3.4 Өтініштер мен арыздарды тіркеп, олардың орындалуын қадағалауға.
3.5 Факультеттің құжаттарын бекітілген номенклатура бойынша дайындауға.
3.6 Қызмет хаттар, телеграммалар мен факстардың шығуын қадағалауға.
3.7 Қабылдау күніне келген азаматтарды факультет деканына айтып, тіркеп отыруға.
3.8 Хатшы факультет құрамындағы кафедралармен және қаламен коммуникативті
байланыс жасап, оқытушылар мен қызметкерлердің мекен-жайлары мен сымтетіктерін,
керекті мәліметтерін, жұмыс тәртібін білуі тиіс. Жылына 2 рет осы мәліметтердің
дұрыстығын тексеріп отыруға.
3.9 Телефонограммалар мен факстарды қабылдап, тиісті орындарға хабардар етуге.
3.10 Факультет деканының ұйғарымымен тиісті құжаттарды компьютерде теріп
отыруға.
3.11 Келесі құжаттарды жүргізуге тиісті:
- телефонограмма журналын;
- кіріс және шығыс корреспонденция журналын;
- өтініш пен арыздар журналын;
- студенттердің білім алу үшін жасаған төлемдерін тіркеу журналын;
- студенттердің сабақтан қалған күндерін өтеу журналын;
- медициналық анықтамаларын тіркеу журналын;
- жатақханада тұруға ордер беру журналы;
- директорат тапсырмаларының орындалуын тіркеу журналы;
3.12 Факультет кеңесінің хаттамаларын хатшы ретінде жазуға.
3.13 Қызметтік мәліметтің құпиялығын сақтауға.
3.14 Еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауға.
3.15 Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға.
3.16 Қызметтік этиканы сақтауға.
4 ҚҰҚЫҒЫ
Факультет хатшысы құқылы:
4.1 Өз қызметін орындауға қатысты университет басшылығының шешім жобаларымен
танысуға.
4.2 Деканның жүргізу жұмыстарын және жағдайларын жақсарту мақсатында ұсыныстар
енгізуге.
4.3 Университет басшылығынан өзінің құқықтары мен міндеттерін орындауға көмек
көрсетуге ықпал етуін талап етуге.
4.4 Бекітілген ережеге сәйкес университет бұйрықтарымен, тапсырмаларымен және т.б.
әкімшіліктің жүктемелерімен келіспеуге.
5 ЖАУАПКЕРШІЛІК
Факультет хатшысы жауапты:
5.1 Қызметтік міндеттерін орындамағанда.
5.2 Өз қызметін қызметтік нұсқауға және университеттің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес
орындамағанда.
5.3 Факультет құжаттарының тіркеу журналдарын сақтамағанда.
5.4 Факультетте хатшы қызметін төмен деңгейде ұйымдастырғанда.
5.5 Институттың материалды-техникалық базасын қызметіне байланыссыз
пайдаланғанда.
5.6 Қызметтік этиканы сақтамағанда.
5.7 Қызметтік мәліметтін құпиялығын сақтамағанда.
5.8 Қауіпсіздік ережелерін сақтамағанда.
5.9 ҚР “Еңбек Кодексінде” көзделген басқада қызметтік міндеттемелерді бұзғаны үші
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСқАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Кафедра меңгерушілері Шымкент университетінің басшы санатына жатады,
кафедрадағы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және шаруашылық жұмыстарын
ұйымдастыруға әкімшілік басқаруды жүзеге асырады.
1.2 Кафедра меңгерушілері өз қызметінде ҚР зандарын, соның ішінде “Білім туралы”
заңын, ҚР МЖМБС 3.001-2000, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-
құқықтық құжаттарын, университет ережесін, университет ректорының бұйрықтары мен
өкімдерін, университеттің нормативтік актілерін басшылыққа алады.
1.3 Кафедра меңгерушілері жұмысқа конкурстық негізде сайланады. Факультет
деканының ұсынысымен, университет ректорының бұйрығымен тағайындалады және
қызметтен босатылады.
1.4 Кафедра менгерушілері тікелей факультет деканына бағынады.
1.5 Кафедра меңгерушісі жұмысында болмаған жағдайда, оның қызметтік міндеттерін
университет ректорының бұйрығымен кафедра доценті атқарады.
1.6 Кафедраның жұмысының нәтижесіне кафедра меңгерушілері толығымен жауап
береді.
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1 Кафедра меңгерушілері қызметіне мамандық профиліне сай ғылыми дәрежесі және
ғылыми атағы бар, педагогикалық және басшылық қызметтегі өтілі 5 жылдан кем емес
тұлға тағайындалады.
2.2 Кафедра меңгерушілері қызметін зейнеткер жасына дейінгі тұлға атқарады.
Зейнеткер жасына жеткен тұлға өз мамандығына сәйкес қызметке ауыстырылады.
2.3 Кафедра меңгерушілері білуге тиіс:
- ҚР “Білім туралы” заңын;
- ҚР “Еңбек Кодексін” ;
- ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін;
- Университет ережесін;
- Қызметтік этиканы;
- Осы қызметтік нұсқауды;
- Университеттің ішкі еңбек тәртіп ережесін;
- Кафедра туралы Ережені.
Достарыңызбен бөлісу: |