен күштер болып табылады.
Культтің субъектісі деп діни топтар немесе діни тұлғаны атаймыз.
Намаз оқитын орын, діни өнер (архитектура, сурет өнері, мүсін өнері, музыка), түрлі діни заттар (крест, шырақ, безелген таяқ, шіркеу аспаптары, поптың киімі) культтің негізгі қажеттелігі.
Культтік қызмет әдістері діни сенім мен дін құралдарының мазмұнымен анықталады.
Алғашқы өркениеттер ғалымдар пікірінше, осыдан шамамен алты мыңдай жыл бұрын тайпалардың орасан зор көшіп-қонуы нәтижесінде туған. Ерте қауымдардан жоғары тұрған саяси құрылымдар – қала-мемлекет секілді кішігірім әкімшілік құрылымдар дәл осы жерлерде дүниеге келген. Қала – адамның табиғаттан оқшаулануының, сонымен бірге оның шығармашылық белсендіктерінің шартты белгісі. Бұл белсенділік, мейлі, кейде теріс бағытқа жетелесін, қала табиғатын тоздырып-бүлдірсін, сасытсын, бірақ қаланың адамның өз-өзін танып-білуіне көмектескенін ұмытуға болмайды. Ол тұлғаның азаттыққа жетуіне себепші болды. Қаланың өзінің орталығы болып осы қаланы қорғаушы, желеп-жебеуші саналған әлдебір тәңірдің құрметіне салынған ғибадатхана – храмзиккурат саналатын.
Храмның алдыңғы қатарлы рухани орталық қана емес, сонымен қатар саяси және экономикалық орталық ретінде де шығарылуы кездейсоқтық емес еді. Көп жағдайларда ғибадатхана көсемінің тұрақты мекенжайы, негізінен, абыздар мен шенеуніктерден тұратын оның әкімшілік аппаратының орналасқан орны болатын. Ғибадатхананың ішінде қолөнер кәсіпшілердің дайын бұйымдарын және қару-жарақ сақтайтын қоймалар да болатын. Билеуші-көсем бір мезгілде бірінші діни қызметші, яғни «жоғарғы абыз» болып табылатын. Уақыт өте келе, өне бойы тұрақты болмағанмен, құдайлар мен батырлардың өз иерархиясы, алғашқы өркениеттер адамдарының дүниетанымын білдіретін өз ілімі бар біртұтас, жиынтық діни жүйе қалыптасты. Бұл діни жүйе үшін политеизм (гр. poly – көп, көпшілік + theos – құдай) – көпқұдайлық, яғни көп құдайға сенуге негізделген дін. Сондықтан алғашқы өркениеттер дінін «политеистік діндер» деп атайды.
Белгілі бір дінді ұстанушылар діни қауымдастықты құрайды. Культтік немесе культтік емес діни қызметтің негізінде діни субтоптардың тұтас жүйесі бөлініп шығады. Қауымдастықтың тұтас бірегейлікте өмір сүруі мен қызметін ұйым қамтамасыз етеді.
Діни ұйымдардың құрылымы салт-дәстүрмен, шіркеулік құқық немесе қаулымен, апостолдық ережелермен, конситтуциямен және т.б. анықталады.
Христиандықты оқу негізінде діни бірлестіктердің түрлері бөлініп шықты: шіркеу, секта, деноминация, тұрақтандырылған секта, мистерия және т.б.
Шіркеу тұлғаның заң бойынша дербес таңдауы арқылы емес, дәстүрмен байланысты таңдалатын салыстырмалы түрде кең құлашты бірлестік. Осыдан әрбір адамның шіркеудің мүшесі болуына мүмкіндігі бар екені мойындалады. Шындығында үздіксіз және қатаң бақыланатын мүшелік жоқ, ізін басушылар анонимді. Көптеген шіркеулерде олардың мүшелері дін басылары мен пенделерге бөлінеді.
Секта діни бағыттарға оппозициялық ағым ретінде пайда болады. Олардың өзінің ұстанған ілімі мен қағидалары болады. Мұнымен өзін таңдаулы деп санау көңіл-күйлері байланысты, көп жағдайда оқшаулану үрдісі байқалады. Рухани қайта жаңғыруға деген талпыныс шұғыл көрініс табады.
Деноминация бірлестіктердің басқа түрлерінен туындайды. Шіркеу мен сектаға оппозция түрінде өрістейді. Мүшелерінің «іріктелгендер» екеніне иек арта отырып, рухани қайта жаңғыру мүмкіншіліктерін алға тартады. «Әлемнен» оқшаулану және діни топтардың басқа ортамен байланысқа түспеуін құптамайды, өйткені діннің «ақиқатын» таныту ол емес деген пікіріді ұстанады. Қоғам өміріне белсене ат салысуға, «әлеммен» тұтастықта болуға үндейді. Деноминацияға көлденеңінен болсын, тігінен болсын, нақты ұйымдастыру тән.
Дін белгілі бір қызмет атақара жүріп, қоғам өмірінде маңызды рөлге ие. Діннің бірнеше қызметін бөліп қарастыруға болады: дүниетанымдық, компенсаторлық, коммуникативті, реттестіруші, легитимдендіру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |