БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
МАГИСТРАТУРА ОФИС-ТІРКЕУШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Магистратура офис-тіркеушісі Шымкент университетінің мамандар санатына
жатады.
1.2 Магистратура офис-тіркеушісі – Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру
бағдарламасы бойынша ғылыми және ғылыми-педагог мамандар даярлауға және
университеттің ҒЗЖ-ның жоспары мен есебінің біркелкі дайындалуына бірден-бір
жауапты тұлға. Магистратура офис-тіркеушісі - магистратураға талапкерлерді қабылдау
және шығару, магистранттардың ғылыми тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін
бекіту туралы бұйрықтардың жобасының дайындалуын қадағалайды. Магистранттарды
аттестациялауды ұйымдастырады.
1.3 Магистратура офис-тіркеушісі ғылыми-зерттеу істері жөніндегі проректор ұсынысы
негізінде университет ректорының бұйрығымен жұмысқа қабылданады және
босатылады.
1.4 Өз қызметі барысында магистратура офис-тіркеушісі төмендегі құқықтық
нормативтік актілер мен құжаттарды басшылыққа алады:
- Өз қызметіне байланысты құқықтық және нормативтік құжаттарды;
- Университет жарғысын;
- Ішкі еңбек тәртіп ережелерін;
- Университет ректорының бұйрықтары
мен проректордың өкімдерін;
- Осы қызметтік нұсқауды.
1.5 Магистратура офис-тіркеушісі тікелей ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі
проректорға бағынады.
1.6 Магистратура офис-тіркеушісі жұмыста болмаған уақытта, оның міндеттерін тиісті
түрде орындауға толық жауапкершілікте болатын, белгіленген тәртіппен тағайындалған
тұлға атқарады.
1.7 Магистратура істері жөніндегі жұмысының нәтижесіне магистратура офис-
тіркеушісі жауапты.
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1
Магистратура офис-тіркеушісі қызметіне тәжірибелі оқытушылар қатарынан, білімі
жоғары, ғылыми дәрежесі, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі және ұйымдастыру
қабілеті бар, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес тұлға тағайындалады.
2.2 Магистратура офис-тіркеушісі білуге міндетті:
- ҚР Білім туралы заңы;
- ҚР ғылым туралы заңы;
- Магистратураға, докторантураға қабылдау және кандидаттық емтихандарды өткізу
туралы Ереже;
- ҚР Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім
беру туралы Ереже;
- Магистратура мамандықтары бойынша ҚР МЖМББС-н;
- Ғылыми атақтар
беру туралы Ереже;
- Ғылыми жұмыстарды сараптау туралы Ереже;
3 МІНДЕТТЕР
3.1 Жылдық жұмыс жоспарының бекітілген мерзімде іске асырылуына.
3.2 Жаңа мамандықтарға магистратура, PhD докторантура бағыттары бойынша лицензия
және сертификаттар алуға.
3.3 Магистранттарға арналған арнайы теориялық методологиялық семинарлар
ұйымдастыруға.
3.4 Магистранттарға түсетін талапкерлерден емтихан қабылдау үшін магистратураға
қабылдау комиссиясын ұйымдастыруға.
3.5 Ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми-теориялық деңгейін эксперттер
тағайындау
тақырыптардың приоритеттілігін, көкейтестілігін, практикалық маңызын сараптап
отыруға.
3.6 Университет ректоры және проректор бұйрықтарын жоғарыда аталған мәселелер
шеңберінде орындалуын қадағалауға.
3.7 Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және ұйымдастырылатын ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жоғары кәсіби білікті кадрлармен қамтамасыз етуді жүйелі негізге
қоюға.
3.8 Магистранттардың сабақ кестесін түзу және олардың сабаққа қатысуын қадағалау.
3.9 Сабақ және сынақ-емтихан кестелерінің сапалылығымен, бекітілген жұмыс
жоспарына сәйкестігін бақылау және оларды бекітуге ұсыну.
4 ҚҰҚЫҒЫ
4.1 Университет басшыларының өзінің қызметіне қатысты шешімдерімен танысуға.
4.2 Осы қызметтік нұсқауда көрсетілген жұмысты жақсартуға байланысты ұсыныстарын
университет басшыларының қарауына беруге.
4.3 Өзінің жұмысына қатысты құрылым басшыларынан,
мамандардан ақпарат
мәліметтер алуға.
4.4 Басқа құрылым мамандарын, қызметкерлерін өзіне жүктелген міндеттерді шешуге
қатыстыруға.
4.5 Университет басшыларынан өзінің құқықтары мен міндеттерін орындауға
байланысты көмек талап етуге.
4.6 Қызмет барысында ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес жылына 1 рет кезекті демалысқа
шығуына және емделу ақысын алуға.
4.7 Қызмет барысында үстінен арыз-шағымдар түскен жағдайда, ҚР заңдарына
сәйкес өз
құқығын қорғауға және өз құқығының қорғалуын талап етуге.
5 ЖАУАПКЕРШІЛІК
5.1 Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының шегінде өзінің қызметтік
міндеттерін атқармаса.
5.2 Өзінің қызметін атқару барысында: әкімшілік, қылмыстық, азаматтық заңдарға
сәйкес құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда.