4.6 Қызмет барысында ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес жылына 1 рет кезекті демалысқа
шығуына .
4.7 Қызмет барысында үстінен арыз-шағымдар түскен жағдайда, ҚР заңдарына
сәйкес өз
құқығын қорғауға және өз құқығының қорғалуын талап етуге.
5 ЖАУАПКЕРШІЛІК
5.1 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі шегінде өзінің қызметтік міндеттерін
атқармаса.
5.2 Өзінің қызметін атқару барысында: әкімшілік, қылмыстық, азаматтық заңдарға
сәйкес құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда.
5.3 Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық заңдарына сәйкес материалдық
зиян келтірген жағдайда.
5.4 Құрылымның ұйымдастыру жұмыстарының деңгейі төмен болған жағдайда.
5.5 Университеттің ішкі ережесіне өз міндеттері шегінде немқұрайлы қараса.
5.6 Жұмыс барысында қызмет этикасын сақтамаған жағдайда.
5.7 Техникалық қауіпсіздік ережесін бұзған жағдайда.
5.8 Жоғары басшылықтың тапсырмаларын уақтылы орындамаған жағдайда.
5.9 Конфиденциалды қызметтік ақпаратты сақтамаған жағдайда.
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
ОҚУ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРДЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Шымкент университетінің оқу істері жөніндегі проректоры басшы санатына жатады,
университеттің ректоры бұйрығы негізінде қызметке қабылданады және босатылады.
1.2 Оқу істері жөніндегі проректор тікелей ректорға бағынады.
1.3 Өз қызметі барысында оқу істері жөніндегі проректор төмендегі құқықтық
нормативтік актілер мен құжаттарды басшылыққа алады:
- өз қызметіне байланысты құқықтық
және нормативтік құжаттарды;
- университет жарғысын;
- ішкі еңбек тәртіп ережелерін;
- университет президентінің және ректордың бұйрықтары
мен өкімдерін;
- осы қызметтік нұсқауды.
1.4 Оқу істері жөніндегі проректор жұмыста болмаған уақытта, оның міндеттерін тиісті
түрде орындауға толық жауапкершілікте болатын, белгіленген тәртіппен тағайындалған
тұлға атқарады.
1.5 Шымкент университетінің оқу, оқу-әдістемелік жұмыстарының нәтижесіне оқу
істері жөніндегі проректор толық жауапты.
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1
Оқу істері жөніндегі проректор қызметіне кәсіби жоғары білімі және ғылыми
педагогикалық, басшылық қызметте ең кемінде 5 жылдық еңбек өтілі бар ғылым
докторы немесе ғылым кандидаты, профессор немесе доцент ғылыми атағы бар тұлға
тағайындалады.
2.2 Оқу істері жөніндегі проректор білуге міндетті:
- ҚР Білім және ғылым туралы; “Жемқорлық пен күрес туралы” т.б. заңдарды және ҚР
Үкіметінің қаулыларымен шешімдерін, ҚР БҒМ-ң нормативтік құжаттарын;
- Білім беру қызметін лицензиялау Ережесін;
- Мамандықтар
бойынша ҚР МЖМБС-н;
- Университеттің Ережесін;
- Ректордың бұйрықтарын және өкімдерін;
- Ішкі еңбек тәртіп ережелерін;
- 9001:2008
стандарт талаптарын;
3 МІНДЕТТЕР
Оқу істері жөніндегі проректор:
3.1
Университет көлемінде оқу, оқу-әдістемелік жұмысты басқарады;
3.2 Институттар және кафедралардың оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының
ұйымдастырылуын бақылайды;
3.3 Институттар және кафедралардың оқу жоспарларымен бағдарламаларының
құрастырылуын қадағалайды;
3.4 Төмендегі қызмет салаларында басшылық және бақылауды іске асырады:
- оқу жоспарларымен бағдарламалардың орындалуын;
- студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырылуын;
- оқу-әдістемелік құралдардың шығарылуын, сапасын, оқу процесінің онымен
қамтамассыз етілуін;
- оқу жұмысының барлық түрінің сапасын қадағалау;
- ПОҚ-ның қызметтік этика талаптарын
және еңбек тәртібін орындауын;
- оқу-әдістемелік комиссия жұмысының ұйымдастырылуын;
- студенттерді курстан – курсқа ауыстыруды, абитуриент студенттердің білімін тест
арқылы тексеруді, МАК жұмысын ұйымдастыруды, бітірушілерді шығару және
олардың бөлінуін;
- ғылыми зерттеулер негізінде оқу процесінің ұйымдастырылуын (ғылыми істер
жөніндегі проректормен бірге).
3.5 Білім бойынша мемлекеттік стандарттардың типтік оқу жоспарларымен
бағдарламаларының, жұмыс жоспарымен пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларының
дайындалуын және олардың орындалуын қадағалайды;
3.6 Университеттің конкурстық
комиссиясына төрағалық етеді;
3.7 Ғылыми – педагогикалық кадрлармен бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды
қамтамасыз етеді (ғылыми істер жөніндегі проректормен бірге);
3.8 Оқу сабақтарының кестесін бекітеді және оның орындалуын қадағалайды;
3.9 Кафедралардың ПОҚ-ның және оқу – қосалқы персоналдың штаттық кестесінің
жасалуын қадағалайды;
3.10 Ғылыми және оқу құралдарының, ұйымдастыру техникасының бөлінуіне қатысады
(басқа проректорлармен бірге);
3.11 Лекциялық, семинар, практикалық, лабораториялық сабақтардың оқу және кәсіби
іс-тәжірибенің және оқу сабақтарының барлық түрлерінің сапасын бақылайды;
3.12 Оқу жұмысының барлық түрлері бойынша талдау жасап есеп береді;
3.13 Ішкі университеттік оқу-әдістемелік әдебиеттің сапасын және онымен оқу процесін
қамтамасыз етуді қадағалайды;
3.14 Ғылыми-әдістемелік конференцияларды жоспарлайды және ұйымдастырады
(ғылыми істер жөніндегі проректормен бірге);
3.15 Факультеттер, кафедралар, бөлім басшыларының студенттермен лабораторияларда,
оқу аудиторияларында сабақ өткізуде қауіпсіз және қолайлы жағдай жасауымен
ұйымдастыруын қадағалайды;
3.16 Мамандарды дайындау сапасын бақылайды;