[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   164

22 
 
 
Әйтеуір  құрылыс  жұмысынан  хабары  бар,  анықтамаларды  дұрыс  жаза  алатын  ортан 
қолды  сауатың  болса  жетіп  жатыр  (Қ.  Жұмаділов).  “Құрылыс  бөлімінің  қызметкері  (S)  – 
нағыз құрылысшы емес [байланыс], ортан қолды сауаты бар маман (P)”.  
 
Әйелдер  күйеуінің  алда  болғанын  да,  баяғы  бозбала  күндеріндегідей  өзіне  үзіліп 
тұрғанын  да  қалайды.  Ал  біздің  ерлер  біреуін  ұстаса,  екіншісінен  айрылып  қалады  (Б. 
Иманғазина).  “Біздің  ерлер  (S)  –  қызметті  де,  сезімді  де  [байланыс]  қатар  алып  жүретін 
жандар емес (P)”.  
 
Күрделі  пайымдау  екі  немесе 
бірнеше  жай  пайымдаудан  тұрады. 
«Оған 
байланыстырушылық,  даралауыштық,  шарттық,  нақтылауыштық  және  болымсыздық 
сияқты логикалық байланыстар тән болып келеді» [4, 44].  
 
Байланыстырушылық    күрделі  пайымдау:  –  Сіз  маған  шәкірт  шағыңыздан  комбат 
болғанға дейінгі өміріңізді, Бекке айтқандай етіп баяндап берсеңіз. Мен содан очерк жазсам. 
Әңгімеңіздің ара-арасында мен сізге  қысқа-қысқа сұрақтар және қойып отырсам деймін (Ә. 
Нұршайықов).  Байланыс  жай  пайымдаудың  екеуі  де  ақиқат  болған  жағдайда  ақиқат.  Яғни, 
сөйлеушінің  очерк  жазатыны  да,  әңгіменің  арасында  қысқа-қысқа  сұрақтар  қойып 
отыратыны да – ақиқат.    
 
Даралауыштық  күрделі  пайымдау.  Күрделі  пайымдаудың  бұл  түрі  кесімді  емес  және 
кесімді сипатта кездеседі.  
 
Кесімді  емес  даралауыштық:  Болса  болар-ақ,  мұндай  әсем  дүние  талғамы  биік,  хас 
шебердің  ғана  қолынан  шығуы  мүмкін  (Қ.  Жұмаділов).  Кесімді  емес  даралауыштық  жай 
пайымдаудың  ең  болмаса  біреуі  ақиқат  болған  жағдайда  ақиқат  болады.  Яғни,  дүние  басқа 
шебердің қолынан да шыға алады. Алайда мына дүниенің ерекше талғаммен жасалуы оның 
шықса, нағыз шебердің қолынан шығуы мүмкін екенін растайды.   
 
Кесімді:  Олар  жол  үстінде.  Әзір  Сұңқар  мен  Жамалдың  жолдары  бір...  Өмір  жолы, 
үдерген ұзақ жол... ақыры қайда апарып тірейді, оған көз жетпейді. Сапарлары сәтті болса, 
жолдары  екі  айрылмаса  тек.  Бейуақытта  көкейімді  тескен  жалғыз  тілек  сол  ғана  еді  (З. 
Шүкіров).  Кесімді  даралауыштық  пайымдаудың  тек  біреуі  ақиқат  болған  жағдайда  ақиқат. 
Яғни, сөйлеуші (жазушы) тыңдаушысына (кейіпкеріне) ақ тілекті көптеп те жаудыра алады. 
Алайда дәл сол сәтте оның тілері – жалғыз ғана тілек.      
 
Шарттық күрделі пайымдау: – Жықты! Жықты! – десті Керей жағы жүгіріп. Әдетте 
тізесін бүксе – балуанның жығылғаны (С. Мұқанов). – Сөйлес қылмасақ, айып бізде. Сөзге 
шықпасаңыз, айып сізде    (С. Мұқанов). Импликация “a ақиқат болғанда b жалған” деген 
пайымдаудан  басқа  жағдайлардың  бәрінде  ақиқат.  Яғни,  “тізесін  бүксе  –  балуанның 
жығылмағаны”  –  ақиқат  емес,  жалған.  Дұрысы:  “тізесін  бүксе  –  балуанның  жығылғаны”. 
Сөйлес  қылмасақ,  айып  сізде.  Сөзге  шықпасаңыз,  айып  бізде”  деген  –  жалған.  Ақиқаты: 
Сөйлес  қылмасақ,  айып  сізде  емес,  бізде.  Сөзге  шықпасаңыз,  айып  бізде  емес,  сізде”. 
Нақтылауыштық  күрделі  пайымдау:  Бірақ  ол  өзіне  ішінен  ант  етті:  “Алдағы  жаз  қолым 
қырқылып қалмаса, қосымша берсем де, ақыма бір тай алармын!” (С. Мұқанов). Қысқасы, 
қыз  жігітті  менсінген  жоқ.  Салы  суға  кетіп  қайтты  Сәлкең.  “Егер  осы  қызға  үйленбесем,  – 
деп ойлады ол, – асылып өлем!” (Ш. Құмарова). Нақтылауыштық екі пайымдаудың екеуі де 
ақиқат  немесе  екі  пайымдаудың  екеуі  де  жалған  болған  жағдайда  ғана  ақиқат.  Яғни, 
сөйлеушінің қолы қырқылып қалған жоқ, қосымша берген жоқ, еңбегінің ақысына баласына 
бір тай әперді. Бұл – ақиқат. Сол жазда бір тай алмаса, қолы қырқылмайтын да еді, тайдың 
ақысының үстіне қосымша да бермес  еді. Бұл  – жалған. Сонымен қатар, Сәлкең ақыры сол 
қызға үйленді, асылып өлген жоқ. Бұл – ақиқат. Сол қызға үйленбеген жағдайда да Сәлкең 
асылып өлмес еді. Бұл – жалған. 
 
Болымсыз  күрделі  пайымдау:  –  Неге  десең,  мына  қойғалы  жүрген  нәрседе  не 
комедиялық,  не  драмалық  негіз  жоқ,  қойыртпақ.  Менің  көзіме  түк  те  елестемейді  (Ш. 
Құмарова).  Болымсыздық  екі  пайымдаудың  екеуі  де  жалған  болған  жағдайда  ақиқат.  Яғни, 
түсіруге  дайындалған  фильмде  комедиялық  негіз  де  жоқ,  драмалық  негіз  де  жоқ.  Бұл  – 
ақиқат. 
 
Сонымен, ойымызды қорытар болсақ: 


23 
 
 
1)  байланыстырушылық  жай  пайымдаудың  екеуі  де  ақиқат  болған  жағдайда  ақиқат;     
2)  кесімді  емес  байланыстырушылық  жай  пайымдаудың  ең  болмаса  біреуі  ақиқат  болған 
жағдайда  ақиқат,  кесімді  байланыстырушылық  жай  пайымдаудың  тек  біреуі  ақиқат  болған 
жағдайда  ақиқат;      3)  шарт  “a  ақиқат  болғанда  b  жалған”  деген  пайымдаудан  басқа 
жағдайлардың бәрінде ақиқат;    4) нақтылауыштық екі пайымдаудың екеуі де ақиқат немесе 
екі  пайымдаудың  екеуі  де  жалған  болған  жағдайда  ғана  ақиқат.  5)  болымсыздық  екі 
пайымдаудың екеуі де жалған болған жағдайда ақиқат. 
 
Жай  пайымдаулар  арасындағы  қатынастарды  логикалық  квадрат  деп  аталатын 
схеманың көмегімен өрнектеуге болады [5, 440-441]. 
                                                     А                            Е   
 
 
 
                                                        
 
                                                   I                             

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Квадраттың 
бұрыштары 
A, 
E, 
I, 
O-мен 
белгіленіп, қарапайым категориялық 
пайымдауларды  білдіреді;  қабырғалары  мен  диагональдары  –  пайымдаулар  арасындағы 
логикалық қатынастар. Жоғарғы қабырға, A мен E арасындағы қатынас – қарама-қарсылық 
(контрарность); төменгі қабырға, I мен O арасындағы қатынас – жартылай қарама-қарсылық 
(субконтрарность);  екі  тік  қабырға  –  A  мен  I  (сол  жақтағы),  E  мен  O  (оң  жақтағы) 
арасындағы қатынастар – бағыну; диагональдар – мен OE мен I арасындағы қатынастар – 
қарама-қайшылық (контрадикторность).  
Cурет 1- Логикалық квадрат 
 
Одан әрі қарапайым кесімді пайымдауларды саны мен сапасына қарай біріктіріп, тағы 
да жіктейміз: Қарама-қайшылық қатынасы A-OE-I пайымдаулары арасында жүреді.  
 
Жалпы  болымды  (общеутвердительные)  (А):  Мықты-ей,  өздері.  Бір  шаршау,  қажу 
дегенді 
білсеші, 
шіркіндер. 
Ор 
текедей 
ойнақтап 
жүр. 
Жеке 
болымсыз 
(частноотрицательные)  (O):  Десе  де  кейбірінікі  бір  қолымен  екі  қарбызды  қабат  ұстасам 
деген әрекет қана. Жалпы болымсыз (общеотрицательные) (E): Осы мерзім ішінде не бөлім 
бастығын,  не  демалысқа  кеткендерді  іздеп-жоқтаған  бірде-бір  пенде  болсашы.  Жеке 
болымды (частноутвердительные) (I): Енді біреулер бәрін нақпа-нақ білетін болса керек. 
 
Яғни,  жоғарыдағы  сөйлемдерге  сүйенгенде,  жалпы  болымды  (A)  мен  жеке  болымсыз 
(O),  жалпы  болымсыз  (E)  бен  жеке  болымды  (I)  сөйлемдердегі  пайымдаулар  арасына 
қарама-қайшылық тән. Бұл пайымдаулар бір уақытта ақиқат та, жалған да бола алмайды. Бір 
пайымдаудың  ақиқаттығынан  басқа  пайымдаудың  жалғандығы,  біреуінің  жалғандығынан  – 
екіншісінің  ақиқаттығы  өрбиді.  Демек,  жалпы  болымды  мен  жеке  болымсыз  бір  уақытта 
ақиқат  та,  жалған  да  бола  алмайды.  Сол  сияқты,  жалпы  болымсыз  бен  жеке  болымды  бір 
уақытта жалған да, ақиқат та бола алмайды. Жалпы болымды пайымдаудың ақиқаттығынан 
жеке  болымсыз  пайымдаудың  жалғандығы  өрбиді,  жалпы  болымдының  жалғандығынан  – 
жеке болымсыздың ақиқаттығы өрбиді. Жалпы болымсыз және жеке болымды пайымдаулар 
да сол сияқты сипатқа ие.     
 
Қарама-қарсылық  қатынасы  A-E  пайымдаулары  арасында  жүреді.  Жалпы  болымды 
(общеутвердительные) (А):Мықты-ей, өздері. Бір шаршау, қажу дегенді білсеші, шіркіндер. 
Ор  текедей  ойнақтап жүр.  Жалпы  болымсыз  (общеотрицательные)  (E):  Осы  мерзім  ішінде 
не бөлім бастығын, не демалысқа кеткендерді іздеп-жоқтаған бірде-бір пенде болсашы. Яғни, 
жалпы  болымды  (A)  мен  жалпы  болымсыз  (E)  сөйлемдердің  пайымдаулары  арасында 
қарама-қарсылық  қатынасы  жүреді.  Қарама-қарсы  пайымдаулар  бір  уақытта  ақиқат  бола 
алмайды,  бірақ  бір  уақытта  жалған  бола  алады.  Жалпы  болымды  мен  жалпы  болымсыз 
пайымдаулар бір  уақытта ақиқат бола алмағанмен, бір  уақытта жалған бола алады. Өйткені 
оларға  қарама-қарсылық  сипат  тән.  Бір  пайымдаудың  жалғандығына  ілесіп,  өзге 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау