Управление по чрезвычайным ситуациям города



жүктеу 285,16 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі285,16 Kb.
#1531




Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы
ҚР ІІМ ТЖК

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының

2016 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмысы туралы

ЕСЕП

Өскемен қ.

маусым, 2016 жыл



ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Өскемен қаласы ТЖ басқармасының

2016 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмысы туралы

ЕСЕП
ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Өскемен қаласы ТЖ басқармасының негізгі міндеті табиғи апаттан және дүлей апаттан, авариядан аумақты және шаруашылық объектілерін, халықты қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады және ТЖ басқармасы өзінің қызметінде «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Үкіметтің Қаулыларын, ҚР Ішкі істер министрлігінің ТЖК бұйрықтарын басшылыққа алады.

2016 жылдың 2 тоқсанында Өскемен қаласының ТЖБ қызметі «Қазақстан жолы - 2050: Бірыңғай мақсат, бірыңғай көзқарас, бірыңғай болашақ» атты Қазақстан халқына Мемлекет басшысының Жолдауынан шыққан міндеттерді жүзеге асыру аясында, 2016 жылға арналған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің жоспарына, 2016 жылға арналған ШҚО ТЖД жұмыс жоспарына, 2016 жылға арналған ШҚО ТЖД Өскемен қаласының ТЖБ жұмыс жоспарына, ҚР ІІМ ТЖК отырысы хаттамаларының шешімдеріне сәйкес жалғастырылды.


ТЖ қысқаша салыстырмалы талдау

2016 жылдың 2 тоқсанында Өскемен қаласының аумағында 33 төтенше жағдай тіркелді (2015ж. - 36), оның ішінде: тұрмыстағы жазатайым оқиғалар (тұншықтырғыш газбен улану) – 11 (2015ж. – 0), жарылғыш затты байқау – 0 (2015ж. – 1), тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі авариялар – 0 (2015ж. – 7), радиоактивті затты байқау – 1 (2015ж. – 0), судағы жазатайым оқиғалар - 1 (2015ж. – 6), өрттер – 19 (2015ж. – 21), өндірістегі жазатайым оқиғалар – 0 (2015ж. – 1), гидрологиялық қауіпті құбылыстар (Ертіс өз. су деңгейінің көтерілуі) -1 (2015ж. – 0).

Сонымен төтенше жағдай кезінде зардап шеккендедің саны 36 адамды құрады, оның ішінде балалар – 5, қаза болғандар 11 адам, оның ішінде балалар – 0 (2015 жылы зардап шеккендердің саны 25 адамды құрады, оның ішінде балалар – 6, қаза болғандар 20 адам, оның ішінде балалар – 3).

ШҚО ТЖД «Төтенше жағдай ақпараттық-анықтамалық карточкалары базасын құру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес жыл басынан бастап Өскемен қаласының аумағында болған оқиғалар туралы толық ақпаратты ашатын 601 карточка (2015 жылы -855) жасалды.

Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың екініші тоқсанында, 2016 жылдың 27 маусымдағы жағдайына 205 объектіге өрт-техникалық тексеру жүргізілді (2015 жылдың осы іспеттес кезеңінде 64 объекті – 220% артты), оның ішінде 170 объекті қауіптілік деңгейін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша және 35 объекті жоспардан тыс тәртіппен тексерілді. Өрт қауіпсіздігі нормасы мен ережелерінің әр түрлі бұзушылықтары үшін 71 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде: айыппұл түрінде – 38 іс 1 млн. 92315 теңгеге, ескерту түрінде - 33, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық, 56 әкімшілік іс, оның ішінде: айыппұл түрінде – 29 іс 782890 теңгеге, ескерту түрінде - 27).

Өскемен қаласының Әкімшілік сотына, нысанның қызметін тоқтатуды қарастыратын ҚРӘҚтК 462 бабы 3 тармағы бойынша 2016 жылы 5 нысанға материал жолданды (2015 жылы 1 нысан – 5 есе көп), 2 әкімшілік материал ҚРӘҚтК 741 бабы бойынша ШҚО ТЖ Департаментімен тоқтатылды.

Өскемен қаласының аумағында 2016 жылдың 2 тоқсанында барлығы 156 өрт тіркелді, 2015 жылы да осы іспеттес кезеңінде – 166 өрт.

Өрттен келген материалдық шығындар 10 млн. 367 530 теңгені құрады, 2015 жылғыдан 1,8 есе артық – 5 741 000 теңге; өртте 6 адам қайтыс болды, 2015 жылғымен салыстырғанда 2 есе аз - 11 адам; өрттерде балалардың өлімі тіркелген жоқ.


1 бөлім

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін жоғарылату сұрақтарында, Өскемен қ. ТЖБ-мен барлық қызмет бағыты бойынша үлкен кешенді шаралар жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 577 бұйрығына сәйкес қаланың ТЖ басқармасымен 2015 жылдың жағдайына Өскемен қаласының қауіпсіздік паспорты жасалды.



ТЖ мониторингі.

Мониторинг және болжау жүйесі жергілікті атқару органымен және мемлекеттік мекемелермен өзара қарым-қатынаста жүзеге асырылады. Облыстың болжау жасау қызметтерімен өзара жедел ақпараттық қарым-қатынас ұйымдастырылған. ТЖБ қызметкерлерімен 12 дауылды ескерту қабылданды және орындалды. Тәулік бойы ШҚО бойынша ҚР ҚОҚМ «Қазгидромет» ШЖҚ РМКФ –нан су ресурстарының жағдайы, метеорологиялық және экологиялық мониторингтердің, қаланың энергия жүйесінің жағдайы туралы мәліметтері келіп түседі және өңделеді.

Гидрологиялық жағдай туралы ақпаратты жедел алу мақсатында 4 гидропост тартылған. Барлық гидропосттармен телефон немесе электрондық пошта арқылы байланыс жүзеге асырылады. Ертіс өзенінде және оның ағыстарында 1 қадағалау посты, Үлбі өзенінде 2 қадағалау посты, Аблакетка өзенінде 1 қадағалау посты жұмысын жүзеге асырады.

2015-2016 жылдың қысқы кезеңіне дайындалу.

Қала аумағында қыс кезеңі қанағаттанарлық жағдайда өтті. Күнделікті Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен шығарылған қардың мөлшері туралы және қызмет көрсетілетін бағдарларға тартылатын қартазалағыш техниканың және адамдардың саны туралы ақпаратты жинақтау жүргізілді. Шұғыл ақпаратты тарату үшін жергілікті телевидениенің арналарын ұстау жүзеге асырылды. 2016 жылдың басынан бастап коммуналдық қызметтермен қала көшелерінен 65,828 м3 қар шығарылды. Қала көшелерін тазалауға 153 бірлік техника дайындалды және тартылды, оның ішінде: Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ КМК - 53 бірлік, «Brilliant Gity» ЖШС-12, «ДСУ-11» ЖШС - 8 бірлік, «Ремдор» ЖШС - 14 бірлік, «Шығыс жолдары» - 32 бірлік, «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС – 21 бірлік.


Су тасқыны.

Су тасқыны кезеңі басталғанға дейін уақтылы ТЖ басқармасының баспасөз-қызметімен ШҚО ТЖД сайтында су тасқынына дайындық жөнінде насихат жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны және су басу кезінде өзін ұстау ережесі бойынша тұрғын үй секторында аралау жүргізіліп, 2016 жылдың ақпан – наурыз айы аралығында 1240 жадынама таратылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында су тасқыны және су басу кезінде өзін ұстау ережесі бойынша 7 мақала жарияланды, ТД 5 рет, радиода 7 шығу болды, сайтқа 7 материал орналастырылды.

2016 жылдың су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайдың алдын алу, жеке және заңды тұлғалардың мүліктеріне материалдық шығын келтірмеу мақсатында Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасы Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ КМК, ЖӨБК өкілдерімен, қала әкімінің бас инспекторымен бірлесе су тасқыны қауіпті орындарға акті жасаумен комиссиялық тексеру жүргізілді. 2016 жылдың 10 ақпанынан 18 наурызы аралығында әкімдіктің істер басқармасының, ЖӨБ, ПИК өкілдерімен 8 жиылыс өткізілді, барлығы 405 адам қатысты.

2016 жылдың су тасқыны кезеңіне 5000 м3 – инерттік материал, 15000 дана қап, 200 дана күрек дайындалды.

Су тасқыны кезеңіне қаланы тазалауға «Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ КМК және 6 мердігерлік ұйымдармен 57 техника тартылады, оның ішінде: бульдозерлер – 2 бірлік, экскаваторлар – 5 бірлік, крандар – 2 бірлік, тиегіштер – 5 бірлік, табанды тракторлар – 3 бірлік, самосвалдар – 10 бірлік, грейдерлер – 4 бірлік, шнекороторлар – 1 бірлік, дөңгелекті тракторлар – 23 бірлік.

Су басуға жататын учаскелердегі қардың еруіне, сонымен қатар мұз кептелісіне және су басуға жататын Үлбі өзені мен Бражинский, Жуков, Овечий ключ, Безымянный, Безымянный ключ жылғаларының ашылуына бақылау күшейтілді.

Күнделікті су тасқыны жағдайы, сыртқы ауа-температурасы және қала аумағындағы суайдындардағы су деңгейінің өзгеруі туралы ақпараттарды жинау жүргізілді. Қала ТЖ басқармасы бастығының міндетін атқарушының 2016 жылғы 9 наурыздағы № 9 «Су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу туралы» бұйрығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб құрылды. ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлерінен су тасқыны қауіпті учаскелерге тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Қала АҚ қызметтерін су тасқыны кезеңіне дайындау сұрақтары ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында қаралды.

Қала ТЖ басқармасы қала әкімінің «138» жедел-кезекшілік қызметімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Су басу қаупі туралы азаматтардан «138» қызметіне келіп түскен үндеулері шұғыл түрде ТЖБ қызметкерлеріне жеткізілді. Барлық оқиғаларға басқарма офицерлері барып, оқиға орнында жағдайды анықтап, су басу қаупін болдырмау үшін шараларды ұйымдастырды.



Қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қысқы кезеңдегі ТЖ туралы тұрғындарды ақпараттандыру және алдын алу мақсатында Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен қысқы кезеңде қала суайдындарында азаматтардың қауіпсіздік деңгейін жоғарылату және алдын алу бойынша кешенді шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) жасалды. Осы жоспар орындауға жауаптыларға жеткізілді. Қаланың шаруашылық нысандарына мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жұмысшылармен және қызметкерлермен әңгіме өткізу туралы хат және қысқы кезеңде өзін ұстау, қар бұрқасыны кезінде тірі қалу туралы жаднама жолданды.

Қала суайдындарында адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтауы бойынша жұмыстар Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен тұрақты жүргізіледі. Қала суайдындарында Крещендік суға шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша БАҚ бірлесе брифингте (2016 жылғы 12 қаңтар) Өскемен қ. ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы В.С. Литвиненконың сөз сөйлеуі ұйымдастырылды.

Шатырдан мұз кесегінің құлауынан адамдардың өлуіне байланысты болатын, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК басшысына және ЖӨБК директорларына тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырынан қарды тазалау, мұздықтар мен сүңгілерді түсіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы хат жолданды. 2016 жылдың 4 ақпанында «Қазақстан-Өскемен» телеарнасымен бірлесе шатырынан сүңгілер мен қардың түсуі қауіп төндіретін, қала үйлерін қарау-аралау жүргізілді.

2016 жылдың 13 қаңтарында газет және радио, электрондық агенттіктер БАҚ-мен бірлесе өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша және қар бұрқасыны жағдайында халықтың қауіпсіздігі үшін «101», «112» телефондарын көрсетумен автокөліктік иістендіргіштерді таратумен рейд жүргізілді.

2016 жылы 5 ақпанда «Қазақстан-Өскемен» және «ОРТ Евразия» телеарналарының журналистерімен бірлесе Өскемен қаласының тұрмысы нашар отбасылары арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға бағытталған рейд жүргізілді.

2016 жылы 19 ақпанда «ОРТ Евразия» телеарнасының «Өрт сөндірушінің» күштерімен әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың пештерінің түтіншыққыштарын тазалау бойынша рейдтің бейнетүсіріліміне қатысуы ұйымдастырылды.

2016 жылдың 22-23 ақпанында Согра кентінде «Хабар», «Қазақстан-Өскемен» және «Атамекен» телеарналары Өскемен қ. ТЖБ мамандарымен су тасқынына қарсы рейдке қатысты.

Басқарма мамандарымен «Болжамды террорлық акті жасалуының нәтижесінде туындаған, техногендік сипаттағы қауіпті жою бойынша бірлескен іс-қимылды жасау», «Азаматтық қорғау» тақырыбына мекемелерде, мектептерде, балабақшаларда («Алтай» қайрымдылық мекемесі; «Өскемен қ. мамандандырылған балалар үйі» КМҚК; «№ 6 «Күншуақ» Балабақша-бөбекжайы»; ««Алтын дән» кешенді мектеп-балабақша» КММ; «№ 4 «Сәулетай» Балабақша-бөбекжай» КМҚК; «№ 103 балабақша-бөбекжай санаторийі»; «№ 18 орта мектеп» КММ; «Лада» балабақшасы»; «Теремок» балабақшасы»; «Шуақ» балабақшасы»; ШҚО бойынша МКД) оқыту сабақтары өткізілді.

Өскемен қаласының ТЖ басқармасы 2016 жылдың 3-4 наурызында «2016 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіндегі ТЖ жоюға басқару органдарының, АҚМЖ күштері мен құралдарының дайындығы» тақырыбына жергілікті атқарушы органдармен, төтенше жағдайлар комиссиясымен, Өскемен қаласының АҚ қызметтерімен «Көктем-2016» РКШОЖ қатысты.

«Көктем-2016» РКШОЖ аясында қалалық АҚ қызметтерімен бірлесе 2016 жылы 3 наурызда «2016 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіндегі ТЖ жоюға басқару органдарының, АҚМЖ күштері мен құралдарының дайындығы» тақырыбына көріністі ТАЖ өткізілді.

Өрттердің алдын алу, сонымен қатар тұрғын үй секторындағы өрттерде адамдар өлімін азайту мақсатында, Өскемен қаласының ТЖБ МӨББ қызметкерлерімен келесі жұмыстар ұйымдастырылды:

Өрттердегі адамдар өлімінің барлық жағдайы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында және ШҚО ТЖД, Өскемен қаласы әкімінің, «УК КЗ» сайттарына өрттің туындауына әкеп соқтырған себептер мен жағдайларды көрсетумен материалдар жолданып отырылады. Қала теле-дисплейлерінде қала әкімдігінің Ішкі саясат бөлімімен бірлесе тұрғындар үшін әлеуметтік роликтер орналастырылды.

«Үлбі» Қалалық аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет көрсетілуде тұрған, сонымен қатар «Жандәурен» ЖШС әлеуметтік мекемесінде қызмет көрсетілуде тұрған тұлғалардың арасында нұсқаулық өткізумен халықтың аз топтанған топтары тұратын орындарда рейд өткізілді. Тұрғандарға жадынама таратумен және Бабкин диірмені ауданындағы тұрғын үйлерді аралаумен 7 «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» ұйымдастырылды. Өрт қауіпсіздігі ережелерімен азаматтарды ақпараттандыру және халықты көптеп қамту үшін «Өскемен автобекеті» ЖШС күту залында ақпараттық стендте ақпараттық жадынамалар орналастырылды. «Юбилейный» кинотеатрында кассаларда үгіт материалдары таратылады. АДК («Алма Стор» ЖШС) сауда орталығына төлем жүргізу кассасында сатып алушылар арасында үгіт материалдарын тарату жөніндегі сұрақтарды қарастыру туралы хат жолданды. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша баннер орнатылды (Киров және Орджоникидзе көшелерінің бұрышы). Өскемен қаласының автокөлік иелері арасында өрт қауіпсіздігі ережелері көрсетілген иістендіргіштерді таратумен үлкен сауда үйінің тұрағында болған рейдке қатысты. «Hollywood» кинотеатрында киносеанс көрсетілер алдында азаматтарды үйрету үшін өрт қауіпсіздігі бойынша ролик көрсетіледі. «Марат М» ЖШС қала автобустарында және трамвай бағдарларында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі жадынамалар, «Рост Лифт» ЖШС көмегімен қаланың тұрғын үйлерінде жеделсатыларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі 200 жаднама орналастырылды, сонымен қатар денсаулық сақтау объектілеріне 50 жаднама, бау-бақша қоғамы арасында 162 жаднама, «Бургер Клаб» дәмханасына келушілер арасында 100 жаднама таратылды.

336 баланы қамтыған «ВСШ КОД» КММ, ШҚО ББ, «№ 24 мектеп» КММ, «№ 7 мектеп» КММ балалардың тентектігінен болатын өрттердің алдын алуға бағытталған, ШҚО ТЖД бірлескен театрланған спектакль өткізілді. Өскемен қ. әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» КМҚК жас құтқарушылар кружогы оқушыларының арасында балалар суретінің және шығармаларының байқауы өткізілді. «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша балалар арасындағы суреттердің байқауы ұйымдастырылды. Өрт қауіпсіздігі бойынша «Алтай» қайырымдылық мекемесінің оқушыларымен сабақ өткізілді.

Өскемен қаласының орталық көшелеріндегі «STREET RADIO» қалалық тарату желісінің құрылғысы бойынша өрт қауіпсіздігі ережелеріне халықты құлақтандыру жүзеге асырылды. Құлақтандыру қоғамдық көліктің аялдамаларында және жүргінші аймағында жүргізілді. Өскемен қаласында хабарландыру мына уақыттарда жүзеге асырылады: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін келесі орындарда: «Ануара» СҮ (аялдама кешені және жүргінші жолы), «Эмилия» СҮ (аялдама кешені және жүргінші жолы), «Спорт сарайы» ауданы (аялдама кешені және жүргінші жолы), «Евразия» СҮ (аялдама кешені және жүргінші жолы), «Заречный» базары, «Спорт сарайы» аялдама кешені, қала автобекеті ауданында (Абай даңғ.) Тәуелсіздік даңғ. 4/2, «Ивушка» дүкені ауданы. Күнделікті қамту аудиториясы 25 мың адам. Қала әкімдігінің Ішкі саясат бөлімімен бірлесе қала әкімінің сайтында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша ролик орналастырылды. «Авторадиоға» (104,7 FМ) болған өрттер және олардағы адамдар өлімі туралы ақпарат, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі профилактикасы бойынша материалдар жолданады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі берген кестеге сәйкес «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ракета-тасығышты ұшыру кезінде авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын жоғары дайындыққа келтіру жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды.

Өскемен қаласы бойынша жұмыс істемейтін электрдабылдарды қалпына келтіру мақсатында 13 электрдабылына шолып техникалық қарау жүргізілді. Электрдабылдарын қарау актісі жасалды, онда себептері көрсетілді және қалпына келтіру үшін ұсыныстар берілді.

2016 жылдың есеп кезеңінде Өскемен қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлерімен әртүрлі төтенше сипаттағы жағдайларға және оқиғаларға 29 шығу болды.

Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі.

Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күнінің аясында, қаланың шаруашылық объектілерінде біршама шаралар жоспарланды және өткізілді: жоспардан тыс жаттығулар, авариялық жағдай бойынша машықтанулар, сейсможаттығулар, дәрістер мен әңгімелесулер, тестілеу, стендті жаңарту, экскурсия, фильмдерді көру және т.б. Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқыту-өндірістік комбинаты» КММ базасында «Азаматтық қорғау күні. Өскемен қ. ТЖБ қызметі және 2015 жылдың қорытындысы» тақырыбына интерактивтік сабақ өткізілді. Арнайы техникаларды және авариялық-құтқару құрылғыларын көрсетумен «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжінің студенттеріне, қала мектептерінің оқушыларына ШҚО ТЖД базасында ашық есік күні ұйымдастырылды. «Қазақстан-Өскемен» телеарнасымен бірлесе өрт қауіпсіздігі тақырыбына суреттер байқауы өткізілді. «Эставелла» балалар-жасөспірімдер клубының жас құтқарушылар сыныбының оқушыларымен қарда сурет салу байқауы және ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының кинологтарымен кездесу өткізілді. № 20 орта мектепте алғашқы көмек көрсету және спорттық жарыс бойынша жарыс өткізілді. Сабақтар, байқаулар және ашық есік күндері күнделікті сабақтарға қарағанда мейлінше тиімдірек. Көрнекті мысалдар нақты қауіпті бағалауды және өзін ұстау ережесін жасауға мүмкіндік береді.

Қала халқын оқыту және азаматтық қорғау күштерін, басқару органдарын дайындау бойынша негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес шаруашылық объектілерінде өткізілді:

- кешенді жаттығу - 5,

- объектілік машықтанулар - 4,

оның ішінде оқу орындарында - 2,

-командалық-штабтық жаттығу - 27,

- тактикалық-арнайы жаттығу - 17,

- сейсможаттығу - 75,

- апаттық жағдай бойынша жаттығу - 75.

Басқарманың 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес келесі жаттығуларға қатысты:

- 2016 жылдың 3-4 наурызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі орынбасарының басшылығымен «2016 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңі жағдайында төтенше жағдай салдарын жоюдағы іс-қимылға басқару органдарын, АҚ мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбына «Көктем-2016» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы;

«Көктем-2016» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Өскемен қаласының ТЖ басқармасымен 2016 жылы 3 наурызда «2016 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңі жағдайында төтенше жағдай салдарын жоюдағы іс-қимылға басқару органдарын, АҚ мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбына тактикалық-арнайы жаттығуы өткізілді.

Мына тақырыптарға штабтық жаттығулар:

- 26 ақпанда «Көктем кезеңіндегі ТЖ жою бойынша басқару органдарының, ТЖ комиссиясының, авариялық-құтқару күштерінің іс-қимылы»;

- 3-4 наурызда «2016 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіндегі ТЖ жоюға басқару органдарының, АҚМЖ күштері мен құралдарының дайындығы»;

- 8 сәуір «Табиғи өрттерді жою бойынша басқару органдарының, қаланың ТЖ комиссиясының, авариялық-құтқару қызметі күштерінің іс-қимылдары».

«УК КЗ» сайтында қала тұрғындары үшін өрт қауіпсіздігі сұрақтары бойынша «кері байланыс» ұйымдастырылды. Апта бойы «Сұрақ-жауап» айдары жұмыс істеді, онда тұрғындар өздері қызықтырған сұрақтарды қалдырып, Өскемен қ. ТЖБ МӨББ мамандарынан жауап алды. «УК КЗ» сайтында және Өскемен қ. ТЖБ өтініш берген кезде сауалнама арқылы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы тұрғындардан сұрау жүргізілді.

«Үлбі» Қалалық әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ қызметкерлерімен және басшылығымен, газбен жабдықтау ұйымдарымен, Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» филиалының директорларымен, қаланың кәсіпкерлерімен және шаруа қожалықтары басшыларымен, мектептердің әкімшіліктерімен дөңгелек стөл өткізілді. Сонымен қатар, білім беру нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім беру нысандарының басшыларымен семинар өткізілді.

38 мектеп жанындағы лагерлерде ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бірлесе ТЖ кезіндегі көшірілу жүргізілді.

2016 жылы ақпан айында «№20 орта мектеп» КММ базасында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мектептің 7 сыныбының оқушыларымен жарыс өткізілді.

ТЖ және оқиғалар туралы ақпаратты сапалы және жедел өңдеу мақсатында қала АҚ қызметтерімен, Өскемен қаласы әкімдігінің «138» қызметімен, ШҚО ТЖД ведомствосына қарасты мемлекеттік мекемелері және құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас және үйлесімділік ұйымдастырылған.

Құлақтандыру және жинақтауды жүзеге асыру үшін лауазымды тұлғалардың тізіміне түзетулер енгізілді. «ЖИНАЛ» дабылын алған кезде Өскемен қаласының ТЖБ жеке құрамын құлақтандыру сызбасы жаңартылды.

2 бөлім

Функционалдық мүмкіндіктерді жетілдіруге бағытталған шаралар

Қалалық ТЖ комиссиясының отырысы

Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссия отырысы ТЖ қалалық комиссиясының төрағасы- қала әкімімен бекітілген жоспарға сәйкес өткізіледі. 2016 жылға арналған комиссия жоспарында анықталған сұрақтарды қарастырумен ТЖК 4 отырысы өткізілді (екеуі жоспардан тыс), онда күн тәртібіне уақтылы шешімді қажет ететін, аса өзекті мәселелер енгізілді.

2016 жылдың отырысында келесі сұрақтар қаралды:

- 2016 жылдың су тасқыны кезеңіне Өскемен қаласының дайындығы;

- 2015-2016 жылдардың қысқы кезеңінің өту қорытындысы туралы;

- өрт қауіпті жағдай туындау жағдайындағы төтенше жағдайды жоюға қаланың дайындығы туралы;

- 2016 жылдың суға шомылу маусымында қала суайдындарында азаматтардың қауіпсіздік деңгейін жоғарылату және алдын алу бойынша шараларды орындау туралы;

- қаланың арық жүйесі;

- гидротехникалық құрылыстардың жағдайы туралы;

- Ушанов ауылы ауданындағы ескі арнаға Үлбі өзенінің арнасын бұру;

- радиоактивті капсуланы жою туралы;

- қорғаныс құрылысының жағдайы туралы;

- Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және СЭС Ертіс каскадының суды шығаруының жоғарылауына қатысты.

ТЖ комиссиясының хаттамалық шешімінде қойылған шаралар толық көлемде орындалады.

Қала ТЖ басқармасымен 2016 жылға арналған қалалық ТЖ комиссиясының жоспары жасалды және 2015 жылы 7 желтоқсанда Өскемен қаласының әкімімен бекітілді.

Жұмыс және жұмыстан тыс уақытта Комиссия мүшелерін құлақтандыру сызбасына түзету мен өзгерістер енгізілді.



Кадрмен жұмыс, адам ресурстарын басқару, оқыту, біліктілікті жоғарылату

Есеп кезеңінің жағдайына Өскемен қаласының ТЖ басқармасындағы штаттың саны - 21 адам, оның ішінде: 4 лауазым әкімшілік мемлекеттік қызметшілер, 3 лауазым әскери және 14 ӨҚБ қызметкерлерінің лауазымы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауды және білуді насихаттау мақсатында бөлімшеде қызметкерлерді құқықтық оқытуға аса көңіл бөлінеді. Жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша Басқарманың жеке құрамымен «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы өкілдерінің қатысуымен 4 және ШҚО бойынша Қазақстан Ұлттық ассамблеясы өкілінің қатысуымен 1 дөңгелек стөл өткізілді.

Кәсіби қызметті және физикалық дайындықты ұйымдастыру жөніндегі ШҚО ТЖД бекітілген жоспарына сәйкес топтық сабаққа жеке құрам 100% қатысты.

Министрліктің оң имиджін қалыптастыру бойынша жұмыстар

ТЖ алдын алу және жою, зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі жұмыстар облыстық, сондай-ақ Республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланып тұрды.

«Пожарный и спасатель» журналына орналастыру үшін материалдар жүйелі түрде дайындалады, жылдың басынан бастап «Пожарный и спасатель» журналына 15 мақала жолданды, оның 3-і жарияланды.

Қала теле-дисплейлерінде Өскемен қаласының Ішкі саясат бөлімімен бірлесе халық үшін әлеуметтік роликтер орналастырылды.

Алдын алу және тұрғындарды ақпараттандыру, сонымен қатар қоғамдық дүрбелең тудырған, болған ТЖ мен оқиғалар туралы нақты ақпаратты жеткізу мақсатында Өскемен қ. ТЖБ қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарында шығулар, брифингтер, баспасөз-конференциялары ұйымдастырылады және өткізіледі.

2016 жылы өткізілді:

12 қаңтар – «Крещение Господне» православтық мерекесін өткізу кезеңіндегі қауіпсіздік сұрақтары бойынша баспасөз-конференциясы;

9 наурыз - су тасқыны қауіпті кезең жөнінде баспасөз-конференциясы;

22 сәуір – өрт қауіпті кезеңде ӨҚЕ сақтау және орман-дала өрттерінің алдын алу жөнінде БАҚ-мен брифинг;

27 мамыр- суға шомылу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша баспасөз-конференциясы.

2016 жылдың басынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында әртүрлі баспаларды 117 мақала шықты, республикалық және облыстық маңыздағы телеарналарда 42 бейнекөрініс көрсетілді, «МИКС» және «Авторадио» радиосында 82 шығу болды, ҚР ІІМ ТЖК және қала әкімінің, «УК Ньюс», «Устинка Live», УК КЗ, ШҚО ТЖД сайттарында 251 материал орналастырылды.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқыту-өндірістік комбинаты» КММ базасында мына тақырыптар бойынша онлайн режімінде 9 интерактивтік сабақ өткізілді: «Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережесі», «Азаматтық қорғау күні, «Баршаның назарына» сигналы», «Су тасқыны және су басу кезінде тұрғындардың іс-қимылы», «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет», «Суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «ҚР ІІМ ТЖК КТИ түсу ережесі»- 2 сабақ, «Орман-дала өрттерінің алдын алу». Қаланың 273 мектебі қамтылды, 5919 оқушы қатысты.

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын толықтыру мақсатында Өскемен қ. ТЖ басқармасымен кең көлемде үгіт-түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Өскемен қ. ТЖ басқармасының мамандарымен қала мектептеріне бару кестесі жасалды. 42 кәсібибағдарлық дәріс жүргізілді, ҚР ІІМ ТЖК КТИ түсу ережесі туралы бейнеролик көрсету ұйымдастырылды. 768 үгіт брошюралары таратылды. 2015-2016 жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында ҚР ІІМ ТЖК КТИ туралы 8 мақала, «МИКС» және «Авторадио» радиостанциясында 8 ақпарат, ҚР ІІМ ТЖК, ШҚО ТЖД сайтында 9 ақпарат шықты.

2016 жылы 21 қаңтарда «Эставелла» БЖК жас құтқарушылар сыныбы арасында ШҚО ТЖД манежінде спорттық арыс өткізілді.

2016 жылы 8 ақпанда және 20 мамырда «Болашаққа 100 қадам» атты бағдарламасы аясында «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының «Қазақстан -2050» бағдарламасына Өскемен қ. ТЖБ АҚБ бастығы В.С. Литвиненко және ШҚО ТЖД КЖБ бастығы Б.С. Жүрекбаев қатысты.

2016 жылы 13 мамырда 170 оқушының қатысуымен жылсайынғы Жас өртсөндірушілер дружинасы жарысы өткізілді.

2016 жылы 18 мамырда ШӨАЖҚЖ судан-құтқару станциясыеың базасында жас құтқарущылар сыныбы оқушылары үшін суға кетушіге алғашқы медициналық көмек көрсету, судағы қауіпсіздік шаралары бойынша шеберлік-сыныбы өткізілді және жас құтқарушылар қатарына жаңа қабылданғандардың ант қабылдауы болды.

Патриоттық тәрбиелеу аясында Өскемен қ. ТЖБ және Өскемен қаласы әкімдігінің «Жігер» Өскемендік балалар-жасөспірімдер клубының бірлестігі» МКҚК «Эставелла» балалар-жасөспірімдер клубының жас құтқарущылар сыныбының тәрбиеленушілерімен ҰОС ардегерлеріне және тыл еңбеккерлеріне, қызметтің зейнеткерлеріне шаруашылықтарына көмектесу ұйымдастырылды.

Өскемен қаласының кәсіпорындарында Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлерімен 2016 жылы 3919 адамды қамтыған 3549 нұсқаулық (2015 жылы-4912 адамды қамтыған 4058 нұсқаулық), 5297 адамды қамтыған 232 дәріс өткізілді (2015 жылы- 5736 адамды қамтыған 167 дәріс), «дауыс зорайтқыш жүйесімен»- 24 (2015 жылы – 51) шығу болды.

Кейбір көрсеткіштердің төмендеуі тексеру қағаздарының қайта тіркелуіне байланысты қаңтар айында қала объектілеріне жоспарлы тексеру жүргізілмегендігімен түсіндіріледі.

Жекеменшік секторындағы тұрғын үйлердің жалпы саны – 18 402. 2016 жылдың басынан бастап нұсқаулық өткізумен және түбіртек-ұсыныстар тапсырумен 6458 тұрғын үйді аралау жүргізілді. Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің және полиция қызметкерлерінің қатысуымен 643 адамды қамтыған 13 жиылыс ұйымдастырылды және өткізілді. Өскемен қаласының ІІБ қызметкерлерінің қатысуымен тұрмысы нашар отбасылар бойынша 266 адамды қамтыған 10 рейд жүргізілді.

Есеп беру және жоспарлау жүйесін жетілдіру

2016 жылға арналған ҚР ІІМ ТЖК жұмыс жоспарының негізінде, ШҚО ТЖ Департаментінің жұмыс жоспары негізінде Өскемен қ. ТЖБ жоспары жасалды және ШҚО ТЖД бастығымен бекітілді.

2016 жылдың 2 тоқсанында дайындалды:

- ТЖД жауаптар - 160;

- «ВТИССА» РМК сұранысы бойынша ТЖД жауап – 16;

- бақылау карточкасына жауап - 2;

- жеке тұлғалардың үндеуіне жауап - 375;

- негізгі қызмет және жеке құрам бойынша бұйрықтар жасалды - 37;

- шаруашылық объектілері мен меморгандардың сұранысы бойынша ақпарат - 10;

- Өскемен қаласы әкімдігінің, ұйымдардың, мекемелердің атына талапты хаттар дайындалды - 41.

ТЖД бастығы жанындағы жедел отырысы хаттамасының шешімін орындау барысы туралы қала ТЖ басқармасымен уақтылы қызметтік хаттар жолданды.

Өскемен қаласында төтенше жағдайлардың және адам өлімінің алдын алу, қадағалау-профилактикалық қызметті жақсарту мақсатында жасау қажет:

1. ҚР ІІМ ТЖК жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың тамыз айында бұрын берілген ұйғарымдаманы орындау үшін оқу жылы басталар алдында білім беру объектілерінде жоспардан тыс тексеру өткізу.

2. 2-ші жартыжылдыққа арналған жоспарланған кестемен объектілерді тексеруді қамтуды 100 % қамтамасыз ету.

3. Мәжбүрлеп айыппұлдарды өндіру бойынша сот орындаушыларымен жұмысты жалғастыру, айыппұлдарды өндіруді 100%-ға жеткізу.

4. Суға шомылу маусымында қала суайдындарында адамдар өлімінің, сонымен қатар өрттерде адамдар өлімінің алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыру.

5. Төтенше жағдайдың алдын алу профилактикасы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті полиция қызметімен, мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынаста тығыз жұмыс жасауды жалғастыру.

6. Бағыныстылардың өздерінің қызметтік міндеттерін орындаған кезде заңдылықты сақтауына бақылауды күшейту.

7. ТЖ болғандағы іс-қимылға тұрғындарды оқытуға және алдын алуға бағытталған іс-шараларды орындауға барлық нақты шараларды қабылдау.

Қорытынды: Жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалды, басқармамен белгіленген мақсаттар мен мүдделерге ағымдағы уақытта қол жеткізілді.




«ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД

Өскемен қ. ТЖ Басқармасы» РММ

бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі А. Мұхаев
жүктеу 285,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау