1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ііі заңы



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет16/46
Дата13.02.2020
өлшемі0,92 Mb.
#28910
түріНұсқаулар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46

4.10 Бекітілген тәртіппен қызметкерлер мен студенттерді материалдық және моральдық 
(немесе рухани) ынталандыру туралы университет ректорына ұсыныс жасауға. 
4.11 Кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, факультет қызметкерлері мен студенттеріне 
алғыс  жариялау,  мақтау  қағаздарымен  марапаттау,  құрмет  тақтасына  үміткерлер 
ұсынуға. 
4.12  Өндірістік  және  қызметтік  тәртіпті  бұзушыларға  тиісті  тәртіптік  шаралар 
қолдануға. 
4.13  Факультет  Кеңесіне,  университет  ғылыми  кеңесіне,  Аттестациялық  комиссияға 
кәсіподақ  ұйымының  келісімімен  кейбір  оқытушылар  мен  қызметкерлердің  еңбекке 
жарамсыздығы туралы ұсыныс жасауға. 
4.14  Факультеттің  оқу-көмекші  қызметкерлерінің  біліктілігін  көтеру  жөнінде  ұсыныс 
жасауға. 
4.15 Факультет тарапынан жасалған ұсыныстар: жұмысқа қабылдау, кадрлардың орнын 
ауыстыру,  лимит  пен  материалдық  ресурстардың  бөлінуі  бойынша  шешім  қабылдаған 
кезде  университеттің  басқару  жүйесінің  барлық  сатыларының  және  қоғамдық 
ұйымдардың іс-шараларына қатысуға. 
4.16 Студенттерді жатақханаға орналастыру үшін жолдама беруге. 
4.17 Студенттерді емтихан сессияларына жіберу рұқсатын беруге. 
4.18  Академиялық  қарызы  бар  студенттердің  емтихан  мен  сынақтарын  тапсыру 
мерзімдерін белгілеуге. 
4.19 Студенттерді курстан курсқа көшіруге
4.20  Ректорға  студенттерді  академиялық  демалыс,  ауыстыру  оқудан  шығару,  қайта 
қалпына келтіру туралы ұсыныстар беруге. 
4.21 ЖОО Ережелері негізінде факультет студенттеріне шәкіртақы тағайындауға. 
4.22  Студенттерді  Мемлекеттік  емтиханға,  дипломдық  жұмыстарды  қорғауға  рұқсат 
етуге. 
4.23 МАК жұмысына қатысуға, аттестациялық комиссия жұмысын бақылауға. 
4.24  Декан  қызмет  орнында  болмайтын  мерзімге  міндетін  атқарушы  тағайындауға 
ұсыныс беруге. 
4.25  Университеттің  құрылымдық  бөлімшелерінен  ақпарат  алуға;  егер  ақпарат  беру 
құрылымдық  бөлімшелердің  тікелей  міндетіне  кірмесе,  онда  сәйкес  келетін 
проректордың ұсыныс хатының негізінде олардан ақпарат алуға. 
4.26  Тікелей  қызметтік  міндеттеріне  байланысты  деканат  қызметкерлеріне,  өзінің 
факультетінде  кафедра  меңгерушілеріне,  профессор  –  оқытушылар  құрамына  және 
кафедралардың оқу-тәрбие құрамына өкімдер беруге. 
4.27  Тек  өзінің  факультетінің  студенттеріне  тапсырма  беруге;  басқа  факультет 
студенттеріне  сол  факультет  деканының  рұқсатымен  ғана  қандай  да  бір  тапсырманы 
орындауға тарта алады. 
5 ЖАУАПКЕРШІЛІК 
Факультет деканы жауапты: 
5.1 Қызметтік міндеттерін орындамағанда. 
5.2 Факультеттің оқу-әдістемелік, оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстарын төмен деңгейде 
ұйымдастырғанда. 


5.3  Факультет  мамандықтары  бойынша  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандартында белгіленгеннен аз көлемде оқу-кәсіби бағдарламаларды жүзеге асырғанда. 
5.4  Факультет  деканы  құзырына  кіретін  міндеттер  мен  қызметтердің  орындалмағаны 
және шешімдер қабылдамағанда. 
5.5 Қызметтік этиканы сақтамағанда. 
5.6 Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтамағанда. 
5.7 Университет Жарлығын, ҚР құқықтық актілерін, Факультет туралы Ережесінде 
көзделген міндеттерді орындамағанда. 
5.8 ҚР “Еңбек Кодексінде” қарастырылған қызметтік міндеттерді орындау барысындағы 
басқа да бұзушылықтар үшін. 
 
 
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым: 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                                          (аты-жөні, қолы) 
 
______________________________________________________    «____»______ 20___ ж. 
                            
                                         (аты-жөні, қолы) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


                                  БЕКІТЕМІН 
                                                                            Шымкент университетінің ректоры, 
                                 х.ғ.к., доцент  
                                                                                   ____________________Шингисбаев Б.М. 
                                                                                   «________»________________ 2014 ж. 
 
ФАКУЛЬТЕТ ӘДІСКЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСқАУЫ 
 
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1.1  Факультет  әдіскері  Шымкент  университетінің  орындаушы  санатына  жатады  және 
факультеттегі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарды атқарады. 
1.2 Факультет  әдіскері  өзінің қызметінде ҚР “Білім туралы”, “Еңбек  Кодексі”, “Ғылым 
туралы” заңдарын, ҚР БҒМ нормативті-құқықтық актілерін, университет ережесін, осы 
қызметтік  нұсқауды,  университет  ректорының  бұйрықтары  мен  факультет  деканының 
өкімдерін басшылыққа алады. 
1.3  Факультет  әдіскері  факультет  деканының  ұсынысымен  университет  ректоры 
бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады. 
1.4 Факультет әдіскері тікелей факультет деканына бағынады. 
1.5 Факультет әдіскері жұмыста болмаған уақытта, оның міндеттерін факультеттің басқа 
қызметкері атқарады және атқаратын қызметіне толық жауапкершілік алады. 
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР 
2.1  Факультет  әдіскері  қызметіне  жоғары  білімі  бар,  еңбек  өтіліне  талап  қойылмайтын 
тұлға тағайындалады. 
2.2 Факультет әдіскері білуі тиіс: 
- нормативтік құқықтық актілерді, ҚР БҒМ бұйрықтарын, жарлықтарын, нұсқау  
  хаттарды; 
- университет ережесін; 
- университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, факультет деканының   
  шешімдерін; 
- іс жүргізу негіздерін; 
- университеттің ішкі еңбек тәртібін; 
- факультет кеңесінің шешімдерін; 
- факультет туралы ережені және осы қызметтік нұсқауды. 
3 МІНДЕТТЕР 
Факультет әдіскері міндетті: 
3.1  ҚР  МЖМБС-3,001-2000  сәйкес,  оқыту  мамандықтары  бойынша  оқу  жұмыс 
жоспарын бекітуге дайындауды жүзеге асыруға. 
3.2  ҚР  БҒМ  және  ЖОО  ОӘК-нің  енгізген  толықтырулары,  өзгерістері,  және 
ұсыныстарын уақтылы оқу жұмыс жоспарына енгізуеді және осы жөнінде институттың 
оқытушы-профессорлар құрамына мәлімдеуге. 
3.3 Факультетте оқу процесінің және емтихандық сессияның кестесі жөнінде факультет 
қызметкерлеріне және студенттеріне ақпарат беруге. 


жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау