16
мақалдарда ешқандай жаңа мәлімет жоқ, «белгілі бір тұтас паремияны таңдап алғанда және
оны белгілі бір жағдайда пайдаланғанда ғана ол ақпаратты болып келеді» [5, 39 б.].
А.В. Кунин айтқандай, «...кең және түсінікті бұлжымас ақиқаттан және халық
даналығынан тұратын бейнелі сөз бола тұра, мақалдар сөйлеу үстінде жиі қолданылады.
Ғасырлар бойы адамдар кез келген ойды өз дүниетанымына сәйкес ұтымды, бүкіл
қауымдастықтың барлық мүшелері қабылдап, таныс болмайынша, әр түрлі жолмен
жеткізген. Сондықтан да мақалды сол тілде сөйлеуші «тез түсіне қойып, қысқартып айта
берген» [6, 339 б.]. Мысалы, В здоровом теле – (здоровый дух); Больному и мед не вкусен,
здоровый (и камень съест).
А.Дандис мақалдардың медицина практикасында да жиі қолданылатынын атап
көрсетеді, атап айтқанда, психиатрия саласында кейбір психикалық ауруларға диагноз қою
кезінде қосымша құрал ретінде пайдаланылған. Мақалдың ауыспалы мағынасын дұрыс
түсінбеу, оны дәл сол қалпында қабылдау да аурудың психикасында ауытқу бар екендігінің
айғағы болып табылады [7, 13-14 б.].
Л.Г.Пермяковтың пайымдауы бойынша, паремиялар тілдің синтагматикалық-
парадигматикалық қатынастары жүйесіне қатысты деп есептейміз, яғни олар тек бір тілдік
қатарда ғана орналасып қоймай,сондай-ақ дәл сондай парадигмаға ие бола алады [4, с.29].
Сонымен, мақалдардың барлық жоғарыда аталған белгілеріне қарап оларды тілдік
таңбаларға жатқызамыз.
Демек, мақалдар таңбалар ретінде қарастырылып, әртүрлі типтік жағдаяттар немесе
реалиялар арасындағы қатынастардың үлгілері болып табылады. Мысалы, Ешь проста –
проживешь лет до ста, деген айтылым бойынша аз жеген адам ұзақ жасайтыны сипатталған
жағдаяттың таңбасы екендігі белгілі, сонымен қатар оларды белгілі бейнелердің көмегімен
үлгілейді. Сондай-ақ осындай жағдаяттардың таңбасы бола тұра, өздері оны үлгілемейтін
мақалдар да кездеседі. Мысалы, Сытый конь воду возит, тощего на под-пругах поить водят
деген мақалда әлсіз адамның жай-күйі сипатталады.
Демек, мақалдардың таңбалық мәні мен үлгілеуші қабілеттілігі бір-бірімен тығыз
байланысты болады, дегенмен олар әртүрлі және аталған паремиялардың дербес қасиеттері
болып табылады [4, с.30]. Л.Г.Пермяковтың пікіріне орай, мақалдар таңба ретінде тілдік
құбылыс болып табылады, ал нақты бір жағдаяттарда қолданылғанда сөйлеу бірлігі ретінде
көрініп, сөйлеу құбылысы ретінде көрінеді деп есептейміз [4].
Мақалдардың табиғатын сипаттай келе, мынаны атап өтуге болады, паремиялар белгілі
бір типтік жағдаяттар таңбалары болады да, ал жағдаяттардың өзі осы кезде инварианттар, ал
оларды білдіретін мақалдар варианттар ретінде көрінеді. Басқаша айтқанда, бір және сол
жағдайды білдіретін барлық мақалдық айтылымдар варианттар болып келеді де,ал
жағдаяттың өзі инварианттар болады. Мысалы, Здоровье всему голова; Здоровье дороже
богатства; Ум да здоровье дороже всего деген мақалдардың инварианты қызметін «бір
нысанның екіншісімен салыстырғандағы артықшылығы» жағдаяты көрсетеді.
Мақалдар сипаты бойынша тікелей мәнге ие болатын аналитикалық және тұтас
ауыспалы мәнге ие болатын синтетикалық болып бөлінеді. Аналитикалық және
синтетикалық клишелерді егжей-тегжей зерттеген паремиолог-ғалым Г.Л.Пермяковтың
пікірінше, аналитикалық клишелер бір мәнді болады, яғни олар бір нәрсе туралы айтады;
ал синтетикалық клишелер көп мәнді, сондықтан да олар әртүрлі заттар /ұқсас заттар/
туралы айту үшін пайдаланылады [4, с.30]. Төмендегі екі мақалды қарастырайық, мысалы,
Аппетит от больного бежит, к здоровому катится; Аппетит приходит во время еды .
Бірінші мақалдың беретін мағынасы, шынымен де, ауырған кезде адамның тәбет
болмайтыны туралы болса, екінші мақал кең ауқымды мәнде қолданылып, тура мағынаны
білдіреді, кез келген жағдайдағы сәттілікті, қалау-тілектің болуын білдіреді. Тікелей мәнді
айтылымдарсаны шектеулі жағдаяттарға қатысты қолданылады. Мақалдардың көпшілігі
ауыспалы мағынаға ие болатындықтан, оларда барлық паремиялардағы сияқты афоризмдік
қасиеттер сақталған.
17
Айта кету керек, тура мағынадағы айтылымдар көп қолданыла бермейді.
«Мазмұнында ақпарат ашық берілгеннен гөрі, жасырын жеткізу қасиетін білдіретін» кез
келген паремия, нақыл сөз секілді ауыспалы мағынада қолданылатын мақалдар негізін
құрайды. [6, 37 б]. Мысалы, Горбатого могила исправит. Алғашқыда бұл мақал тура
мағынада қолданылған: бүкірллік адам өлгенде түзеледі. Ауыспалы мағынада бұл мақал
белгілі бір жағдайды өзгертуге мүмкіндік болмағанда айтылады. Мысалы, Подкошенная
трава и в поле сохнет мақалдың құрамындағы сөздер мен оның мағынасы сәйкес келмейді.
Демек, бір мақалдың «функциональді мәні әр түрлі болып келе береді» [6, 37 б].
Сонымен, жүргізілген сипаттама мен талдау негізінде мынадай қорытынды жасауға
тура келеді: мақалдар тілдік белгі ретінде көрінеді. Оның мәтіндік табиғатына келер болсақ,
осы орайда Л.Б.Савенкованың пікірі мынадай: «Тұтастай алғанда паремияны екі мәнге ие
бірліктер қатарына жатқызамыз: тілдік және дискурсивтік белгілерінің семиотикалық қатар
жүруі байқалады, дегенмен, тілдік жүйе бірліктері белгілері басымдау болады. Бұл
мақалдардың ішкі формаларының айқындығына байланысты» [8, с.9].
Қорытындыда айтарымыз, мақал қорын сипаттайтын төмендегідей негізгі қасиеттерді
атауға болады: 1. Мақал аяқталған сөйлем түрінде болады. 2. Мақал синтаксистік және
композициялық жағынан аяқталған мәтін және өз алдына дербес қызмет етеді. 3. Мақалдың
тікелей және бейнелік уәждемесі болады. 4. Мақал жалпылама қасиетке ие болады. 5. Сөйлеу
кезінде жиі қолданынылатыны байқалады. 6. Мақалдарға өнегелілік тән.
Соңғы жылдары паремияларды лингвистикалық талдау нысаны етіп алған бірқатар
еңбектерде мақал тілдік таңбалардың ерекше түрі ретінде фразеологизмдер шеңберінде
қарастырылып келеді. Кейбір ғалымдар (Г.Л. Пермяков, В.В. Виноградов, В.П. Жуков,
Л.Б.Савенкова) мақалдарды фразеология қатарына кірмейді деп есептейді.
Ресей ғылымында фразеологияны алғашқы болып зерттеген академик В.В. Виноградов
болған. В.В. Виноградов 40-жылдары фразеологизмдерді жете зерттеген француз ғалымы
Шарль Баллидің ережелері мен жіктелім қағидаттарын ұсынған болатын. В.В. Виноградов
«... негізгі түрлері туралы» кітабында фразеологиялық бірліктердің үш түрін атап көрсетеді:
1) фразеологиялық тұтастық (ішкі формасы уәжсіз тұрақты сөз тіркестері, – бить баклуши,
точить лясы; 2) фразеологиялық бірлік (ішкі формасы уәжді тұрақты тіркестер, – подливать
масло в огонь, плакали наши денежки); 3) фразеологиялық тізбек (бұндай тіркесте бір сөз
тура мағынасында қолданылса, ал екіншісі – тұрақты тіркес болып келеді (принимать
меры, одержать победу). В.В. Виноградов мақалдарды фразеологизм шеңберінен тыс
қарастырады [2].
Паремиология мен фразеологизмдердің осындай ұқсастықтарын ескере отырып, біздің
зерттеу мақсатымыздың бірі мақалдар мен фразеологизмдердің кең мағынада халықтың
өзімен қоса жасасып келе жатқан айрықша бірлік ретінде көрінуге мүмкіндік беретін ортақ
сипаттары мен ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Зерттеушілер атап көрсеткендей, мақалдар мен фразеологизмдердің бірнеше ортақ
жанрлық белгілері бар: мазмұны жағынан – ауыспалы мағынада қолданылуы
(Подкошенная трава и в поле сохнет – мақал; Заморить червячка – фразеологиялық бірлік);
формасы жағынан – жасырын мағынада қолданылуы (Береженого бог бережет – мақал;
сесть в галошу – фразеологиялық бірлік); тұрақтылық, қалпына келуі (Умеренность – [мать
здоровья] – мақал; Тише воды – [ниже травы] – фразеологиялық бірлік). Жанрлық
белгілердің
ортақтығы
мыналармен
түсіндіріледі:
біріншіден,
мақалдар
мен
фразеологизмдердің тілдік құбылыстарға жатады; екіншіден, басқа тілдік бірліктерге
қарағанда мақалдар мен фразеологизмдер алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін пайдаланады.
Үшіншіден, нақыл сөздің екеуі де тұрақты болып келеді, (И.А. Мельчуктің айтуынша)
сөйлемнің немесе сөз тіркестің бір сыңарының екіншісіне қарағанда пайда болуын
болжауға болады, мысалы: Всякому своя болячка (больна) мақалынан, лицом к (лицу), буря
(в стакане воды) фразеологиялық бірлігінен көруге болады. Төртіншіден, мақалдар мен
фразеологизмдер түсінікті түрде халық даналығын білдіре отырып, сөйлеуде жиі
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |