Бірінші тұрғы – қоғамдық сананың индивидуалды санадан басымдылығын постулаттайды. Адам ӛзінің табиғатына орай обастанақ қоғамға бағыныңқы: ол қоғамдық қатынастардан тыс ӛмір сүре алмайды, әлеуметтік қажеттіліктер (иелікте болу, ӛзінӛзі бекіту, т.б.) оның ӛмірінде жетекші рӛл атқарады. Социум әр адамның ӛмір қалпын анықтайды, оған аса әсер етпейтін бӛлігі ретінде ӛмірлік әрекеттердің индивидуалды ӛзгерістерін қоғамдық даму жиынтығының бӛлігі ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты адам әлеуметтік жүйенің біршама енжар элементі ретінде қарастырылады. Жүйенің ӛзі болса – пайда болу және қызмет ету заңдылықтарын меңгерген тым ерекше қоғамдық құбылыс, сонымен бірге ол табиғаттың бӛлігі болып табылады.
Екінші тұрғы – индивидуалды сананы қоғамдық сананы анықтауға қабілетті тым ерекше феномен ретінде кӛрсетеді. Соңынан кӛпшілікті жетектеп, тарихтың жүрісін ӛзгерте алатын және ойпікірі ұзақ уақыт бойы ӛмір сүретін, танымал жеке тұлғалар – саяси қайраткерлер, қолбасшы, философтар, жазушылар бұған мысал бола алады. Барлық кең таралған дін, сенім, ілім мен идеологиялардың қайнар кӛздерінде осындай адамдар тұрған. Олар қоғамдық сананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан. Осы кӛзқарас тұрғысынан индивидуалды сана тікелей емес жанама түрде приоритетті болып келеді.
Үшінші тұрғы – адам мен қоғам арасында әркез болатын қарамақайшылық туралы постулаттан шығатын қоғамдық және индивидуалды сананың шиеленісі туралы ойпікірге негізделген. Бұл мәселе экзистенциализм философиясында анық кӛрсетілген.
Бүкіл психология ғылымының құрылымында әлеуметтік психологияның ерекшеленуін қарастыра отырып, оның түрлі психологиялық мектептерде кӛрінуіне тоқтала кеткен жӛн.
XX ғасырдың басы, әсіресе бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең, әлеуметтік психологияның эксперименттік ғылымға айналу кезеңі деп саналады. Ресми бастамасы ретінде Еуропада В.Мид, АҚШта ғалым Ф.Олпорт ұсынған, әлеу меттік психологияны эксперименттік психологияға айналдыру қажет деген талаптары болды. Әсіресе, Америкада ка питализмнің қауырт дамуына байланысты, әлеуметтік психологтардың ӛзекті әлеуметтік — саяси мәселелерге кӛңіл аударып, қолданбалы зерттеулерді жүргізу қажеттілігі туындады.
Бұл кезеңде теориялық тұрғыдан Макдугалл тұжырымдамасын сынға алумен қатар, әлеуметтік психологияда негізгі үш тұрғы: психоанализ, бихевиоризм және гештальттеория бағыттары анық кӛріне бастады. Әсіресе, эксперименттік пәнді тұрғызудың негізі болатын бихевиористік тұр ғыға кӛбірек кӛңіл бӛлінді.
Зерттеу объектілері ретінде негізгі назар шағын топтарға бӛліне бастады. Эксперименттік тәсілдерді пайдалану шағын топтардағы процестерді зерттеуге қолайлы болғандықтан, АҚШта әлеуметтік психологияның біржақты, эксперименттік түрде дамуы басталды. Ғылымның теориялық жағы назардан тыс қалды.
Әлеуметтік психологияда тек шағын топтармен айналысу кезеңі, қолданбалы әдістерді пайдалану мүмкіндіктерін дамытуда оң әсерін тигізгенімен, теориялық ғылымның дамуына тосқауыл болды, себебі: 1) кӛпшіліктік процестерді, олардың ерекшеліктерін зерттеу мәселеден тыс қалды;
2) эксперименттік бағдар қоғамдағы нақты проблемаларды тү сіндіруге бағытталғанымен, оның әлеуметтік мазмұнын түсіндіруде ғылыми негіздерсіз қалды.
Дегенмен осы кезеңде эксперименттік зерттеулер кӛптен жүргізіліп жатқанда да кейбір теориялық мәселелерді зерттеулер қолға алынып отырды. Бірақ, олар мардымсыз, танымал болмады.
Ал 50жылдардан бастап, осы бағыттағы зерттеулерге баса кӛңіл бӛлінді. Негізінде олар тӛрт бағыттың: бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік және интеракционизм тӛңірегінде топтасты (Андреева, Богомолова, Петровская, 1978, Шихирев,1979).
Аталған тӛрт бағыттың үшеуі психологиялық ойлардың әлеуметтік — психологиялық нұсқасы болса, ал тӛртінші бағыт — интеракционизм әлеуметтік негізде еді.
Бихевиоризм қазіргі кезде необихевиористік бағытта дамуда. Негізінен
топтағы процестер емес, екеуаралық (диадалық) қарым-қатынастар зерттеледі (К.Халл, Б.Скиннер, Н.Миллер, Д.Деллард, Дж.Гибо, Г.Келли, Д.Хоманс). Зерттеулердің басым бӛлігі тек жануарларда жүгізілуі (А.Бандура зерттеулерінің кӛбісі адамдарда жүргізілді) бұл бағыттың негізгі кемшілігі. Топтық процестерді талдаудың жеткіліксіздігінен, әлеуметтік психологияның
―әлеуметтік түрі аз кӛрініс береді.
Психоанализ әлеуметтік психологияда бихевиоризм сияқты кең таралмаған.
Мұнда да әлеуметтік психологиялық теория тұрғызу талпыныстары бар.
Бұл орайда неофрейдистік тұрғы, әсіресе Э.Фромм мен Дж.Салливан еңбектері аталынады. Дегенмен классикалық Фрейдизм идеяларын әлеуметтік психологияға тікелей енгізетін теориялар да бар. Ондай теорияларға мысал ретінде топтық процестер теорияларын: Л.Байон, В.Беннис, Г.Шепард, Л.Шутц атауға болады. Бихевиористерден ӛзгешелігі екеулік (диада) қарым-қатынастан гӛрі кӛбірек адамдар қатысқан топтардағы процестерді қарастыру, осы бағытта Т топтарда (тренинг топтары), адамдардың бірбіріне әсерінің әлеуметтікпсихологиялық механизмдерін пайдалану тән. Психоанализді әлеуметтік психологияда қолдану жүйелі түрде емес, кейбір жағдайларын практикаға кіріктіру негізінде жүргізіледі. Осы тұрғыдан Т. Адорноның "Авторитарлы жеке тұлға" еңбегін атауға болады (фашизмді тудыратын алғышарттар туралы).
Психоанализ психологиядағы жаңа ағымның гуманис тік психология (А.Маслоу, К.Роджерс) туындауына себеп болды. Негізінен тренинг тобының теориясы мен практикасына сүйене отырып, түрліше тармақталған проблематикасы жасалынуда. Қазіргі кезде гуманистік психология жетекші ағымдардың біреуіне айналып келеді.
Когнитивизм гештальтпсихология мен К.Левиннің ӛрістер теориясынан бастау алады.
Бұл бағыттағы кӛптеген теориялардың (Ф.Хайдер, Т.Ньюком, Л.Фестингер Ч.Озгуд, П.Танненбаум, американ зерттеушілері Д.Креч, Р.Крачфилд, С.Аш) негізі жеке тұлғаның әлеуметтік мінезқұлқын түсіндіру. Адам санасында әлемнің тұтас, байланысқан идеалды кӛрінісін тұрғызу (қоршаған нақты әлемдегі қарамақайшылықтарға байланыссыз) — бұл модельдің негізгі кемшілігі. Дегенмен бұл бағытта да іргелі проблемалар зерттелінуде (Трусов, 1983).
Интеракционизм әлеуметтік бағыттағы жалғыз теория ретінде Г.Мидтің символдық интеракционизм теориясынан бастау алады.
Қазіргі кезде бұл бағыт әлеуметтік психологияда Мидтің теориясынан басқа да теорияларды қамтиды: ролдер теориясы (Т.Сарбин), референтті топтар теориясы (Г.Хаймен, Р.Мертон). Э.Гофманның әлеуметтік драматургия теориясы . Бұл теорияда "ӛзара әсерлесу" ұғымы негізгі болғанымен де, қоғамдық қатынастардағы, қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты индивидке әсер ететін әлеуметтік себептерді қарастыру мәселелері шешілмеген. Осы тӛрт бағыттың ӛзіндік негіздері болғанымен де, кӛбінесе бірбіріне
араласып отырады.
Қазіргі кездегі, әсіресе, американдық әлеуметтік психологиядағы эксперименттік зерттеулерде бірнеше теориялық бағыттар аралас кӛрінеді. Осы да және әлі де эксперименттік зерттеулерде теорияға бұрынғыша кӛңіл бӛлінбеуі Г.М.Андрееваның пікірінше, әлеуметтік психологиядағы терең дағдарысты кӛрсетеді.
Қазіргі кездегі әлеуметтік психологияның дамуының үш түрлі әлемі бар деп саналады.
Біріншісі — Америка мен Канада психологтарының зерттеулері жеке тұлғалық бағыт (Солтүстік Американың), екіншісі Еуропалық (топ аралық, әлеуметтік деңгейлерге баса назар аудару), үшіншісі дамып келе жатқан елдерде, экономикалық жағынан артта қалушылықтың ӛздеріне тән проблемалары.
Бұл елдерде психологияны бірінші және екінші елдерден әкелу " импорт" қалыптасқан . Дегенмен де әлемдік интеграцияның дамуымен бірге, жер бетіндегі бар адамдарға ортақ әлеуметтік психологияның қалыптасуы мүмкін.
Енді қазіргі кездегі әлеуметтік психологиядағы негізгі ғылыми бағыттарға тереңірек тоқталайық.
Әлеуметтік психологияның дамуына ерекше үлес қосқан функционализм болды. Функционализм ӛкілдері (Ч.Дарвин, Г.Спенсер ) адамдар мен әлеуметтік топтарды олардың қоғамдық ортаның талаптарына бейімдіктері тұрғысынан зерттеген. Тәуелсіздік, ӛзінӛзі құптау, даму, әлеуметтік жүйелердің тұрақтануы мен ыдырау феномендері зерттелген. Бұл мектептің қарастырған мәселесі – қоғамдық ӛмірдегі субъектің әлеуметтік бейімделуінің ең тиімді жағдайлары болды.
Дәл осы функционализм аясында ең алғаш рет практикалық нәтижеге бағдарланған кӛптеген зерттеулер пайда болды. Бұл бағыттың ӛкілдері адамның ішкі психикалық процестеріне емес, олардың нақты бір әлеуметтік жүйе жағдайында адамдар арасындағы және топ арасындағы ӛзара әрекеттері кезіндегі маңызды қызметтеріне кӛңіл аударды. Олар жеке тұлғаны зерттеудің жаңа әдістерін – тесттер, сұрақнамалар, сұхбатты енгізді, бұлар кейіннен кеңінен таралды. Сонымен қатар, функционализм бала мен ересек адамның дамуы, индивидуалды ерекшеліктер психологиясы, бизнес, жарнама т.б. психологиясы сияқты психологиялық зерттеулердің ӛзекті бағыттарының қалыптасуына ықпал етті.
Бихевиоризмнің негізінде жануарларды экспериментті түрде зерттеу жатыр. Оның негізін салушы Э.Торндайк (18741949) пен Дж.Уотсон (18781958) сананы тікелей зерттеуден бас тартып, мұның орнына адам мінезқұлқын
«стимулреакция» сызбасы бойынша зерттеуді ұсынды. Бихевиористердің ойынша сыртқы қоздырғыштарды ӛзгерте отырып, адамның туа біткен нышандары мен оның қайталанбас ӛмірлік тәжірибесін ескерусіз қалдырып, әлеуметтік мінезқұлықтың қандай да бір қажет түрлерін автоматтандыруға болады. Осылайша, сыртқы стимулдау заңдылықтарынан мінезқұлықтың
заңдылықтары шығарылды.
Ӛкілдері Б.Скиннер, Н.Доллард, Дж.Хомманс, т.б. болып табылатын
необихевиоризм ӛз тұғырын кейінгі онжылдықтарда да сақтап қалды.
Әлеуметтік психологиялық необихевиоризмде ерекше қызығушылық тудырған Дж.Хоманстың (19101989) әлеуметтік алмасу теориясы болды. Дж.Хоманс әлеуметтік мінезқұлықты түсіндіруші ӛзара байланысты
5 постулатты ұсынады:
Достарыңызбен бөлісу: |