1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ііі заңы



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет9/46
Дата13.02.2020
өлшемі0,92 Mb.
#28910
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46

                                  БЕКІТЕМІН 
                                                                            Шымкент университетінің ректоры, 
                                 х.ғ.к., доцент  
                                                                                   ____________________Шингисбаев Б.М. 
                                                                                   «________»________________ 2014 ж. 
 
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ БАСҚАРМАСЫ 
ДИСПЕТЧЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ 
 
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1.1  Оқу  процесін  ұйымдастыру  және  бақылау  басқармасының  диспетчері  Шымкент 
университетінің  орындаушы  санатына  жатады  және  университеттегі  ұйымдастыру-
әдістемелік жұмыстарды атқарады. 
1.2  Оқу  процесін  ұйымдастыру  және  бақылау  басқармасының  диспетчері  өзінің 
қызметінде  ҚР  “Білім  туралы”,  “Еңбек  Кодексі”,  “Ғылым  туралы”  заңдарын,  ҚР  БҒМ 
нормативті-құқықтық  актілерін,  университет  ережесін,  осы  қызметтік  нұсқауды, 
университет ректоры, проректор және басқарма бастығының бұйрықтары мен өкімдерін 
басшылыққа алады. 
1.3  Оқу  процесін  ұйымдастыру  және  бақылау  басқармасының  диспетчері  басқарма 
бастығының 
ұсынысымен, 
университет 
ректорының 
бұйрығымен 
жұмысқа 
қабылданады және босатылады. 
1.4  Оқу  процесін  ұйымдастыру  және  бақылау  басқармасының  диспетчері  тікелей 
басқарма бастығына бағынады. 
1.5  Оқу  процесін  ұйымдастыру  және  бақылау  басқармасының  диспетчері  жұмыста 
болмаған  уақытта,  оның  міндеттерін  басқарманың  басқа  қызметкерлері  атқарады  және 
атқаратын қызметіне толық жауапкершілік алады. 
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР 
2.1  Оқу  процесін  ұйымдастыру  және  бақылау  басқармасының  диспетчері  қызметіне 
жоғары білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайтын тұлға тағайындалады. 
2.2 Оқу процесін ұйымдастыру және бақылау басқармасының диспетчері білуі тиіс: 
- нормативтік құқықтық актілерді, ҚР БҒМ бұйрықтарын, жарлықтарын, нұсқау  
  хаттарды; 
- университет ережесін; 
- университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, басқарма бастығының   
  шешімдерін; 
- іс жүргізу негіздерін; 
- университеттің ішкі еңбек тәртібін; 
- университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің шешімдерін; 
- оқу бөлімі туралы ережені және осы қызметтік нұсқауды. 
3 МІНДЕТТЕР 
3.1 Сабақ кестесін түзеді, бекітеді; 
3.2 Сабақ, сынақ, емтихан, қосымша сабақ, студенттердің өзіндік жұмыс және 
түрлі іс-шараларды өткізу үшін аудиториялар белгілейді; 


3.3 Дәрістердің бекітілген кесте бойынша өтілуін қадағалайды; 
3.4 Университеттің  аудитория  қорын  күнделікті  тексеріп,  ондағы  қажетті  заттардың 
дайындығы мен кемшілігі туралы есеп жүргізеді; 
3.5 Кафедралардан  мамандықтар  бойынша  әр  семестрге  сабақ  кестесін  жасауға 
өтініштер қабылдайды; 
3.6 Оқытушылар  мен  студенттердің  еңбек  тәртібі  сақтауын  үнемі  қадағалап  отырады 
және жіберген кемшіліктерді түзету жолын қарастырады; 
3.7 Декандармен  бірлесіп  студенттердің  сабаққа  қатысуын  қадағалайды  және  есеп 
жүргізеді; 
3.8 Жалпы  университет  кафедраларында  профессор-оқытушылар  жүктемелерінің,  оқу 
ғимараттарының  орналасуына,  аудитория  қорына  қарай  тиімді  бөлінуін  іске 
асырады; 
3.9 Студенттер саны аз топтарда семинар, практикалық  және лекцияларды мамандыққа 
және оқу тіліне байланысты ұйымдастыру. 
3.10  Өтілмеген сабақтардың қосымша өтілуін қадағалайды және тіркеу журналын   
    жүргізеді; 
3.11  Декан, кафедра меңгерушілерінің қызмет хаттары, оқытушылардың       
          түсініктемелерін тіркейді; 
3.12  І, ІІ жартыжылдықтардың оперативтік мәліметтерін жинақтайды; 
4 ҚҰҚЫҒЫ 
Оқу процесін ұйымдастыру және бақылау басқармасының диспетчері құқылы: 
4.1  Өзінің  қызметтік  міндеттерін  орындауға  қатысты  басшылық  құжаттарымен  және 
шешімдерімен танысуға. 
4.2  Оқу-әдістемелік  жұмыстарын  ұйымдастыруды  жетілдіру  бойынша  ұсыныстар 
енгізуге; 
4.3 
Университет  басшылығынан 
өзінің 
қызметтік 
міндеттерін 
орындауды 
ұйымдастыруға қажетті көмек алуға. 
5 ЖАУАПКЕРШІЛІК 
Оқу процесін ұйымдастыру және бақылау басқармасының диспетчері жауапты: 
5.1 Қызметтік міндеттерін орындамағанда. 
5.2 Оқу бөлімінің оқу құжаттарын сақтамағанда. 
5.3 Қызметтік этиканы сақтамағанда. 
5.4 Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтамағанда. 
5.5  Университет  ережесін,  ҚР  құқықтық  актілерін,  оқу  бөлімі  туралы  ережеде 
қарастырылған міндеттерді орындамағанда. 
5.6  ҚР  “Еңбек  Кодексінде”  көзделген  қызметтік  міндеттерді  орындау  барысындағы 
басқа да бұзушылықтар үшін. 
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым: 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 


ОФИС-ТІРКЕУ БӨЛІМІ 
 
Тіркеу бөлімінің ережелері 
 
Тіркеу бөлімі оқытудың кредиттік технологиясы жағдайында білім сапасының бақылау 
жүйесін  ұйымдастыру  үшін  және  студенттің  оқудағы  жетістіктерінің  бүкіл  тарихын 
есепке алу үшін құрылған; 
Тіркеу  бөлімінің  жұмысы  деканаттардың,  кафедралардың  және  университетте  оқу 
процесін  ұйымдастыруға  қатысатын  өзге  де  құрылымдық  бөлімдердің  қызметімен 
үйлесуі тиіс; 
Тіркеу бөлімі оқу пәндеріне жазылу, академиялық күнтізбелікке сәйкес бакалавриаттағы 
оқудың  барлық  формалары  бойынша  бақылау  іс-шараларын  ұйымдастыру  мен 
жоспарлау мәселелерін шешеді; 
Студенттердің  оқу  жетістіктерін  бақылау  тіркеу  бөлімінің  оқу  жылына  арнап  құрған 
бақылау шараларының кестесіне сәйкес жүзеге асырылады; 
Тіркеу бөлімінің негізгі міндеттері: 

 
оқу пәндеріне тіркеу процесін басқару; 

 
академиялық топтар мен ағымдарды студенттердің оқу траекториясын таңдауының 
негізінде жасақтау; 

 
оқу процесінің шептік кезеңінде (рубежный этап) студенттердің білімдерін 
бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыру; 

 
студенттің академиялық рейтингін есептеу; 

 
академиялық үлгерім жазбаларын құрып, оны сақтау; 

 
студенттердің академиялық көрсеткіштері бойынша статистикалық есептерді 
дайындау; 

 
өтілген іс-шаралар бойынша ақпараттық есептерді құру. 
1.7. Тіркеу бөлімі университеттің тиісті құрылымдық бөлімдерінің статистикалық және 
талдау есептерін дайындау кезінде қажетті ақпаратты өз уақтында беріп тұруға міндетті; 
1.8.  Тіркеу  бөлімі  академиялық  күнтізбекке  сәйкес  студенттерді  пәндерге  белгіленген 
мерзімде  бүкіл  оқу  жылына  тіркеуді,  қайта  тіркеуді  және  жазғы  семестрге  тіркеуді 
жүргізеді; 
1.9.  Студенттің  пәнге  жазылу  кезінде  толтыратын  үлгіде  студент  туралы  жалпы 
мәліметтер, курсы, мамандығы, тілдік бөлімі көрсетілуі тиіс; 
1.10.  Оқу  пәндеріне  тіркелу  кезеңіндегі  және  студенттің  жеке  оқу  жоспарын 
қалыптастырудағы көмекті эдвайзер береді; 
1.11.  Әрбір  эдвайзерге  бекітілген  студент  саны  тіркеу  бөлімімен  келісіле  отырып 
кафедра тарапынан белгіленеді және келесі оқу жылына дейін өзгертілуі мүмкін; 
1.12.  Студенттердің  пәндерге  жазылу  нәтижелері  бойынша  тіркеу  бөлімі  ОӘБ-мен 
бірлесіп академиялық ағымдар мен топтарды жасақтайды; 
1.13.  Студенттердің  пәндерге  жазылу  нәтижесінде  жасақталған  академиялық  ағымдар 
немесе  топтар  жайлы  мәліметтер  педагогикалық  жүктемені  белгіленген  мерзімде 
есептеу үшін кафедраға береді; 
1.14.  Тіркеу  бөлімі  жеделдетілген  немесе  қосымша  оқытудың  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  мен  оқу  бағдарламарындағы  айырмашылықтарды  жою  үшін  жазғы 
семестрдің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді; 


жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау