БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРДЫҢ
ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Шаруашылық істері жөніндегі проректор басшы санатына
жатады. Университет
ректорының бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.
1.2 Шаруашылық істері жөніндегі проректор
университет ректорына
бағынады.
1.3 Шаруашылық істері жөніндегі проректор
негізгі міндеті күрделі және ағымдағы
құрылыстардың нормативтік актілерге, жобаларға, сертификаттарға сәйкестігін
қадағалап, өткізу кезінде басшылық жасайды. Құрылымдардағы электр су, жылу
жүйелерінің дұрыс жұмыс жасауына, құнды мүліктердің жоғалмауын, таза су және
канализация жұмыстарына басшылық жасап үйлестіріп отырады.
1.4 Шаруашылық істері жөніндегі проректор
қызметінде ҚР СТ 1158-2002 ж (Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Стандарты), нормативті құқықтық актілер (өндірістік,
шаруашылық, қаржы экономикалық жұмыстарын қарастыратын мәселелер бойынша)
саласына тиісті әдістемелік материалдарды, бұйрықтарды нұсқауларды, университет
жарғысын басшылықа алады.
1.5 Әкімшілік шаруашылық бөлімі жұмыстарының нәтижесіне шаруашылық істері
жөніндегі проректор толық жауапты.
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1 Шарушылық істері жөніндегі проректор қызметіне жоғары кәсіби (техникалық
немесе инженерлік, экономикалық) білімі мен мамандығы бойынша экономикалық
немесе техникалық қызмет саласында ең кемі 5 жылдық басшылық қызметте өтілі бар
тұлға тағайындалады.
2.2 Шаруашылық бөлім меңгерушісі
келесі құжаттарды білуі керек;
- ҚР СТ 1158-2002 ж (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарты);
- Шаруашылық жұмыстарға бағыталған әдістемелік материалдарды;
- Жұмыс орындау мәселелері бойынша нормативтік құжатарды;
- Университет ректорының
бұйрығы мен өкімдерін;
- Осы
қызметік нұсқауды;
- Экономиканың негіздерін, жұмыс ұйымдастыруды,
басқаруды;
- Қызмет этикасын ;
- Еңбек тәртібінің ережелерін.
3 МІНДЕТТЕР
3.1. Өз бөлімінде сапа менеджменті жүйесін басқару және оның орындалуын қадағалау.
3.2 Университет құрылымында белгіленген бас мамандар, бөлім басшылары мен
коменданттармен техникалық жағынан жұмыс жасайды.
3.3 Жоғарыда көрсетілген құрылым басшылары мен жұмысшылардың еңбек тәртібін
бұзбауын қадағалайды.
3.4 Өндірістегі технологияның, электр қондырғыларының, қазандықтардың және
жылу жүйелерінің техникалық шартарға сай жұмыс жасауын басқарады.
Құрылымдарда жаңа технология енгізуге, модернизациялауға, қоршаған ортаға
зияндылығын азайту, ресурстарды үнемді пайдалану (жарық, су, отын) қызмет
жұмыстарының сапасын арттырумен айналысады.
3.5 Өндірісте және қызмет көрсетуде қаржы және еңбек шығындарының азайуын
бәсекелестік қабілетін арттыру, құрал- жабдықтар мен материалдарды тиімді
пайдалануды қадағалайды.
3.6
Құрылыс жұмыстарын, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қадағалайды.
3.7 Берілген тапсырыс бойынша құрылымдарда қосалқы бөлшектердің, материалдардың
уақытылы келуін сапасын бақылайды.
3.8 Мамандар мен жұмысшылардың білімі мен біліктілігін арттырылуын
ұйымдастырады, қызметкерлер дайындығының үнемі жетілдіруін қамтамасыз етеді.
3.9 Тапсырыс бойынша университетке керекті құрал-жабдықтармен, кеңсе тауарлары,
тазалыққа кететін затар, жихаздар, компьютерлік техникалармен қамтамасыз етеді.
3.10 Автотранспортты гаражға қою, жолға шығарда техникалық тексеруден өту, ремонт
жұмыстары, жылына өтетін байқаудан өтуіне басшылық жасайды.
3.11 Құрылымдарда алынған заттардың тиімді пайдалануын, жойылу актілерін тексеру,
жанар-жағар майдың нормаға сай жұмсалуын қадағалайды.
3.12 Келісім шартың жасалуы, патент, жаңалық ашу, сертификаттар жұмыс
орындарының қауіпсіздігіне басшылық жасайды.
3.13 Бұйрықтармен өкімдердің басқа құрылымдар мен мекемелерден келетін хаттарға
жауабын қадағалайды.
4 ҚҰҚЫҒЫ
4.1
Университеттің қызметтік техникалық мүддесін қорғауға.
4.2 Әкімшілік-шарушылық бөлімі барлық ғимараттарда, жатақханаларда тұрғын
үйлерде қаларалық және ішкі телефон байланысының ақаусыз бірқалыпты жұмыс
істеуін қадағалауға.
4.3 Әкімшілік-шаруашылық бөлімі университет ғимаратында, жатақханаларда, бөлімге
қатысты құрылымдарда жасалған жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалауға және
талапқа сай орындалса қабылдау актісіне қол қоюға.
4.4 Әкімшілік-шаруашылық бөлімі өзге құрылымдылық бөлімшелермен бірлесіп
университетте шығарылатын бұйрықтар, өкімдерге бөлімге қатысты сұрақтар
төңірегінде қажет болған жағдайда ұсыныстар дайындауға.
4.5 Құрылымдардың өндірістік техникалық дайындылығына тексеру ұйымдастыруға.
4.6 Өндірістік жұмыстарына қатысты нұсқау, келісімшарттардың т.б құжаттарды
дайындау шараларына қатысуға.