БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Факультет деканы Шымкент университетінің басшы санатына жатады және
факультетті басқару және оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру
мен үйлестіруді жүзеге асырады.
1.2 Факультет деканы өзінің қызметінде ҚР “Білім туралы”, “Еңбек Кодексі”, “Ғылым
туралы” заңдарын, ҚР БҒМ нормативті және құқықтық актілерін, университет
Жарғысын, осы қызметтік нұсқауды, университет ректорының бұйрықтары мен
өкімдерін басшылыққа алады.
1.3 Факультет деканы конкурстық негізде немесе ЖЕК негізінде сайланады, қызметке
оқу ісі жөніндегі проректордың ұсынысымен, университет ректорының бұйрығымен
тағайындалады және босатылады.
1.4
Факультет деканы тікелей университет ректорына бағынады. Декан
мамандандырылған бағыттағы қызметі бойынша университет проректорларына
бағынады.
1.5 Декан болмаған кезде оның өкілдігі университет ректорының бұйрығымен деканның
оқу ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
1.6 Факультет жұмысының нәтижелеріне факультет деканы толық жауапкершілік алады.
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1 Факультет деканы қызметіне ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар, ғылыми-
педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес тұлға тағайындалады.
2.2 Факультет деканы қызметін зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін атқарады.
Зейнеткерлік жасқа жеткен тұлға өз біліктілігіне сәйкес келетін басқа қызметке
ауыстырылады.
2.3 Факультет деканы білуі тиіс:
- ҚР Конституциясын;
- ҚР “Еңбек Кодексін”;
- ҚР “Білім туралы” заңын;
- ҚР “Ғылым туралы” заңын;
- ҚР БҒМ нормативтік-құқықтық актілерін;
- Қызметтік нұсқауларды орындауға байланысты заңдар және нормативті актілерді;
- Университет Жарғысын, факультет, ректорат, ғылыми кеңес туралы Ережелерді;
- қызметтік этика және мәдениеттілікті;
- осы қызметтік нұсқауды.
3 МІНДЕТТЕР
Факультет деканы міндетті:
3.1 Факультет Ережесінде көрсетілген факультеттің негізгі қызметтері мен
тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуге.
3.2 Факультеттің оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарын жоспарлауды
ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыруға.
3.3 Факультеттің жылдық жұмыс жоспарын, есебін және дайындық актісін құруға және
оның жүзеге асырылуына ықпал етуге.
3.4 Факультеттегі оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша (оқу жұмыс
бағдарламаларын, пәндердің оқу бағдарламасын, пәндердің жұмыс бағдарламаларын
дайындау), факультет кафедраларының жұмысын үйлестіруге.
3.5 Мамандықтар бойынша оқу процесі кестесінің құрастырылуын қадағалауға.
3.6 Сабақ кестелерінің жасалуын (оқу семестрінің басталуынан бір ай бұрын) және
орындалуын қамтамасыз етуге.
3.7 Оқу жұмысының барысы мен ұйымдастырылуын, студенттердің үлгерімі мен
сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асыруға.
3.8 Студенттердің өзіндік жұмыстарын бақылауға.
3.9 Сынақ және емтихан кестесін құрастыру, жүргізілу барысын қадағалауға.
3.10 Маман даярлау, білім сапасын көтеру мақсатында оқу, оқу-әдістемелік процесті
жетілдіру іс-шараларын дайындауға және орындауға.
3.11 Факультетте оқу пәндерінің жүргізілу деңгейін бақылауға.
3.12 Факультет пен кафедраларда ғылыми үйірме, студенттердің ғылыми- зерттеу
жұмыстарын ұйымдастыруға.
3.13 Кафедраларда, ғылыми үйірмелерде және ғылыми қоғамдарда орындалатын
студенттердің ғылыми жұмыстарын басқаруды үйлестіруге.
3.14 Іс-тәжірибе (практика) жүргізу базаларын анықтау, Факультет пен жатақхана
ғимараттарында дер кезінде жөндеу жұмыстарының жасалуын қадағалауға.
3.15 Оқу ғимараты, кафедра, аудиториялар, зертханалар және жатақхананың
стендтермен қамтамасыздандыруды және жаңартып отыруды қадағалауға.
3.16 Магистратура арқылы ізденушілерді тарту жолымен кадрларды жоспарлы
дайындауды қамтамасыз етуге;
3.17 Кафедралардың пәндері бойынша оқулық, оқу және әдістемелік құралдар
дайындауды басқаруды жүзеге асыруға.
3.18 Факультет қызметкерлерінің басылымдары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының
деңгейі мен сапасын бақылауға.
3.19 Кафедралық, ғылыми, оқу-әдістемелік семинарлар мен конференцияларды
ұйымдастыруға және өткізуге.
3.20 Өндіріс орындарымен қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, келісім-
шарттар жасалғаннан кейін институтте осы бағытта жұмыстар ұйымдастыруға.
3.21 Факультеттің оқу-әдістемелік базасын жетілдіруге және дамытуға.
3.22 Факультеттің қызметін жақсарту үшін қажетті еңбек және қаржы, материалдық
ресурстарға ректоратқа ұсыныс енгізуге.
3.23 Кафедралардың оқу жүктемелерінің семестр бойынша орындалу барысын талдауға
және бақылауға.
3.24 Кафедралардың жылдық есептерін қабылдауға және талдау жасауға.
3.25 Факультеттің жылдық есебін дайындауға.
3.26 Факультет кафедраларының келесі оқу жылына дайындық актісін қабылдауға.
3.27. Дайындық актісіне төменде көрсетілгендер кіреді:
- барлық оқу-әдістемелік, ғылыми және оқу-тәрбиелік жұмыстардың орындалуы үшін
штаттық бірліктердің бар болуы;
- оқу жүктемесінің бөлінуі;
- оқытушы-профессорлар құрамының келесі оқу жылына дербес жұмыс жоспарлары:
- кафедраның барлық пәндері бойынша жұмыс жоспарлары;
3.28 Кафедралардың жылдық және даму жоспарлары негізінде факультеттің жұмыс
жоспарын дайындауға.
3.29 Факультеттің келесі оқу жылына дайындық актісін дайындауды жүзеге асыруға.
3.30 Факультет және кафедралардың іс жүргізу жағдайын бақылауды жүзеге асыруға.
3.31 Университетте салтанатты жиындардың ұйымдастырылуына қатысады.
3.32 Ректор және проректорлардың ауызша және жазбаша түрдегі тапсырмаларын
орындауға қатысуға.
3.33 Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтауға.
3.34 Қызметтік этиканы сақтауға.
3.35 Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауға.
3.36 Еңбек және атқару тәртібін сақтауға.
4 ҚҰҚЫҒЫ
Факультет деканы құқылы:
4.1 Факультет кеңесі жұмысын басқаруға.
4.2 Факультеттің әдістемелік кеңесі мен барлық оқу пәндері түрлерінің сапасын
бақылайтын факультеттік тексеру комиссиясының (ЖОО ішкі бақылауы шеңберінде)
жұмысын басқаруға.
4.3 Университет бөлімшелері кеңестерінде қарастырылған материалдардың
дайындығын бақылауға.
4.4 Белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқытушы мен қызметкерлерді қабылдауға, оларды
факультеттің басқа қызметтеріне ауыстыру жөнінде ұсыныс жасауға.
4.5 ҚР “Еңбек Кодексінің” негізінде факультеттегі барлық қызметкерлердің атқаратын
қызметіне сәйкес қызметтік нұсқауларын дайындауға.
4.6 Факультет қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын, бекітілген зертхана мен
бөлмелердің жағдайын бақылауға.
4.7
Кафедра
жоспарлары
мен
оқытушы-профессорлар
құрамының
дербес
жоспарларының орындалуын бақылауға.
4.8 Факультет қызметі бойынша факультет қызметкерлері мен кафедралар арасында
міндеттерді бөлуге.
4.9 Университет бөлімдері мен бөлімшелерінен оқу, әдістемелік, тәрбие және ғылыми
процесті жүргізуге қажетті барлық құжаттар, материалдармен қамтамасыз ету үшін
барлық жағдайдың жасалуына талап етуге.
Достарыңызбен бөлісу: |