1-БӨлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер


-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділік профилактикасы



жүктеу 1,72 Mb.
бет15/26
Дата21.01.2020
өлшемі1,72 Mb.
#27127
түріКодекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

114-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділік профилактикасы

1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділік профилактикасы:

1) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің зияны, сондай-ақ оларды тұтынудың медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілері туралы білімді насихаттауды;

2) есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестер, оның ішінде әзірлеу, дайындау және пайдалану тәсілдері, әдістері, оларды сатып алу, өндіру және тарату орындары туралы ақпаратты, кітап өнімдерін, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін насихаттауға тыйым салу, компьютерлік желілерде аталған мәліметтерді тарату немесе осы мақсаттарда өзге де іс-әрекеттер жасау;

3) медицина және фармацевтика қызметкерлері үшін есептелген мамандандырылған баспа басылымдарынан басқа, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді жарнамалауға тыйым салу, оның ішінде құрамында есірткі құралдары немесе психотроптық заттар бар дәрілік препараттардың үлгілерін жарнамалау мақсатында тарату;

4) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелді адамдарды ерікті түрде, жасырын емдеуді;

5) наркологиялық науқастарды ерікті медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтиды.

2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасын барлық жеке және заңды тұлғалар өздерінде бар құқықтар шегінде жүзеге асырады.


115-бап. Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеу

1. Темекі бұйымдарын, оның ішінде кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекі шегудің электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды және темекіні сондай-ақ алкогольді тұтынуға арналған жүйелерді, тұтынудың профилактикасы және оны шектеу халықтың денсаулығын оларды тұтыну салдарынан қорғауға және тәуелділіктің, оның ішінде никотинді, темекіні тұтынуға арналған жүйелерді және оларға арналған сұйықтықтарды, электрондық тұтыну жүйелерін жеткізу құралдарының жаңа түрлерінен пайда болатын тәуелділіктің алдын алуға, темекі бұйымдарын сатып алуға құқығы бар адамдар үшін жас мөлшерін шектеуге, темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынуға халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті фактор ретіндегі көзқарасын қалыптастыруға, халықаралық міндеттемелерге сәйкес алкоголь мен темекі бұйымдарын тұтынудың таралу профилактикасы бойынша келісілген іс-қимылдарды жүргізуге бағытталған.

2. Темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекі шегудің электрондық жүйелерін және темекі тұтынуға арналған жүйелерді және оларға арналған сұйықтықтарды:

1) он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына;

2) темекі бұйымының ашық қорабынан немесе темекі бұйымдарын бір-бірлеп сатуға;

3) сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінен;

4) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылысжайлардың, стадиондардың ғимараттарында және аумақтарында;

5) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;

6) темекі бұйымының қорабына, темекі шегудің электрондық жүйелерінің және темекіні тұтынуға арналған жүйелердің және оларға арналған сұйықтықтардың тұтыну қаптамасына акциздік марка енгізілмесе;

7) егер темекі бұйымының қорабында жиырма сигареттен кем болса;

8) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына кемінде үш зиянды қосылыс – темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына орналастырылатын жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер енгізілмесе;

9) темекі бұйымының қорабына, тұтыну қаптамасына, оның ішінде темекі шегудің электрондық жүйелері мен темекі тұтынуға арналған жүйелеріне және оларға арналған сұйықтықтарға темекі бұйымдары мен никотинді тұтынудың зияны туралы ескерту енгізілмесе;

10) темекі бұйымының қорабына, тұтыну қаптамасына, оның ішінде темекі шегудің электрондық жүйелеріне және темекі тұтынуға арналған жүйелерге және оларға арналған сұйықтықтаға он сегіз жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынғаны туралы жазбалар енгізілмесе;

11) тұтынушыны тікелей немесе жанама түрде жаңылыстыратын ақпарат, оның ішінде «құрамында шайырлары төмен», «жеңіл», «өте жеңіл», «жұмсақ», «экстра», «ультра» деген сөздер не кез келген терминдер, сипаттамалар, белгілер, символдар немесе басқа да бұйымдармен және (немесе) тұтыну тәсілдерімен салыстырғанда белгілі бір бұйымдардың және (немесе) тұтыну тәсілдерінің аз зияны туралы жалған әсер ететін өзге де белгілер, сондай-ақ басқа да тамақ өнімдерінің (тамақ қоспаларының), оның ішінде жемістердің, жидектердің, кондитерлік бұйымдардың дәмі бар деген жалған ұғымды білдіретін өзге де, оның ішінде шет тілдердегі сөз тіркестері болса;

12) басқа да тауарлармен жиынтық құрамда болса;

13) өз-өзіне қызмет көрсету сөрелерінен;

14) балалар ассортименті тауарларының саудасын жүзеге асыратын сауда ұйымдарында;

15) темекі өнімдерін, оның ішінде кальянға, кальян қоспасына, темекі шегудің электрондық жүйелеріне және темекі тұтыну жүйелеріне арналған жүйелерді орналастырып, ашық көрсете отырып, сауда объектілерінде сату кассаларына жақын, сатылатын өнім тізбесінсіз тыйым салынады. Темекі өнімдері, темекі тұтынуға арналған жүйелер, темекі шегудің және оларға арналған сұйықтықтардың электрондық жүйелері туралы ақпарат бөлшек сауданы жүзеге асыру кезінде мәтіні ақ фонда қара түсті жалғыз өлшемді әріптермен орындалған және алфавиттік тәртіппен жасалған сатылатын темекі өнімдерінің бағасын көрсете отырып, қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттерді пайдаланбай сатылатын темекі өнімдерінің бағасын көрсете отырып, сатылатын өнімнің тізбесін орналастыру арқылы сатып алушылардың назарына жеткізіледі. Сатып алушыға темекі өнімдерін сауда объектісінде темекі өнімдерін, темекі тұтынуға арналған жүйелерді, темекі шегудің электрондық жүйелерін және олар үшін сұйықтықтарды көрсету сатылатын темекі өнімдерінің тізбесімен танысқаннан кейін оның талап етуі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

16) темір жол вокзалдарының, автовокзалдардың, әуежайлардың, теңіз порттарының, өзен порттарының аумақтарында және үйжайларында (бажсыз сауданы қоспағанда), жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған метрополитен станцияларында, тұрғын үй және қонақүй қызметтерін, уақытша орналастыру және (немесе) уақытша тұруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер көрсетуге, тұрмыстық қызметтер көрсетуге арналған үйжайларда сатуға тыйым салынады.

3. Темекі бұйымдарын, оның ішінде кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекі шегудің электрондық жүйелерін және темекі тұтынуға арналған жүйелерді сату жүзеге асырылатын орындарда көрнекі жерде мынадай мазмұндағы: «Темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына тыйым салынады» деген жазба, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен темекі шегудің зияны туралы ескерту орналастырылуға тиіс.

4. Темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекі шегудің электрондық жүйелерін және темекіні тұтынуға арналған жүйелерді сату кезінде темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні сатуды жүзеге асыратын адамдар:

1) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуды талап етуге;

2) егер жеке басын куәландыратын құжат ұсынылмаған болса, темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекі шегудің электрондық жүйелерін және темекі тұтынуға арналған жүйелерді сатудан бас тартуға міндетті.

5. Мыналарда:

1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда, балалар алаңдарында;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында;

3) қоғамдық тамақтану пункттерінде;

4) мәдениет объектілерінде, мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерттік, қарау және көрме залдарында, спорт ұйымдары мен дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында, спорт ареналарында және жаппай демалуға арналған басқа да құрылысжайларда;

5) түнгі клубтарда, дискотекаларда;

6) жергілікті және алыс қатынастағы поездарда, әуе, теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ қалалық, қала маңындағы және қалааралық автомобиль қоғамдық көлігінің салондарында – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды, таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын жалпы пайдаланудағы көлікте;

7) әуежайлардың, автовокзалдардың, теміржол және су (теңіз, өзен) вокзалдарының ғимараттарында;

8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;

9) жұмыс орындары және жұмыс аймақтары болып табылатын үйжайларда;

10) үйлердің кіреберістерінде;

11) автожанармай құю станцияларында темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын тұтынуға, сондай-ақ темекі шегудің электрондық жүйелерін және темекі тұтынуға арналған жүйелерді пайдалануға тыйым салынады.

6. Осы баптың 5-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көзделген нормалар, егер темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын тұтынуға, сондай-ақ темекі шегудің электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды және кальянды тұтынуға арналған жүйелерді пайдалану үшін арнайы жабдықталған орындар бөлінген жағдайларда қолданылмайды.

7. Темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасы, темекі шегудің электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды және кальянды тұтынуға арналған арнайы бөлінген орындар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген талаптарға сәйкес жабдықталуы тиіс.

8. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын никотин мен шайырлы заттардың шекті жол берілетін деңгейінен асатын темекі ретінде шегілмейтін және шегілетін темекі бұйымдарын, сондай-ақ оларға қатысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптар белгіленбеген темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.

9. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.

10. Темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасына тұтынуға, сондай-ақ темекі шегудің электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды және темекі тұтынуға арналған жүйелерді пайдалануға тыйым салынған орындарда уәкілетті орган бекіткен айыппұл мөлшерін көрсетуді қамтитын оларды тұтынуға тыйым салу туралы белгілер орналастырылуға тиіс.

11. Темекі шегетін темекі бұйымының қорабында, темекі ретінде шегетін темекі бұйымының қаптамасында Кеден одағының «Темекі өніміне арналған техникалық регламент» техникалық регламентінде бекітілген талаптарға сәйкес темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескерту болуға тиіс.

Шекпейтін темекі бұйымдарының, темекіні тұтынуға арналған жүйелердің тұтыну қаптамасында темекі бұйымдарын және никотинді тұтынудың зияны туралы ескерту болуға тиіс, ол мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

1) темекі бұйымы қорабының, темекі бұйымы қаптамасының, темекі шегудің электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың және темекіні тұтынуға арналған жүйелердің тұтыну қаптамасының ауданы бойынша әрбір үлкен жағының кемінде алпыс бес пайызын алып тұруға;

2) түссіз орауыш пленкаға немесе қандай да бір сыртқы орайтын материалға басылмауға тиіс;

3) мәтінді қамтитын түсті суреттер (пиктограммалар, графиктер) немесе фотобейнелер түрінде орындалуға тиіс.

Темекі бұйымдарын және никотинді тұтынудың зияны туралы ескертулердің эскиздерін уәкілетті орган бекітеді.

Дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе импорттаушы (сатушы) темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасына оларды бекіткен күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімде эскиздерге сәйкес темекі шегудің электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтарының және тұтыну жүйелерінің темекі өнімдерінің тұтыну қаптамасына ескерту эскиздерін енгізуді қамтамасыз етуге тиіс.

Ескерту эскиздері темекі өнімдерінің тұтыну қаптамаларының, темекі шегудің электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтарының тұтыну қаптамаларының және темекі тұтынуға арналған жүйелердің шамамен тең санына салынады.

12. Бөлшек саудада:

1) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін;

2) мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін:

сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;

этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесі болса, сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда өткізуге тыйым салынады.

13. Темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік етуге және алкоголь сусындарын имитациялайтын өнімдерді жарнамалауға тыйым салынады.

Темекіні әкелуді, өндіруді, сатуды және таратуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайырымдылық көмек көрсетуіне жол беріледі.

14. Кәмелетке толмаған адамдардың алкоголь сусындарын, темекі мен темекі бұйымдарын, оның ішінде кальянға арналған темекі шегудің электрондық жүйелері мен темекі тұтынуға арналған жүйелерді тұтынуына тыйым салынады.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмаған адамдардың алкоголь сусындарын, темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде кальянға арналған темекіні, темекі шегудің электрондық жүйелерін және темекі тұтынуға арналған жүйелерді пайдаланғаны үшін әкімшілік жауаптылықта болады.

15. Алкоголь өнімін сатқан кезде алкоголь өнімін сатуды жүзеге асыратын адамдар:

1) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуды талап етуге;

2) егер жеке басын куәландыратын құжат ұсынылмаса, алкоголь өнімін сатудан бас тартуға міндетті.
116-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы

1. Темір тапшылығы анемиясы – организмге тамақ өнімдері құрамында темірдің жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына, асқазан-ішек жолдарының, несеп-жыныс жүйесінің және қан жүйесінің кейбір созылмалы аурулары кезінде темірді жоғалтудың көбеюіне, темірге деген қажеттіліктің артуына байланысты болатын организмнің патологиялық процесі.

2. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:

1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында байытылған тамақ өнімдерінің өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге және айналысының басқа да сатыларындағы қозғалысына қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілігі;

2) халықтың нысаналы топтарын құрамында темір бар препараттармен профилактикалық қамтамасыз ету;

3) ұнды және өзге де тамақ өнімдерін құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байыту (фортификациялау) қағидаттарымен жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын (айналымдағы) жоғары және бірінші сортты бидай ұны міндетті түрде құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылуға (фортификациялануға) жатады.

Міндетті түрде фортификациялануға жататын тамақ өнімдерін тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) және тамақ өнімдері нарығындағы айналысы тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
117-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы

1. Йод тапшылығы аурулары организмге йодтың жеткіліксіз түсуіне байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын организмнің патологиялық процесі;

2. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы – мыналарға:

1) халықтың денсаулығын сақтауға;

2) Қазақстан Республикасының аумағында йод тапшылығы ауруларының профилактикасы бойынша келісілген іс-шараларды жүргізуге;

3) йод тапшылығы ауруларының профилактикасы саласындағы мемлекеттік реттеуге;

4) йод қосындыларымен байытылған тамақ өнімдерін өндіруді дамытуға және оларды сатуға бағытталған йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүйесі.

3. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар йодталған ас және жемдік тұздарды Қазақстан Республикасының аумағында өдіруге, әкелуге, әкетуге, өткізуге қойылатын талаптарды сақтауға және қамтамасыз етуге мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Тұз өндірісіне, айналымына және қауіпсіздігіне мынадай талаптар белгіленеді:

1) мыналарды:

йодталған тұзды қолдануға қарсы көрсетілімдері бар адамдарға арналған тұзды;

өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған тұзды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында әкелінетін, өндірілетін және (немесе) өткізілетін тағамдық және жемдік тұз йодталуға тиіс.

Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндіру және өткізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды;

2) тұздағы йод құрамының нормалары, оның сапасы, қауіпсіздігі, йодтау әдістері, йод құрамы төмендеген кезде қайта йодтау процесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес болуға тиіс;

3) осы баптың 4-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында йодталмаған тұзды өндіруге, әкелуге, сондай-ақ өткізуге тыйым салынады;

4) жалған тұзды өндіруге, әкелуге, әкетуге және (немесе) өткізуге тыйым салынады.

5. Йодталған ас тұзына мынадай талаптар қойылады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған йодталған ас тұзы сәйкестігі туралы міндетті түрде расталуға жатады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес йодталған ас тұзын сәйкестігі туралы растаусыз әкелуге және өткізуге жол берілмейді.

6. Йод қосындыларымен байытылған тамақ өнімдерін өндіру, сондай-ақ оларды сақтау, тасымалдау және өткізу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

7. Йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерін қаптауға, таңбалауға және сақтау мерзіміне мынадай талаптар қойылады:

1) йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерін қаптау, таңбалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;

2) йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерін қаптау нормативтік құжаттарда көзделген мөлшерде ондағы йод құрамының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс;

3) йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерінің қаптамасында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған ақпараттан басқа, мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай мәліметтер: тағамдық және энергетикалық құндылығы; йод қосындыларының құрамы; мақсаты және қолданылу шарттары көрсетілуге тиіс;

4) сақтау шарттары мен мерзімдері;

5) йодталған тұз және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдері қаптамада көрсетілген ақпаратқа сәйкес келуге тиіс;

6) йодталған тұз және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдері белгіленген сақтау мерзімі өткеннен кейін кәдеге жаратуға, өнеркәсіптік қайта өңдеуге не қайта йодтауға жатады.

Йодталған тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін өткізуге тыйым салынады.

8. Йод қосындыларымен байытылған тамақ өнімдерін өндіруді және сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар тұтынушыларға олардың сапасы мен қауіпсіздігіне, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне кепілдік беруге тиіс.


118-бап. Халықтың денсаулығы және қоршаған орта

1. Мемлекеттік жоспарлаудың стратегиялық құжаттарын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген стратегиялық экологиялық сараптама шеңберінде денсаулық үшін қатерлерді бағалау жүргізілуге тиіс.

2. Қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту мақсатында уәкілетті орган қоршаған ортаның жай-күйіне, оның ішінде орынжайлардың ішінде мониторинг жүргізу және халықтың денсаулығына ластағыш заттардың әсер ету қауіптерін өзектілендірілген бағалауды дайындау жүйесін құрады.

3. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіпке сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері (қоршаған орта объектілерінің жай-күйі) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

4. Халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында уәкілетті орган атмосфералық ауаның ластану деңгейіне және қоршаған ортаның басқа да факторларына байланысты халықтың іс-әрекеттері туралы ұсынымдар әзірлейді және жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

Жергілікті атқарушы органдар халықты атмосфералық ауаның жай-күйі туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

5. Жергілікті атқарушы органдар атмосфералық ауаның ластануын азайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштерді міндетті түрде белгілей отырып және жіті экологиялық проблемаларды ескеріп, оларға қол жеткізу жөніндегі шаралар кешенін әзірлей отырып, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекітеді.

6. Халықтың денсаулығы мен қоршаған орта мәселелері мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылы шеңберінде қарастырылады.

7. Тұрғын үй ғимараттарының орынжайларында және олардың тыс жергілікті атқарушы органдар халықтың демалуы үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

Халықтың денсаулығына шудың теріс әсерін төмендету мақсатында, жеке тұлғалардың қалыпты демалуына және тыныштығына кедергі келтіретін шұғыл қажеттілікпен байланыссыз, жоғары шумен сүйемелденетін қызмет тұрғын үй ғимараттарының орынжайларында және олардан тыс күндізгі уақытта жүзеге асырылады және ол тәулігіне 8 сағаттан (жұмыс күндері сағат 9-дан ерте емес және сағат 20-дан кеш емес) аспауға тиіс.

8. Тұрғын үй ғимараттарының орынжайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында көңіл көтеру орындарында жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін, мереке және демалыс күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштық режимі сақталуы тиіс.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган шуылға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді ұйымдастырады.

Жергілікті атқарушы органдар тұрғын кварталдардағы шудың карталарын санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтеу нәтижелеріне сәйкес әзірлеуді қамтамасыз етеді.

9. Халықтың шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін жеке аулаларда орналасқан сумен жабдықтау көздерінен суды пайдалануына аумақтағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау ескеріле отырып және халықтың денсаулығы үшін ықтимал қауіпті анықтай отырып, судың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері бойынша жол беріледі.

Жергілікті атқарушы органдар санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу үшін жеке аулаларда орналасқан су көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.



119-бап. Санитариялық -эпидемиологиялық мониторинг

1. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйін, оларды талдауды, бағалауды және болжауды, сондай-ақ халық денсаулығының жай-күйі мен мекендеу ортасы факторларының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындауды бақылаудың мемлекеттік жүйесі болып табылады.

2. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізудің мақсаты адам денсаулығына мекендеу ортасы (химиялық, физикалық, биологиялық) факторларының әсері туралы шынайы ақпарат алу, улану мен инфекциялық, паразиттік және кәсіптік аурулардың таралуының алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың туындауын болжау мүмкіндігі болып табылады.

3. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.

4. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг зертханалық және аспаптық зерттеулердің (өлшеулердің), инфекциялық, паразиттік, инфекциялық емес және кәсіптік сырқаттанушылық көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдерге, қоршаған орта объектілеріне (топырақ, су, ауа) қатысты жүргізіледі.

5. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жиілікпен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.

6. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг объектіге барумен (қоршаған орта объектілерінен үлгілерді іріктеу, физикалық факторларды өлшеу үшін) және бармай-ақ жүргізілуі мүмкін. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері тексерулер, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу үшін негіз болып табылмайды.

7. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады және ол:

1) зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін қолдана отырып, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілерге жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша халықтың денсаулығы мен адамның мекендеу ортасының жай-күйі туралы деректерді (цифрлық, талдамалық) жинауды, өңдеуді, жүйелеуді;

2) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау өнімдері мен объектілерін зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелері негізінде адамның денсаулығы мен мекендеу ортасы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы өзгеруінің себептері мен жағдайларын талдауды және анықтауды;

3) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүйесіндегі зертханалық бақылауды оңтайландыру үшін мекендеу ортасы факторларын идентификаттауды және денсаулық бұзылуының жетекші көрсеткіштерін іріктеуді;

4) инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулар (улану) анықталған жағдайда олардың пайда болу және таралу себептері мен жағдайларын анықтауды;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды;

6) адамның мекендеу ортасының өзгеруіне байланысты халық денсаулығы жай-күйінің өзгеруін бағалауды және болжауды;

7) халық денсаулығына зиянды факторлар әсерінің алдын алу және жою бойынша кезек күттірмейтін және ұзақ мерзімді іс-шараларды айқындауды;

8) ауданның, қаланың, облыстың және республиканың санитариялық-эпидемиологиялық мониторингінің ақпараттық-талдау жүйелерін, желілерін, бағдарламалық материалдарын және деректер базасын құруды және санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг деректерін сақтауды қамтиды.

8. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг деректері санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының, жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың жұмысында пайдаланылады.

9. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері бойынша:

1) өзгерістердің даму динамикасын, бағыттылығын және қарқындылығын сипаттайтын мәліметтер, баяндамалар, ұсынымдар, ғылыми болжамдар, диаграммалар, кестелер жасалады;

2) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жою мақсатында басқарушылық шешімдер қабылданады.

10. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері жарты жылдықтың, жылдың қорытындылары бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық органдарының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

11. Бақылаудағы объектілер мен қоршаған орта объектілерінің сырқаттанушылық көрсеткіштері артқан, жай-күйінің көрсеткіштері нашарлаған жағдайларда санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері басқарушылық шешімдер қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына шығарылады.


жүктеу 1,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау