Бақылау сұрақтар:
Эпителиалды ұлпаның классификациясы.
Эпителий ұлпасының гистогенезі.
Эпителий ұлпаның қызметі.
Эпителий ұлпасының ерекшеліктері.
Безді эпителий, тері эпителий..
Ұсынылған әдебиеттер:
Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.
З.Қ. Тоқаев. Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған Гистология зертханалық сабақтарының оқулық-әдістемелік құралы. Семей, 2002.
А.А. Заварзин. Основы сравнительной гистологии. Л., ЛГУ, 1985.
О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.
Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.
№7-8 Дәріс. Ішкі ортаның ұлпалары.
Дәрістің мақсаты: Ішкі ортаның ұлпаларына жалпы сипаттама беру.
Негізгі сұрақтар:
Ішкі ортаның ұлпаларының жалпы сипатгамасы жэне классификациясы
Қан жэне лимфа. Қанныи функциясы. Іілазма. Канның формалык злементгері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер клеткасы. Лейкоцитгік формула. Қаннын жасалуы.
Рибосомалар — кұрылысы және аткаратын кызметі. Полирибосомалар.
Рибосомалардың белок биосинтез процесіне қатысу
ДӘНЕКЕР ТКАНЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Дәнекер тканьдері әр түрлі көптегеп тканьдерді ұйымдастырады. Сырттай алып карағанда, қатты сүйек пен сұйық қанның арасында жалпы ұксастық жок. Бұл тканьдердің пайда болу тарихын, қызметін және морфологиялық ерекшелігін ескеретін болсак олар бір тұтас топка ұйымдасатыны айқын. Олар мезенхимадан пайда болып, дамиды. Мезенхима мезодермалык сегменттердің тыгыз бастамасынан бөлінеді. Мезенхима омыртқалылардың барлығында тармақтанып алгашында синцитий түзетін клеткалар кұрайды. Соған байланысты дәнекер тканьдер ешуақытта жалпы қабат түзбейді. Екіншіден, бұл топтын тканьдерінде клетка аралык заттар кеп мөлшерде болып, клеткалары бос орналасады.
Мезенхима тығыз ұрыктык бастамадан ауысып, ұрықтык жапыракшалардың арасын толтырады да, олардын ішкі зат алмасу қызметін атқаратын ортасы болады. Ұрыктағы мезенхиманның біркелкі болуы ұзаққа созылыайды. Тез арада-ак тканьдер мен органдарды өзара байланыстыратын материалдар түзетін участоктор бөліне бастайды. Сонымен мезенхиманың трофикалық қызметіне тіректік (механикалық) қызмет косылады. Осы екі қызметіне карай дәнекер тканьдердің түрлері ажыратылыпып отырылады.
Сүйек және шеміршек тіректік қызмет атқарса, қан трофикалық қызмет атқарады. Мезенхиманың басқа тканьдерінде жоғарыда айтылған екі қызметтің бірі басым, екіншісі осал болады. Дәнекер тканьдердің қызмет ерекшелектері олардың гистологиялық құрылысымен тығыз байланысты. Олардын, кызмет ерекшеліктері клеткалардың формасына, механикалық тканьдердің аралық заттарының құрылысына, клеткалық және механикалық элементтердің арақатынасына әсерін тигізеді
2. ҚАН
Қанның маңызы. Қан трофикалық маңызы бар тканьдер ретінде сұйық аралық зат плазмадан, қан клеткалары - эритроциттерден, лейкоциттерден және қан пластинкаларынан тұрады. Қанның физиологиялық маңызы сол, ол үнемі ағыста болып денедегі барлық тканьдерге зат алмасу үшін қоректік заттарды жеткізу және зат алмасудың нәтижесінде пайда болатын зиянды продуктілерді шығару қызметін атқарады. Сондықтан қанды ішкі зат алмасуды реттеп, тіршілік-процесті қамтамасыз ететін орта деп есептеуге болады. Қанның трофикалык қызметіне қоса қорғаныштық маңызы да бар. Лейкоциттердің кейбір формалары бөгде заттарды, зиянды бактерияларды, өлі клеткаларды жұтып кұрту қасиеттері арқылы организмнің ішкі ортасын тазартып отырады. Қан антитоксині заттар түзу арқылы инфекциямен күреседі.
Қан трофикалық және қорғаныштык маңызы бар ткань болғандықтан көптеген сұйық аралық заттан және көптеген клеткалык элементтерден тұрады. Ёресек адамның денесінде қанның жалпы көлемі 4—7 литрге, тен, ол дененің жалпы салмағының 7,0—7,5 процентін құрайды. Қанның ашық қызыл түсті болуы эритроциттің гемоглобинінің әсерінен. Егер қанды центрифугадан өткізсек, қанның клеткалары сары түсті сұйық плазмадан бөлініп кетеді.
Плазма. Плазманы химиялық анализден өткізгенде оның 90 проценті су, 7 проценті белок, 30 проценті органикалық және неорганикалық қосылыстар екені анықталды. Ерітінді күйдегі белоктар — амин қышқылдары, майлы заттар, глюкоза, минералды тұздар, ішкі секрециялық бездердің продуктілері — гормондар, ферменттер және солардың ыдырау продуктілері плазмада болады. Қанның ұю процесінде фибриноген деп аталатын белоктің айрықша маңызы бар. Қан тамырлары бұзылған да қан сол бойда-ақ ұйын бастайды. Қан жіңішке жіпше тәрізді фибриногеннің ерімейтін фибринге айналуы себепті ұйиды. Фибриногеннің фибринге айналуы кальций иондарының қатысуымен фермент тәрізді әсер ететін ерекше белокты заттромбиннің әсерінен болады. Бірақ қан ағысында тромбиннің бос болуы мүмкін емес, өйтсе-тамырлардағы қан ұйып қалар еді. Қан пластинкалары — тромбоциттер бұзылған кезде пайда болатын фермент тромбокиназа арқылы тромбоген тромбинге айналып отырады.
Сонымен қанның ұйюына құрамында фибриногеннің, кальций иондарының және тромбогеннің болуы қажет. Фибриногеннің фибринге айналуы тек тромбоген тромбинге ауысқан жағдайда жүзеге асырылады. Түзілген фибрин бұзылған қан тамырларын бекітіп, қанның ағысын тоқтатады.
КЛЕТКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
Эритроцит. Эритроцит организмде тотығу процесіне қажетті оттегін таратып, көмір қышқылын организмнен шығару қызметін атқарады. Оттегі эритроциттер арқылы барлық тканьдерге тарайды. Оттегінің таралуы эритроциттің негізін құрайтын тыныс алу пигменті гемоглобин аркылы орындалады Сүт коректілердің эритроциті ядросыз, маманданған клетка. Эритроцит жетілген кезде оның ядросы жойылып кетеді. Сондықтан кейбір ғалымдар эритроцитті клетка деп санамай, оны қанның қызыл түйіршіктері деп атайды. Эритроциттің формасы өзгермелі келеді (11-сурет).Қан тамырларында эритроциттердің бір жақты иілген немесе жазық түрлері кездеседі. Серпімді нәтижесінде эри троциттер созылып ұзаруы мүмкін. Эритроциттер түтігі шағын капиллярлардан өткенде формасын өзгертеді. Адам эритроцитінің жалпы көлемі 125 шаршы микрон, диаметрі 7,5 микрон. Ерлердің 1 мм3 қанында эритроцит саны 5 миллионға, әйелдерде 4,5 миллионға жетеді. Эритроциттер организмді күнделік қажетті (800 грамға жақын) оттегімен қамтамасыз етеді. Эритроциттердің саны түрлі себептерге байланысты мысалы, ауа райына, организмнің физикалық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Оттегінің мөлшері азаятын жерде мысалы, тауға көтерілгенде эритроцит саны көбейе бастайды.Нәрестенің 1 мм3 қанында эритроциттің саны 6—7 миллионға жуықтайды.
Кейіннен эритроциттердің саны азайып, 30 жас шамасында нормаға келеді. Қәрия ер адамдарда гемоглобиннің азаюы себебінен эритроциттің саны неғүрлым көбейе бастайды.
Химиялық анализ арқылы эритроциттердің 60 проценті су, тығыз затының 95 проценті гемоглобин екендігі анықталды. Сонымен клетканың өз денесіне тығыз заттың 5 проценті ғана тиеді.
Эритроциттің гемоглобині протоплазманы толтырады, ол строма деп аталынады. Эритроциттер үнемі ерекшеленіп отырады. Мұндай жағдайда эритроциттер гемоглобинге байып, строма кішірейіп кетіп отырады. Сүткоректілердін, эритроцетерінде протоплазманың аз болуы оны ортаның өзгерістеріне өте сезімтал етеді. Олар осмос кысымының өзгеруіне күшті сезімтал келеді. Эритроциттер изотонды ерітінділерде өзгермейді. Изотонды ерітінді деп 0,9 процент NаСІ бар ерітіндіні айтады. Эритроциттің ішкі ортасы 0,9 процент КаСІ ерітіндісіне ие болғандықтан ол изотонды ерітіндіде өзгермиді. Егерде 0,9 концентрациясын 1 процентке жеткізсек (гипертонды ерітінді) эритроциттер жиырылып, қабысып калады. Ал NаСІ концентрациясын 0,9 проценттен кемітсек (гипотонды ерітінді) эритроциттер ісінеді. Эритроцит мұндай ерітіндіде ұзақ уакыт болса, ол бұзыла бастайды. Бұзылудың нәтижесінде гемоглобин клеткадан шығып, қанның плазмасында ериді, басқа сөзбен айтканда, гемолизге ұшырайды. Мұндай жағдайда эритроцит қызыл түсін жойып, ақ түсті болады.
Қанның гемолизденуіне гипотониялық ерітінділерден басқа да көптеген заттар, мысалы, хлороформ, спирт, тоңазыту мен еріту әсерін тигізеді. Эритроциттердің. гемолизмдік қасиеттері өте өзгермейді. Ол организмнің өзінде-ақ әр түрлі физиологиялық жағдайларға және патологиялық себептерге байланысты күшті өзгеріп отырады.
Гемоглобин — өте күрделі, құрамына темір кіретін белокты түзіліс. Ол оттегімен жеңіл қосылып, өте тұрақсыз қосылыс оксигемоглобин түзеді. Оксигемоглобин эритроциттерде қан өкпеден өткен кезде түзіледі. Эритроциттер қанның ағысымен бүкіл денеге тарап, әртүрлі кысымның әсерінен тканьдегі оттегін оксигемоглобинмен босатып, гемоглобинді тканьдегі көмір қышқыл газымен байланыстырады. Оттегі клеткаларға диффузиялы өтіп тотығу процесіне жұмсалады. Көмір қышқыл газы бар гемоглобинді эритроциттер қанның ағысымен өкпеге қайтып оралады.
Эритроциттің тіршілігі өте қысқа. Орта есеппен алғанда адам эритроциті 130 күн тіршілік етеді.
Лейкоциттер. Лейкоциттер амеба тәрізді қозғалысқа қабілетті ядросы бар клетка. Адамның 1 мм3 қанында лейкоциттердін, жалпы саны 6—8 мың. Сондықтан бір лейкоцитке 600—700 эритроцит тура келеді. Бірақ лейкоциттер әртүрлі факторлардың мысалы, тағамның, жұмыс істеудің әсерінен көбейіп тұрады. Осыған байланысты 1 мм3 қанда лейкоциттердің саны 3 мыңнан 10 мынға дейін болып отырса, норма деп есептеледі. Лейкоциттер санының көбеюін лейкоцитоз деп атайды. Лейкоциттердің организмдегі зиянсыз факторлардың әсерінен көбеюін физиологиялық лейкоцитоз, ал түрлі аурулардын әсерінен көбеюін патологиялык лейкоцитоз дейді. Патологиялык лейкоцитоз қайсы бір ауруда өте тұрақты болып келеді. Соңдықтан бұл белгінің ауруды анықтау үшін орасан зор маңызы бар. Қанда лейкоциттер санының көбейіп немесе азайып отыруы оның өзін қоршаған тканьге және қайталап қанға ауысып отыруына байланысты болады.
Лейкоциттер екі ірі топқа бөлінеді. Олар: гранулоциттер немесе түйіршікті лейкоциттер, агранулоциттер немесе түйіршіксіз лейкоциттер.
Гранулоциттер протоплазмасындағы түйіршіктерінін боялатын затына карай. нейтрофильдерге (арнаулы лейкоциттер), эозинфилдерге және базофильдерге бөлінеді. . Оларға мынадай белгілер тән: ядроның формасы бұрыс және жарнақты болып келеді, амеба тәрізді қозғалысы болады, жоғары маманданып, белгілі қызмет атқаруға бейімделеді және бөлінбейді.
Нейтрофильдер. Ересек адамның қанында нейтрофилдер барлық лейкоциттің 60—70 процентіндейін құрайды. Нәрестенің қанында барлық лейкоциттің жартысы нейтрофил болады: Нейтрофил шағын дөңгелек клетка, диаметрі 9 мм. Протоплазмасының түйіршігі ұсақ, нашар көрінеді. Негізгі және кышқыл бояулар қосындысымен әлсіз боялып, нейтралдык реакция береді. Сондықтан оны нейтрофил деп атайды. Протоплазмасының жиектерінде түйіршіктер болмайды.
Даму процесінде нейтрофилдер ядросының формасы өзгеріп отырады. Жас клсткаларда ядро созылыңқы шұжық формалы болса, кейінірек маманданған сайын 3, 4, 5, кейде онан да көп жарнақтарға бөлінеді.
Клетка есейген сайын оның ядросы барынша көп сегменттеледі. Нейтрофилдер кан түзетін органдардан қан шеңберіне түскенде де ерекшеленуін тоқтатпайды. Сондыктан қан шеңберінде ядросыз әртүрлі жарнақтардан тұратын клеткалар кездеседі. Жарнақтар бір-бірімеп кейде керінбейтін өте жұқа қосқыштар арқылы байланысады. Соның нәтижесінде нейтрофилдерді бір кезде көп ядролы клетка деп келген. Нейтрофилдердің протоплазмасында майлы және углевод сияқты әртүрлі қосындылардың болуы, олардың ас қорыту процесіне қатысатынын көрсетеді. Сондай-ақ тармақтанғаннан кейін оның санының көбеюі де осыны дәлелдейді. Протоплазманың арнаулы түйіршіктерінде протеолиттік ферменттер болуы мүмкін. Бұл түйіршіктерде иммунитетке байланысты басқа да заттар бар.
Нейтрофилдер протоплазмасының шеткі түйіршіксіз бөлімдері мен түзілетін псевдоподиялары арқылы активті қозғалады. Нейтрофилдер тканьдердің бұзылып, бактериялардың жиналған жеріне активті қозғалады. Ондай козғалысты хемотаксис деп атайды. Нейтрофилдер микробтарға жакындап, оларды псевдоподиясымен қоршап, протоплазмасына тартып алады.
Қанның бұл клеткаларының талаурау ортасындағы микробтарды жойып, организмді қорғауда зор маңызы бар. Организмге енген бөгде заттарды жұтып, оны жоятын клеткалардын, қасиеттеріне алғаш рет көңіл бөліп, назар аударған орыс ғалымы И. И. Мечников болды. Ол мұндай клеткаларды фагоциттер, (рһаgоs—шешу суtоs— клетка) деп атады.
Омыртқалылардың нейтрофилдері түрлі болады. Нейтрофилдің турлі болуы түйіршігінің сипатына байланысты. Мысалы, адамның нейтрофилдерінде түйіршіктер майда, рептилидің нейтрофилінде түйіршіктер ірі, ал кейбіреулерінде түйіршіктер тіпті болмайды.
Эозинофильдер нейтрофилдерден ірілеу, яғни диаметрі 10-12 мм болып келеді. Бұл клеткалардың саны қанда азырақ. Мысалы, ол адамда барлық лейкоциттердің 2—4 процентін ғана құрайды. Эозинофилдің протоплазмасының түйіршіктері ірі, кышқыл бояулармен боялады. Эозинмен боялғанда пурпур түсті болады. Ядросы жарнақты және шетіне қарай орналасады. Эозинофилдер амеба тәрізді қозғалады. Бірақ бактерияларды жұтпайды. Эозинофилдердің саны кейбір аурулардын (бронхалды астма, скарлатина, гельминтоздар) кезінде қанда көбейсе де, олардың атқаратын қызметі әлі белгісіз болып отыр.
Базофильдер. Мөлшері жағынан нейтрофильдерге жақын, олардың диаметрі 8—10 микрон. Қанның құрамында ол эозинофильдерден де аз. Адам қанында барлык лейкоциттердің 0,5—1 процентін құрайды. Базофилдердің протоплазмасының түйіршігі ірі келеді. Негізгі бояулармен күнгірт түске боялады. Ядросы орталықка орналасып нашар боялады. Базофилдердің қызметі жете анықталмаған.
Агранулоциттер. Лимфоцит және моноцит болып екіге бөлінеді. Олардың бір топқа біріктілуінің негізінде протоплазмасында арнаулы түйіршіктің болмауы жатыр. Сонымен катар мұның екеуі де түйіршікті лейкоциттерге карағанда нашар маманданған. Әсіресе моноцит өте нашар маманданғандықтан бөліну қабілетін жоймайды.
Лимфоциттердін протоплазмасы айқын базофилді болып, ядросы өте күшті боялады.
Адамда лимфоциттер мөлшерінің диаметрі 7—10 микрон. Мелшеріне қарай оларды кіші, орташа және үлкен лимфоциттер деп бөледі. Кіші және орташа лимфоциттердің ядросы күшті боялатындықтан оның құрылымын көруге болмайды. Протоплазма ядроны жұқа қабатпен қоршайды. Үлкен лимфоциттер ядросы сәл боялады, оған клетка орталығы бір жағынан қысым жасайтындықтан бұршақ тәрізді болып керінеді.
Тітіркенгенде лимфоциттер қан тамырларынан дәнекер тканьге шығады. Ірі, қозгалысы аз келетін фагоцит макрофагтарға айналады. Өлі клеткалар мен бөгде заттарды жеп, талаураған орындарды тазартып отырады. Сөйтіп, лимфоциттер, нейтрофилдермен бірге қандағы қорғаныштық қызмет атқаратын клеткалардың қатарына жатады.
Моноциттер. Қанның ең ірі клеткалары, олардын, диаметрі 12—30 микронға дейін. Адамның қанында моноцит барлық лейкоциттердің 6—8 процентін құрайды.
Ядросы әлсіз боялатындықтан торлы аппарат пен ядрышколары жақсы көрінеді. Моноциттер — маманданбаған, қозғалысты клетка.
Талаурау процесінде моноциттер қан тамырлары қабырғасынан шығып, дәнекер тканьдерге көшеді. Мұнда олар майда бөгде заттарды және өлі қалдықты жейтін
активті макрофагтарға ауысады. Моноциттер туберкулездің өлі бацилласын жойғыш келеді. Қанның клеткалық элементтерін салыстырмалы түрде зерттеу моноциттер
мен лимфоциттердін түйіршікті лейкоциттерге карағанда олардың бір текті келетінін және сондай-ақ барлық омыртқалыларда да маманданбаған клеткалар екендігін
керсетті
Лейкоциттердің түрлі формасының аракатынасы омырткалыларда бірдей емес. Мысалы, адамда, итте, жылқыда және мысықта лейкоциттердің түйіршікті клеткалары басқасынан көп болады. Ал, лимфоцидті жануарлар — сиыр, қой және шошқада лимфоциттер басым болады.
Кұрылысына қарай арнаулы лейкоцнттер бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, адамиың арнаулы лейкоциттерінің протоплазмасындагы түйіршіктері майда болса, рептилилерде ірі келеді. Ал, балыкта мүлде болмайды.
Эозинофильдер протоплазмасының түйіршіктері тұрақты, ірі оксифильді болады.
Тромбоциттер — қан пластинкалары. Бұлар бұрыс формалы майда денешіктер. 1 мм3 қанда 150 мыңнан 300 мыңға дейін тромбоциттер болады. Тромбоциттердің клетка емес екендігі анык, бірақ пайда болу жолы белгісіз. Тромбоциттердің формасының тұрақсыздығы және санының құбылып тұруы орта жағдайының өзгерістеріне өте сезімталды екендігін көрсетеді. Тромбоциттердің қызметі әлі де толык анықталмаған. Дегенмен тромбокиназа ферментін түзіп, қанның ұюын жылдамдататыны әбден белгілі.
Қанның трофоплазмалық және корғаныштық маңызы жоғарыда айтылып өтті. Сонымен қатар қан зат алмасудың қалдық продуктілерін және көмір қышқылды бөліп шығарушы органдарға жеткізеді. Қан химиялық зат алмасуды бейнелейді. Организмдегі патологиялық процестер және зат алмасудың өзгеруі қанның морфологиялық және химиялық құрамына тез арада-ақ азды-көпті өз әсерін тигізеді. Лейкоциттердің, эритроциттердің және тромбоциттердің саны өзгеріп, лейкоциттердің жеке формаларының арасындағы дұрыс теңдікті бұзып отырады. Ауруға шалдығудың себебі қан немесе қан түзетін аппараттардың бұзылуында ғана емес, организмнің жалпы жағдайының өзгеруінде. Қанды анализдеу аурудың әсерін және организмнін жағдайын анықтауға себін тигізеді. Мұнда лейкоцитті формуланың маңызы ерекше. Мысалы, гельминтоз, бронхиалды астма аурулары кезінде эозинофильдердің саны көбейеді. Ал, осы эозинофильдердін кейбір аурулардың (скарлатина) қауіпті кезінде жойылып кетіп, соңынан кайта пайда болуы науқастың тәуір бола бастағанын көрсетеді. Қызылша, кызыл бөрітпе, сүзек және көптеген басқа аурулар кезінде моноциттердің саны көбейеді. Кұрсақтың талаурап ауырғанында нейтрофилдер саны 87 процентке дейін көбейеді. Нейтрофилдер санының көбеюі кейбір инфекцияларды (өкпе туберкулезі) мезгейді.
Қанңың жасалуы. Кан клеткаларының бір бөлігі өліп, жаңа клеткамен жаңартылып отырады. Адамның қан шеңберінде орта есеппен алғанда күніне барлық эритроциттердің 1130 бөлегі өліп, олар төрт айдың ішінде толық жаңартыдады. Лейкоцпттер де өліп отырады, бірақ олардың тіршілігінің ұзақтығын аныктау өте қиын. Өйткені лейкоциттер үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Лейкоциттер қан тамырынан дәнекер тканьге ауысып, әртүрлі жағдайларға байланысты белгілі бір уақыт тіршілік етуі мүмкін. Қолайлы жағдайда ұзак уақыт тіршілік етсе, ал талаурау орнына түскенде тез өледі Деген-мен, денсаулықтың бір қалыпты жагдайында қызмет атқаратын клеткалардын, саны шамалы ғана өзгереді. Өйткені, өлген клеткалардың орны жаңартылып отырады. Өлген эритроцитер мен лейкоциттердің жаңартылуы организмнің тіршілігінде болып отыратын қан жасалу процесіне байланысты. Ересек организмдегі қанның клеткалық элементтерінің күнделікті пайда болуы ұрықтық организмдегі қанның пайда болуынан өзгеше. Эмбрионалдық кезеңде қан ткань есебінде дамиды. Осы орай қанның қасалуы ұрықтық кезендегі қан жасалу және ересек организмдегі қан жасалу болып екіге бөлінеді.
Ұрықтық қан жасалу. Ұрықтық қан жасалу кезінде қан жасалумен қатар қан тамыр жүйесі қалыптасады. Қан жасалу алғашында сары уыз қапшығының қабырғасында басталып, кейіннен ұрық денесінде өтеді. Қан жасалатын участоктерде мезенхиманың клеткалары топтасып, өзіне тән тармақты формасын жойып, дәңгелектенеді. Клеткалардың осылайша жинакталуын қан аралшалары деп атайды. Қан аралшаларының клеткалары арасында біртіндеп оларды қозғайтын ткань сұйығы жиналады. Аралшықтардың жиегіне таман орналаскан клеткалардың бір бөлігі жазықталып, ішінде қуысы бар келешек қан тамырларының қабырғасына ауысады. Қалған екінші бөлігі осы қуыстың ішінде қалып, алғашқы қан клеткалары гемоцитобластқа (naima — кан, суtоs — клетка) ауысады. Гомоцитобласталардың протоплазмасы ерекше базофилді болып, амеба тәрізді қозғалады. Олар митозды бөлініп, көбейеді. Аралшалардын саны тез өсіп қысқа түтіктер тәрізденеді. Соңынан қысқа түтіктер жалпы кан тамырлары жүйесіне қосылады.
Ұрықтық қан жасалу кезінде қанның клеткалық элементтерінің дамуы эритроциттердің түзілуінен басталады. Эритроциттер ұрықтың сары уыз капшығының қабырғасындағы қан тамырында түзіледі. Кейіннен қан жасалу бауырға ауысқан кезде лейкоциттердің дамуы басталып кетеді.
Эритроциттердің түзілуі гемоцитобласталарга гемоглобиннің жиналуынан басталады. Бұл процесс гемоцитобластаның бір бөліғінде ғана өтіп, екінші бөлігі бөліну арқылы көбейіп, ерекшеленбеген түрде қалады. Гемоглобиннің жинақталуының әсеріне гемоцитобластың протоплазмасы базофилді түйіршіктерін жойып, біртіндеп оқсифилдіге ауысады. Мұндай клетқа алғашқы эритроласт деп аталады. Ол бөліну қабілетін жоймай әрі қарай көбейе береді. Біртіндеп протоплазмадағы гемоглобиннің саны көбейіп, ядросы ыдырап, эритробластар алғашқы эритроцитке ауысады. Алғашқы эритроцит өзгермелі, құрамында ядроның қалдықтары бар ірі клетка. Осындай күйінде ол эмбрионның қан клеткасы болып саналады.
Гемоцитобластадан алғашқы эритроциттердің пайда болуы ұрықтың дамуының алғашқы кезеңінде өтеді. Алғашқы эритроциттер көп кешікпей өледі. Сондықтан ұрықтың екінші жартысында олар қанда кездеспейді. Бірақ алғашқы әритроциттердің тірі кезінде-ақ, сары уыз қапшығының қан тамырларында екінші эритроцитке ауысатын екінші эритроцитобласталар түзіле бастайды. Екінші эритроциттердің даму процесі баяулау өтеді. Олар алғашқы эритроциттерден ұсақтау болып, формасы ересек организмнің эритроцитіне ұқсас келеді.
Сары уыз қапшығы жойылған соң қан бауырда жасалады. Бауырда эритроциттер гемоцитобласталардан түзіледі. Құрсақтық өмірдің соңында қан сүйектің қызыл миында жасалады. Мұнда да қанның жасалуы қан тамырларынан тыс жерде етеді. Сүйектің қызыл миы қан клеткаларын түзетін тұрақты орын болады.
Сүтқоректі жануарлармен адамның организмінде қан жасалу ұрықтық кезеңдегіден әлде қайда баяу етеді. Эритроциттер мен гранулоциттер сүйектің қызыл миында, ал лимфоциттер лимфа бездерінің лимфа тканінде дамиды. Бөлінген гемоцитобластардан түзілген клеткалардың протоплазмасы ерекше базофилді, қозғалмайды, мөлшері ұсақ келеді. Мүндай клеткалар эритробластар деп аталады. Олар көбейіп, гемоглобин жинайды. Протоплазмасы біртіндеп базофильдік қасиетін жойып, енді негіздік және қышқылдық бояумен де боялады. Эритробласталар осындай бояулармен болатындығына байланысты полихромотофильді (роlі — көп, сһгоmаt — бояу) деп аталады. Ерекшеленетін полихроматофильді эритроциттердің протоплазмасы гемоглобннді жинап, барған сайын оксифильдікке айналады. Полихроматофильдердің бір бөлігі бөлінуін тоқтатпай, мөлшерін кішірейтеді. Жетілген эритроциттерге жақын, жеткілікті гемоглобині бар клеткаларды нормобластар деп атайды. Басқа түрлері нормобластардың келесі ұрпағы түзілгенше қор есебінде қалып отырады. Нормобластар бір қатар уақыт белінген соң, бұл қасиетін жойып, ядросы еріп, жетілген ядросыз эритроциттерге айналады.
Қан клеткалары барлық кезеңде де бөлініп отырады. Олардың бірқатары ерекшеленіп және маманданып жатса да клеткалардың саны барлық кезеңінде де азаймайтыны ақиқат.
Ересек организмдегі гемоцитбласт ұрықтық гемоцитобластың туындысы болса да, онан айырмашылығы бар. Өйткені ересек организмдегі гемоцитобластар жетілген әр түрлі қан клеткаларын береді. Ересек организмнің сүйегінің қызыл миындағы дамып жатқан қан клеткаларының көпшілігі ерекшеленетін эритробластар кезеңінде болады. Күнделікті қан шеңберінде кеміп отыратын эритроциттердің негізгі резерві нормобластар болып табылады. Қан шеңберінде қан клеткаларының азаюы басым болса, онда олар қосымша ретикулярлы тканьдерде түзілетін гемоцитобластардың сүйектің кызыл миында көбейіп жиналуы арқылы қалпына келеді.
Ересек организмдегі гранулоциттердің дамуы да сүйектің қызыл миында өтеді. Бұлардың түзілетін қайнар көзі гемоцитобласт болады. Гранулоциттер дамитын ге-моцитобласталарды миэлоциттер деп атайды. Миэлоциттер гранулоциттердің жетілгендегі үш формасына сәйкес, үш бағытта ерекшеленіп, арнаулы, оксифильді және базофильді миэлоциттер деп аталады. Миэлоциттер бөлініп, саны артады. Қөбеюмен қатар протоплазмасы ерекшеленіп, ақырында гранулоциттердің үш формасының біреуіне тән түйіршіктер түзеді. Сүйектің қызыл миындағы гранулоциттердің резерві ерекшеленген бірақ миэлоцит формасында және бір катары жас лейкоцитке ауысу тү-рінде болады.
Лимфоциттердің дамуы ересек организмде лимфатикалық бездерде, ал ұрықта лимфа қапшықтарында өтеді. Лимфоциттер эритроциттер мен гранулоциттерден едәуір кейін пайда болады. Лимфоциттердің көлеміне қарай үш түрі үлкен, орта, кіші түрлері болады. Лимфоциттер бөлініп, үлкен және орта лимфоциттерің бастамасын беретін гемоцитобластардан дамиды. Кіші лимфоциттер үлкен және орта лимфоциттердің бөлінуі арқылы түзіледі.
Канның ағысында тек орташа және кіші лимфоциттер болады. Лимфоциттердің үлкені лимфа бездерінде калып, орта лимфоциттермен бірге қанга түсетін лимфоциттін көбею резерві ретіндо сақталады.
Моноциттердің дамуы толық зерттелмеген. Өйткені, осы уақытқа дейін даяр моноциттерді қалыптастыратын клеткалық генерациялар белгісіз. Моноциттер гемоцитобласт пен үлкен лимфоциттерден пайда болуы мүмкін. Мұнан да гөрі оларды қан жасаушы органның қызметін атқаратын дәнекер тканінен шығады деп санаған дұрысырақ сияқты.
Сонымен эритроциттер мен гранулоциттер жазық сүектердің кеуде, қабыргалардың, омыртқалардың және түтікті сүйектердің эпифиздерінің (ұштары) қызыл миында дамитын болса, лимфоциттердің түзілуі тек кана лимфоидты органдарда өтеді. Қанның барлық элементтері мезенхимадан пайда болатын гемоцитобластадан дамиды.
Сонымен, қорыта келгенде мезенхима барлық қан элементтері мен дәнекер тканьдердің барлық клеткаларын түзетін тірінің көзі болып есептеледі. Қанның барлық клеткаларының гемоцитобластадан түзілетіндігін көпшілік мойындаған. Әр түрлі формалық элементтерді беретін қанның алғашқы клеткаларының генетикалық туыстығы жөніндегі мәселе талас болып келеді. Осыған байланысты бірнеше теориялар туды. Оның ең көп тарағандары унитарлық, дуалистік және триалистік теориялар.
Унитарлы теория бойынша гемоцитобласт қанның барлық клеткаларының бастапқы тегі болады. Оның әр түрлі бағыттарда ерекшеленуін өзін қоршаған тканьдердің жағдайы белгілейді. Көптеген экспериментальды көрссткіштердің дәлелі осы теорияның пайдасына шешілуде. Эксперимент бойынша эритроциттер мен лимфоциттерді тузетін миэлоидты және лимфоидты қан жасалу ордаларьның бір-біріне ауыса алатындығы анықталды.
Дуалистік теория бойынша канның туйіршікті және туйіршіксіз клеткалары бір-біріне ауыспайтын (гемоцитобластың туындысы) айрықша клеткалар, лимфобластамен миэлобластадан дамиды.
Триалистік теория гемоцитобластының үш түрлі формасы бар екендігін мойындайды. Осыган сәйкес бір-біріне ауыспайтын алғашқы үш клетканың болатындығын айтады. Олардың біреуінен эритроциттер мен гранулоциттер, екіншілерінен лимфоциттер, ал үшіншілерінен моноциттер дамиды.
ЛИМФА
Лимфа құрамы жөнінен қанга жақын сұйық плазма. Оның сұйығы да басым көпшілігі үлкен және орта лимфоциттер мен моноциттер болады. Лимфа да қан сияқты (тамырлар) түтіктер бойымен ағады. Лимфаның капиллярлы дәнекер ткані тұйық бітетін лимфа жуйесін түзеді. Ткань сұйықтары капиллярлардың қабырғасы арқылы тканьдерден лимфа тамырларына өтіп, одан дененін ірі веналарына кұйылады. Ірі қан тамырларының бойында лимфа бездері топталып орналасады. Лимфа сол бездерден шыгатын лимфоцитгер мен моноциттерғе әрдайым молығып отырады.
Бақылау сұрақтар:
Ішкі ортаның ұлпаларының жалпы сипатгамасы жэне классификациясы
Қан және лимфа.
Қанның функциясы. Плазма.
Канның формалык злементгері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер клеткасы. Лейкоцитгік формула. Қаннын жасалуы.
Ұсынылған әдебиеттер:
Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.
З.Қ. Тоқаев. Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған Гистология зертханалық сабақтарының оқулық-әдістемелік құралы. Семей, 2002.
А.А. Заварзин. Основы сравнительной гистологии. Л., ЛГУ, 1985.
О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.
Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.
№ 9-10 Дәріс. Дәнекер ұлпасы.
Дәрістің мақсаты: Дәнекер улпаларына жалпы сипаттама беру.
Негізгі сұрақтар:
Дәнекер үлпасына жалпы сипаттама және классификациясы. Борпылдақ дәнекер ұлпасының кұрылысы және қызметі. Клеткалары мен талшыктарынын пішіні, морфологиясы және кызметі. Қан мен борпылдак дәнекер ұлпасының тұтастығы.
Тығыз дәнекер ұлпасы, кұрылысы мен кызметі. Талшыктарының орналасу жүйесі және клеткаларының кызметі. Ретикулярлы ұлпа. Майлы ұлпа құрылысы, маңызы. Пигментгі ұлпа.
Шеміршек ұлпасы. Жалпы морфофункционалдық сипаттама. Классификациясы. Шеміршек ұлпасының клекткаларының құрылысы (хондроцит). Шеміршек ұлпасының клеткааралык заты. Хондробласт. Гиалинді, талшыкты және эластикалык шеміршекгің құрылысы. Шеміршектің дамуы және регенерациясы.
Суйек ұлпасы. Сүйек ұлпасының құрылысы, химиялық құрамы, клеткааралык заты, сүйек клеткалары. Остеон ірі талшықты және пластикалық сүйек. Сүйектің гистогенезі, регенерациясы.
ДӘНЕҚЕР ТКАНЬ
Жоғары сатыдағы жануарлардың организмінде дәнекер тканьді түзілістер көп кездеседі. Олар эпителийдің астын төсейді. Сонымен қатар органдардың қабығын түзіп, органдағы тканьдердің аралық қабаттарын толтырып отырады. Организмдегі барлық органдар мен тканьдердің клеткалары дәнекер ткані арқылы қоректенеді. Шек эпителийі ассимилляциялайтын және қан мен организмде тарайтын қоректік заттар осы дәнекер ткані арқылы өтеді. Дәнекер ткані ішкі зат алмасуды жүзеге асыратын орта болып саналады. Сондықтан ол канмен бірге трофикалық және қорғаныштык маңызы бар бір тұтас жүйе құрайды. Органдардың қабығында бұл ткань механикалық қызметті де аткарады.
Дәнекер тканьнің гистологиялық құрылымы оның атқаратын қызметіне байланысты. Трофикалық маңызы бар участоктерде аралық заттың механикалық элементтері аз болып, клеткалық элементтері басым болады. Бұған керісінше тіректік маңызы бар дәнекер тканьдерде клеткалық элементтерге қарағанда механикалық түзіліс-клеткаларалық заттары артық болып келеді. Осыған сәйкес дәнекер тканьдердің бірнеше түрлері болады.
клеткасы көп ретикулярлы ткань
клеткалық элементтері мен механикалық түзілістері бірдей дамыған болбыр
дәнекер ткані (немесе қалыптаспаған).
негізінен механикалық түзілістерден тұратын қалыптасқан немесе тығыз
дәнекер тканьдері.
Дәнекер тканьдердің беріктігін жүзеге асыратын көп түрлі механикалық элементтер тек аралық затта ғана дамиды. Сондықтан бұл тканьдердің құрылысының структурасы аралық заттың қүрылымына және әртүрлі талшықтар мен олардың орналасуы тәртібіне байланысты болады.
Аралық заттар. Омыртқалылардың дәнекер тканьдерінің аралық заттары көптеген әртүрлі талшықтар мен аморфты заттардан түрады. Тканьдердің белгілі мықтылығын және серпімділігін қамтамасыз ететін талшықтардың механикалық бейімділігінің маңызы бар. Сыртқы түріне, физикалық-химиялық қасиетіне және физиологиялық маңызына қарай талшықтар үш түрге: қоллагенді, эластикалык және ретикулярлы болып бөлінеді. Коллаген талшықтар созылғанда ажырап кетпеу үшін үлкен беріктілігі бар дәнекер тканьдердің механикалық негізін құрайды. Ол талшықтар лента тәрізді болып, көбіне жуандығы әртүрлі шоғырларғы жиналады. Тірі препараттарда талшықтар сәулені нашар сындыратындықтан, олар әдетте, көрінбейді. Әрбір талшықтар өзара тығыз желімдескен фибрилдерден тұрады. Дәнекер тканьді барит немесе әк суымен өңдегенде оларды желімдеген заттар еріп, коллаген талшықтарының фибриллярлы құрылысы оңай көрінеді (12-сурет). Тканьдерді қайнатқанда талшықтар алғашында ісініп, кейіннен еріп, желімге айналады. Коллаген талшықтарына бай жануарлардың терісінен және денесінің басқа бөлімдерінен алынатын желім талшықтардың жоғарыда айтылған қасиетіне негізделген.
Эластикалық талшықтар. Коллаген талшықтарына қарағанда беріктіліп шамалы, бірақ оның есесіне өте серпімді келетін талшық. Эластикалық талшықтар жінішке, тармакталған болады және жарықты күшті сындырады. Сондықтан тірі препараттарда жылтыр жіп түрінде өте жақсы көрінеді. Олар фабриллярлы құрылысы жоқ бірқелкі түзілістер болады. Эластикалық талшықтар көп жиналса, оларға тән сары түс пайда болады.
Ретикулрлы талшықтар жай әдістермен өңдегенде көрінбейтін тек дәнекер тканіне күмістің тұздарымен әсер еткенде ғана көрінетін талшықтар. Бұл талшықтар өте жінішке қысқа, көп жинақталғанда тығыз тор түзеді. Олар клеткаларға бай дәнекер тканьдерінде анғурлым күшті дамиды.
Дәнекер тканьнің талшықтары негізгі аморфты заттардан тұрады. Сондықтан біркелкі болып көрінеді. Бірақ, күшті боялған кезде аморфты заттардың жұқа
пластинкалардың тұратындығы, олардың арасында талшыктар болатындығы көрінеді. Дәнекер тканьдегі аморфты заттардың мөлшері әр түрлі, тканьдер клеткалық
элементтерге байыған сайын аморфты заттар соншалықты азайып кетеді. Дәнекер тканьдердің клеткалық құрамы саны және сапасы жөнінен де әр түрлі. Клеткалық элементтердің көп түрлілігі, әсіресе, болбыр дәнекер тканінде кездеседі. ■
Болбыр дәнекер ткань. Болбыр дәнекер ткань тәртіпсіз орналасқан эластикалы және коллаген талшықтардан тұрады. Талшықтар мен аморфты заттың пластинкалары арасында көп түрлі дәпекер тканьді клеткалар — фиброластар, гистиоциттер, камбиалды клеткалар, май клеткалары, пигментті және плазматикалық клеткалар мен әртүрлі лейкоциттер орналасады (13-сурет). Болбыр дәнекер тканьнің құрамы әр түрлі себептерге байланысты тұрақсыз болады. Өйткені, біріншіден, шыгу тегінің бірдей болмауы, яғни бір бөлігі дәнекер тканьдерден, екінші, бөлігі қан тамырларынан дамиды. Екіншіден, олар үздіксіз дамып отырады да, клеткалары ерекшеленудің түрлі сатысында болады. Үшіншіден, клеткалардың саны физиологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы талаурау кезінде клетканың саны әдеттегіден
көп болады.
Фибробласт. (wibra — талшык, blatos — бастамасы) Дәнекер тканьнің көптеген түрінде кездсеетін негізгі клеткалык форма. Ол ұзын тармақтары бар, потоплазмасы мен ядросы айқындалмаған созылыңкы клетка (13-сурет).
Фибробластың ядросын коршағап түйіршікті эндоплазма жақсы айқындалған. Шеткі эктоплазма біртекті және бояулармен өте нашар боялады. Әр түрлі клеткаларда эктоплазмамен эпдоплазманың мөлшері бірдей емес. Өйткені, олар фибробластың жасына организмнің қызметіне және жануардың түріне байланысты өзгеріп отырады. Фибробластардың ядросы әдетте дұрыс формалы, кейде сәл ойыс болып келеді. Хроматині аз не әлсіз боялады. Барлық уақытта да бір немесе екі ядрышко жақсы көрінеді. Ядроның қасындағы протоплазма маңынан клетка орталыгы оңай байқалады. Фибробластардың өмір сүру ұзақтығы қысқа болғанымен олар бөлінуге кабілеттілігін сақтайды. Ерекшеленген сайын эктоплазмасы көбейіп отырады. Маманданган түрінде оларды фиброцит деп атайды. Фиброцит фибробластың даму кезеңін аяқтаған, эктоплазмасы күшті дамыған түрі.
Қалыпты жағдайға фибробластар дәнекер тканьдердің аралық затын түзуге қатысады. Егер организмге бөгде заттар енсе, онда соларды қоршауға қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |