2004 жылѓы Шыѓыс Ќазаќстан облысындаѓы м±раѓат ісін



жүктеу 271,47 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі271,47 Kb.
#14988

Структура власти_исполнительная власть_ управление архивов и документации
2005 жылдың І Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін

дамытудың негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы

Есеп
Облыстағы мұрағат ісін дамытуды мемлекеттік реттеу.
Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің 2005 жылдың І жартыжылдығындағы іс-әрекеті Қазақстан Республикасының “Ұлттық мұрағаттар қоры және мұрағаттар туралы”, “Қазақстан Республикасының “Ұлттық мұрағаттар қоры және мұрағаттар туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мұрағатты дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелерін және 2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасын, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің бұйрықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпараттар және спорт министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару бойынша комитеті алқасының бұйрықтарын, орта мерзімді салалық бағдарламалар мен жоспарлы тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталды.

Облыс мұрағат мекемелері жоспарларындағы басты орынды 18 ақпанда жария болған ел Президентінің жыл сайынғы Үндеуінде баяндалған міндеттерді орындау бойынша іс-шаралар алады: Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылықтары бар, шет мемлекеттер мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен ХV-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттар іздестіру және олардың көшірмелерін алу бойынша бағдарламаны орындау, облыс мемлекеттік мұрағаттарының торабын кеңейту және материалдық-техникалық базасын жаңалау, Қазақстанның құжатты тарихи-мәдени мұрасын сақтау және жан-жақты пайдалану. Бірінші жартыжылдықта облыс әкімі В.В. Храпунов қатысқан ел Президентінің Жолдауын талдау бойынша идеологиялқы активке қатыстық, онда бейнетүсірілімдер жасап, облыс мемлекеттік мұрағатының «Шығыс Қазақстанның атын шығарған әйгілі есімдер» көрмесі қойылды; ШҚМТУ базасында облыс Әкімі аппараты өткізген “Электрондық басқару: проблемалары және ендіру болашағы” халықаралық конференциясына қатыстық.

Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарулар деңгейлері және бюджеттік қатынастар арасындағы уәкілеттілікті айыру сұрақтары бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңының шығуына байланысты және облыстық әкімдіктің мұрағаттар басқармасын мұрағаттар және құжаттама басқармасына өзгертуі туралы Қаулысының негізінде басқарма, облыс мұрағат мекемелері қайта тіркеуден өтіп, Ережеге өзгертілді және осыған байланысты процедуралар жүзеге асырылды. Мұрағаттар басқармасының бастығы Қазақстан Республикасы ақпараттар және мұрағаттар комитеті өткізген мәжіліске қатысты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы №183 “Ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік және ведомствалық мұрғаттардың пайдалану ережелерін бекіту туралы” Қаулысын практика жүзінде іске асыру жалғастырылуда.

Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы облыстық әкімдік қаулысымен бекітілген Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті мерекелеуге дайындық және оны өткізу бойынша ісшаралар жоспарының құрамдас бөлігі ретінде кіретін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына мерекелеуге арналған іс-шаралардың жиынтық жоспарын жасады. Осы жоспар аясында облыс мұрағатшылары соғыс ардагерлеріне “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша құжаттар коллекциясын” толықтыру үшін жеке бас текті құжаттарын мемлекеттік мұрағаттарға өткізу туралы Үндеу, сонымен қатар, мүдделі ұйымдарға облыс мемлекеттік мұрағаттарында сақтаулы әскери кезең құжаттары туралы бастамалы хат әзірледі. Мұрағаттар басқармасы соғысқа қатысушылар жадындағы естеліктерден “От Советского Информбюро” (Кеңес Информбюросынан) кітабын, облыс ЖТҚО “Завтра возвращаюсь на фронт” (Ертең майданға қайтып ораламын) және “Всегда в строю” (Әрқашан саптамын) атты 2 кітапша, бірқатар мақалалар басып шығарды және фотоқұжатты көрмелер әзірледі (толығырақ 3-ші бөлімде айтылады). Соғыс мүгедектері мен қатысушыларына дербес көмек көрсету, врдагерлік қозғалысқа материалдық қолдау жасау үшін арнайы “Жеңіс қорына” облыс мұрағат мекемелері қаржы аударды. ШҚО ішкі саясат департаментінің тасырмасы бойынша облыс мұрағатшылары Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 60-жылдығын мерекелеу туралы республикалық кітапты дайындау үшін қажетті мұрағат қорларындағы ардагерлер естеліктерін анықтау және көшірмелеу жүргізілді.

2005 жылдың жоспарында қарастырылған тілдердің қызметі мен дамуы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде, 2005-2010 жылдарға арналған іс-жүргізуге мемлекеттік тілді енгізу жоспар-графигі жасалды.

Барлық деңгейдегі әкімдер аппаратымен бірлескен іс-шаралар аясында облыстағы мұрағат ісінің дамуы және мұрағат қызметінің аса көкейтесті мәселелері бойынша ақпараттандыру өткізіліді: облыс әкімінің алдына облыс мемлекеттік мұрағатына арналған арнайы ғимарат құрылысы туралы мәселе көтерілді және ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне облыс мемлекеттік мұрғатына сыйымдылығы 1 миллион сақтау бірлігі болатын ғимарат құрылысының қажеттілігі туралы хат-негіздеме жіберілді.

ШҚО әкімі аппаратына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2005 жылға арналған айтулы және естелікті күндер тізбесі және ШҚО мұрағаттар мен құжаттама басқармасының ақпараттандыру бойынша іс-шаралар жоспары, қала халқына және облыстың мемлекеттік органдарына мұрағаттар мен құжаттама басқармасының және обылс мемлекеттік мұрағтының көрсететін мемлекеттік қызметтерінің тізбесі жіберіліді. Шемонаиха аудандық әкімдігінің мәжілісінде “Ауданның мемлекеттік мұрағатындағы және аудан заңды тұлғаларының ведомствалық мұрағаттарындағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету туралы” ақпарат тыңдалды. Аудандық мұрағаттың жұмысы әкімнің оң бағасына ие болды. Облыс ЖТҚО-ның 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыста Семей қаласының Әкімі мен Әкім орынбасары, мұрағаттар басқармасы бастығы, облыс мемлекеттік мұрағаты директоры, қаланың ғылыми және мәдени қоғамдарының өкілдері, қала ұйымдары мен мекемелерінің басшылары қатысты, қатысушылар облыс ЖТҚО-ның қала мекемелері әрекетін ақпаратпен қамтамасыз етудегі роліне жоғары баға берді.

Зырян филиалының оқу залында “Құжаттандыру, құжаттаманы басқару және құжатардың сақталуын қамтамасыз ету” тақырыбына Зырян ауданы және Зырян қаласы әкімдіктерінің көшпелі мәжілісі болып өтті.

Қазақстан Республиасы ақпараттар мен мұрағаттар комитетіне Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаттарында Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына 10-жыл толуына арналған басылым үшін анықталған құжаттардың тізбесі және 2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының мерейлі және айтулы даталарының тізбесі, сонымен қатар, біздің 2006-2008 жылдарға арналған мұрағат ісіні дамытудың республикалық бағдарламасына облыс мемлекеттік мұрағаты үшін арнайы ғимарат құрылысын енгізу туралы ұсынысымыз; әнші М.Д. Александровичтің орындауындағы шығармалар тізбесі (грампластикаларға жазылған жазбалар); 280 беттен тұратын мұрағат құжаттары мен материалдарының “Қайта оралған тарих” көрмесіне арналған, шет мемлекеттер мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен анықталған және алынған құжаттар тізбесі мен көшірмелері жіберілді;

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінің ұйымдарындағы іс жүргізу мен құжаттардың сақталуы жағдайына мемлекеттік тексеру өткізу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мұрағаттар басқармасы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді: 87 ұйымды қамтитын тексеру графигі жасалды, облыс мұрағат мекемелеріне дәне тексеріліп отырған жүйенің басқармалары мен департаменттеріне хаттар жіберілді. Наурызда басталып, тексеру маусым айында аяқталды. Облыс мұрағаттар мен құжаттама басқармасының СТК-ның қарауына сұрақтар әзірленуде.

Облыс мұрағат мекемелерінің жұмыстары алқалы органдар шешімдерінде, дирекция мәжілісінде көрініс тауып отырды: 2004 жыл жұмысының қорытындысы туралы, 2005 жылдың жоспарлы тапсырмаларын орындау туралы, облыс мемлекеттік мұрағаты қабылдаған Өскемен қорғасын-мырын комбинатының құжаттары бойынша сұраныстарды орындау туралы, жеке қор ұстаушылармен жұмыс қорытындысы туралы, кинофотоқұжаттар іздестіру нәтижесі мен облыс ЖТҚО оқу залының жұмысы туралы.

Облыс мұрағаттар мен құжаттама басқармасының СТК-ның және облыс ЖТҚО-ның СТӘК-ның 10 отырысында бекітілді: 9686 сақтау бірлігі басқарма құжаттамалары, 264 сақтау бірлігі жеке бас текті құжаттар, 99 сақтау бірлігі ҒТҚ, 200 сақтау бірлігі фото, 3 сақтау бірлігі киноқұжаттар, 8652 сақтау бірлігі жеке құрам құжаттары, 100 сақтау бірлігі ЕБҚ тізімдемелері, 258 сақтау бірлігі басқарма құжаттамалары және 348 жеке құрам істерін қайта өңдеу қорытындысы бекітілді; Бородулиха аудандық мұрағаты тапсырған Сахановск және Буркотовск сельсоветтерінің тізімдемелерін жетілдіру қорытындысы қаралды. 28 мекеменің істер номенклатурасы келісілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге арналған бблыс мемлекеттік мұрағаты тапсырған “Олар Отан үшін шайқасты”, Лениногор филиалы тапсырған “Әр шахта қамалға, әр қорғасын түйірі оққа айналды”, Зырян филиалы тапсырған “Біз бұл күнді қолымыздан келгенше жақындаттық”, облыс ЖТҚО-ның “Кеңес Одағының Батыры – Силин Н.Н.”, “Жеңіс әкелген мамыр”, “Г. Косановтың 70 жылдығына”, Бородулиха аудандық мұрағатының “Ол Отанын қорғады” көрмелерінің тақырыптық-экспозициялық жоспары, Бесқарағай аудандық мемлекеттік мұрағаты ұсынған “Ұлы Жеңіске 60 жыл” мектеп сабағының жоспары қаралып, бекітілді. Шет мемлекеттер мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінде анықталған Шығыс Қазақстан тарихы бойынша құжаттар коллекциясының тізімдемесі, ҚР ҰМҚ-ның республиканың тарихи-мәдени мұрасына объектілеріне жататын құжаттардың 1 сақтау бірлігінің аннотацияланған тізбесі (жиыны Лениногор полиметалл комбинаты бойынша 656 сақтау бірлігі қаралды) бекітілді. Облыс ЖТҚО “Әрқашан сапта”, “Ертең майданға қайта ораламын” кітапшаларының макетін, “ЖТҚО-на 85 жыл” буклетін бекітті. “Тұран Әлем Банкі”, Д. Калматаев атындағы медициналық колледжінің, “Казселезащита” Семей аймақтық ММ-нің филиалының СК төрағаларының есептері тыңдалды.

Басқарма штаттық кестесіне қосымша енгізілген 3 мемлекеттік қызметкерді қабылдау бойынша мұрағаттар мен құжаттама басқармасының 13 конкурстық комиссиясы өткізілді.

Мұрағаттар басқармасының бастығы, басқарма және облыс мемлекеттік мұрағат мамандары Астана, Мәскеу, Семей Зайсан, Аягөз қалаларына, Бродулиха, Георгиевка, Күршім, Молодежный ауылдарына іссапарлар жасады.


  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.


ҚР Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын

қамтамасыз ету
Есепті кезеңдегі облыс мұрағат мекемелерінің іс-әрекеті салалық “1994-2001 жылдарға және 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік мұрағаттардың сақтауындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын ұйымдастыруды дамыту және жетілділу бағдарламасын және 2005 жылға дейін есептелген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша болашақ жоспарды орындауға бағытталды.

Облыс мемлекеттік мұрағатының бас корпусында қызметтік жайлардың кезекті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесі орнатылды. Облыс ЖТҚО ғимаратында жаңа күзет сигнализациясы орнатылып, жұмыс істей бастады. Семей қаласы өртке қарсы қызмет мамандары облыс ЖТҚО-ның базасында оқу мен практикалық сабақ өткізді, осы сабақтар барысында өрт қаупі туған жағдайда атқарылатын іс-шаралар қайталанды. Облыс мемлекеттік мұрағаты азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі және ТЖ пайда болған жағдайдағы әрекеттер мәселелері бойынша қалалық семинар-мәжіліске қатысты, ЕӨД құрамы, объектіде азаматтық қорғаныс ұйымдастыру және енгзіу туралы бұйрықтарды жаңартты, сабақтар, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы нұсқаулықтар өткізілді.

2005 жылы мемлекеттік сақтаудағы құжаттарды сақтау бойынша міндетті түрдегі бақылау-профилактикалық ісшаралар кешенін орындау, сонымен қатар, оларды қабылдаудағы құжаттарды бейімдеу, қойманы дезинфекциялау, дезинсекциялау (арнайы қызметтер көмегімен), құжаттарды шаңнан тазарту жалғастырылуда. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын ұстап тұру үшін мұрағат қоймаларын желдету және дымқылдап сүртіп алу арқылы температуралық-ылғалдық режимді оңтайландыру іске асырылады.

Мұрағаттардың қалыпты тіршілік жағдайын қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін 2005 жылдың І жартыжылдығында жылу және электр жүйелерінің, су құбырларының, жылу және электрмен қамту жүйелері, және олардың кезекті жөндеу жұмыстары үнемі бақыланып отырды. Мұрағат мекемелері қысқа дайындықты бастады, Зырян филиалында сумен қамту құбырларын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізуге смета және ісшаралар жоспары жасалды, Лениногор филиалының ғимараты мңындағы ернеуді дайындау және цоколді жөндеу жүргізілді, Жарма филиалында 1 қабаттың терезелеріне тор орнатылды. Облыс мемлекеттік мұрағатының аумағында көгалдандыру мен қоршау орнату жұмыстары жүргізілді. 2005 жылдың І жартыжылдығында облыс мемлекеттік мұрағатында қағаз негізіндегі құжаттардың 21252 беті қалпына келтірілді, 1793 сақтау бірлігі реставрациядан тігілді. Жиыны 4473 сақтау бірлігі тігілді. Мұрағат мекемелері 22156 сақтау бірлігін картондады, 1786 қорап қолдан әзірленді. Облыс мемлекеттік мұрағаты 1353 сақтау бірлігін қайта картондады, 706 ескірген жапсырмалар ауыстырылды, 607 қорап шифрленді, 11119 бет номерленіп, 677 бума құрастырылды. Зырян филиалы 1499 бума құрастырып, 2700 бетті номерледі. Филиалдар 924 жапсырманы шифреледі. Аягөз филиалы 2900 бетті номерледі. Облыс ЖТҚО 31 істі түптеді, 13151 істің түптер жөнделді.

Облыс мемлекеттік мұрағатында өшуге айналған мәтіндерді анықтау мақсатында Большенарым, Самар, Катон-Қарағай аудандық партия комиттерінің 145 сақтау бірлігі (31500 бет) қаралып шықты. Өшуге айналған мәтіндердің 390 беті анықталып, 60 карточка жасалды. №19п “Қазақстан КП-ның Өскемен қалалық комитеті” қорындағы өшуге айналған мәтіндердің 50 беті қалпына келтірілді. Жарма филиалы өшуге айналған мәтіндердің 153 беті анықталды. Зайсан филиалы өшуге айналған мәтіннің 9 бетін қалпына келтірді; Лениногор филиалы өшуге айналған мәтіндерді анықтау үшін №40 Лениногор полиметалл комбинатының 50 сақтау бірлігі (5900 бет) қаралып шықты, 61 бет анықталып, 8 карточка жасалды, 10 бет қалпына келтірді. Жиыны мұрағат мекемелері өшуге айналған мәтіндердің 156 бетін қалпына келтірді.

Облыс мемлекеттік мұрағатында І жарты жылдықта 84022 сақтау бірлігіне шаңнан тазарту мен дезинфекция жүргізілді, Зайсан филиалы Алексеевка сельсоветінің көгерген шаруашылық кітаптарын формалин ерітіндісімен өңдеу жүргізді (10 сақтау бірлігі, 25 бет).

ЕБҚ-ды анықтау мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты 29210 сақтау бірлігін (4196 сақтау бірлігін бет бойынша, 25014 сақтау бірлігін атау бойынша) қарап шықты. Бұл “Казгипроцветмет” түсті металлургия кәсіпорнын жобалау бойынша Қазақ мемлекеттік институты, “Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жылдар) жылдарында” және Шығыс Қазақстан тарихы бойынша құжаттар коллекциясы, Шығыс Қазақстан облыстық халық бақылау комитеті. 73 ЕБҚ анықталды.

Осы мақсатта Жарма филиалы №1 “Халық депутаттарының Шар аудандық кеңесі және оның атқару комитеті” қорының 1360 сақтау бірлігін атау бойынша, 560 сақтау бірлігін бет бойынша қарады, Зырян филиалы №6 “Халық депутаттарының Катон-Қарағай аудандық кеңесі және оның атқару комитеті” қорының 438 сақтау бірлігін атау бойынша, 398 сақтау бірлігін бет бойынша қарады, Лениногор филиалы №40 “Лениногор полиметалл комбинаты” қорының 488 сақтау бірлігін қарап, 14 ЕБҚ анықтады және оны тізімдемеледі. Мұрағатар басқармасының СТК-да ЕБҚ-дың 93 сақтау бірлігінің тізімдемесі бекітілді.

Бұдан өзге, Лениногор филиалы Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасы объектілерін анықтау мақсатымен №40 “Лениногор полиметалл комбинаты” қорының 656 сақтау бірлігін қарап шықты. Тарихи объектілерге 1917 жылдың 1 сақтау бірлігі жатқызылды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты ЕБҚ-ға сақтандыру қорын жасау бойынша жұмыстар атқарды. Лазерлі табаққа №41 Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасының 13 сақтау бірлігі, 386 беті (955,7 мб) көшірілді. Құжаттар 13 табаққа орналастырылды. Бұнда “Калбаолово”, “Нарымолово”, “Казолово”, “Калбаредмет”, “Убаредмет”, Зырян, Күршім кен басқармаларының 1940-1950 жылдардағы негізгі іс әрекеттері, іргелі салынымдары, іргелі құрылыстары бойынша жылдық есептері. Облыс ЖТҚО-да Семей облыстық жоспарлау комиссиясы қорының 2 сақтау бірлігі (176 бет) электрондық тасымалдаушыға ауыстырылды.

2005 жылдың І жартыжылдығында облыс мемлекеттік мұрағаты 1 және 2 санатты қорлар істерін түгендеп, олардың физикалық күйін тексерді. 102150 сақтау бірлігі тексеруден өтті. Тексерілген қорларға істердің табиғи жағдайын есепке алу туралы карточкалар жасалды. Облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары 2004 жылы пайдалануда болған 26646 сақтау бірлігін тексеріп шықты. Зырян филиалында 2919 сақтау бірлігі ішінара санитарлық-биологиялық тексеруден өтті.

Облыс мұрағат қоймаларынан оқу залдарында жұмыс істеу, әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сұраныстарды орындау, ҒАА жетілдіру, ЕБҚ анықтау, тізімдемелерді қайта өңдеу үшін 179730 сақтау бірлігі, 16824 іс тізімдемелерімен бірге берілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарында уақытша пайдалануға 243 с.б. берілді.

Мұрағат қоймаларында істерді тиімді орналастыру мақсатында филиалдарында 14730 сақтау бірлігінің, 1068 іс бумалары мен қораптың орындары ауыстырылды. Облыс мемлекеттік мұрағаты істерді мемлекеттік сақтау барыснда 751 сақтау бірлігі қайта шифрленді.

2005 жылдың І жартыжылдығында облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО-да 9735 құжат беттері (құжаттарды анықтауда және сұраныстарды орындауда) ксерокөшірмеленді.


Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебі.
2005 жылдың І жартыжылдығында облыстың мемлекеттік мұрағаттары 2004 жылы болған қор құрамындағы өзгерістер туралы мәлімет жасады (оның ішінде, құпия іс жүргізу істері). Бұдан өзге, облыс мемлекеттік мұрағаттарында 138 жаңа қор беттері жасалып, 17 қор бетінің жағасы жасалды, сонымен қатар 43 қор карточкалара (10 форма) жасалды және толықтырылды. Тізімдеме тізілімдеріне 59 жаңа тізімдеме енгізілді. Қор көрсеткілері үшін жеке құрам бойынша істер қорына 260 карточка жасалды, 240 карточка қалпына келтірілді. Филиалдар мен аудандық мұрағаттарда түсілімдерді есепке алу кітабына 56 қор енгізілді, 24 қорға қор карточкалары мен қор беттері жасалды.

“Архивный фонд” бағдарламалық кешеніне арнап 592 қор туралы ақпарат енгізілді.

Түгендеу барысында 44 қор бойынша есептік құжаттардың салыстырып тексерілуі жүргізілді.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі ведомствалық мұрағаттар және құжаттарды ұйымдастыру бойынша ұйымдастыру-әдістемелік басшылық. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мұрағаттары және олардың бірлестіктерімен жұмыс.
2005 жылдың І жартыжылдығында облыс мемлекеттік мұрағаттарында басқарма құжаттамаларының 7277 с.б., жекеқұрам бойынша құжаттардың 10432 с.б., және жеке бас текті 93 іс мемлекеттік сақтауға қабылданды. Облыс мемлекеттік мұрағаты 22 жеке кәсіпорындардан, фирмалардан жеке құрам бойынша 230 с.б. қабылданды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты І жартыжылдықта 6357 с.б. басқарма құжаттамаларын, 99 с.б. ғылыми-техникалық құжаттамаларды, оның ішінде 22 с.б., құпия іс жұргізу құжаттарын, 4200 с.б. жеке құрам құжаттарын, 127 с.б. жеке бас текті құжаттарды тәртіпке келтірді; 200 с.б. фотоқұжаттар; 3 есеп бірлігі киноқұжаттар (лазерлі табақта) тізімдемеленді. Ақылы қызмет есебінен 4419 с.б. басқарма құжаттамалары, 2783 с.б. жеке құрам құжаттары тәртіпке келтірілді.

Ұйымдар өз бетінше 2697 с.б. басқарма құжаттамаларын, 3685 с.б. жеке құрам құжаттарын тәртіпке келтірді.

Жұмыс жоспарына сәйкес облыс мемлекеттік мұрағатында сақтаулы тұрақты сақтау құжаттарына құндылығын анықтау бойынша мақсатты сараптама жүргізілуде – 1681 с.сб. басқарма құжаттамалары, 644 с.б. жеке құрам құжаттары (аудандық мұрағаттар) қаралып шықты. Іс жүргізу және мұрағат ісі саласында өзара қарым-қатынастық және ынтымақтастық туралы 44 келісім шарт жасалып, 7 келісім шарт ұзартылды, олар: жеке нотариустар," «Казаэронавигация» РМК, «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ММ, Семей мемлекеттік медицина академиясының клиникалық оқу орталығы және ШҚ обылстық халықты сауықтыру орталығы. Облыс мұрағатшылары құжаттаманы басқару қызметтері және ведомствалық мұрағаттар қызметкерлеріне істер номенклатурасын, СК ережесін, іс жүргізу бойынша нұсқаулық жасау, фирмалық бланклер жасау, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша 451 ұйымға әдістемелік және практикалық көмек көрсетті (оның ішінде 19 ұйымға бару арқылы), олар: Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы, Зырян және Зайсан аудандарының прокуратуралары, Шығыс Қазақстан облысының салық комитеті, Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, Шығыс Қазақстан облысы бойынша шоғырлану дайындығы мен төтенше жағдайлар департаменті, Алтай ботаникалық бағы, Семей қаласының әкімдігі, телекоммуникация түйіні, “Семей құс” ААҚ, “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты” ММ, Ұлттық ядролық орталық, Курчатов әділет басқармасы, “Семей” кедені, “Семагрострой” ААҚ, Алматы темір жол көлігі санэпидсараптамасы аймақтық орталығы, аудандық әділет басқармалары, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі жүйесінің облыстық және аудандық басқарма органдары, сонымен қатар, жаңадан құрылған облыстың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік басқарма органдары және көптеген тағы басқа ұйымдар.

Облыс мемлекеттік мұрағаты Шығыс Қазақстан облысы бойынша жағдайы жоқ борышкерлермен жұмыс комитеті басқармасына, Өскемен қаласының ішкі саясат бөліміне, Жарма филиалы орыс және мемлекеттік тілде жеке нотариус Л.П. Магильнаяға, облыс ЖТҚО Курчатов әділет басқармасына, Семей қаласы соттар әкімшісіне, №35 Семей қаласның орта мектебіне істер номенклатурасын жасады.

Есепті кезеңде мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға 215 істер номенклатурасы келісілді, оның 41 жабық сипаттағы іс жүргізу, 2 “ДСП” белгісімен, 66 мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Есепті кезеңде сараптау қызметтері құрылып, облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау көздері болып табылатын 86 ұйымда ҰӨҚ бланклері, ведомствалық мұрағат және СК туралы ереже келісілді, олар мына ұйымдар: Өскемен қалалық соты, Өскемен гарнизонының әскери соты, ШҚО бойынша арнайы ауданаралық экономикалық сот, Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, Зайсан Ертіс облыс аралық балық шаруашылығының бассейндік басқармасы, “Казаэронавигация” РМК-ның Өскемен аудандық аэродромы, ШҚ облыстық суда құтқару қызметі орталығы, “Казцинктех” ЖШШ және т.б.

2005 жылдың қаңтарында Зырян филиалы Зырян ауданының және Зырян қаласы Әкімдері аппараттарының бөлім басшыларымен “Құжаттандыру, құжаттаманы басқару, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету” тақырыбына семинар-мәжіліс өткізді. Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты ақпанда соттарды құжаттамамен қамтамасыз ету қызметінің 30 қызметкері қатысқан Шығыс Қазақстан облысы соттарының құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, уақытша сақтау және мемлекеттік сақтауға өткізу тәртіптері туралы семинар өткізді. Облыс мемлекеттік мұрағаты Өскемен қаласының қаржы бөлімі қызметкерлеріне іс жүргізу, құжаттарды ведомствалық сақтау сұрақтары бойынша оқу өткізді. Лениногор филиалының қызметкерлері Риддер қаласы мектептеріның құжаттамамен қамтамасыз ету қызметкерлері үшін “ҚР-сының мемлекеттік органдарындағы құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері” және “Ведомствалық мұрағаттар жұмысының негізгі ережелерін” (А., 2003 ж.) ендіру бойынша семинар өткізді. Үржар аудандық мұрағаты ауыл округтері хатшыларына Тұрпатты ережелерді ендіру бойынша семинар өткізді. Жиыны 5 семинар өткізілді.

2005 жылдың І жартыжылдығында мұрағаттар мен құжаттама басқармасы және облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі жүйесінің 80 ұйымы мен мекемелерінің іс жүргізу және құжаттарды сақтау жағдайына мемлекеттік тексеру жүргізді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы әділет министрлігі жүйесінің 22 ұйымына басқарманы құжаттамамен қамтамасыз ету және құжаттардың ведомствалық сақталуын қамтамасыз ету жағдайына кешенді тексеру жүргізілді. Жеке бас текті құжаттармен ұстаушылармен жұмыс аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауретаты, Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын жаңа әдістемемен оқытатын өзінің авторлық мектебі бар Қ.О. Битибаеваның жеке бас текті құжаттарымен жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша құжаттар коллекциясын толықтыру үшін Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құжаттары мен естеліктерін жинау бойынша жұмыстар жалғасуда. Соғысқа қатысушы, жазушы-журналист М.Ш. Мусиннің жеке қоры құжаттармен (қолжазбалар, повестер, кітаптар) толықтырылды; взвод командирі, Днепрді, Висланы, Бугты өтуге қатысушы, О.К. Кайсановтың қолжазбалары, наградалар тізімі, фотолары, алғыс хаттары мемлекеттік сақтауға алынды; Берлинге дейін жеткен, Сталинград шайқасына қатысушы К. Бейсекеновтың жеке қоры ақпараттық материалдар тігінділерімен толықтырылды. Жеңістің 60 жылдығына Зырян филиалына Ұлы Отан соғысына қатысушы ақын Мирбористің (Миролюбов Борис Николаевичтің) 44 өлеңі, Зырян қаласының құрметті азаматы, ҰОС-на қатысушы А.К. Алпысеваның құжаттарының 35 с.б., Зырян қаласының құрметті азаматы Д.С. Салимбаеваның құжаттарының 28 с.б. берілді.

Глубокое аудандық мұрағатында Кеңес Одағының Батырлары – жерлестеріміз Н.И. Казаченконың, Ф.С. Берестовтың және соғысқа қатысушы Г.Н. Куриннің жеке қорларын жинау және толқтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бородулиха аудандық мұрағаты Ленин атындағы колхоздың төрағасы, Социалистік Еңбек Ері, ауданның құрметті азаматы, Ленин және Еңбек Қызыл Ту үш орденінің иегері В.В. Еременконың және ҰОС-на қатысушы, Бородулиха ауданының құрметті азаматы Н.Ф. Никульшинаның жеке қорларын жасау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Шемонаиха аудандық мұрағаты ҰОС-на қатысушылар Г.И. Осипов, П.М. Макаровтардың жеке мұрағаттарын мемлекеттік сақтауға беру бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты “Студия РЕАЛ-ТАЙМ” ЖШС-мен облыс мемлекеттік мұрағатын бейнеқұжаттармен жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мемлекеттік сақтауға 4 бейнетаспа берілді, олар: “Байбатчиндер шоқ жұлдызы”, “Ертіс – үміт өзені”, “Л.Б. Шиктің мерейтойы”, облыс әкімінің соғыс ардагерлеріне әскери марапаттарды тапсыруы.

2005 жылдың 1 жартыжылдығында облыс мемлекеттік мұрағаты бейнетүсірілімдер жасады, олар: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қоғам алдындағы есебі, Өскемен қаласының 285 жылдығына арналған көрме, суретші калмыковтың картиналар көрмесі, облыс ЖТҚО-ның 85 жылдығын мерекелеу, Өскемен қаласындағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығына арналған арналған мерейтойлы ісшара. Облыс мемлекеттік мұрағатының Аягөз филиалы Аягөз ауданыдағы ҰОС Жеңісі мерекелеуді бейне таспаға түсірді.


3. Ақпараттық-іздестіру жүйесін жасау, ғылыми ақпарат,

құжаттарды пайдалану.
2005 жылдың І жартыжылдығында Жарма филиалы КСРО, Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі, еңбек ардагері С.Т. Тусупбековтың жеке бас текті 29 сақтау бірлігі, Ұлы Отан соғысына қатысушылар В.И. Куриловтың, А. Джумагуловтың (9 сақтау бірлігі) құжаттарн тізімдемеледі; облыс ЖТҚО мұрағат ісінің ардагері, Семей облаткомының мұрағат бөлімінің бұрынғы меңерушісі Т.Ш. Сагимбаеваның, ақын және публицист, ҚР журналистер Одағының мүшесі Ш.А. Калиакпаровтың (74 с.б.) құжаттарын тізімдемеледі. Облыс мемлекеттік мұрағатында жазушы Оралхан Бөкеевтің 39 с.б. жеке құжаттарын және жазушы-журналист М.Ш. Мусиннің 61 с.б. құжаттарн тізімдемелеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шемонаиха аудандық мұрағаты ҰОС қатысушы Д.К. Белозеровтың 20 с.б. жеке бас текті құжаттарын тізімдемеледі.

Жиыны облыс мемлекеттік мұрағаты 4997 с.б. басқарма құжаттамаларын, 343 с.б. жеке бас текті құжатарды, 99 с.б. ҒТҚ, 3 с.б. бейне, 200 с.б. фотоқұжаттар, 3 с.б. киноқұжаттар (дазерлі табақтар), 3320 жеке құрам істерін тізімдемеледі. Облыс мемлекеттік мұрағаты 40 с.б. сақтандыру қорын (лазерлі табақтар) тізімдемелеу жасады.

Облыс мемлекеттік мұрағатында Самар (872 с.б.), Глубокое (1258 с.б.), Марқакөл (1244 с.б.) және Зырян (1075) с.б. аудандарының бастаушы партия ұйымдары қорларын қайта өңдеу бойынша жұмыстары жалғастырылуда. Бет бойынша істердің құндылығын сараптау жүргізіліп, атаулар нақтыландырылуда. Жиыны 4449 с.б. қаралды. Зырян филиалы Еңбекші депутаттардың Зырян қалалық кеңесі құжаттарын – 1936 с.б. қайта өңдеу жасады, істерді жүйелендіру жүргізіліп, жоюға акт жасалды, алғысөз редакцияланды.

Облыс ЖТҚО-да Семей авиакәсіпорыны мен асбоцемент бұйымдары зауыты қорының 504 с.б. тарихи анықтама жасалды; Лениногор филиалы «Шығыс Қазақстан ВГСЧ штабы» және «Жетім балаларға арналған орталау мектеп-интернат» ММ қорларының 2280 с.б. тарихи анықтама мен жетіспейтін ғылыми-анықтамалық аппарат жасалды; Бородулиха аудандық мұрағаты сальсоветтер мен совхоздардың, 2 санаторидің қорларына – басқарма құжаттарының 2068 с.б. және жеке құрам бойынша 655 с.б.-не жетілдіру жұмыстарын жүргізді. Жиыны 4852 с.б. басқарма құжаттамалары және 655 с.б. жеке құрам құжаттары жетілдіріліді.

Зырян филиалы ҒАА жағдайы және есебі картотекасымен жұмысты жалғастыруда, 8 жаңа карточка жасалды және 43 қорға өзгеріс енгізілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті қорын каталогтандыруда 250 с.б. қаралып, 500 карточка жасалды; Лениногор филиалы 1952-1953 жылдардағы «Халық депутаттарының Лениногор қалалық кеңесі» қорының істерін каталогтандыруды жалғастыруда, 4 с.б.қаралып, 87 карточка жасалды; облыс ЖТҚО-да Семей облыстық әкімшілігі қорының 770 ісі қаралып, 610 карточка жасалды. Жиыны 1024 іс каталогтандырылды, 1197карточка жасалды, олар жүйеге келтіріліп, индекстелді және каталогқа қосылды. Облыс мемлекеттік мұрағаты ШҚО-ның жерді пайдалану бойынша шаруашылығы коллекциясы құжаттарына каталогтандыру жүргізілді – жиыны 80 с.б. қаралып, 80 карточка жасалды. Зырян филиалы «Заря Востока» газетінің фотоқұжаттары каталогы үшін 50 карточка жасады.

Зайсан филиалы жеке бас текті құжаттардың коллекциясына тақырыптық карточкалар жасады, 184 с.б. қаралып, 222 карточка жасады, карточкалар каталогқа қосылды. Облыс ЖТҚО-да Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген зоотехнигі Т. Мусиннің жеке бас текті құжаттарын каталогтандыру жалғасуда, 50 с.б. қаралып, 70 карточка жасалды. Жиыны жеке бас текті қорлар бойынша 234 іс қаралып, 292 карточка жасалды.

«Лениногорская правда», «ЛЗ сегодня», «Вечорка» газеттерінің тақырыптық талдануы нәтижесінде 114 карточка жасалып, жүйеге келтірілді, индекстеледі және каталогқа қосылды.

Лениногор филиалы тізімдемелердің толық жинағын жасау мақсатында «Абайский леспромхоз» акционерлік қоғамының және «Казпромтехмонтаж» АҚ Лениногор монтаждау басқармасы қорларының 5 тізімдемесінің жетіспейтін даналарындағы 105 атау қалпына келтірілді.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығын лайықты қарсы алу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі жұмыстар атқарылды:

Облыс мемлекеттік мұрағаты «Дидар», «Рудный Алтай» облыстық газеттеріне «Шығыс Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында» құжаттар коллекциясын толықтыру туралы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне үндеуі, шығысқазақстандық Кеңес Одағының Батырлары туралы «Қала көшелері олардың есімдерімен аталады», Кеңес Одағының Батыры Т.Тоқтаров туралы «Оның аты өлмейді», «Ержүрек Шағила», «Шығыстың ержүрек ұлдары» мақалаларын жариялады; Зырян филиалында Ұлы Отан соғысына қатысушы В.М. Радченконың туғанына 80 жыл толуына арнап «Бұл адамдар шегедей мықты», «Зырян қаласындағы Жеңіс күні», «Майданнан хат», «Ұмыт қалған Ася әжей», «Хатынь Набаты», «Жеңісті қолдан келгенше жақындаттық» мақалалары әзірленіп, «Рудный Алтай» облыстық газетінің тілшісіне мұрағатта сақтаулы Ұлы Отан соғысы құжаттары және Жеңісті мерекелеуге филиалдың атқарған жұмыстары туралы сұхбат берілді. Глубокое аудандық мұрағаты аудандық газет үшін Кеңес Одағының батыры Ф.С. Берестов туралы «Ертіс маңы оттары» және ҰОС ардагері Г.Н. Курин туралы «Қос мерейтой» мақалаларын әзірледі. Лениногор филиалында «Жауды жеңем деп ант беремін» (майданнан келген хаттар бойынша), «Кап Аркон» - өлімнің жүзбелі карцері»; Ю.А. Гагарин атындағы Лениногор сегізжылдық мектебінің ашылуына 45 жыл толуына байланысты «Сөзге өмір берілді» мақалалары дайындалды. Бородулиха аудандық мұрағаты соғыс ардагерлері мен тыл еңбекерлері туралы «Біз олардың ерлігін бағалаймыз», Көкпекті аудандық мүрағаты «Ер ерлігі өлмейді» мақалаларын дайындады. Обылстық «Рудный Алтай» газетіне ақын-ән шығарушы Ф. Карбушевтің жеке қорындағы құжаттар туралы «Қымбатты қол таңбалар» мақаласы жарияланды. Жиыны 37 мақала жарияланды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты 4 фотоқұжатты көрме әзірледі: «Армия ерлігі, халық еңбегі ғасырлар бойы жарқырайды», облыстық этнографиялық мұражаймен бірлесе отырып «Шығыс Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары», «Әскер даңқының батырлары», «… тыл майдан үшін жеңіс жасады» көрмелері; Зырян филиалы «Біз бұл күнді қолдан келгенше жақындаттық», Жарма филиалы «Құтқарылған әлемнің жадында», Лениногор филиалы «Әр шахта қамалға, әр қорғасын түйірі оққа айналды», көрмелерін, Аягөз және Зайсан филиалдары Жеңістің 60 жылдығына арналған 2 көрме әзірледі. Облыс ЖТҚО «Кеңес Одағының Батыры Н.Н. Силин», «Жеңіс әкелген мамыр», «Г. Косановтың 70 жылдығына» көрмелерін, Бородулиха аудандық мұрағаты «Ол Отанын қорғады» және басқа көрмелер даярлады. Барлығы облыс бойынша 21 көрме жасалып, халық назарына ұсынылды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты есепті кезеңде «Шығыс Қазақстанның атын шығарған әйгілі есімдер» фотоқұжатты көрмесін әзірлеп, осы көрме құжаттары бойынша телехабар әзірледі. Көрме Шығыс Қазақстан облысы әкімі қатысқан ел президентінің Үндеуін талдау бойынша облыс идеологиялық активі мәжілісіне қойылды. Көрме облыс мемлекеттің мұрағатының оқу залына орналастырылды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, психология және мәдениет институтына, облыстық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің кеңесіне «Шығыс Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында» құжаттар көрмесін толықтыру туралы, ШҚМУ-дың филология және журналистика институтына Н.А. Петровскийдің «Словаря русских личных имен» (Орыстың жалқы есімдер сөзідігі) басылымының 40 жылдығы туралы ақпараттық-бастамалық құжаттар жіберсе, Зайсан филиалы әкімдік үшін «Тыл еңбекері және тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысушы М. Бурханова туралы», Тарбағатай аудандық комитеті мен Зайсан аудандық әскери комисариаты туралы ақпараттар әзірледі; Зырян филиалында әкімдіктер үшін «ШҚОММ Зырян филиалындағы Жеңістің 60 жылдығына қатысты құжаттардың болуы туралы» 3 ақпараттық хат әзірленіп, керек жерлерге жіберілді. Облыс ЖТҚО татар қоғамдық-мәдени орталығының 15 жылдығы мен Семей губерниялық статистикалық бюросының құрылуына 85 жыл толуына байланысты 2 ақпараттық хат әзірледі. Лениногор филиалы Лениногор қалалық сотының құрылуына 45 жыл тлуына байланысты және Алтай ботаникалық бағының құрылуына 70 жыл толуына орай екі ақпараттық хат дайындады.

Барлығы облыс бойынша 16 ақпараттық құжат әзірленді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты «Біздің қаламыздың көшелері Батыр жерлестерміздің атымен аталады», «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының құжаттары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы», «Туған қала көшелері» - Большой (Киров) көшесінің тарихы туралы, Шығыс Қазақстанның әйгілі тұлғалары көрмесінің материалдары бойынша 4 телехабар әзірледі, Зырян филиалы «Зыряндықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда және тылда» телехабарын дайындады; облыс ЖТҚО жергілікті телебейне эфиріне шыққан «Семейдегі Ертіс маңының сауда байланыстары» құжаттар жинағының тұсаукесері туралы, семейлік Кеңес Одағының Батырлары А. Ибраев, Г.Д. Будник, Ж.А. Молдагалиев туралы «Майданнан хат», ЖТҚО-ның Жеңіс мерейтойын мерекелеуге дайындығы бойынша іс-шаралар туралы «Сіздің сауалыңыздың сәті» телехабарларын әзірледі. Жиыны 12 телехабар дайындалды. Жеңістің 60 жылдығы, облыс ЖТҚО-ның 85 жылдығы, О. Бөкеев, С. Аманжолов, туралы, «Әскер даңқы иелері» хабарына, барлығы 10 радиохабарға арналған материалдар даярланды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе отырып «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» мультимедиялық оқу құралын жасау бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Облыс мемлекеттік мұрағаты облыстық және жергілікті баспасөз беттерінде Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша коллекцияны толықтыру үшін жеке мұрағаттарын өткізу туралы соғыс ардагерлерге арналған Үндеуін жариялады; Лениногор филиалында бұл үндеу Риддер қаласы әкімі мен қаланың ардагерлер акивінің кеңейтілген мәжілісінде, сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Риддер қалалық филиалы президиумының мәжілісінде жарияланды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты дәстүр бойынша А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кешіне қатысып, шығысқазақстандық Кеғес Одағының Батырларына арналған баяндама жасады.

Мрағаттар және құжаттама басқармасы және облыс мемлекеттік мұрағаты Жеңістің 60 жылдығына арналған «От Советского Информбюро…» (Кеңес Информбюросынан…) кітабын дайындаса, облыс ЖТҚО «Әрқашан сапта», «Ертең майданға қайтып ораламын» атты екі кітапша әзірледі.

Облыс мемлекеттік мұрағаты Өскемен қаласының 285 жылдығына «Олардың аттарымен көшелер аталады» кітапшасы бойынша жұмыстар атқарылуда.

ШҚМУ-нің студенттері үшін «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты», «Мұрағат құжаттарымен жұмыстардың негізгі ережелері», «Мұрағаттың оқу залдарындағы жұмыс ережелері» лекциялары (4 топ) оқылды, Зырян қаласының және Жаңа Бұқтарма кентінің мектептерінің оқушыларына, «Шанс» жастар ұйымының мүшелеріне арналып «Зырян соғыс жылдарында» тақырыбына 23 лекция оқылса, «Заман» кадрлар даярлау орталығының оқушыларына, мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне ЖТҚО-ның 85 жылдығына арналған лекциялар оқылды. Жиыны 32 лекция оқылды.

Облыс мемлекеттің мұрағаты ШҚМУ-нің студенттеріне арнап экскурсиялар және «Жеке бас текті қорлардан және газеттерден құжаттар анықтау» практикалық сабағын өткізді. Зырян филиалы облыс мемлекеттік мұрағаты филиалында әскери тақырыптағы құжаттар және жеке бас текті құжаттармен таныстыру үшін 21 экскурсия өткізді. Облыс ЖТҚО мұрағат қорлары бойынша 2 шолулық экскурсия өткізді. Мектептер, гимназиялар, интернаттар оқушыларына арнап «ШҚО мемлекеттік мұрағаты – тарих сақтаушысы», «А.М. Волков – балалар жазушысы» тақырыптарына, «Армия ерлігі, халық ерлігі ғасырлай бойы жарқырайды» көрмесінің құжаттары бойынша, «Батыр болып тумайды, батыр жүре болады» тақырыбына, ҰОС Жеңісінің мерейтойы туралы мектеп сабақтары өткізілді.

Облыс мемлекеттік мүрағаттарының оқу залдарында 253 зерттеуші жұмыс істеді, 501 келу болды. Бұлар жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, студенттер, этнографиялық, тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері, аудандар әкімдері, «Дидар», «Рудный Алтай», «Вечерний Усть-Каменогрск» және т.б. газеттер редакцияларының қызметкерлері. Зерттеулер тақырыбы әр түрлі: Кеңес Одағының Батырлары, тыл еңбеккерлері, шығысқазақстандықтардың әскери және еңбектегі ерліктері, өлкетанушылар, жазушылар, ескі дәстүршілер, физкультура мен спорттың дамуы, қала көшелері, елді мекендер туралы, «Шығыс Қазақстандағы ислам», «Семей ядролық полигоны суық соғыстың көрінісі ретінде», «18-20 ғасырлардағы Шығыс Қазақстанда орын тебу тарихы», «20 ғасырдың басындағы жер комиттерінің әрекеті мен жер мәселелері», «Семей өңірі Ертіс маңы коллективтендіру кезеңінде», «Шығыс Қазақстандағы өлкетану. 20 ғасыр» және т.б. тақырыптар.

2005 жылдың І жартыжылдығында облыс мемлекеттік мұрағаттарына әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 17918 сүраныс түсіп, 17152 орындалды, оның 12059 оң жауаппен, оның ішінде 2561 шет ел азаматтарынан болса, 14591 Қазақстан Республикасы азаматтарынан. Қазақстан Республикасы ІІМ тарапынан 25 сұраныс түсіп, орындалды. Тақырыптық сұраныстардың саны 526.

Ақпараттар мен мұрағаттар комитетінің тапсырмасы бойынша облыс мемлекеттік мұрағаттары «Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына 10 жыл толуына арналған басылымға арналып Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаттарында анықталған мұрағат құжаттарының тізбесі», «2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының мерейлі және айтулы күндер тізбесі», «Шет мемлекеттер мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен анықталған құжаттар тізбесі мен көшірмелері», «Музыкант М.Д. Александровичтің орындауындағы шығармалар тізбесі» жасалды.


4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар біліктілігін көтеру. Ұжымның әлеуметтік дамуы.

2005 жылдың 1 жартыжылдығында облыс мұрағат мекемелері өндірістік және кәсіподақ жиналыстарын өткізді. Сондай-ақ, ди(рекция отырысы, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы бастығы жанында мәжілістер өткізілді.

Мұрағат мекемелері кедейлікті және жұмыссыздықты қысқарту бойынша облыстық бағдарламаны жүзеге асыруға қатысу үшін аймақтық қорға және Жеңіс қорына қаржы аударды. Мұрағаттар басқармасының бастығы, облыс мемлекеттік мұрағатының директоры Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жетілу жолында» Жолдауын талдау бойынша идеологиялық активке; Лениногор филиалының директоры Риддер қаласының идеологиялық активінің мәжілісіне қатысты. Сондай-ақ, Лениногор филиалының директоры қала әкімінің 2002-2004 жылдардағы қаланың әлеуметтік-экономкалық жағдайы туралы қала халы алдындағы есебі тыңдалған кездесуіне қатысты; облыс мұрағатшылары үстіміздегі жылдың мауыс айында болып өткен Қазақстан Республикасы Призидентінің Өскемен және Семей қалаларындағы салтанатты кездесуіне қатысты.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жетілу жолында» Жолдауы облыстық барлық мұрағат мекемелерінде талданды.

Басқарма бастығы мен облыс мемлекеттік мұрағатының директоры Семей облыстық мұрағатының (осы күнде Шығыс Қазақстан облысы Жаңа тарихты құжаттау орталығы) құрылуына 85 жыл толуына арналған салтанатты мәжіліске қатысты.

Кадрлардың біліктілігін көтеру аясында облыс мемлекеттік мұрағаттарыда өндірістік оқу және мемлекеттік тілге үйрету сабақтары жүргізіледі.

Мұрағаттар және құжаттама басқармасы 5 компьютер алды (1 компьтерге сертификация жүргізілді), облыс мемлекеттік мұоағаты 8 компьютер, облыс ЖТҚО екі компьютер, сканер алды, мерейтойларына байланысты оларға сандық бейнекамера және теледидар сыйға тартылды. ЖТҚО мен мемлекеттік мекмелер қызметкерлерінің кәсіподағының қалалық комитеті арасында 2005 жылға ұжымдық келісім шарт және «ЖТҚО қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынга келісім» жасалды.

Әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындауға көмек көрсету үшін облыс жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жұмысқа тартылады.


Облыс мұрағаттар және құжаттама

басқармасының бастығы А. Аубакиров
жүктеу 271,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау