2016 жыл ішіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат



жүктеу 58,3 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі58,3 Kb.
#14594


2016 жыл ішіндегі құқық бұзушылықтың

алдын алу жөнінде жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған нақты жұмыс жүргізіледі.

2016 жылы облыста барлық бағыттар бойынша қылмыстың төмендегені тіркелді. Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық саны 10637-ден 9292-ге (12,6%) төмендеді, соның ішінде кәмілет жасқа толмағандар жасаған қылмыстар саны – 14% (93-тен 80-ге дейін) төмендеді.

Облысы аумағында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу мақсатында үстіміздегі жылғы 1 - 11 қараша аралығында «Подросток» республикалық шұғыл-алдын алу іс-шаралар өткізілді.

429 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның 33 кәмілет жасқа толмағандар жасаған, соның ішінде 5 ұзақ бұзақылық, 1 тыныштықты бұзу, 4 қоғамдық орындарда тиісу және 17 қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, 396 ересек адамдардың кәмілет жасқа толмағандарға қатысты жасаған құқық бұзушылықтар.

Әкімшілік жауапкершілікке кәмілет жасқа толмағандарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартқаны үшін 2 ересек адам тартылды, 1 – кәмілет жасқа толмағанды мастық жағдайға жеткізгені үшін, 3 - тәуліктің түнгі уақытында оларда кәмілет жасқа толмағандардың болуына жол берген ойын сауық орындарының әкімшісі, 24 алкогольдік және темекі өнімдерін сату нормасын бұзғаны үшін сауда орындарының сатушысы тартылды.

Алдын алу есебіне 52 нашар отбасы түсті.

44 кәмілет жасқа толмаған анықталды және тізімдік есепке қойылды, соның ішінде 16 оқудан жалтару, 11 алкогольдік ішімдіктер пайдаланатын және 17 қадағалаусыз және қараусыз қалған.

231 орта мектепте және 27 колледжде бопсалаушылық фактісінің анықталуына 680 анонимді сауалнама өткізілді. сауалнамаға 7235 орта мектеп оқушылары мен 9338 колледж студенті қатысты.

Сауалнама нәтижесі бойынша кәмілет жасқа толмағандармен және кәмілет жасқа толмағандарға қатысты жасалған бопсалаушылық фактісі туралы, сондай-ақ кәмілет дасқа толмағандар арасында есірткіні пайдалану және тарату фактілері туралы ақпарат анықталған жоқ.

Кәмілет жасқа толмағандар арасында құқықтық сауаттылық мақсатында білім ұйымдарында құқықтық тақырыпта 844 қоғамдық іс-шара өткізілді, соның ішінде 785 дәріс, әңгімелесу және 19 брифинг, 40 КПБ қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара.

02.11.2016 ж. Петропавл теміржол көлігі колледжінде СҚО ІІД бастығы, генерал-майор Б.С.Біләловтің БАҚ-та кеңінен құлақтандыра отырып, студенттермен кездесуі өтті.

03.11.2016 ж. «№ 2 орта мектеп» КММ Петропавл қаласы мектептері мен колледждерінің, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің қатысуымен БАҚ-та кең құлақтандырумен құқықтық викторина түріндегі концерттік бағдарламамен флэш-моб өткізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 77 материал жарияланды, соның ішінде 1 республикалық телеарнада, 16 жергілікті телеарналарда, 28 баспа басылымдарында және 32 мнтернет-ресурсында.

Осы іс-шара аясында КЖТІИ инспекторларымен және учаскелік инспекторлармен бірлесіп, облыс мектептерінің 1-11 сыныптар оқушылары арасында мына құқықтық тақырыптарда әңгіме, дәріс және дөңгелек үстел өткізілді: «Административная и уголовная ответственность учащихся»; «Правила для учащихся - закон школьной жизни»; «Знаешь ли свои права и обязанности?»; «Административная и уголовная ответственность несовершеннолетних»; «Школьнику о праве», викторина «Знатоки права», тренинги «Закон и ты», дебаты «Защита своего Я».

Осы іс-шаралардың мақсаты салауатты өмір салтын және оқушылардың заңға бағыныштылық мінез-құлқын насихаттау болып табылады. 8-11 сынып оқушыларына қылмыс жасағаны үшін колонияға түскен жасөспірімдер туралы «Прости, молодость…» бейнесюжет көрсетілді.

Білім мекемелерінің медициналық қызметкерлері «Особенности влияния алкоголя, наркотических и токсических веществ на организм подростка» дәріс оқыды, «Наркоман – больной или преступник» сөзталас өткізді.

«Подросток» шұғыл-алдын алу іс-шараларының алдын ала қорытындылары 2016 жылғы 9 қараша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында қарастырылды.

СҚО ІІД білім басқармасымен бірлесіп, 2014-2016 жылдарға арналған облыстың оқу орындарында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде бірлескен жұмыс жоспары әзірленді. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру кезінде балалардың құқықтары мен міндеттері туралы білімін бекітуге, түрлі жастағы балалар арасында өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Облыстың мектеп оқушылары үшін 74 қосымша білім ұйымында бос уақытын өткізу ұйымдастырылды. Мектеп жанындағы спорт секцияларында 29560 оқушы немесе 41,9 % айналысады.

Кәмілеттік жасқа толмағандар арасында қылмысты төмендету және құқық бұзушылықты ескерту мақсатында оқу жылы ішінде СҚО ІІД бірлесіп, бірқатар алдын алу іс-шаралары жүргізілді: «Забота», «Подросток».

Бейнебақылау жүйесімен техникалық және кәсіби білім ұйымдары, облыстық білім мекемелері, сондай-ақ Петропавл қаласының мектептері толық көлемде қамтамасыз етілді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қазандағы № 282 қаулысымен, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 25 қазандағы № 29/4 сессиясының шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды, оның дербес құрамы бекітілді.

Ұқсас комиссиялар 13 ауданда және Петропавл қаласында құрылды және бекітілді. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 28 маусымдағы № 35/8 шешімімен комиссиялардың дербес құрамы бекітілді.

2016 жылы облыстық комиссия 4 отырысы өткізілді, онда мына мәселелер қарастырылды:

«Бұқаралық ақпарат құралдарында жол қозғалысы қауіпсіздігі аспектілері және жол-көлік травматизмін ескерту жөніндегі ақпараттық жұмысты жүргізу туралы».

«Бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазасын өтеген адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқарушы жүйе мекемелері жанынан өндірісті дамыту туралы»

«Халық арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының бірі ретінде этникааралық және конфессияаралық қатынас саласында мемлекеттік саясатты түсіндіру және насихаттау жөніндегі жұмыс туралы»

«Білім беру мекемелері оқушыларының арасында құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы арттыруға бағытталған оқу-тәрбие процесі аясында жүргізілген жұмыс туралы»

«Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық тәртіпті және тұрақтылықты қамтамасыз етудегі өзара әрекеті туралы»

және басқалар.

Облыс аудандарының 6 әкімінің құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде өткізілген жұмыс туралы есебі тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар басшыларына ұсыныстар берілді, олардың орындалуы тұрақты бақылауда және мониторингте тұр.

Кітапханалармен, музейлермен, театрлармен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар өткізген кезде тақырыпқа сәйкес мақсатты аудиторияны қамтуды айқындайтын тұрақты мониторинг жүргізіледі. Тарихи-өлкетану музейіне, сурет өнері музейіне және Абылай хан Резиденциясына облыс орталығы оқушыларын апару кестесі құрылды, онда келушілердің жалпы санының ¼ бөлігі қолайсыз және аз қамтамасыз етілген отбасылар балалары облыс музейлеріне тегін негізде барады.

2016 жылы қала мектептерінің кіші және орта буыны оқушылары үшін экскурсия, интерактивті сабақтар, алмастырмалы музей сабақтары өткізілді, оның қорытындысы бойынша ұсынылған тақырыптық материалды бекіту мақсатында мектеп оқушыларымен қосымша пркатикалық сабақтар өткізілді.

Балалар мен оқушылардың біразы (465 балаға қызмет көрсетілді) облыстық музей бірлестігінде «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына, «Бостандыққа ұзақ жол» Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына, «1986 жылғы Чернобльдегі қасірет» Чернобыль АЭС апаттың 30 жылдығына арналған көрмелерге барды.

Балаларды мәдени ойындық балалар бағдарламаларына тарту мақсатында облыстық қуыршақ театры қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, ерекше мұқтажы бар балаларды оңалту және мүгедектер құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен және «Уылбка» қайырымдылық қорымен тығыз ынтымақтастық етеді.



2016 жылы облыс бойынша барлығы кәмілет жасқа толмағандардың, сондай-ақ сәтсіз отбасылар балаларының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде 620 іс-шара өткізілді, оған 15 000 адам қатысты.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда және тұрақты бақылау мен мониторингте тұр.
жүктеу 58,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау