20
айтылымның көптігі әрі әр түрлілігі оны талдауда қиындық тудырады. Шартты айтылымның
жұмсалымы психологиялық себептермен (факторлармен) байланысты. Біз бұндай
айтылымдарды оның негізі мен салдары ақиқат не жалған екеніне көз жеткізу үшін
қолданамыз. Керісінше жағдайда қолданыс жалған болып шығады. Талдап-түсіндіруге
қатысты барлық салада шартты айтылым жиі қолданылады. Логикада ол импликативті
айтылым немесе импликацияның қатысымен жүзеге асады.
Импликацияны расқа шығара отырып (болымды ете отырып), оның негізі – ақиқат,
салдары – жалған болуы мүмкін емес дегенді құптаймыз. Бұдан мынандай қорытынды
шығады: кез-келген айтылым не ақиқат, не жалған болып табылады, ал күрделі айтылымның
ақиқаттығы оның сыңарларының не олардың арасындағы байланыстың ақиқаттығына
байланысты.
Олай болса, «егер А, онда В» импликациясының ақиқаттығын түсіну үшін А және В
айтылымдарының ақиқаттығына көз жеткізудің өзі жеткілікті. Импликация мына үш
жағдайда ақиқат: 1) негіз де, салдар да ақиқат (Боран басылса, күн ашылады); 2) негіз
жалған, салдар ақиқат (Көнбесе, өзім сөйлесемін); 3) негіз де, салдар да жалған (Сен
бармасаң, мен де бармаймын). Ал төртінші жағдайда, яғни, негіз ақиқат, салдар жалған
болса, импликация жалған болғаны (Сұрасам, білмейді екен).
Импликация көптеген мақсаттар үшін пайдалы болғанмен, әдеттегі шартты байланыс
ұғымымен барлық уақытта қабыса бермейді. Импликация шартты айтылымның логикалық
белгісін
қамтығанмен,
оның
жеткілікті
дәрежедегі
сипаты
бола
алмайды.
Импликациямен кейде «екі дүркін импликация» деп аталатын эквиваленттілік тығыз
байланысты. Эквиваленттілік – «А, егер, тек қана егер В» түрінде құрылған күрделі
айтылым. Ол А және В айтылымдарынан тұрады, екі импликациядан құралады: «егер А,
онда В» және «егер В, онда А». «..., егер, тек қана егер ...» құрылымын мына құрылым
ауыстыра алады: «... тек қана ... жағдайда ғана». «Эквиваленттілік оның құрамындағы
айтылымдардың екеуі де ақиқат не екеуі де жалған болған жағдайда ғана ақиқат бола алады.
Ал құрамындағы айтылымдардың біреуі ақиқат, біреуі жалған болған жағдайда
эквиваленттілік жалған болады» [1, 43]. Пайымдау жай және күрделі болып бөлінеді. Екі
ұғымның, яғни, субъекті мен предикаттың (S-P) байланысын білдіретін пайымдау жай
пайымдау болады. Пайымдау бірнеше жай пайымдаудан тұрса, күрделі болады.
Талдауды жай пайымдаудан бастайық. Затқа қандай да бір белгінің тән болуы, заттар
арасындағы қарым-қатынас және заттың өмір сүруі тәрізді ерекшеліктердің пайымдауда
расқа шығуы немесе жоққа шығуы жай пайымдауды басты үш түрге бөліп қарауға негіз
болады. Олар: «(1) сапалық пайымдау, (2) қатыстық пайымдау, (3) заттық пайымдау» [2, 17].
Сапалық пайымдау деп қандай да бір заттың белгісі туралы пайымдауды айтады.
Мысалы: Қартқожа дамыл көрмейді, тағы ойлайды, тағы да жақсы-жақсы түстер көреді.
Оянса – жоқ (Ж. Аймауытов). Түстің адамның өңіне тән емес белгісі пайымдалған.
Директордың сөзін іле қостап, толықтырып отыру Айтқұловтың міндеті болса керек (Қ.
Жұмаділов). Автордың баяндауынан директордың алдындағы Айтқұловтың жағымпаздық
қасиеті пайымдалады.
Өзіне тән сипатына қарай бұл сөйлемдер айқын болып келеді. Айқын пайымдауларды
субъекті (S) мен предикаттың (P) байланысына қарай: Болымды, яғни: S деген – P.
Ағараңдап тыпырлағанға ол жетіп келсе – аты! (С. Мұқанов). Болымсыз: S – P емес.
Барғым келеді-ау, қолы құрғыр тимейді. Сосын әлгі дін ашып әңгімелесе де алмайсың
барғанда. Оңай емес сезімтал болсаң (З. Шүкіров);
Субъектінің санына (көлеміне) қарай: Жеке-дара. Бір S …P: Жұдырық. Күрс-күрс. Бәрі
батыр. Қиратпаймын деп бір жан айтсашы (Ж. Аймауытов). Жеке. Кейбір S … P: Кейбірі
әрі кетсе бір айда көшіп келсе керек (З. Шүкіров).
Анықталмаған. Кейбіреу S … P: Ойпаңдағы ауылдың әуселесі осындай болғанда, су
шықпайтын қырдағы елдің “тәкаппарлығы” бұдан да зор: олардың “жерге тәуелсіздігі”
сондай, көгеріс дегенді көздерімен көруді өздеріне тең санаған емес. Кейбіреулерінің еміс-
еміс естігендері болмаса (Д. Исабеков).
21
Анықталған. Тек S … P: Сынық айнаның жарқылдауы тек күн сәулесі түссе ғана (З.
Шүкіров) – деп іштей тағы да жіктейміз. Одан әрі жай айқын пайымдауларды саны мен
сапасына қарай біріктіріп, тағы да жіктейміз: Жалпы болымды (общеутвердительные) (А):
Барлық S … P.
Жігіттер Балуан Шолақты жалғыз өлсе жіберсін бе? (С. Мұқанов). Мықты-ей, өздері.
Бір шаршау, қажу дегенді білсеші, шіркіндер. Ор текедей ойнақтап жүр (Ш. Құмарова).
Жалпы болымсыз (общеотрицательные) (E): Бірде-бір S … P емес.
Осы мерзім ішінде не бөлім бастығын, не демалысқа кеткендерді іздеп-жоқтаған бірде-
бір пенде болсашы (Қ. Жұмаділов). Жеке болымды (частноутвердительные) (I): Кейбір S …
P. Енді біреулер бәрін нақпа-нақ білетін болса керек (М. Мағауин). Жеке болымсыз
(частноотрицательные) (O): Кейбір S … P емес.
Үлкен қалаға бауыр басқан жерлестерімнің біразы басқа тілде жазатын өнер тапқанын
айтпақпын. Әрине, олардың өз құқы бар. Менің дегеніммен жүруге міндетті емес. Десе де
кейбірінікі бір қолымен екі қарбызды қабат ұстасам деген әрекет қана (“Тіл және қоғам”).
Қатыстық пайымдау заттардың арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Олардың
қатарына тең, тең емес, туыстық, кеңістіктік, мезгілдік, себеп-салдарлық қатынастар жатады.
Пайымдаудың бұл түрі мына үлгіде өрнектеледі: xRy. Бұндағы x және y – қатынастың
мүшелері; R – солардың арасындағы қарым-қатынас [3, 25-27].
Тең қатынастар: Ол жұбанса бірге жұбанып, ол қайғырса бірге қиналып жүргенім де
рас (З. Шүкіров). x – жұбанса, бірге жұбанып жүргенім; y – қайғырса, бірге қиналып
жүргенім; R – рас.
Тең емес қатынастар: Жоқ, Гүлбаршын, сен тап солай болады екен деп әсте
ойламаймын. Өйткені өскен ортаң, табиғи өрісің сол болғансын, жырылып сен қайда
барасың. Ауылда өссең, бәлкім, сен де басқаша боларсың (Ш. Құмарова). x – ауылда өссең; y
– басқаша боларсың; R- бәлкім. Туыстық қатынастар: – Жаза баспасам, Балуан Шолақ сен
боларсың! – деп әлгі кісі домбыралы қолын қонаққа ұсынды. – Болсақ – болармыз, – деді
қонақ. – Ендеше, мен – Дулаттың Сарыбасымын (С. Мұқанов). x – Балуан Шолақ; y – сен
боларсың; R – жаза баспасам.
Кеңістік қатынастары: Көкшетаудың қай жеріне барсаң да белуардан келетін көкорай
шалғын, түбіттей ұйысқан қалың бетеге! (С. Мұқанов). x – Көкшетаудың; y – белуардан
келетін көкорай шалғын, түбіттей ұйысқан қалың бетеге; R – қай жеріне барсаң да.
Мезгілдік қатынастар: Аз күн болса да Жүністен сабақ алғанына Қартқожа мәз (Ж.
Аймауытов). x – Жүністен сабақ алғанына; y – Қартқожа мәз; R – аз күн болса да.
Себеп-салдарлық қатынастар: – Жылқышыдан салтақ құланы сұрап ал да ертте,
Жанмырзанікіне барамыз. – Неге? – Негеде жұмысың болмасын, оспадар неме. “Қурай”
көже ішпей, бағыланның етін жесең ішің өте ме (О. Бөкеев). x – “Қурай” көже ішпей; y –
бағыланның етін жесең; R – ішің өте ме.
Заттық пайымдау қандай да бір заттың өмір сүруі немесе өмір сүрмеуі, не болмаса өмір
сүрудегі ерекшелігі пайымдаудың заттық түріне жатады. Мысалы: Ол жаңа жағдайға
қашанда шабан бейімделетін. Ресторанға, театрға кірсе де, өзінің белгілі орындары бар (Қ.
Жұмаділов). «Заттың өмір сүруі не өмір сүрмеуі туралы ұғым предикаттар қатарында
саналады. Әрине, белгілі бір ойдың байланысы тілде нақты көрінбегенімен, ойдың түзілу
барысына тән болып келеді» [4, 23]. Жоғарыдағы сөйлемнен мынандай ойдың байланысы
шығады: “Ресторандағы, театрдағы орындар (S) – ол [байланыс] оның белгілі орындары
(P)”.
Таубайға осы қызметінің өзі жетіп жатыр. Ал аздап надандау болса, дөрекілеу болса,
әпербақан мінезімен жұртты үркітіп-қорқытып жүрсе, одан келер бәлендей зиян жоқ (Қ.
Жұмаділов). “Таубай (S) – басшылық үшін [байланыс] бәлендей зиян келтіретін адам емес
(P)”.
Қос қол балғамен бір-екі қойып жіберсе, темір икемделе бастайды ғой. Оқуды “қойып
жіберуге” болмайды (Ж. Аймауытұлы). “Оқу (S) – қос қол балғамен қойып жіберетін
[байланыс] темір емес (P)”.
Достарыңызбен бөлісу: |