Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу



жүктеу 16,95 Mb.
бет36/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97

289-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң мақсаты үшiн акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтерлер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетiн:

1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;

2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.

2. Коммерциялық емес ұйымның депозиттер бойынша сыйақы, кiру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, депозитке салынған ақша қаражаты бойынша, оның ішінде ол бойынша сыйақы бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi түріндегі, сондай-ақ өтеусiз алынған мүлiк, оның ішінде қайырымдылық көмек, грант, демеушілік көмек, өтеусiз негiзде алынған ақша және басқа мүлік түріндегі мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған кезде коммерциялық емес ұйымның жылдық жиынтық табысынан алып тастауға жатады. Осы тармақтың мақсаты үшін:

ортақ мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің міндетті төлемдері;

тұтастай үйді қажетті пайдалануға міндетті және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне олардың келісімімен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің төлемдері;

үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері міндетті төлемдер мерзімін өткізіп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде есептелген өсімпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.

Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшері және оларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген жылдық жиынтық табыстың түзетуң жүргізілмейді.

5. Осы баптың 2-тармағында көзделмеген табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылатын сомасы осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып, коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасында айқындалады.

6. Осы баптың ережелері:

1) осы Кодекстің 135-1-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;

2) осы Кодекстің 135-бабына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып танылатын коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
290-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы бапқа сәйкес қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде, осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

2. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыстар және депозиттер бойынша сыйақылар ескеріле отырып, олардан алынатын табыстар осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құрайтын ұйымдар жатады.

Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері:

1) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) көрсететін медициналық көмек нысанындағы қызметтер көрсету;

2) білім беру қызметін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөнінде қызметтер көрсету;

3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде іске асыруын қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтік қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет;

4) кiтапхана қызметi жатады.

Осы тармақта көзделген ұйымдардың табыстары олар көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.

3. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай талаптарға сай келетiн:

1) салық кезеңiнде мүгедектер саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрайтын;

2) салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 пайызын) құрайтын ұйымдар да жатады.

4. Қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзу жөнiндегi қызметтен табыстар алатын ұйымдар жатпайды.

5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстар осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.

6. Осы баптың ережелерi осы Кодекстiң 135-1-бабына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып танылатын ұйымдарға қолданылмайды.
291-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу

1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:

1) осы тармақтың 2) - 5) тармақшаларында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының бастамасы бойынша құрылған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым;

2) бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:

Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған;

жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын;

мынадай:

қосымша білім беру;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:

мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;

негізгі мектеп;

жоғары мектеп;

орта білімнен кейінгі білім беру;

жоғары білім беру;

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы;

3) бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам болып табылатын;

осындай қоғамның дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаға тиесiлi болатын;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келсе:

осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;

жылдық жиынтық табысында алған табыстардың кемiнде 90 пайызын осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі табыстар, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:

медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);

қосымша білім беруді;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:

мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;

негізгі мектеп;

жоғары мектеп;

орта білімнен кейінгі білім беру;

жоғары білім беру;

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;

ғылым саласындағы қызметті, атап айтқанда:

iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;

осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырудан алынған табыс құраса, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады.

Осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға алынған және жұмсалған, құрылтайшыдан түскен түсімдер де осы тармақшаның мақсаттары үшін жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар деп танылады;

5) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай талаптарға сай келсе:

осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады;

ғылым саласындағы мынадай:

ғылыми-техникалық;

инновациялық;

іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу қызметі түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырған жағдайда салық салудан босатылады.

Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін осы тармақшада көрсетілген ғылым саласындағы қызмет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталады.

Егер ұйымдар мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:

медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);

қосымша білім беруді;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:

мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;

негізгі мектеп;

жоғары мектеп;

орта білімнен кейінгі білім беру;

жоғары білім беру;

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;

осы қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырса оларға осы тармақша қолданылмайды;

6) егер ұйым бір мезгілде мынадай талаптарға сай келсе:

осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;

тек қана мынадай жұмыстар мен қызметтерді көрсетсе:

кітапханалық қорды уақытша пайдалануға берсе, оның ішінде электрондық нысанда берсе;

ақпаратты өңдеу үшін компьютерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етілімдер мен жабдықтарды уақытша пайдалануға берсе;

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тек қана мынадай ұйымдарға:

осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына;

өзіне әкімшілік-шаруашылық қызметті қамтамасыз ету мен қызмет етілуін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің көрсетілуі мақсатында осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлға 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін құрған коммерциялық емес ұйымдарға ғана көрсетсе, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады.

2. Дербес бiлiм беру ұйымы бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы 10 пайызға азайтылады.

Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымының алған таза табысы немесе мүлкi қатысушылар арасында бөлінген салық кезеңдерi бойынша осы тармақтың ережесi қолданылмайды.
292-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға салық салу

1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның табыстары мұндай табыстар мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда, салық салудан босатылуға жатады:

1) екінші деңгейдегі банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, сондай-ақ өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғадан активтерді сатып алу және оларды өткізу;

2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның екінші деңгейдегі банктерден оларға қойылатын талап ету құқықтарын сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;

3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуі және өткізуі;

4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның заңды тұлғаларға талап ету құқықтарын екінші деңгейдегі банктерден сатып алу бойынша алынған мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру) немесе өтемін төлеп уақытша пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;

5) ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.

3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша пропорционалды немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.

4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы пропорционалды әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып, кірістердің жалпы сомасында айқындалады.

5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi. 2012 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге.
293-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiге салық салу

1. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдаудан түскен табыстар бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiнің осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызметті жүзеге асырудан түскен табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.

3. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрі және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.

4. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осындай қызмет бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес.
30-ТАРАУ. БАҚЫЛАНАТЫН ШЕТЕЛ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПАЙДАСЫНА САЛЫҚ САЛУ
294-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодекстің мақсатында бақыланатын шетел компания ретінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлға танылады:

1) осындай тұлға мынадай тұлғалардың бірі болып табылғанда:

бейрезидент заңды тұлға;

заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзгеде шетел нысаны (бұдан әрі осы тармақ мақсатында – ұйымдастырудың өзге де нысаны);

2) тікелей немесе жанама түрде тұлғада қатысу үлесінің (дауыс беретін акциялардың) немесе конструктивті Қазақстан Республикасының резиденті (бұдан әрі осы тараудың мақсатында - резидент) болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаға тиесілі 25 және одан да көп пайыздарға;

3) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне жауап бергенде:

бейрезидент заңды тұлғаның немесе ұйымдастырудың өзге де нысанының пайдасына арналған тиімді салық ставкасы кем дегенде 10 пайызды құрау;

бейрезидент заңды тұлға немесе ұйымдастырудың өзге де нысаны тіркелген немесе құрылтай құжаты тіркелген (құрылуы туралы құжат), немесе табыстар мен шығыстардың есепке алуын жүргізу немесе осындай ұйымдастырудың өзге де нысаны бойынша активтерді басқару жүктелген қатысушы мемлекетте жеңілдетілген салық салумен тіркелген.

2. Осы Кодекстің мақсаты үшін бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекеме ретінде құрылымдық бөлімше немесе мынадай шарттардың біріне жауап беретін тұрақты мекеме танылады:

1) ол мемлекетте жеңілдетілген салық салумен тіркелген;

2) ол шетел мемлекетінде тіркелген және пайдаға арналған тиімді салық ставкасы кем дегенде он пайызды құрайды.

Бұл ретте құрылымдық бөлімшені немесе тұрақты мекемені бір мезгілде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптарына жауап беретін тұлға құруы тиіс.

3. Осы Кодекстің мақсаты үшін жеңілдетілген салық салуы бар мемлекет ретінде шетел мемлекет немесе мынадай шарттардың біріне жауап беретін аумақ танылады:

1) осындай мемлекетте немесе аумақта пайда салық мөлшерлемесі кем дегенде 10 пайыз мөлшерінде белгіленген;

2) осындай мемлекетте немесе аумақта қаржылық ақпараттың құпиялылығы туралы заңдардың немесе мүліктің, табыстың іс жүзіндегі иелері немесе заңды тұлғаның (компанияның) іс жүзіндегі иелері, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдардың болуы.

Осы тармақтың 2) тармақшасының ережесі салық салу мақсаты үшін уәккілетті органмен ақпарат алмасуды қамтамасыз етпейтін шетел мемлекеттерін және аумақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында құзыретті органдары арасында салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережесін қарастыратын халықаралық шарты әрекет ететін шетел мемлекетіне немесе аумағына қатысты қолданылмайды.

Салық салу мақсаты үшін мынадай шарттардың бірін орындау кезінде мемлекет немесе аумақ уәкілетті органмен ақпарат алмасуды қамтамасыз етпеген немесе қамтамасыз етпейтін ретінде танылады:

1) уәкілетті орган шетел мемлекеттің немесе аумақтың құзыретті немесе уәкілетті органынан алмасуы халықаралық шартпен қарастырылған мәліметтердің ұсынуынан жазбаша бас тартуын алған;

2) шетел мемлекеттің немесе аумақтың құзыретті немесе уәкілетті органы уәкілетті орган тиісті сұрау салуды жолдағаннан кейін екі жылдан астам уақыт ішінде талап етілетін мәліметті ұсынбаған.

Осы тармаққа сәйкес айқындалған жеңілдетілген салық салуы бар мемлекеттер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

4. Осы тараудың және осы Кодекстің 32-тарауының мақсаттарында пайдаланылатын өзге де ұғымдар:

1) тұлға:

жеке тұлға;

бейрезидент заңды тұлға;

ұйымдастырудың өзге де нысаны;

2) бақыланатын тұлға – мынадай талаптардың біріне жауап беретін тұлға:

бақылау арқылы резидентпен байланысты тұлға (егер резиденттің тұлғаға бақылауы болған жағдайда);

резиденттің қатысу үлесі тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде 50 астам пайызын қамтитын тұлға;

жақын туыстары ретінде резидентпен байланысты тұлға (резидент жеке тұлғаға қатысы бойынша);

3) бақылау – бағалы қағаздарды саудаға өткізу үшін қор биржалары қабылдайтын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге де стандарттарына сәйкес айқындалатын бақылау;

4) жақын туыстары:

жұбайы (зайыбы);

балалар, оның ішінде асырап алынған ер балалар, асырап алынған қыздар;

жұбайының (зайыбының) балалары, оның ішінде асырап алынған ер балалар, асырап алынған қыздар;

немерелер;

жұбайының (зайыбының) немерелері;

асырауындағылар;

жұбайының (зайыбының) асырауындағылары;

ата-аналар;

жұбайының (зайыбының) ата-аналары;

бірге туған, бірге тумаған бауырлары мен апа-қарындастары;

жұбайының (зайыбының) бірге туған, бірге тумаған бауырлары мен апа-қарындастары;

5) қатысу (қатысу) үлесі – жарғы капиталындағы қатысу (қатысу) үлесі, жарғы (акционерлік) капиталдағы дауыс беретін акцияның үлесі (қатысуы) немесе ұйымдастырудың өзге де нысанындағы қатысу (қатысу) үлесі;

6) жанама түрде иелік ету үлесі (жанама түрде қатысу) – резиденттің бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) арқылы бақыланатын шетел компаниясында қатысу үлестерімен иелік етуі;

7) конструктивті иелік ету (конструктивті қатысу) – резиденттің бақыланатын шетел компаниясында қатысу үлестерімен тікелей немесе жанама түрде иелік етуі немесе резиденттің және жақын (жақын) туысының (туыстарының) (-мен бірге) бақыланатын шетел компаниясында қатысу үлестерімен тікелей немесе жанама түрде иелік етуі;

8) есепті кезең – қаржылық пайда танылған қаржы кезеңі;

9) тиімді мөлшерлеме – мына:

есепті кезең үшін бекітілген қаржылық есептіліктен есептелген, салық салынғанға дейін қаржылық табыстың оң шамасына кейінге қалдырылған салыққа қосылмаған, ағымдағы салықтық шығыс ретінде бекітілген қаржылық есептілік бойынша қарастырылатын есептік кезең үшін табыс салығының сомасына қатысты есептелген;

есепті кезең үшін бекітілген қаржылық есептіліктен есептелген, салық салынғанға дейін қаржылық табыстың оң шамасына шет мемлекетте төленген есептік кезең үшін табыс салығының сомасына қатысты есептелген мөлшерлемелердің ең азы ретінде айқындалатын табысқа салық мөлшерлемесі.

Осы тармақшаның мақсатында табыс салығының сомасына, егер қаржылық табысқа ағымдағы немесе алдыңғы кезеңде төлем көзінде ұсталған, салық салынған табыс қосылса (қосылған) кезде табыс салығы және төлем көзінде ұсталған салық қосылады.

10) бақыланатын шетел компаниясының тиімді салық ставкасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің тиімді салық ставкасы - бақыланатын шетел компаниясының тиімді пайда салығы ставкасының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің тиімді пайда салығы ставкасының есепті және екі алдыңғы кезең, кейіннен алдағы есепті кезең ішіндегі орта арифметикалық мағынасы.

Егер бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің тиісті кезеңі (кезеңдері) қорытындысы бойынша П көрсеткіші нөлге тең болған жағдайда немесе теріс шамасы болса, тиімді ставканы есептеуде осындай тиісті кезең (кезеңдер) ішіндегі П және Н көрсеткіші есептелмейді. Осындай жағдайда, бақыланатын шетел компаниясының тиімді пайда салығының ставкасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің тиімді пайда салығының ставкасы оң көрсеткіші бар П көрсеткішінің қалған кезең санының тиісті көрсеткіштерінен шыға отырып айқындалады.

Егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген мемлекеттің заңнамасында жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жасамай еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін көрсетумен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме белгіленсе, онда бақыланатын шетел компаниясының тиімді салық ставкасын есептеу үшін П және Н көрсеткіштері мынадай тәртіпте қайта есептеледі:

П көрсеткішінен, егер бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық пайдасы салық салуға дейін осындай соманы ескерген жағдайда, еншілес ұйымдардың салық салуына дейін қаржылық пайда (шығын) сомасы, бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша танылған қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың табыстарындағы үлесі алынып тасталады;

Н көрсеткішінен, егер бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған пайда салығының сомасы осындай соманы қамтыған жағдайда, кейінге қалдырылатын салықтарды қоспағанда, ағымдағы салықтық шығын ретінде бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша танылған еншілес ұйымдардың пайда салығының сомасы алынып тасталады;

11) пайда салығы – шетел пайда салығы немесе үстеме пайда салығын немесе жер қойнауын пайдаланушыға арнайы салықтарды (төлемдерді) қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге де шетел салығы.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау