7. Өндірістік қызметтің, ұжымдық келісімшарттың маңызды сұрақтарын талқылауға
қатысуға;
8. Еңбек міндеттерін орындауға денсаулығына және меншігіне зиян келетіндей жағдайда
өтем алуға құқылы.
5. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
1. Берілген құқықтарын сауатты пайдалануға, қызметтегі міндеттерін сапалы және дер
кезінде орындауда;
2. Осы қарастырылып отырған қызметтік нұсқауда көрсетілген өзінің қызметтік
міндеттерін орындамаған жағдайда қолданыстағы ҚР Еңбек Кодексі аясында;
3. Өз қызметі барысында жасалған заң бұзушылықтарға қолданыстағы ҚР әкімшілік,
азаматтық және қылмыстық заңдардың аясында;
4. ҚР әкімшілік, азаматтық және қылмыстық заңдардың аясында университетке
материалдық,моральдық шығын келтірген жағдайда.
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
КЕҢСЕ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Кеңсе бөлімі меңгерушісі Шымкент университетінің мамандар санатына жатады.
1.2. Кеңсе бөлімі меңгерушісі өз қызметінде ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурызындағы
№125 бұйрығымен бекітілген “Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық
және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі”, ҚР БҒМ 2008
жылғы 9 желтоқсандағы №638 бұйрығымен бекітілген “Білім алушыларды білім беру
ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және оқуға қайта қабылдаудың ережесі”,
ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттарын, университет
ережесін, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, проректорлар өкімдерін,
нормативті басқару құжаттарын басшылыққа алады
1.3. Кеңсе бөлімінің меңгерушісі қызметіне ректор ұсынысы, оқу процесін ұйымдастыру
және бақылау басқармасының бастығы, оқу істері жөніндегі проректордың келісімімен,
университет ректорының бұйрығымен тағайындалады және босатылады.
1.4. Кеңсе бөлімінің меңгерушісі тікелей оқу істері жөніндегі проректорға бағынады.
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1. Кеңсе бөлімінің меңгерушісі қызметіне жоғарғы кәсіптік білімі бар, әдетте ғылыми
атағы немесе ғылыми дәрежесі бар, педагогикалық және басқару қызметінде кемінде
3 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.
2.2. Кеңсе бөлімінің меңгерушісі білуге тиіс:
- ҚР "Білім беру туралы" заңын
- ҚР БҒМ 2008жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген “Білім алушылардың
үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау
жүргізудің үлгі ережесі”
- ҚР БҒМ 2008жылғы 9 желтоқсандағы №638 бұйрығымен бекітілген “Білім
алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және оқуға
қабылдаудың ережесі”
- ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген “Білім беру
ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы”
- Білім беру және ғылымға байланысты ҚР Ғылым Министрлігінің нормативтік-
құқықтық актілерін;
- Университет ережесін;
- Педагогиканы және педагогикалық психологияны;
- Қызметтік этиканы;
- Осы қызметтік нұсқауды;
3 МІНДЕТТЕР
- Студенттер контингенті бойынша бірыңғай бұйрықтар дайындау
- Бұйрыққа сәйкес студенттер санының өзгеруін өңдеу;
- Студенттердің жеке іс-құжаттарын сақтау;
- Қатаң есеп бланкілеріне (академиялық анықтамалар,дипломдар) және студенттік
билеттер мен сынақ кітапшаларына тапсырыс беру, тіркеу және университет бойынша
тарату ;
- Құжаттарды мұрағатқа тапсыруды рәсімдеу;
- Ақылы бөлімде оқитын студенттерге жеңілдіктер беру туралы бұйрықтарды әзірлеу;
- Статистика басқармасы үшін Ф-3НК есебін дайындау;
- ҚР БҒМ білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік есептілікті бекіту туралы
есебіне қажетті нысандарды дайындау және тапсыру;
- Университетке қабылданған студенттердің жеке іс-құжаттарын қабылдау
комиссиясынан түгелдеп қабылдап алу;
4 ҚҰҚЫҚТАР
4.1.Өзінің кәсіби ар-намысын қорғауға;
4.2 Біліктілігін арттыруға;
4.3 Бөлім қызметкелерінен еңбек тәртібінің, өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі
талаптарының сақталуын талап етуге;
4.4 Университет әкімшілігінен бөлімнің жұмыс істеуіне жағдай жасауды талап етуге;
4.5 Бөлім жұмысын жақсарту мақсатында университет әкімшілігіне ұсыныстар беру;
4.6 Университеттің барлық бөлімдерінен туденттік бөлімінің жұмысына қатысты
мәліметті алуға;
4.7 Университет басшылығына бөлім қызметкелерін жұмысқа алу, босату немесе
марапаттау туралы ұсыныстар беруге;
4.8 Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын, жоспарларын, есептерін бекітуге;
4.9 Бөлім қызметкерлерінен істелініп жатқан жұмыс жайында сапалы мәлімет алуға;
4.10 Талапқа сәйкес емес толтырылған құжаттарды орындаушыға қайтаруға
4.11 Университет жұмысына қатысты барлық жиналыстарға қатыса алады, Студенттік
бөлім атынан, ректоратқа, қабылдау комиссиясына қатысады.
4.12 Қызметтік норма этикасын, университеттің ішкі басшылығының ережелерін
сақтайды.
4.13 Еңбекті қорғау мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.
4.14 Белгіленген тәртіп бойынша университет әкімшілігінің бұйрықтарын, өкімдерін
және басқа да ұйымдастыру-басқару актілеріне байланысты шағым жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |