Әдетғұрыптар белгілі бір халықтың үйреншікті әлеуметтік ситуацияда әдеттегі мінезқұлық тәсілдерін білдіреді. Олар ӛмірдегі: тұрмыс құру, бала дүниеге келуі, жерлеу, т.б. сияқты адам үшін маңызды жағдайларда кӛрінетін реттеуші және бақылаушы функцияны атқарады. Үш негізгі құбылыс – тіл, аңыздар мен әдетғұрыптарды бӛліп кӛрсете отырып, іргелі әлеуметтікпсихологиялық құбылыстардың зерттелуіне Вундт аса маңызды үлес қосты.
Әлеуметтік психологияның ірге тасын қалаушылардың бірі
– Г.Лебон. Лебон француз буржуазиялық тӛңкерісінің кӛптеген феномендеріне әлеуметтікпсихологиялық талдау жасады. Соның ішінде ол
тӛңкерістік тобырлар әсеріндегі индивидтің кейбір психикалық процестері мен типологиялық сапаларының ӛзгерістерін зерттеді. Олар тӛмендегідей:
Адамның сенгіштігі ӛседі; сыншылдығы күрт тӛмендейді, дәлелдейтін мәліметті талап етуі тӛмендейді, ал бұл ӛз кезегінде кӛптеген, соның ішінде қылмыстық идеяларды да қабылдауға жол ашады.
Ӛзінің мінезқұлқына жауапкершілігі алынып тасталады, себебі тобыр шын мәнінде тобыр мүшелерінің жасырын қалуын қамтамасыз етеді; «бәрімен бірдей болу» деген қалыптан тыс ұлғайған конформизм дамиды.
Тобыр жасампаздық пен күрделі шешімдер қабылдауға қабілетсіз болғандықтан қарапайым жауаптарға деген қажеттілік күшейе түседі.
Жеке тұлғаның персонилизациясы бұзылады (деперсонализация), оның кӛптеген жағымды сапалары жойылады: қауіпқатерге ұшыраған адамға кӛмек беру мүмкіндігі, оның қиындықтарының куәгерлерінің санына кері пропорционалды.
Жеке тұлғаның эмоциялық деңгейі ӛседі, жағдайды түсінуі ӛте жай жүреді, әсерлену, иландыру, еліктеу сияқты стихиялы әлеуметтік топтардағы әсер ету механизмдері бар күшімен жұмыс жасай бастайды.
1898 жылы Англияда «анайы» халықтарды зерттеуге арналған Кембридждік антропологиялық экспедиция жабдықталады. Оның құрамында Макдугалл да бар еді, ол соңынан жиырма жылдай американдық колледждерде осы пән бойынша негізгі оқулық болған және әлеуметтік психологияның ӛз алдына ғылым болуының бастауы саналатын «Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты еңбегін жазды (1908).
Макдугаллдың инстинктер тұжырымдамасы Дарвиннің эволюциялық теориясының негізінде жасалынды. Макдугаллдың ойынша адамның да жануарлардың да бейімделу механизмдері ұқсас, парапар.
Қоғамдық құбылыстар мен процестерді ол биологиялық бағытта түсіндіруіне байланысты, оның теориясы биологизаторлық деген атау алды. Оның теориясының негізгі ойпікірі адамның әлеуметтік мінезқұлық себептері – ашулану мен қорқуға байланысты болатын күресу инстинкті, ӛзінӛзі сақтау сезімімен шарттанған қашу инстинкті, махаббатпен байланысты текті ӛндіру инстинкті, меншіктілік сезімімен байланысты иелену инстинкті, әлеуметтік топқа жату (ену) қажеттілігімен байланысты үйірлік инстинкті сияқты туа біткен инстинктермен анықталады. Ең соңғысына, адамдарды бірге ұстау қабілетінің себептілігіне Макдугалл кӛп мән берді.
Жоғарыда қарастырып ӛткен екі теорияға қарағанда, әлеуметтік мінезқұлық инстинктері тұжырымдамасы ӛзінің ӛзектілігін жойды, алайда жеке тұлғаның әлеуметтік мінезқұлқын анықтайтын биологиялық факторларды анықтауда үлкен үлес қосты. Сондайақ «әлеуметтік психология» термині ең алғаш рет нақ осы тұжырымдамада пайда болды. Кейін бұл теория психоаналитикалық бағыттың дамуына әсер етті, ӛйткені осы тұжырымдама аясында оның негізгі жағдайы белгілі бір мақсаттарға бағытталатын адамның ағзасында обаста болатын түрткілер адамның мінезқұлқының қозғаушы күштері болып келеді
деп саналады.
Әлеуметтік психологияның дамуының үшінші кезеңі ХХ ғасырдың ортасына дейін жалғасты және іргелі тұжырымдамалардың жасалуы сияқты қолданбалы міндеттердің шешіміне бағдарланған ғылыми әлеуметтікпсихологиялық мектептердің пайда болуымен сипатталды. Дәл осы кезеңде қазіргі уақытта да ӛзінің ӛзектілігін жоя қоймаған кӛптеген эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Сол кезеңдегі атақты әлеуметтік психологтардың бірі – топтық динамика теориясын құрушы Курт Левин болды. Ол адамның мақсатталынған мінезқұлқының әлеуметтік факторларын, шағын топ, басшылық, топтағы жеке тұлға, т.б.әлеуметтік психологияның мәселелерін зерттеді.
Ғалымдардың философиялық бағдары кӛбінесе жеке мәселелердің шешіміне немесе зерттеу жолдарын таңдауға жиі негіз болады. Әлеуметтікпсихологиялық талдаудың жетекші бағыттары, ӛз кезегінде, аса приоритетті тақырыптарды қарастыруды анықтайды: «Мен басқалар» жүйесіндегі ӛзара әрекет (тұлғааралық және топтар арасындағы қатынастарды, қарым-қатынас мәселелерін, адамдардың бірбірін тану және түсіну механизмдерін, бірлескен ісәрекетті ұйымдастыру қабілетін, т.б. зерттеу); әлеуметтік жағдайлардың мінезқұлыққа әсері және адамдардың жеке ерекшеліктері (әлеуметтену мәселесі әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды меңгеру процесі ретінде, әлеуметтік бағдарларды, қалауларын, т.б. зерттеу); жеке тұлғаның әлеуметтік қатынастарды ұйымдастыру мен әлеуметтік шарттарды ӛзгертудегі алатын рӛлі.
Автордың ұстанымына орай «Адамқоғам» мәселесіне қатысты үш тұрғыны кӛрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |