Әлеуметтік психологияның құрылымы мен проблематикасы жайлы ұғым алу үшін оның түп тамырына кӛз жіберген жӛн. Оның ғылым ретінде дамуының 4 кезеңін бӛліп кӛрсетуге болады.
Бірінші кезең әлеуметтік психологияға дейінгі теориясы. Ол антик (кӛне), ортағасырлық және ХІХ ғасырдың орта шеніне дейінгі кезеңді қамтиды.
«Психология» термині «псюхе» жан, «логос» білім немесе зерттеу деген екі сӛзден тұрады. Алайда оны ұсынған, адамның психикалық ӛмірінің ерекшеліктерін анықтауға елеулі үлес қосқан антикалық ғалымдар емес, теолог әрі философ Гоклениус болды; терминнің ең алғаш рет қолданылуы 1590 жылмен белгіленеді. Неміс философы Христиан Вольфтың «Рационалдық психология» (1733) және «Эмпирикалық психология» (1734) деген еңбектері жарық кӛргеннен кейін «психология» термині кеңінен таралды. Алайда адам мінезқұлқының ерекшеліктері туралы білімнің бастауын антик (кӛне) натуралистердің еңбектерінен іздестірген жӛн.
Гиппократ, Платон, Аристотель есімдері барлығына жақсы таныс. Олар кӛптеген ғылымдардың негізін қалаған деп есептелінеді, бұл жерде әлеуметтік психология да тыс емес.
Аристотельдің жас Македонскийдің ұстазы болуына орай, ол ӛзі жаулап алған жерлерінен ӛсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ұстазына жіберіп отырған. Міне осылайша, тірі ағзалардың мінезқұлқын бақылау мен талдауға эмпирикалық бай негіз болған деректер кӛп жинақталды. Кейіннен психологияның түсіндірмелі, ең алдымен себептілік және даму принциптерінің құрылуына алып келген Аристотельдің психологиялық ілімі осындай зерттеулердің нәтижесі болды. Аристотель: жанның қызметі мынадай баспалдақ түрінде орналасады деді: тӛменгі элементтер ӛте жоғары тәртіптегі (реттегі) элементтердің пайда болуына негіз болады. Вегетативті функциялардан кейін сезіну (түйсіну), ал одан кейін – ойлау қабілеті қалыптасады. Мінездің дамуын түсіндіре келе Аристотель адам түрлі әрекеттерді жасай отырып, қазір қандай болса, сондай қалыпқа жетеді деп сендірді. Бұл қоршаған ортаға деген ӛнегелі адамгершілікті қатынасты білдіреді, яғни адамның психикалық дамуын оның ісәрекетіне, әсіресе қоғамдық ісәрекетіне тәуелді етеді. Бұл жағдайдың жақсы кӛрінісін, адамның әлеуметтік мінезқұлқының 30 типін суреттеп берген ежелгі грек зерттеушісі Теофрастың «Мінездер» деген еңбегінен таба аламыз. Адамдарды адамгершілік сапаларына (жағымпаздық – екіжүзділік, боссӛздік, т.б. орай жіктеу Теофраст замандастарының әлеуметтік бет бейнесін кӛрсетті.
Гиппократтан біздің заманымызға дейін сангвиник, холерик, меланхолик, флегматик деген тӛрт темперамент атауы келіп жеткен. Болашақ әлеуметтік
психология үшін мұндай бӛлінудің маңызы зор болды, ӛйткені адамдар арасындағы сансыз айырмашылықтар бірнеше жалпы сипаттамалармен ғана шектелді. Осы арқылы адам мінезқұлқының ғылыми типологиясына бастама жасалды.
Қазіргі кезде Қазақстандық ғалым, психофизиолог А.Р. Дүйсенбаев ӛзі ұсынған тұлға құрылымына сәйкес, темпераменттің жеті типін (эмоциялы, динамикалық, лабилді, иілімді, ӛзгермейтін, инертті және сенситивті) бӛліп кӛрсетеді.
Адамдардың ішкі сезім ісәрекетін табиғат емес адамның мәдениетінен құрылатын түр, түсінік, ойпікір мен этикалық құндылықтарға тәуелді етіп қоюы ежелгі грек ойшылдарының еңбегі болды. Мәдениет әлемі адам мен оның жанын түсінудің үш жолын бӛліп кӛрсетуге мүмкіндік берді: дінді, ӛнер мен ғылымды. Ӛздеріне ұқсас адамдарды тануды кӛп ғасырлық тәжірибесінен игерген олар дәуірінің нақты адамдары мен қоғамдық институттарды бақылау арқылы меңгере отырып, этникалық құдайлар мен батырлар бейнесінің үлгілерінде тәрбиеленді.
Еуропадағы мыңжылдық феодализм дәуірін «ақылдың ұйқысы» деп атасақ та болады, ӛйткені бұл кезеңде христиандық шіркеу пұтқа табынушылықтың барлығына жаугершілік шыдамсыздық танытты, ол адам жанының құрылымы мен орналасуының киелі кітаптағы түсіндірмесінен ерекше, тәжірибе мен ақылға негізделген білімнің барлығына деген жек кӛрушілікті таратты.
Жабық феодалдық қауымдарға ыдырап кеткен ортағасырлық Еуропада ежелгі ғылымның жетістіктері қудалауға ұшыраған кездері, арабтық Шығыста интелектуалды ӛмір қайнап жатты. Батыста Платон мен Аристотельдің шығармалары монша жағуға кетіп жатса, Шығыста олардың еңбектері кӛптеп аударылып жатты. Бұл әлемдік мәдениет үшін кӛптеген ежелгі философтар, саяхатшылар, дәрігерлер мен жазушылардың шығармаларының сақталуына мүмкіндік берді.
IXXIV ғасырларда ӛмір сүріп, ғылыми мұраларын қалдырып кеткен түркі ғұламаларының (Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Жүйнеки, Қ.А.Иассауи, т.б.) арасында «әлемнің екінші ұстазы» аталған ӘбуНасыр әлФараби «Әлеуметтік этикалық трактаттар», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сӛздері», «Қайырымды қала тұрғындарының кӛзқарасы» деген еңбектерінде қоғам, әлеуметтік топтар туралы ойларын айтып кеткен.
Дегенмен Батыс Еуропада адамдардың психикалық ӛмірі туралы түсінікті талап ететін «эмпирикалық» деректердің жинақталуы жалғасып жатты. Рене Декарттың еңбектерінің болашақ әлеуметтік психология үшін негізді маңызы болды. Дене жұмысының принципі – рефлекс, ал жан жұмысының принципі – рефлексия деп мінезқұлықтың рефлекторлық табиғатын аша отырып, ол физиология үшін де, психология үшін де іргетасты болған түсінікті ендірді. ХVIXVIII ғасыр қалыптасып келе жатқан ғылым үшін ӛте жемісті болды. Қоғамдық құрылымға деген қызығушылық, түрлі әлеуметтік қабаттарда, түрлі ұлттар мен нәсілдегі адамдар арасындағы ӛзара әрекет пен ӛзара қатынас
механизмдеріне жауап іздестіру ғылыми түсіндіру мен әлеуметтікпсихологиялық талдауды қажет ететін деректердің кӛптеп жинақталуына әкелді. Т.Гоббс (15881679), Д.Локк (16321704), К.Гельвеций (17151771), П.Гольбах (17231789), Д.Дидро (17131784) және тағы да басқалардың еңбектері адам мінезқұлқын зерттеу аумағында Еуропалық ғылымның діни догматтардан арылуына жағдай тудырды. Жаңа заман ғалымдары адамның біртұтастылығы жайлы, оның тәндікрухани болмысы қоршаған ортамен табиғи және әлеуметтік ажырамас байланыста болатындығы жайлы ойпікірді ұстанды.
ХIХ ғасырда психология ӛз алдына ғылым ретінде құрылды, соған орай оны құрылымдау мен адам психикасының табиғатын зерттеуге арналған бӛлек бағыттарды бӛліп кӛрсетудің алғышарттары пайда болды.
Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, археология ғылымдарында кӛптеген деректер жинақталынып, оларды түсіндіруде де әлеуметтік психологияның кӛмегі қажет болды.
Американ антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті туралы еңбегін тамамдады, этнограф және археолог Л.Морган америка үндістерінің тұрмысын зерттесе, француз ғалымы (социолог және этнограф) ЛевиБрюль алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың ойлау ерекшелікте рін зерттеді.
Бұл кезеңдегі психология, негізінен, индивидтер психологиясы тұрғысынан қалыптасқан еді. Адамның мінезқұлқын түсіндіруде психологияны қайта қарастыру бағдарламасы енді ғана дами бастады.
Социология ғылымына келсек, оның ӛзі дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың орта тұсынан бастап дамыды, оның негізін қалаушы француз философпозитивісі Огюст Конт.
Социологияда психология бағыты тез дами бастады. Сонымен екі ғылымның (психология мен социология) дамуында бірбіріне қарай қозғалыс басталды, ал ол жаңа ғылым ретіндегі проблемаларды қалыптастырумен аяқталуы қажет болды.
Кӛптеген алғашқы әлеуметтік — психологиялық теориялар арасынан негізгі үш бағытты бӛліп алуға болады: халықтар психологиясы, кӛпшілік психологиясы және әлеуметтік мінезқұлықтың инстинктер теориясы.
Халықтар психологиясы әлеуметтік — психологиялық теориялардың алғашқы формасы ретінде XIX ғасырдың ортасында Германияда қалыптасты.
Халықтар психологиясы теориясын тікелей жасағандар философ М.Лацарус (18241893) және тіл маманы Т.Штейнталь (18231893). 1859 жылы ―Халықтар психологиясы және тіл білімі‖ журналы жарық кӛрді. ―Халықтар психологиясы туралы кіріспе тұжырымдары‖ деген мақаласында авторлар, негізгі идеяларын — тарихтың негізгі күші — халықтың ӛзін мәдениет, дін, тіл, аңыз, әдет ғұрыпта кӛрсетуі деп түйіндеді.
Халықтар психологиясы идеясын ары қарай дамытқан В.Вундт (18321920) кӛзқарастары. 1900 ж. Вундтың он томдық ―Халықтар психологиясы‖ еңбегі
жарық кӛрді. Вундтың кӛзқарасы бойынша, психология екі бӛліктен: физиологиялық психология және халықтар психологиясынан құрылуы керек. Физиологиялық психология эксперименттік пән, бірақ эксперимент жоғарғы психологиялық процестер — сӛйлеу меп ойлауды зерттеуге жарамайды. Міне, нақ осы жерден халықтар психологиясы басталады. Оның әдістері де басқаша: тіл, аңыз, әдетғұрып, мәдениет ӛнімдерін талдау.
Ресейде халықтар психологиясы идеясы белгілі лингвист ғалым А.А.Потебня зерттеулерінде қарастырылды. Лацарус, Штейнталь, Вундт және Потебня проблеманы әртүрлі тұрғыда қарастырғанымен, тұжырымдамалар ының идеясы ортақ: психология жеке индивид санасы емес, халық санасында қалыптасқан құбылыстарға тап болды, сондықтан, осындай ерекше проблемалармен айналысатын, ӛзіне тән әдістері бар, психологияның арнаулы саласы болуы қажет.
Қазақстанда осындай кӛзқарастарды ары қарай дамытқан этникалық психология мәселелерімен айналысқан, осы ғылымның негізін қалаушылардың бірі саналатын М.Мұқанов.
Әлеуметтік — психологиялық теорияның екінші формасы бұқара, кӛпшілік психологиясы. Бұл теорияда жеке адам мен қоғамның ӛзара қатынасы қарастырылды.
Үшінші, әлеуметтік — психологиялық кӛзқарастар жүйесіне әлеуметтік мінезқұлықтың инстинктер теориясы жатады. Бұл теорияны ұсынған ағылшын психологы В.Макдугалл (әлеуметтік психологияның негізін қалаушылардың бірі), оның негізгі тезисі әлеуметтік мінезқұлықтың түпкілікті себебі, адамдардағы туа біткен инстинктер дегенге саяды. Макдугалл жеті пар инстинктерді және олармен қосарласа жүретін эмоцияларды бӛліп кӛрсетті. Оның идеяларының ӛте танымал болғанына қарамастан әлеуметтік мінезқұлықтың бір мақсатқа (― гормэ‖ ұмтылу, тілек) жетуге талпыну ғана (санадан тыс) деген идеясы психология ғылымының тарихында теріс әсерін тигізді.
Инстинктер теориясының бұл идеясы салдарларын жеңу ғылыми әлеуметтік психологияның қалыптасуының маңызды кезеңіне айналды. Аталмыш кӛзқарастардың бәрінде де эксперименттік зерттеулердің жеткіліксіздігі кӛзге ұрады. Дегенмен де ―әлеуметтік психология‖ дербес пән деген ұсыныс жасалды, енді оның эксперименттік базасын тұрғызу қажет еді.
Достарыңызбен бөлісу: |