3.4 Факультет студенттерінің курс бойынша тізімін дайындауды және топқа бөлуді
жүзеге асырады. Оқытудың әртүрлі түрлерінде (ақылы негізде оқитын және шетел
студенттері) оқитын студенттер бойынша туралы ақпаратты әрдайым жаңартып
отыруға.
3.5 Тіркелген құжаттар бойынша анықтамалар беруге және қадағалауды жүзеге асыруға.
3.6 Факультет жұмыс жоспарына сәйкес мәжіліс хаттамаларын жүргізуді және сақтауды
қамтамасыз етуге.
3.7 Жатақханада тұратын студенттер, материалдық жағдайы төмен, жетім студенттер
туралы ақпарат беруге және ай сайын оқу бөліміне студент контингенті бойынша
мәлімет беруге.
3.8 Сынақ және емтихан ведомосттарын дайындайды, оларды мерзімінде беруді және
деканатқа қайтарылуын қамтамасыз етуге, ведомостардың дұрыс толтырылуын
қадағалауға.
3.9 Сессия қорытындысы топтар бойынша қорытынды ведомосттар толтыруға және
академиялық қарыздары бар студенттердің есебін жүргізуге.
3.10 Нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес, студенттерді келесі курсқа көшіру және
студент қатарынан шығару жөнінде факультет деканына ұсыныс дайындауды жүзеге
асыруға.
3.11 Арнайы тіркеу журналдарына сынақ және емтихан ведомосттарын беруді, күндізгі
және сыртқы бөлім студенттеріне анықтама беруді, деканаттың кіріс және шығыс
құжаттарын, диплом беруді қамтамасыз етуге.
3.12 Студенттердің есеп карточкасын уақытылы толтыруға.
3.13 Академиялық анықтамалар толтыруға және оларды арнайы журналда тіркеуге.
3.14 Факультетте іс жүргізу жұмысын жүзеге асыруға және құжаттардың сақталуына
жауап беруге.
3.15 Түскен материалдарды тиісті орындарға уақытылы жіберуге.
3.16 Сынақ кітапшалар және студенттік билеттерді өз уақытында толтыруға және
беруге, олардың дұрыс толтырылуын қадағалауға (сессияға кіруге рұқсат беру, келесі
семестрге көшіру).
3.17 Факультетте сапа менеджменті жүйесі жұмыстарын ұдайы жақсартуға қатысады.
3.18 Қызметтік ақпараттың құпиялығын сақтауға.
3.19 Қызметтік этиканы сақтауға.
3.20 Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауға.
3.21 Еңбек және атқарушылық тәртібін сақтауға.
4 ҚҰҚЫҒЫ
Факультет әдіскері құқылы:
4.1 Өзінің қызметтік міндеттерін орындауға қатысты басшылық құжаттарымен және
шешімдерімен танысуға.
4.2 Факультеттің әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарын
ұйымдастыруды
жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
4.3 Университет басшылығынан өзінің қызметтік міндеттерін орындауды
ұйымдастыруға қажетті көмек алуға.
5 ЖАУАПКЕРШІЛІК
Факультет әдіскері жауапты:
5.1 Қызметтік міндеттерін орындамағанда.
5.2 Факультеттің оқу құжаттарын сақтамағанда.
5.3 Қызметтік этиканы сақтамағанда.
5.4 Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтамағанда.
5.5 Университет ережесін, ҚР құқықтық актілерін, Факультет туралы ережеде
қарастырылған міндеттерді орындамағанда.
5.6 ҚР “Еңбек Кодексі” заңында көзделген қызметтік міндеттерді орындау барысындағы
басқа да бұзушылықтар үшін.
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
ФАКУЛЬТЕТ ХАТШЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Факультет хатшысы Шымкент университетінің орындаушы санатына жатады және
деканаттың ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады.
1.2 Факультет хатшысы өз қызметінде ҚР “Білім туралы” заңын, нормативтік–құқықтық
құжаттарды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын және нұсқау хаттарын,
Факультет Ережесін, осы қызметтік нұсқауды, университет ректорының бұйрықтары
мен өкімдерін, декан өкімдері мен нұсқауларын басшылыққа алады.
1.3 Факультет хатшысы тікелей факультет деканына бағынышты.
1.4 Факультет деканының хатшысы себепті жағдайлармен жұмыста болмаған уақытта,
оның міндеттерін белгіленген тәртіпте тағайындалған тұлға жүргізеді және толық
жауапкершілікті ала отырып жұмыстың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1 Факультет хатшысы қызметіне жоғары білімі бар, компьютерді меңгерген тұлға
тағайындалады.
2.2 Факультет хатшысы білуге тиіс:
- ҚР “Білім туралы” заңын;
- ҚР БҒМ нормативтік-құқықтық актілерін, бұйрықтарын және өкімдерін, және нұсқау
хаттарын;
- Университет Жарғысын;
- Іс-қағаздар жүргізу жүйесінің ережелерін;
- Факультет туралы Ережені;
- Ішкі
еңбек тәртібі ережесін;
- Еңбекті, қоршаған ортаны және табиғатты қорғау нормалары мен ережесін;
- Осы
қызметтік нұсқауды;
- Қызметтік этиканы.
3 МІНДЕТТЕР
Факультет хатшысы міндетті:
3.1 Факультет хатшысы декан бөлмесін және өзінің жұмыс орнын жұмыс күніне
дайындауға.
3.2 Кіріс және шығыс құжаттарының тіркелуін реттеп, іс қағаздардың уақтылы
жүргізуге жауап беруге.
3.3 Факультет деканына, кафедра меңгерушілеріне және басқа тиісті орындарға,
факультетке келіп түскен іс-құжаттары жайлы мәліметтерді жеткізіп отыруға және
уақтылы орындалуын қадағалауға.