1 БӨлім. Глоссарий автотрофный



жүктеу 4,07 Mb.
бет11/36
Дата14.11.2018
өлшемі4,07 Mb.
#19684
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Майлы клеткалар. Маманданған, дәнекер тканінің нашар ерекшеленген клеткаларының қайсыбір түрі деп қарауға болады. Майлы тағамдарды көп жегенде май камбиалды клеткалардың, гистиоциттердің және ретикулярлы клеткалардың протоплазмасында ұсак тамшы түрінде жиналуы мүмкін. Жинала берген сайын орталык бөлімге орналасып, ядро мен протоплазманы шет жаққа қарай ығыстырады.

Май клеткада тұрақсыз болады. Ол шыққанда азайып, қуатты қоректенгенде молаяды. Май организмнің жылуын сақтауға жұмсалып, энергиялық материал ретінде пайдаланылады. Организмде май жиналғанда клетка жұқа протоплазмамен қоршалған май тамшысы түрінде болады. Бұл сияқты күщті өзгерген клеткалар топталып, мөлшері үлкен май жарнақтарын түзеді. Ұйқыға көшетін жануарларда ерекше майлы денелер болады. Қысқы қорегі сол денелердің есебінен өтеледі. Майлы денелер тканьді бөлімінде майлы клетчатка деп аталынатын қабаттар түзеді. Оның организмнің тысқа жылу шығаруын бәсеңсіту ыңғайында маңызы зор. Сонымен катар майлы клетчатка организмнің үйкеліске ұшырайтын участоктарында мысалы, алақанда, табанда жұмсақ астар түзіп, механикалық қызмет атқарады.

Пигменті клеткалар. Бұл клеткалар жоғаргы сатыдағы омыртқалы жануарлар мен адам терісінің кейбір бөлімдерінде болады. Аналь айналасында, емшекте, көздің тамыры мен мөлдір қабығында көп мелшерде кездеседі. Плазматикалық клеткалар жалпы талаурау тоқталған участоктарда жиналады. Олар талаурау участогында жиналған лимфоциттерден, моноциттерден және гистиоциттерден дамиды.

Плазматикалық клеткалар түзілген кезде протоплазмасы күшті тығыздалып, негізгі бояулармен боялатын базофилдік қасиет көрсетеді. Хроматиңің ірі кесек түйірлері бір келкі орналаспайтындықтан ядросы ала болып көрінеді. Қөбіне шетке ығысыңқы орналасады. Плазматикалық клеткалардың формасы дөңгелек немесе көп бурышты, ал мөлшері әртүрлі болып келеді. Жоғарыда айтылған клеткалардан басқа болбыр дәнекер тканьде қан тамырларынан ауысатын көптеген лейкоциттер кездеседі. Бұл лейкоциттердің ішінде лимфоциттер және нейтрофилдер басым болады. Олар әсіресе талаурау участоктарында өте көп кездеседі.

Болбыр дәнекер тканінің дамуы. Болбыр дәпекер тканьнің дамуы өте ерте басталады. Қан және .дәнекер тканьдердің барлығы, дамитын мезенхиманың клеткалары бос орналасып, омыртқалыларда клеткалары тармақпен жалғасатын мезенхималы синцитий түзеді. Қан жасалу басталылысымен мезенхималы клеткалардың бір қатары топталып, қан жүйесі бастамасынан қан аралықтарына ауысады. Ал синцитий күйінде қалған бөлімінен талшықты құрылымға және әр түрлі клеткалық элементтерге бай дәнекер ткані дамиды.

Болбыр дәнекер ткані дамитын бөлімдерде ядролардың митозды белінуі және

синцитиалды участоктардың көбеюі байқалады. Синцитийдің ядросы бар бөлімдері

бөлініп, қозғалмалы клеткаларға ауысады. Сонымен қатар синцитийдің өзі өсуін

токтатпай болбыр болады. Оның аралық заттарында жіңішке талшықтар пайда болады.

Олар алгашқы ретикулярлы талшықтар тәрізді күміспен қара түске жақсы боялады.

Кейінен біртіндеп жуан шоғырларға жиналып, нағыз коллаген талшыктарына

айналады.



Коллаген шоғырларының арасында ретикулярлы талшықтардан эластикалық талшықтар да пайда болады. Талшықтар пайда болғаннан бастап, мезенхиманың аралық заты дәнекер тканьнің аралық затына айналады.

Дәнекер тканьнің негізгі затын түзуге фибробласгар қатысады. Олардың эктоплазматикалық қабаттары клеткалардан бөлініп, аморфты затты пластинкаларға ауысады. Ол пластинкаларда коллаген және эластикалық талшықтарға ерекшеленетін фибриллярлы құрылымдар пайда болады. Аралық заттардың түзілуі тек фибробластардың қатысуымен ғана болмайды. Олар клеткасыз заттардан да ерекшеленіп отырады.




Ретикуллярлы ткань. Ретикуллярлы ткань жағдайга байланысты әртүрлі клетка элементтерін беретін болбыр дәнекер тканьнің бір түрі. Ол өзінің тармақтарымен протоплазматикалы синцитийге ұйымдасқан клеткалардан тұрады. Синцитийде клеткалық құрылыс жойылады. Бірақ ядросы бар протоплазма бөлімдері сакталып, қажетті жағдайда олар синцитийден белініп, клеткаға ауысады. Осындай участоктерді ретикуллярлы элементтер деп атайды (14-сурет). Ретикуллярлы элемент ядросының айналасында клетка орталыгы, хондрисомдар, ішкі торлы аппарат айқын көрінеді. Ретикулярлы ткань деп сол торларға байналысты ғана аталған.

Ретикуллярлы ткань бүйрек, тері тканьдерінің және шырышты қабықтардың құрамына кіреді. Оның өте көп кездесетін жері қан жасайтын органдар, сүйектің қызыл миы, лимфа бездері және талақ. Бұл органдарда ретикуллярлы элементтерден қанның клеткалары дамиды. Олардың ретикуллярлы тканьдерден түзілуі ядросы бар протоплазма участоктарының бөлініп, гемоцитобластарға ауысуынан басталып отырады. Гемоцитобластар даму жағдайына байланысты эритроциттерге немесе гранулоциттерге ерекшеленеді. Түзілген клеткалар қажетті жағдайына қарай әр түрлі бағыттарда дамуы мүмкін. Мысалы, талаурау, тітіркену жағдайларында макрофагтарға ауысады. Ал жараланған участок жазылып, оның орнында тыртық ткань түзілсе, бөлінген гемоцитобластар фибробластарға айналады.

Сонымен қатар ретикулярлы синцитийдің протоплазмасы тығыз, бөгде заттарды мысалы, бояуларды жинағандықтан олар организмнің ішкі ортасын тазартып тұратын гистиоцит тәрізді клеткаларға да айналып отырады. Мұндай қасиет бүйрек, бауыр, бүйректі бездің және көптеген бездердің капиллярларының эндотелийінде де болады. Сондықтан организмнің ішкі ортасын бөгде заттардан және зат алмасу продуктілерінен тазарту ретикулярлы тканьге, гистиоциттерге және кейбір органдардың капиллярларының эндотолийіне жалпы тән қасиет болады. Дәнекер тканьдердің бұл элементтерінің барлығы ретикулярлы-эндотелиалды жүйе деп аталатын тұтас аппаратка бірігеді. Бұл жүйе организмде қорғаныштық қызмет атқарады





14-сурет. Мысықтың май ұлпасының лимфа туйінінен алынған ретикулярлы дәнекер ткань.

1—ретикулярлы талшықтар; 2 — ііротопдазманың ядролы бөлі.мдері.




жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау