Таным дегеніміз не?



жүктеу 16,14 Kb.
Дата20.10.2023
өлшемі16,14 Kb.
#43943
Мәулен Нұртөре


Таным дегеніміз не?

Жоғарғы тарауда болмыс мәселелерін талдап: «Дуние калай құрылған?» - деген суракка жауап беруге тырыстық. Енді уакыт екінші улкен сұраққа жауап беруді талап етеді. Осы өзімен-өзі өмір сүріп жатқан дүниені адам танып-біле ала ма? Әрине, біз бұл сұракка он жауап кайтарамыз. Тек болмыс шеңберіндегі заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу аркылы ғана адам оны ерікті түрде шығармашылык жолмен кайта өзгерте алады. Бізді айнала қоршаған «екінші табиғат» - неше түрлі машиналар мен механизмдер, электр стансалары, байла- ныс жүйелері т.с.с. адамның дүниетаным мүмкіндігі, рух құдіретінін шынайы көріністері.

Таным деп біз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда даму үдерісінде. Егерде конс замандағы адам найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде зәресі кетіп, оны аспан Құдайының іс-әрекетіне теңестірген болса, казіргі уақытта оның физикалық сырын 8-9-сыныптарда оқитын әрбір оқушы айта алады.

Адамзаттың мыңдаған жылдарға созылған тарихы танымның өте күрделі көпдеңгейлі кұбылыс екенін мойындайды. Миллион- даған адамдардың дүниетану әрекетінің негізінде әртүрлі жырактар мен бұлақтардан косылған өзен арнасы сияқты, қоғамдық мағынасы зор таным үдерісі қалыптасады. Алайда жеке адамның санасында калыптаскан кейбір түсініктер жалған болуы, я болмаса, кейбіреулері өз заманының арнасынан шығып, бүгінгі өмірдің сұранысын тудыр- мауы да мүмкін. Сондықтан нақтылы тарихи коғамның сұранысына байланысты «табиғи тандауға» ұксас үдерістердің негізінде жеке адамның санасындағы ойлар қоғамның рухани байлығына айналады. Ол үшін адамдар өз білімдерін бір-бірімен бөлісуі кажет. Ол, негізінен алғанда, университтердің мінбелері, басылып жарык көрген мақалалар мен кітаптар арқылы, олардың мазмұнын сынау, тиімді және тиімсіз жактарын коғамдық санага корсету т.с.с. жолдармен жүріп отырады.

Қайсыбір тіршілік сиякты, адам да айнала коршаған ортаның шеңберінде өмір сүреді. Алайда оның өмір сүру тәсілі баска тіршіліктерден мүлде өзгеше. Егерде кайсыбір жануар өзінің денс кұрылысы мүмкіндігіне сай айнала коршаган ортаға бейімделген, дуниедегі сан алуан құбылыстардың ішінде тек өз тіршілігіне тікелей, тек соган сэйкес өмір сүретін болса, адам дүниеге оз санасы аркылы жан-жакты карай алады. Сонымен қатар айнала коршаған орта нактылы тарихи өмір сүріп жатқан адамдардың таным мүмкіндіктері мен оны игеру деңгейінен әрқашанда асып түседі. Олай болса, ол адамдардың дүниені зерттеп игеру жолындағы шексіз мүмкіндіктерін тудырады.

Дүниетанудағы негізгі мақсат зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу, яғни оларды білу. Білім әрқашанда шындыктың идеалдық бейнесі, өйткені бірдемені білу дегеніміз сол жөнінде идеалдық түсініктің болуы. Олай болса, танымды күрделі үдеріс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.



Тарихи ғылыми білім дүниеге келместен бұрын, күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен пайда болған күнделікті қарапайым білім дүниеге келеді. Ол адамның кәсіби танымдық іс-әрекетінен емес, күнделікті өмірдің қажеттіліктерінен (аң аулау, балық ұстау, еңбек құралдарын жасау, үй салу, бала тәрбиелеу, жеміс-жидек жинау т.с.с.) пайда болады. Оған күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен қорытылған халық даналығын көрсететін мақал-мәтелдерді, адамгершілік нормаларды, әдет-ғұрыптарды т.с.с. жаткызуға болар еді. Осындай өмірлік білімнің негізінде адамдар айнала қоршаған ортаны бағдарлай алатын дәрежеге жетеді. Ал ғылыми білімге келсек, ол арнаулы білімді меңгеру мен оны шығармашылық жолмен дамытудың негізінде пайда болады. Онын

Кайнар көзі бертінде, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуінен басталады. Жүре келе, ғылыми зерттеудің тақырыбына байланысты білімнің әртүрлі салалары пайда болады. Табиғатты зерттеудің барысында астрономия, механика, физика, химия, геология, биология т.с.с. ғылымдардың негіздері қаланады. Олардың басын біріктіріп, жара- тылыстану ғылымдары дейміз. Адам мен қоғамды зерттейтін білім салалары гуманитарлық, қоғамдық пәндерді тудырды. Оларға фило- софия, психология, саясаттану, мәдениеттану т.с.с. пәндер жатады. Гуманитарлык білімдердің ерекшеліктері олардың мазмұнында нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан әлеуметтік топтардың мудделері мен максат-мұраттарының бейнеленуі. Сондыктан белгілі бір қоғам өміріндегі кұбылыска әрбір әлеуметтік топ өзіндік баға беруі мүмкін. Сонымен катар бұл пәндердің бәрінің басын біріктіретін құндылык- тар – адамды сүю, ізгілік, жаксылык, жетілгендік, әсемдік, әділеттілік, еркіндік, теңдік т.с.с.
жүктеу 16,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау