1. Әлеуметтік психологияның пәні, міндеттері және құрылымы


Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері



жүктеу 73,15 Kb.
бет8/9
Дата28.02.2022
өлшемі73,15 Kb.
#37659
1   2   3   4   5   6   7   8   9
9720218091 tapsyrma

3. Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері


Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістерін екі топқа бӛліп қарастыруға болады: зерттеу әдістері және әсер ету әдістері.

Зерттеу әдістерінің ӛзі – мәліметті (ақпаратты) жинау және оны ӛңдеу болып екі топқа бӛлінеді.

Мәліметті жинау әдістеріне: бақылау, құжаттарды қарастыру, ӛңдеу (оған контентанализ де кіреді), әртүрлі сұрау әдістері (сауалдама, интервью), тестілер (сынақ), оның ішінде ең кӛп таралғаны социометриялық тест (әлеуметтік ӛлшем) және де эксперимент (табиғи және лабораториялық).Осы әдістердің кӛбісі социологияда қолданылатындармен парапар (Ядов, 1993). Дегенмен кейбіреулеріне әлеуметтік психо логияның ерекшеліктеріне байланысты пайдалану тұрғысынан қысқаша тоқталуға болады.

Бақылау әдісі. Әлеуметтік психологияда негізгі іздестірілетін сұрақтардың бірі қалай бақылау керек? Бақылағанда не нәрсеге кӛңіл бӛлінеді?

Әлеуметтік психологиялық зерттеулердің әрбірінде бақылау бірлігі зерттеу затына байланысты нақты түрде шешіледі. Екінші бір маңызды жағдай бақыланатын жағдайдың уақыт аралығы, бақылау бірліктерін бӛліп алудың (уақыты бойынша) кӛптеген жолдары болғанымен, бұл мәселе аяғы на дейін шешілмеген. Бұл әдіс оншалықты қарапайым әдіс болмағандықтан әлеуметтік психологиялық зерттеулерде табысты түрде пайдаланыла бермеуі мүмкін. Құжаттарды қарастыру ӛңдеу әдісі үлкен маңызы бар әдіс, себебі осы әдіс арқылы адамдардың ісәрекетінің ӛнімдерін талдауға болады. Әдістің субъективтілігін (зерттеушінің дара психикалық қасиеттері) жеңу үшін ерекше "контент анализ" тәсілі ("мазмұнды талдау") енгізіледі. Бұл тәсілде мәтіндегі арнаулы "бірліктер" бӛлініп алып, солардың пайдалану жиілігі саналады. Кӛбіне бұл әдіс әлеуметтік психологияда кӛпшіліктік коммуникациялық зерттеулерде қолданылады (теледидар, баспасӛз, т.б.)

Сұрау әдістері (сұрақ жауап) кӛптеген әдістердің ішінде әлеуметтік психологияда ең кӛп таралғандары. Әсіресе үлкен топтарды зерттегенде анкеталар (сауалдама) және интервью пайдаланылады. Осы әдісті қолданғанда негізгі әдіснамалық проблемасұрақтарды дұрыс құрастыра білу ӛнеріне байланысты. Бір шартсұрақтарды құру логикасы (қисыны), ғылыми болжамға қажетті мәліметті алу жӛне оның неғұрлым сенімді болуы.

Әрбір сұрақты құрастыру, оларды белгілі ретпен орналастыру, бӛлек блоктарға топтастыру және т.б. бойынша кӛптеген ережелер бар. Әдебиеттерде сұраунаманы құрастыруда кездесетін типтік қателіктер кӛрсетілген. Сұраунама ны құрастыру ӛте қиын да маңызды жүмыс, себебі ол нашар құрастырылса алынатын нәтиже де дұрыс болмайды.

Ерекше үлкен проблема интервьюді қолдану, бұл жерде интервью (сұрақ қоюшы) және респондент (жауап беруші) арасында ӛзара әсерлесу пайда болады, осы жағдайдың ӛзі де әлеуметтік психологиялық құбылыс. Интервью (сұхбат) кезінде әлеуметтік психологияда сипатталатын бір адам ның екінші адамға әсері, адамдардың бірбірін қабылдау зандылықтары, қарым-қатынас нормалары – бәрі де кӛрініс береді. Осы айтылған сипаттамалардың қайсысы болса да алынатын мәліметтің сапасына әсерін тигізуі мүмкін. Ондай проблемаларды шешудің жолдары әлеуметтік психологияда қарастырылған, тек сол әдістерді игеруге байыппен қарау қажет. Әлеуметтік психологияда кӛбінесе топтық сынақтардан (тест) гӛрі, жеке тұлғалық сынақтар қолданылады. Психологияның бұл саласында пайдаланылатын тестілер, кӛмекші әдістерге жатады. Сондықтан да олардың нәтижелері басқа әдістер арқылы алынған деректермен сәйкестенуі керек және де бұл әдіс (тест) кӛбіне жеке тұлға проблемасын зерттеуде кӛрінеді. Топтарға арналған тест ішінен кең таралғаны әлеуметтік ӛлшем, ол шағын топтарды зерттеуде қолданылады.

Эксперимент әдісі әлеуметтік психологияда негізгі зерттеу әдістерінің бірі. Эксперименттің негізгі екі түрі бар: табиғи және лабораториялық. Екеуіне де ортақ жалпы ережелерге:


  1. Экспериментатордың тәуелсіз айнымалы шамаларды енгізуі мен оны бақылауы және тәуелді шамалардың ӛзгеруін бақылауы;

  2. Эксперименттік және бақылау топтарын бӛліп қарастыру шарты жатады.

Барлық аталған әдістердің әлеуметтік психологиялық зерттеулерде қолданылуындағы ӛзіндік ерекшелігі зерттелінуші мен зерттеушінің ӛзара әсері. Бұл әсер интервьюде айқынырақ кӛрінгенімен, шын мәнінде барлық әдістерде де орын алып отырады, Оны есепке алу қажеттігі әрқашан айтылып жүрсе де, осы проблеманы түпкілікті қарастыру әлі алда сияқты.

Әдістердің екінші тобы — материалды ӛңдеу әдістеріне барлық статистикалық тәсілдер (корреляциялық анализ, факторлық анализ), логикалық және теориялық ӛндеулер (типологиялар тұрғызу, түсіндірулерді тұрғызудың әртүрлі тәсілдері, т.б.) жатады. Құндылықтар проблемасы осындай әдістерді пайдаланғанда аса маңызды мәселеге айналады.

Аталған проблема сапалы зерттеу әдістері мәселесі мен астарлас, әлеуметтік психологияда да, социологияда да кең талқылануда (Ядов, 1995).

Әлеуметтікпсихологиялық зерттеу жүргізу үшін, алдымен бағдарлама құрған дұрыс. Әрбір нақты зерттеуде шешілетін міндеттер, зерттеу объектісі, зерттеу проблемасын тұжырымдау, қолданылатын ұғымдарды нақтылау және де пайдаланылатын барлық әдістерді анықтап алу қажет. Дұрыс құрылған бағдарлама негізінде ғана шын мәніндегі ғылыми нәтижелер алуға болады.



жүктеу 73,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау