307-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар
1. Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар:
1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;
2) осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, бейрезиденттердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын, осындай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;
3) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, бейрезиденттің филиалына, өкілдігіне немесе тұрақты мекемесіне төленетін табыстар;
4) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төлейтін сыйақы;
5) осы Кодекстің 243-бабы 2-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген дивидендтер жатады.
2. Мыналар:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;
2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін сыйақы, дивидендтер, сондай-ақ орналастырылған зейнетақы активтері бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық инвестициялық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін сыйақы;
3) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға төленетін сыйақы;
4) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін Ұлттық банктің бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыруға арналған лицензиясына ие, қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
5) лицензия негізінде банктік операциялардің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
6) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
7) резидент-банкке төленетін кредит (қарыздар) бойынша сыйақы;
8) резидент-банкке, сондай-ақ соттың шешімі бойынша қайта құр жүргізілген, бұрындары еншілес банк болған, 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаға төленетін кредит (қарыздар) бойынша сыйақы; 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
9) резидент лизинг берушіге төленетін лизинг шарты бойынша сыйақы;
10) репо операциялары бойынша сыйақы;
11) микроқаржы ұйымдарына төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;
12) мыналарға:
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға;
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетін борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
13) мыналарға:
үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) – 2) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына төленетін депозиттер бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салынуға жатпайды;
14) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген заңды тұлғаға кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.
308-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі
1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын төленетiн табыс сомасына осы Кодекстiң 147-бабының 3-тармағында белгiленген мөлшерлемені қолдану жолымен айқындайды.
2. Салық агентi осы Кодекстiң 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, 143-бабында көрсетілген табыстарды төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты табысты төлеу нысаны мен орнына қарамастан, ұстап қалуға мiндеттi.
3. Заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің осындай құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп өз шешімімен тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) табыстардан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
309-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген табыстарынан корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 23-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
310-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі резидентке төленетін табыстар бойынша салық агентінің салық міндеттемесін орындау тәртібі, сондай-ақ төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару
1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістер төлеу кезінде кірістің түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) – резидентке депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы салық агенті осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен бойынша мұндай табыстарға төлем көзінен табыс салығын салмауға құқығы бар немесе жеке тұлғаның-резиденттің көзделген табысына осы Кодекстің 158-бабының 2-тармағында қарастырылған табыс салығының мөлшерлемесін бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезінде қолданылады:
1) депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың немесе депозитарлық қолхаттары ұстаушылардың тізімін болуы, мазмұны:
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың атаулары ұстаушылары болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
депозитарлық қолхаттардың түрі және саны туралы ақпарат;
құжаттардың атауы және деректемелері жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын, немесе нөмірі мен күні мемлекеттік тіркеу заңды тұлғалардың ұстаушылары болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
2) Қазақстан Республикасының резиденттілігін, тұлға - депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялары бойынша дивидендтердің түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) растайтын құжат.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының резиденттікті растайтын құжатты салық агентіне осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзімдердің бірінші болып күшіне енетін мерзімнен кешіктірмей табыс етіледі.
Егер депозитарлық қолхаттардың базалық активі және осындай ұйым болып табылатын эмитент резиденті арасында депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын растау және есепке алуды жүзеге асыруға шартты жасалған кезде депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекет бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйымдардан жасалады,
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттар меншік құқығын растайтын құжат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, номиналды ұстауға қызмет көрсететін мына тұлғаларға беріледі:
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекет бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйым;
қаржы құралдары мен клиенттердің ақшасын есебін және солар бойынша құқықтарды растау, оларды сақтауды өзіне міндеттемелер қабылдай отырып құжаттамалық қаржы құралдарын сақтауды жүргізетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;
бағалы қағаздардың номиналды ұстау жөніндегі қызмет көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарын растауды және есепке алуды және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуге жүзеге асыратын өзге де ұйым.
2. Салық агенті салық органына берілетін салық есептілігінде осы Кодекске сәйкес есептелген және ұсталған (төленген), салық босатылған табыстардың сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.
3. Салық агенті осы Кодекстің ережелерін қолданбаған жағдайда, резидентке депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы – бейрезидентке дивидендтер түріндегі базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттардың акциялар бойынша кірістерді төлеу кезінде осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық агенті төлем көзінен табыс салығын ұстап қалуға міндетті.
осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген ұсталған табыс салығының сомасы мерзімде аударылуға тиіс
4. Түпкілікті (нақты) табыс алушы - резидент осы Кодекске сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқығы бар, егер салық агенті осындай резиденттің кіріс ұсталған табыс салығының бюджетке аударған жағдайда.
Бұл ретте, резидент дивидендтер түрінде табыс алынған кезеңде салық агентіне нотариалдық куәландырылған мынадай құжаттардың көшірмесін табыс етуге міндетті:
1) депозитарлық қолхаттар арналған меншік құқығын растайтын құжаттың;
2) Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжат;
3) депозитарлық қолхаттар базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде алынған табысын растайтын құжатты.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар резидент төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аударған күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін ұсынады.
Бұл ретте, салық агенті резидентке артық ұсталған табыс салығын қайтару жүргізеді.
5. Салық агенті салық органына өзінің орналасқан жері бойынша резиденттері үшін қарастырылған салық мөлшерлемесін азаюын қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп беруге немесе депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялары бойынша дивидендтер түрінде резиденттің табысынан ұстап қалған және аударылған салығы салық кезеңі үшін салық салудан босату бойынша қосымша есеп беруге құқылы
Осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен салық агенті аталған жағдайда артық төленген табыс салығының сомасы төлем көзінен ұсталған жүргізеді.
311-бап.Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем көзінен ұсталатын төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтізбелік жиырма бес күннен кешiктiрмей, төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аударуға мiндеттi.
2. Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агентi орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргiзедi.
312-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисап
Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты төлем көзінен ұсталатын табыс төлемі жүргізілген тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.
34-ТАРАУ. САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ, САЛЫҚ КЕЗЕҢІ
ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
313-бап.Салық мөлшерлемелері
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
2. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді, сондай-ақ осындай қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алынған табыс деп ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғаларға мынадай бағыттар бойынша берілген, оның ішінде бюджеттік субсидиялар танылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасы, технологиялық жабдық лизингі бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдыққа арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
2) өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы малының, құстар мен балықтар тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
4) мал шаруашылығының өнiмділігі мен өнiмiнің сапасын арттыру;
5) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;
6) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
7) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
8) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
10) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
11) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
12) ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату.
13) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық қаржы салу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу.
3. Осы Кодекстің 133-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған акционерлік қоғамдардың – заңды тұлғалардың салық салынатын кірісі Ұлттық Банктің бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыруға арналған лицензияға ие және Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасында акциялары жария орналастырылған салық кезеңі үшін 18 пайыз мөлшерлемесі бойынша салық салынуға жатады.
4. Бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
5. Бейрезиденттердiң осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 1) – 8), 10) – 29) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай бейрезиденттердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген табыстарға осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
6. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы осы Кодекстiң 199-бабында белгiленген мөлшерлеме және тәртiппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
314-бап. Салық кезеңі
1. Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.
2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.
3. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
5. Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл ішінде қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асырған уақыт кезеңі салық кезеңіне енгізілмейді.
315-бап.Салық декларациясы
1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзiнен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттi қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеушi, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.
3. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 427-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.
8-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ
35-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
316-бап. Төлеушілер
1. Осы Кодекстiң 155-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Шаруа және фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
317-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент жеке тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы тарауда, осы Кодекстiң 19-тарауында және 202-бабында белгiленген тәртіппен және мерзімде жүргізеді.
2. Резидент жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістері бойынша өз бетінше жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы Кодекстiң 20 және 27-тарауларында белгiленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі..
3. Бейрезидент жеке тұлғаның кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету салық агенті осы Кодекстің 158 және 194-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы Кодекстiң 25-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі.
4. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 158 және 194-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы Кодекстiң 61-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі.
5. Ауылшаруашылық өнімдерін, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімдерін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің ___ 61-тарауында белгiленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
318-бап. Салық салу объектілері
Жеке табыс салығын салынатын объектілер:
1) жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісі;
2) жеке тұлғаның дербес салық салуы кезінде салық салынатын кірісі болып табылады.
319-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі
1. Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңі ішінде:
1) төлем көзінен;
2) жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер түрінде алуға жататын (алынған) кірістерден тұрады.
2. Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қаралмайды:
1) жұмыскерлердің қызметі жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күні қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;
2) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:
осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;
Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
5) жұмыскер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;
6) жұмыс берушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерiмдерге жатқызылмайтын шығыстары;
7) мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлердiң далалық үлесі;
8) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:
тұрғын үйді мүліктік жалдау бойынша;
осы тармақтың 2) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;
9) жұмыс беруші контрагентпен жұмыскерлерді жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасу талабын сақтаған кезде, жұмыскерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты жұмыс берушінің шығыстары;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны;
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде әлеуметтік төлемдерді уақтылы есептемегені, ұстап қалмағаны, аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;
13) егер көрсетілген шығыстар жалдау төлемінен бөлек жүргізілген жағдайда, дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаға тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде оның өтеген мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;
тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге арналған шығыстары;
14) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;
15) егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;
16) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 102-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;
17) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішіндежұмыскердің өз жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
18) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) беруден кейін басталған мынадай:
қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
асыраушысынан, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы жеке тұлғаның және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк (микроқаржы ұйымы) алдында ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғалардың мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін кірістері болмаған жағдайда, атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына) қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші, алтыншы абзацтарының ережелері:
банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.
19) банк (микроқаржы ұйымы):
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
мұндай тұлға үшін сотқа берілген талап арыздан өндіріп алынған мемлекеттік бажды банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің төлеуі нәтижесінде қарыз алушы алған кіріс түрінде берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде жинақталған кіріс;
20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, 2004 жылғы
1 қаңтар – 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша жинақталған:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетелдік валютамен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс (2027 жылғы 01.01. дейін қолданылады);
21) мүлікті заңдастыруына байланысты «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңдастырылған мүліктің құны, оның ішінде ақша;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
24) жеке тұлға Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек ұсыну кезінде алған кіріс;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен алынған материалдық пайда, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының даярлық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;
тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;
мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналарын төлеу;
санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;
дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, оған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда;
26) жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер.
Осы тармақшада көзделген, салық агенті жүргізген төлем жағдайында осы тармақшаның ережелері салық агентіне өтініш ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданылады, онда өткізілетін жеке заттары кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтыны және мүліктік және өзге де кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін салық салу объектісі болып табылмайтыны көрсетіледі;
27) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша жұмыскердi басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдей отырып жасалған, жұмыскерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушінің жұмыскерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;
28) шартта белгіленген кезең ішінде банк пен клиент арасында жасалған шарт бойынша пайызсыз кезең берілуіне байланысты, төлем карточкасын ұстаушы банктік қарыз бойынша алған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
29) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;
30) мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде:
жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің есебінен мемлекетішілік және шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарлар үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылса;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның лауазымды адамының бұйрығы (өкімі) болса, жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінен алынған, оларға жол жүру мен тұруға ақы төлеу түріндегі кірістер;
31) жұмыс берушінің кінәсі бойынша еңбек жарақатын немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші өтеусіз берген техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарының құны – Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша;
32) жұмыс берушінің кінәсі бойынша еңбек жарақатын немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші өтеусіз көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек түріндегі көрсетілетін қызметтер құны - Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес;
33) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құпия көмекшілерге төлемдер;
34) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау жағдайында, жұмыс берушiнiң қызметтік іссапарды ресімдемей, жұмыскердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жiберу бойынша:
жұмыскерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін ақы төлеуге нақты жұмсаған шығыстары;
уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде жұмыскердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыскер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыс берушiнің:
жұмыскер Қазақстан Республикасының шегiнде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – жұмыскер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
жұмыскер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – жұмыскер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде жұмыскерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;
35) осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, оның ішінде науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның жұмыскері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін жұмыскер болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;
36) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:
жеке тұлғаны оқытуға, оның біліктілігін арттыруға немесе оны қайта даярлауға нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыскер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
дербес білім беру ұйымының:
оқытылатын адам Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – жұмыскер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
оқытылатын адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – жұмыскер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомасы;
37) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жүргізген мынадай түрдегі төлемдер:
мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар;
жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде, бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жүргізілген шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жүргізілген шығыстар;
мынадай:
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерге жіберілген кезде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері;
келу визасын ресімдеу шығыстарын (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде келу визасын ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:
дайындық бөлімінде;
мынадай білім беру деңгейлері бойынша:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
күндізгі оқу нысаны бойынша мынадай білім беру деңгейлері:
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;
38) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің
2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
39) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:
медициналық сақтандыруға, оның ішінде науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;
осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда.
40) абонент мобильдік шоттан (баланстан) қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырған кезде оның мобильдік шотына (балансына) байланыс операторының қаражаты есебінен байланыс операторы есепке жазған сома;
41) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезидент жеке тұлғаның кірісінен есептелген және салық агенті оны ұстап қалмай, өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген жеке табыс салығының сомасы.
Достарыңызбен бөлісу: |