[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   164


 
корей  тіліндегі  фразеологизмдер  атауына  басқа  да  күрделі  сөздер  және  сөз  тіркестері  кіріп 
кетіп отырған.  
Ким Джон Тэк теориясын қайтадан сараптамадан өткізе отырып, Ким Мун Чхань атты 
лингвист  бұл  жолдардың  қажет  тұстарын  ғана  алып  қалып,  1974  жылы  өзінің  «Корей 
фразеологизмдерін  зерттеу  жолдары»  атты  еңбегін  жарыққа  шығарады.  Бұл  еңбекте  корей 
фразеологизмдеріне  тағы  да  өз  атынан  анықтама  беріп,  фразеологизмдерді  анықтау 
жолдарын ұсынады. Бұл анықтау жолдары бес кезеңнен тұрған еді. Ким Мун Чханның айтуы 
бойынша  «
»  /sugo/    бұл  ерекше  синтаксистік  құрылымы  бар  екі  немесе  одан  да  көп 
сөздерден тұратын тұрақты және бөлінбейтін тіркес. Ол фразеологизмдерді анықтаудың бес 
жолын  ұсынады.  Олар  :  1.  Фразеологиядағы  инверсия  ережесі.  2.  Компоненттерді  қосу 
ережесі.  3.  Компонеттерді  өзгерту  ережесі.  4.  Компонеттік  құрамды  қысқарту  ережесі.  5. 
Қосымша сөздер арқылы компонеттерді кеңейту ережесі [6, 18].  
Ким Мун Чханның семантикалық «суго» және синтаксистік «суго» деп бөлуі басқа  корей 
тіл мамандарын фразеологизмдерді осы тұрғыдан тереңірек зерттеуге итермелейді. 
Сонымен  тағы да бір корей тілінің маманы Хан Хы Ен  корей тілі фразеологимздеріне 
«
»  /ikkhimmal/  деген  атау  береді.  Осы  жаңа  терминді  енгізе  отырып,  корей  тілі 
фразеологизмдерін  құрылымы  мен  сөз  жасамы  ,  фонемалардың  өзгеруі    бойынша  бірнеше 
топтарға бөліп, фразеологизмдердің тізімін құрастырады.  
Өткен ғысырдың 80-ші жылдары корей тіл мамандарының фразеологизмдерге қатысты 
көптеген  еңбектері  жарық  көреді.  Осы  кезеңде  корей  тілі  фразеологиясының  зерттелу 
тарихына  көбірек  назар  аударылып,  бағыттары  анықталып,    тіл  фразеологимздерінің 
зерттелу мүмкіндіктері де қарастырылады. Ким Гю Сон фразеологимдердің пайда болуының 
келесі себептерін атап өтеді: 1) Қытай тілінен  тарихи кірме фразеологизмдер; 2) Қытай тілі 
тарихи    фразеологизмдерінің  аудармасы;  3)    Басқа  да  шет  тілдерінен  енген 
фразеологизмдерді аударып, енгізу; 4) Кореяда пайда болған фразеологизмдер [7, 29].  
Джон  Ог  Джу  тіл  маманы  фразеологизмдерді  сезім  қабілеттілігі  тұрғысынан  бірнеше 
семантикалық  бөліктерге  бөледі:  1)  Метафоралық;  2)  Тұрақтылық;  3)  Сатиралық;  4)  Асыра 
сілтемелік; 5) Қарама-қайшылық; 6) Тәлімгерлік 
Ал Юн Со Хый фразеологизмдерді бірнеше категорияларға бөледі: 1) тілдің жүйесі; 2) 
Сөзжасам;  3)  Құрылым;  4)  Сөйлеу  өнерінің  жүйесі;  5)  Мақал-мәтел  сөздері;  6)  Жолма-жол 
айтылу.  
90-шы жылдары фразеологизмдерді зерттеу әртүрлі бағытта жүргізіледі. Осыдан бастау 
алған соң, әлі күнге дейін корей тіліндегі фразеологизмдер әртүрлі  қырынан қарастырылып 
келе жатыр десе де болады. Корей лингвисті И Сан Ог корей тілі фразеологизмдері сөздігінің 
мәселесімен  айналысып,  зерттесе,  Ким  Пон  Мо  тіл  маманы    фразеологизмдердегі 
диалектілер мәселесін көтереді. Ал Джан Се Ген, Джан Ген Хуа эмоциялы фразеологизмдер  
мәселесін  көтерумен  белгілі  болған.    Корей  тілі  фразеологмздерінің  зерттеруіндегі  ең 
айрықша кезең бұл  коркй фразеологизмдерінің  1996 жылы пайда болуы [6, 45].  
Сонымен  корей  тілі  фразеологизмдердінің  кеңінен  зерттеле  басталған  соң    корей  тіл 
мамандару  арасында  фразеологизмдер  бойынша  негізгі  мәселелер  тұрғысынан  даулар  мен 
келіспеушілер  туындай  бастайды.  Бұл  келіспеушіліктер  фразеологияның  тілдегі  дербес  пән 
болып қалыптасуына көп кедергі келтірді десе де болады.  
Қазіргі таңда корей тілінде фразеологизмдердің құрылымын анықтау жолында екі бір-
біріне қарама-қайшы бағыт  қалыптасты. Фразеологизмдерді «кеңінен» түсінетін топқа Ким 
Джон ТЭк, ДЖан Док Сун, И Ги  Мун және тағы да басқа тіл мамандары жатады.  Бұл топ 
фразеологизмдер  көлемі  мен  шегін  кеңінен  түсініп,  оның  құрамына    күрделі  сөздерді,  сөз 
тіркестерді, сонымен қатар сөйлемдерді де кіргізген. Ал фразеологизмдерді « тар» түсінетін 
лингвистер  қатарына  Ким  Мун  Чхан,  Ким  Мин  Су,  Ким  Гю  Сон  және  тағы  да  басқа  тіл 
мамандары  кірген.  Олар  фразеологизмдер  қатарына  тек  қана  күрделі  сөздер  мен  сөз 
тіркестерін жатқызған.  



 
Корей тіл мамандары разеологизмдердің ең басты сипаты ретінде жаңғырту (Ле Су Ен, 
Пак Ен Сун), тұрақтылық (Ким Мун Чхан), мағынаның семантикалық толықтығы (Хван Хи 
Ен) және бөлшектелетін құрылымды жатқызған ( Ким Мун Чхан).  
Корей  тілі  фразеологиясының  ары  қарай  дамуына  кедергі  болып  отырған  бұл 
терминалогия бойынша түсініксіздік. Корей тілі фразеологиясын  зерттей бастаған әрбір тіл 
маманы зерттеу  барысында өз терминін ұсынып, осы термин бойынша бағыт алуға ұсыныс 
айтып отырды десек қателеспейміз. (Мысалы Ле Су Ен 1936 жылы «
» /kyanengu/ атты 
терминді  енгізуге  ұсыныс  айтса,    Ким  Джон  Тэк    1971  жылы  «
»  /kyaneno/    сөзі 
фразеологизмдерді  толық  түсіндіре  алады  деп  есептеген,   Ким  Мун  Чан  1974   жылы  «
» 
/sugo/ терминін жөн көрсе , ал Хуан Хый Ен  тіл маманы бастаған  топ  1978  жылы«
» 
/ikkhimmal/  деген  терминді  енгізген.  Ал  1978  жылы  Ким  Ги  Сон  «
»  /kuanrnogu/    деп 
фразеологизмдерді  атаған  дұрыс  боладытын  айтса,  Ган  Ви  Гю  1990  жылы  «
» 
/kyaneno pyuohen/ [5, 27].  
Корей тіл мамандарының арасында фразеологизмдерді бір атаудың астына жинастыру 
әлі  күнге  дейін  дау-дамай  туғызып  келе  жатса  да,  осы  көнеден  келе  жатқан  тарихи  мұра 
халықтың дүниеге деген көзқарасын, рухани дүниесі мен материалдық мәдениетін, тұрмыс-
тіршілігін  сипаттап,    этностың  ғалам,  әлем,  дүние  туралы  таным  түсініктерінің  ескі 
элементтерін  жаңғыртуға  жәрдемдесетіні  жөнінде  ешкім  дауласа  алмайды.  Бұл  ұлт 
мәдениетінің сол ұлттың тілінен бөлінбейтінін дәлелдейді. Әр тілдің ұлттық белгісі олардың 
мағыналық  ерекшеліктерінен  көрініс  табатыны  анық.  Фразеологизмдерді  бейнелеуле  әр  тіл 
өзінің  ерекше  ұлттық  нақышын  көрсетеді.    Осыған  орай,  тіл  мен  мәдениет  ұштастығын 
зерттеуды  алдыңғы  мақсатқа  қойған  лингвомәдениеттану  фразеология  саласындағы 
лингвистикалық  зерттеулердің  жаңа  бағыты  ретінде  қалыптасып  келе  жатқанын  біз 
жоғарыда қарастырып өткен корей тіл мамандарының  фразеологизмдерді зерттеу тарихынан 
бақылап отырмыз.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1. 
Алефиренко  Н.Ф.  Фразеология  и  паремиология:  Учебное  пособие  для 
бакалаврского уровня филологического образования / Н.Ф. Алефиренко, Н.Н. Семененко. – 
М.: Флинта: Наука, 2009. – 344 с 
2. 
Чой Юн Хи. Внутренняя форма соматических фразеологическихединиц русского 
языка  (в  сопоставлении  с  фразеологическимиединицами  корейского  языка):  Дис.  к.  филол. 
наук. – М., 2001.-225 с. 
3. 
박진수(1986),국어관용어연구경북대,대학원석사학위논문 
4. 
Пак Сон Гу. Функционально-параметрическое описаниефразеологических единиц 
(наматериале  фразеологизмов  русского  икорейского  языков):  Дис.  к.  филол.  наук.  –  М., 
1996.– 307 с. 
5. 
Жетписов 
С.Н. 
Структурно-семантические 
особенностифразеологизмов 
корейского языка: Дис. к. филол. наук. – М., 1987.–220 с. 
6. 
문금현(1999), <국어의관용표현연구>,국어학회 
7. 
임지룡(1995), <국어의미론>,탑출판사 
 
Сейчас  корейские  языковеды  начали  новый  этап  исследования  фразеологических 
единиц  корейского  языка.  Корейские  лингвисти,  которые  уже  успели  исследовать  родной 
язык, определив его особенности, теперь начали уделять большое внимание  сути языка, в 
том числе на фразеологическим единицам. В данной статье мы попытались показать путь 
и историю исследования фразеологизмов  в корейском языке.  
 
NowKoreanlinguistsbegan  a  newstage  in  the  studyof  phraseological  units  inthe  Korean 
language.  Koreanlinguist  whoalreadyexplore  thenative  language,definingits  features,now  beganto 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау