1. Әлеуметтік психологияның пәні, міндеттері және құрылымы



жүктеу 73,15 Kb.
бет1/9
Дата28.02.2022
өлшемі73,15 Kb.
#37659
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
9720218091 tapsyrma

1. Әлеуметтік психологияның пәні, міндеттері және құрылымы


Жоспар

  1. Әлеуметтік психологияның пәні мен міндеттері

  2. Әлеуметтік психологияның қалыптасуы

  3. Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері

Әлеуметтік психологияның пәні екі бӛлек ғылымның оциология (әлеуметтану) және психологияның (жантану) жігінде пайда болып, XX ғасырдың басынан ӛз бетінше дербес ғылым ретінде қалыптасуда.Сондықтан да, бір жағынан, социология ғылымы әлеуметтік психологияны ӛзінің бір тармағы деп есептесе, екінші жа ғынан, ол психология ғылымының бір саласы деп есептелінеді. Оның бірнеше себептері бар. Негізінде, қоғамдық ӛмірдегі кӛптеген құбылыстарды зерттеу, екі ғылымның да психология мен социология ғылымдарының жетістіктерін пайдаланғанда жемісті болуы мүмкін. Қоғамдық зандылықтар, адамдар іс әрекеті, адамдардың мінезқұлқы, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден адамдардың қарым- қатынасында, ісәрекетінің барысында ерекше байланыс, ӛзара әсерлесу, ерекше қарым-қатынас типтері пайда болады, ал оларды талдау психология білімінің жүйесін білмейінше мүмкін емес екені анық.

Әлеуметтік психологияның екіжақтылығы, бұл пәннің осы екі ғылымның психология мен социологияның қойнауынан дамып, жеке пәнге айналуымен байланысты.

Әлеуметтік психологияның жеке тұлға психологиясымен де түйісетін жерлері бар.

Екеуінің де негізгі қарастыратыны — иңдивид, жеке тұлғаны зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жеке даралық механизмдері мен олардың бір бірінен ерекшеліктеріне кӛңіл аударса, әлеуметтік психология индивидтерден тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда бірбірін қалай бағалайды, біріне бірі қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.

Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуын 1908 жыл деп санайды, осы жылы ағылшын психологы В.Макдугалдың (18711938)

―Әлеуметтік психологияға кіріспе еңбегі Еуропада басылып шықса, Америкада социолог Э.Росстың «Әлеуметтік психология» деген еңбегі де жарық кӛрді. Дегенмен де 1897 ж Дж.Болдуиннің ―Әлеуметтік психологиядан зерттеулер‖ атты еңбегі де осы пәннен бірінші жүйелі басшы лық деп қарастыруға тұрарлықтай. Қазірдің ӛзінде әлеуметтік психологиялық құбылыстарға америкалық және еуропалық дәстүрлер сақталынуда.

Ӛз дамуында әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда кӛптеген қиындықтарға кез болды. Егер де XX ғасырдың бас кезінде зерттеушілер кӛбіне қоғамдық кӛпшіліктік психологияны зерттеуге кӛңіл бӛлсе (топтар, кӛп шіліктік еліктеулер, ұлттар, психологиялық тұрпат, т.б.), ал ғасырдың орта шеніне таман, негізінен, шағын топтар, адамдардың әлеуметтік бағдары, топтарға әсер ету тәсілдері мен әртүрлі адамаралық қатынастарға үңіле



бастады. Қазіргі уақытта адамның әлеуметтік мінезқұлқының жалпы теориясын құру проблемасы ӛте ӛзекті. Адамның социумдағы мінезқұлқы зерттеуге де, болжауға да күрделі құбылыс болғандықтан, әлі де болса ондай теория жасалыну үстінде.

Ғылыми зерттеулер саласы ретінде әлеуметтік психология нақты міндеттерді қарастырады.



Сонымен, әлеуметтік психологияның міндеттері:

  1. а) адамдардың қоғамдық санасын құрайтын феномендердің ерекшелігі мен ӛзгешеліктерін; б) оның құрылымдарының ара қатынастарын; в) солардың қоғам дамуы мен ӛміріне әсерлерін зерттеу.

  2. а) әлеуметтікпсихологиялық құбылыстар мен процестердің қайнар кӛзі мен пайда болу жағдайын, қалыптасуы мен дамуы жайлы; б) олардың түрлі қауымдастықтар құрамындағы адамдардың әрекеттері мен мінезқұлқына тигізетін әсерлерін; в) ӛзара әрекет пен ӛзара түсіністік нәтижесінде туындайтын басқа феномендерден әлеуметтікпсихологиялық құбылыстар мен процестердің аса маңызды ерекшеліктері мен айырмашылықтары жайлы мәліметтерді жан жақты мағыналау және жалпылау.

  3. Әлеуметтікпсихологиялық құбылыстар мен процестердің әртүрлі әлеуметтік жағдайлардағы қызмет ету заңдылықтарын анықтау.

  4. Бірлескен ісәрекеттің ерекшелігі мен тиімділігін шарттандырушы факторлардың әлеуметтік психологиялық талдауы.

  5. Шағын топтарда пайда болатын әлеуметтікпсихология

лық құбылыстар мен процестердің ӛзгешелігін; оның осы топтағы адамдардың мінезқұлқы мен қарым-қатынасына тигізер әсерлерін зерттеу.

  1. Үлкен әлеуметтік топ психологиясын және осы топ ӛкілдерінің мотивациялық, интелектілітанымдық, эмоциялыырықтық әрі коммуникативтімінезқұлықтық ерекшеліктерінің байқалу ерекшеліктерін зерттеу.

  2. Діни, саяси, нарықтық және басқару психологиясындағы әлеуметтік психологиялық феномендердің рӛлі мен маңызын анықтау.

Әлеуметтік психологияны ғылым ретінде түсіну үшін біріншіден, оның қоғамның рухани ӛмірі құбылыстарын және адамның қоғамдық санасының қалыптасуын зерттеуді, екіншіден, әлеуметтік психиканың, адамның психикасы мен ісәрекет заңдылықтарын ашудағы мәнін бейнелейтін қызметін анықтау негізді (принципиалды) мәнге ие. Әлеуметтік психологияның тӛмендегідей қызметтерін бӛліп қарастыруға болады:

1. Әдіснамалық қызметі әлеуметтік психологияның нысаны мен пәнін, зерттелуші феномендерді тану әдістері мен қағидаларын анықтаумен, ғылымның құралдық және концептуалды аппаратын құрумен, эмпирикалық зерттеулер нәтижесін тәжірибе түрінде қолдану жолдарын анықтаумен байланысты.



  1. Теориялықтанымдық қызметі: біріншіден, әлеуметтік процестердегі қоғамдық психологиялық заңдылықтар мен механизмдерді зерттеуден;

екіншіден, қазіргі заманғы қоғамдық психологиялық феномендерді анықтаушы факторларды табудан; үшіншіден, қоғамдық психологиялық құбылыстардың ӛзін, олардың табиғаты мен даму ерекшеліктерін анықтаудан; тӛртіншіден, топтық және кӛпшіліктік процестерді тиімді басқару жолдары мен құралдарын анықтаудан тұрады.

  1. Дүниетанымдық қызметі – адамдардың қоғамдық психологиясының табиғаты туралы және оның қоғамдық сана жүйесіндегі, қоғамның рухани ӛмірінде алатын рӛлін, әлеуметтік психологиялық феномендердің заңдылықтары туралы, қазіргі заманғы ғылыми білімдерді жинақтайды соның арқасында әлемнің тұтастай қамтылған әлеуметтікпсихологиялық бейнесін тұрғызуға мүмкіндік береді.

  2. Реттегіштік қызметі адам ӛмірі мен ісәрекетінде кӛрінетін басқа да экономикалық және қоғамдық феномендердің дамуы мен қызмет жасауына әлеуметтікпсихологиялық құбылыстар мен процестердің қалай және тікелей қандай әсері бар екенін кӛрсетеді.

  3. Болжамдық қызметі әлеуметтік психологияның жақын арадағы және болашақтағы дамуының динамикасын кӛрсетеді, болашақтың үйлесімді дамыған адамының психологиясында жекедаралық, ұжымдық және жалпы адамзаттықтың арасындағы тиімді арақатынасты анықтауға кӛмектеседі.

  4. Аксиологиялық қызметі адамдардың ӛмірі мен ісәрекетінде әлеуметтік құндылықтар мен басымдықтардың қалыптасуына жағдай жасайды.

Әлеуметтік психология кӛптеген ғылым салаларымен байланысты. Философия, социология және басқа да қоғамдық ғылымдар әлеуметтік психологиялық феномендердің мәні мен қоғамдық сананың ерекшеліктерін, пайда болуын, дамуы мен адам ӛмірінде алатын рӛлін әдіснамалық тұрғыдан және қоғамдық теориялық тұрғыдан дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Ал, жалпы психология қатынастардың субъектісі және әлеуметтік психологияның иегері болып табылатын индивидтің ерекшеліктерін неғұрлым дәлірек түсінуге жағдай жасайды. Тарихи ғылымдар қоғам дамуының әр сатысында әлеуметтік психика мен адам санасының дамуы қалай іске асырылатынын кӛрсетеді. Саяси ғылымдар қоғамдық санаға қандай саяси құбылыстар және қалай әсер ететінін, саяси ісәрекет жағдайында адамның әлеуметтік психикасына әсерін қалай ӛзгертетінін кӛрсетеді. Экономикалық ғылымдар қоғамдағы экономикалық процестер қызметінің ерекшеліктері мен ӛзгешеліктерінің мәнін, олардың қоғамдық қатынастар мен адамның қоғамдық санасына тигізетін әсерін аша түседі. Мәдениеттану мен этнология түрлі халықтардың даму ерекшеліктерін зерттей отырып әлеуметтік психологиялық феномендердің кӛріну ерекшеліктеріне мәдениет пен ұлтқа тиістілігінің әсерін дұрыс әрі барабар талдауға мүмкіндік береді. Педагогикалық ғылымдар осы процестерді әлеуметтікпсихологиялық қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстар жасауға мүмкіндік беретін адамдардың білімі мен тәрбиесінің негізгі бағыттары туралы мәлімет береді.

Басқалай айтқанда, әлеуметтік психология адамның әлеуметтік

психикасының қалыптасу, даму және қызмет жасау жағдайы мен ерекшелігін зерттей отырып, жаратылыстану да, қоғамдық ғылымдарда адам санасында объективті шынайылықтың, экономикалық және әлеуметтік қатынастардың бейнелену заңдылықтарын нақты талдауға жағдай жасайды.


жүктеу 73,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау