- «Табиғаттың байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі. Бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз» Н.Ә.Назарбаев
- «Табиғат пен жер ананы білу,
- оны аялау-адамның азаматтық
- борышы, әрі парасатты парызы»
- Шаттық шеңбері:
- Туған халқым ел- аман бол! Ұлы мекен -Жер аман бол! Жүрекжарды тілегіміз- Жаса мәңгі ,Сен Жер- ана!
- «Табиғат тіршілік көзі»
- «Табиғат –алтын бесігім»
- «Ана-Жер туралы аңыз»
- «Туған жердің табиғаты»
- «Табиғатты аялай-парызымыз!»
- Бабалар табиғатты аялаған,
- Малын бағып, бауырын аялаған.
- Табиғатты «Ана» деб ардақ тұтып,
- Қамқорлығын ешқашан аямаған.
- Қазақстан-атамекен-киелім,
- Табиғатын аялаймын, сүйемін.
- Ей адамдар, Жер-сенің аяулы бесігің,
- Осы жер үстінде аштық сен тіршіліктің есігін.
- Онымен кіндіктес жаныңда, қаныңда,
- Жер жаhанды аялап алақанда.
- Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,
- Күн де ұлы сәулесін төгеді жадырап.
- Бар тірлік тұрады бұл жерден жалын ап,
- Дүниеге Жер-Ана қара шаңырақ.
- Сен – күнсің! Көтерілген күліп қырдан . Сен – көлсің! Сен – орман! Сен – бұлақсың! Адамды сұлулыққа құнықтырған!
- Табиғатың құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым биік, Білген сайын сырын оның жүреміз Жүректерге өшпес жалын нұр құйып Табиғаттың қадірлеп қасиетін Әділдікке әрқашан бас иетін Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп Халқың айтқан орынды өсиетін
«Жер ана туралы аңыз» - Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.
Күндердің бір күнінде Тәңірадам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды. - Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздеріні нәресте сүйді, бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махабаттан алыстай берді. Жер ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал Тәңірадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды. Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.
Ал Жер ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, өзіне кінәсіз өлтірілгендерді жерлеуді тоқтатады деп, бір кезде өзін сеніп тапсырған Тәңірадамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміттенді, күтті. - Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп шешіп, барлық төзімнің шегі барын ескертіп, өз күшін көрсетті. Бірақ өзара соғыстарға белшесінен батқан, алтынның зыңылынан керең болған, сараңдықтан көздерін қараңғы басқан адамдар күнәлары шамадан тыс шыққанға дейін байлық пен ойнастықтың елігіне алданып, надандықтың шырқау шыңына жетіп, адамдықтың биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүре берді.
- Сонда мәнсіз өктемдіктен шаршаған Жер ана бойынан барлық қаһарын шығарып, үлкен толқынымен өзін қорлық пен зәбірден шайып, шегі жоқ азап пен ойнастықтан, адам болуды қойғандардың өшпенділіктері мен ызаларынан тазартты, ал Тәңірадам адамдардан сырт айналып, жай Тәңір болды.
- Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспешілігін көрсете алмаса, ал Тәңірадамға адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер ана мен Тәңірадамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін.
- Табиғат – адам. Табиғаттың тынысы кең, тілі бай, Ауасының шәрбатын - ай, тұнығы - ай! Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде, Адамдарша сөйлейді екен, күнім - ай!
- Мұрат емес,озғаным,озбағым,
- Кімге керек азған соң тозған арың?!
- Айналайын Адамдар,аялаңдар.
- Туған жердің ырысы мол, табиғатын.
- -Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуы, маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі, және т. б. атауға болады.
- -Химия және металлургия салаларындағы ірі кәсіпорындар біздің еліміздің Өскемен, Риддер, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларында орналасқан. Бұл қалалардағы ауаның ластану деңгейі аса жоғары .
- Өндірісті ірі қалаларда, техногендік елді қоныстарда қоршаған орта қатты ластануда. Осы бүлінген қоршаған ортада адам ағзасына залалды заттар молайды. Мұндай кеселді заттар қан және лимфа айналымын бұзып, адам өміріне қауып төндіреді.
- Ей, замандас ең алдымен досыңды ұқ, Досың жер, су мөлдір ауа, өсімдік. Ала жүріп осылардың сыйлығын, Осыларды қорлау деген не сұмдық? Жер ешкімге жазбайды деп арызды, Барын сарқып ала беру парыз ба? Жоқ, замандас әр ұрпаққа туған жер. Не берсе де, беретіне қарызға.
- -1991 жылы 18 маусымда Республика тарихында тұнғыш рет Қазақстан Республикасының «Айналадағы табиғи ортаны қорғау» туралы заңы шықты. Бұл заң адам өмірі, денсаулығы үшін табиғи ортаның қолайлы болуын, адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал жасауына жол бермеу, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен табиғат байлығын ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған.
- -1991 жылы 20 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен елімізге ажал отын шашқан Семей полигоны жабылды.
- -«Табиғатты қорғау басты борышымыз» деп ҚР Ата Заңында бекітілді.
- -Саны сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды , құстарды, жорғалаушылар мен қосмекенділерді сақтау мақсатында 1996 жылы Қазақстанның Қызыл кітабі жарық көрді. Онда сүткөректілердің 40 түрі мен түршелері, құстардың 50 түрі мен түршелері, өсімдіктердің 179 түрі мен түршелері, ал бұрынғы Семей облысы бойынша сүткөректілердің 6 түрі мен түршелері, құстардың 18 түрі мен түршелері, өсімдіктердің 30 түрі мен түршелері енгізілген.
- -1997 жылы қыркүйекте Қазақстанның бастауымен ядролық қаруды қолданбау туралы халықаралық конвенция өтті.
- -«Қазақстан-2030» бағдарламасында Президентіміз ел экологиясына ерекше тоқталды.
- Хормен:
- Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
- Жер бетінің ажары ол сәніміз.
- Туған өлке табиғатын аялап,
- Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
- Көктем келді.. Көктем келді, қандай ғажап, тамаша, Жандар едік ойнап өскен балаша. Қырдағы шалғын әсем гүлге оранып, Құлпырады, құлпырады - ау жаңаша.
- Көктем келді, о табиғат, жер ана Көзіңді сал айналаңа, маған да. Қыс түссін, мейлі, күз түссе де бұл көктем, Сайрап тұрар бұлбұлша менің санамда.
- Бозторғайың шырылдап боз кілемде, Көз алдымда көк орай гүлді кезең. Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн, Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен. О,Табиғат,сырың да терең екен, Тұнып тұрған қойнауың өлең екен. Қанымдағы қасиет сенен екен, Не деген керемет ең,керемет ең!
- Туған жер алтын бесік, асыл ана.
- Самғайды ақ жүрегің тосып әні
- Табысқан тәтті тірлік, ерен күшің
- Сүйем мен сені осындай далаң үшін.
- Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
- Жер бетінің ажары ол сәніміз.
- Туған өлке табиғатын аялап,
- Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз
- -Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен, ендеше жердің, табиғаттың иесі мына сендер, біздер оны қорғауымыз керек. Балықтарға су, ал құстарға орман, тоғай керек. Демек, табиғатты қорғау өз Отанымызды сақтау деген сөз.
- “Табиғатты қорғайық” деген белгі тапсырылады.
- “Туған ел” әнімен аяқталады.
- Көңіл қойып
- тыңдағандарыңызға
- рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |