Бақылау сұрақтар:
Дәнекер үлпасына жалпы сипаттама және классификациясы. Борпылдақ дәнекер ұлпасының кұрылысы және қызметі. Клеткалары мен талшыктарынын пішіні, морфологиясы және кызметі. Қан мен борпылдак дәнекер ұлпасының тұтастығы.
Тығыз дәнекер ұлпасы, кұрылысы мен кызметі. Талшыктарының орналасу жүйесі және клеткаларының кызметі. Ретикулярлы ұлпа. Майлы ұлпа құрылысы, маңызы. Пигментгі ұлпа.
Шеміршек ұлпасы. Жалпы морфофункционалдық сипаттама. Классификациясы. Шеміршек ұлпасының клекткаларының құрылысы (хондроцит). Шеміршек ұлпасының клеткааралык заты. Хондробласт. Гиалинді, талшыкты және эластикалык шеміршекгің құрылысы. Шеміршектің дамуы және регенерациясы.
Суйек ұлпасы. Сүйек ұлпасының құрылысы, химиялық құрамы, клеткааралык заты, сүйек клеткалары. Остеон ірі талшықты және пластикалық сүйек. Сүйектің гистогенезі, регенерациясы
Ұсынылған әдебиеттер:
Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.
З.Қ. Тоқаев. Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған Гистология зертханалық сабақтарының оқулық-әдістемелік құралы. Семей, 2002.
А.А. Заварзин. Основы сравнительной гистологии. Л., ЛГУ, 1985.
О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.
Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.
№ 11-12 Дәрістер. Бұлшық ет ұлпасы.
Дәрістің мақсаты: Бұлшық ет ұлпасына жалпы түсінік беру.
Негізгі сұрақтар:
Бұлшық ет ұлпасына жалпы сипаттамасы және классификациясы.
Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы. Біріңгай салалы бұлшық еттердің дамуы және регенерациясы.
Көдденең салалы бұлшык ет ұлпасы. Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасының құрылысы, талшығы, симпласт, базальді клетка, базальді мембрана, сарколемма. Еттің жиырылу және созылу механизмі. Ақ және қызыл ет талшықтары. Жүректің бұлшық ет ұлпасының құрылысы мен қызметінің жалпы сипаттамасы. Бүлшык ет ұлпасының регенерациясы. Гистогенезі.
ЕТ ТКАН I
Ет ткані организмдегі қозғалыс процестерді, (мысалы, қан тамырындағы, тағамның шектегі қозғалысын) организмнің немесе жеке мүшелердің кеңістіктегі орын алмастыруын жүзеге асырып отырады және механикалык жұмыстарды атқарады. Ет тканінің бұл қасиеттері оның жиырылғыштығының нәтижесі. Бұл жиырылғыштық тканьдегі жіңішке жіп тәрізді үзілістер миофибрилдерге байланысты. Миофибрилдер жуандап және жіңішкеріп, қысқарып және ұзарып тұруға қабілетті.
Ет тканін құрылысына, атқаратын қызметіне шығу тегіне қарай бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық ет деп екіге бөледі. Бірыңғай салалы бұлшық етте миофибрилдер біртекті, ал көлденең жолақты бұлшық етте олар өзінің физикалық және химиялық қасиеттері, дискілерінің орналасуы жөнінен әртүрлі болады. Дискілердің бір-біріне жақын орналасып, дұрыс реттелуі себепті бұлшық ет көлденең жолақты болып көрінеді.
Бірыңғай салалы бұлшық ет омыртқалыларда терінің және ішкі органдардың құрамына кіреді. Олар ішкі органдардан шекті (өңештің орта белімінен бастап), несеп шығару тутіктерін бездер мен тамыр жүйелерін (жүректен басқа) құрайды.
Көлденең жолақты бұлшық еттен қаңқаның мускулатурасы, тілдің, көздің, жұтқыншақтың, өңештің жогарғы бөлімінің, көмекейдің еттері құралады. Көлденец жолак-ты бұлшық ет бірыңғай салалы бүлшық етке қарағанда жылдамырақ, қуатты жиырылып, тез шаршайды. Жүрек бүлшық етінің құрылысымен қызметі ерекшелеу болады Жүрек боржасьш құрайтын миофибрилдер көлденең жо-лакты болатындыктап гана оларды көлденен жолакты бұлшық ет тобына жатқызады. Бірақ атқаратын қызмет ерекшеліктері құрылысы және шығу тегі жүрек етін ерекше топқа шығаруға негіз береді. Сөйтіп, бірыңғай салалы және келденең жолақты бұлшық еттермен қатар ерекшеленіп тұратын жүрек бұлшық етін ажыратамыз.
2.Бірынғай салалы бұлшық ет. Бірыңғай салалы бұлшық еттің құрамдық елементі — ұзын ұршық формалы бірыңғай салалы ет клеткасы болады. Тек кейбір органдарда мысалы, қуықтың қабырғасында бұл клеткалар тармақталып және тармақтары бір-бірімен қосылып синцитий түзеді.
27-сурет. Қөлденең жолақты еттің талшығы.
/ — лротоплазма, 2 — ядро.
Бірыңғай салалы еттің клеткалары онша үлкен емес, олардың ұзындығы 60 ми-кроннан 100 микронға дейін, диаметрі 2 микроннан 20 микронға дейін жетеді. Жүктілік кездегі жатын қабырғасында клетканың ұзындығы 500 микронға жетеді. Бірың-ғай салалы бүлшық еттің клеткасында ұршық тәрізді бір ядро болады. Клеткалар жиырылған кезде ядросы да иіліп, қысқарады. Тармақталған клеткалардын ядросы дөңгелек, овалды болып келеді. Протоплазмадағы ядро-ның айналасына клетка орталығы, хондриосом және ішкі торлы аппарат орналасады. (27-сурет). Бірыңғай салалы бұлшық еттің протоплазмасын клетканың ұзына бойы бағытында орналасатын миофибрилдер толтырып тұрады.
Бірыңғай салалы бұл-шық еттің жеке клеткалары өте сирек (кейбір қан тамырларының кабыргасында, теріде) кездеседі. Көптеген жагдайда ол клеткалар қалыңдығы әртүрлі шоғырлар түзеді. Шоғырдағы клеткалар біріншісінің кеңейген бөлімі екіншісінің жіңішкергең бөліміне тура келетіндей тәртіппен орналасады. Бірыңғай салалы бұлшық ет клеткасында ерекше қабық болмайды. Шоғырлар мен олардың аралығынан нәзік коллаген және эластикалық талшықтары бар дәнекер тканьді қабаттар өтеді. Эластикалық талшықтардың со-зылмалы — жиырмалы касиеттеріне байланысты созылған бұлшық ет қайтып қалпына келіп тұрады. Нервтер мен қан тамырлары ет тканіне дәнекер ткані арқылы ғана таралады.
Достарыңызбен бөлісу: |