Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 16,95 Mb.
бет44/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97

378-бап. Айналым жасау күнi


1. Осы баптың 2, 5, 7, 9-14 және 16-тармақтарында көрсетілген айналымдарды қоспағанда, тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн:

1) егер шарт талаптарына сәйкес өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу бойынша міндеті көзделсе, мына күндердің бірі:

өнім беруші (сатушы) айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде оның сенім білдірілген адамына тауарды берген күн;

тауарды өнім берушінің (сатушының) көлік құралына тиеген күн;

2) егер шарт бойынша өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу бойынша міндеті болмаса:

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тауарды беру фактісін растайтын құжат ресімделуге жататын кезде – осындай құжатқа өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) қол қойған күн;

қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған адамның, оның ішінде осындай тауарды жеткізуді жүзеге асыратын адамның иелігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

2. Сатып алушының иелігіне сәйкестендірілген тауарлардың берілгенін растайтын тауарға иелік ету құжаттарын беру арқылы тауарларды өткізу кезінде осындай тауарларды сатып алушыға нақты берген күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

3. Осы баптың 6, 8 және 15-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

Бұл ретте:

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.

4. Бакнк операцияларын жүзеге асыру, кредит (қарыз, микрокредит) беру жөнінде қызметтер, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және пошта жөнілтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер, ұтыссыз ойын автоматтарын, жеке компьютерьлерді, ойын жолдарын (боулинг (кегельбан), бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалануға беру бойынша қызметтер көрсету кезінде мына:

1) әрбiр төлем (есеп айырысу нысанына қарамастан) алынған күннің;

2) бухгалтерлік есепте қызметтерді көрсету танылған күннің ішіндегі неғұрлым ертерегі көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

5. Электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерiн, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізген кезде тауарлар жеткізілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күнтізбелік айдың соңғы күні тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

Осы Тараудың мақсаттары үшін коммуналдық көрсетілетін қызметтер деп ағынды жүйелерді және кәрізді тазалау бойынша жұмыстар, қалдықтарды жинау (қоқысты жою) бойынша көрсетілетін қызметтер, лифтілер мен домофондарға қызмет көрсету бойынша қызметтер түсініледі.

6. Жүзеге асырылуы кезінде құжаттар Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделетін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде (теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдарын қоспағанда) жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген неғұрлым кешірек күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

7. Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілерде интернет-ресурсқа орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзімді баспа басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу кезінде, мерзімді баспа басылымы берілген күн немесе бұқаралық ақпарат құралдары өнімі электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне жіберілген күн және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары өнімі жалпыға бірдей қолжетімді желілерде интернет-ресурсқа орналастырылған күн айналым жасау күні болып табылады.

8. Тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өткен күн;

2) мынадай жағдайларда:

тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда;

тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелген күні тауарды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

9. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарлар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген жағдайда:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауарды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдаланбай, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өткен күн;

2) тауарларды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелген күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.

10. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл беруші үшiн кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепіл тұрғысынан кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу айналысы процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына немесе кепiл ұстаушыға ауысқан күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.

11. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде:

1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сыйақы сомасын қоса алғанда, лизинг шартында белгіленген мерзімдік лизингтік төлем сомасы бөлігінде – осындай төлемді алу мерзімі басталған күн;

2) сыйақы сомасын қоса алғанда, лизинг шарты бойынша алу мерзімі басталған күн мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленген барлық лизингтік төлемдер сомасы бөлігінде – мүлікті қаржы лизингіне беру күні;

3) лизинг шартында көзделген лизингтік төлемдердің мерзімінен бұрын өтелген сомалары бөлігінде – осындай төлем (есеп айырысу нысанына қарамастан) алынған күн өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.

12. Осы Кодекстің 248-бабында тізбеленген тауарлар болып табылатын тауарлардан басқа, еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығысыз сатып алынған тауар жоғалған кезде, салық төлеуші жоғалту фактісін белгілеген күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

13. Бейрезидент орындаған, көрсеткен жұмыстар, қызметтер осы Кодекстің 241-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеушінің айналымы деп танылған жағдайда, мына күндердің бірі:

шарттың тараптары болып табылатын өнім беруші (сатушы) мен алушы (сатып алушы) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күн;

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі болмаған жағдайда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге құжат болған кезде – бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығындарды бухгалтерлік есепте тану күні осындай айналым жасалған күн болып табылады.

14. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде, осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көрсетілген айналым жасалған күн:

1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын ұсынған күннің;

2) салық органының шешімі бойынша осы Кодекстің 571-бабының 6-тармағында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күннің алдындағы күн айналым жасау күні болып табылады.

9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттен жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда:

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген қол қою күні сатып алу бойынша айналым жасау күнi деп танылады.

10. Егер осы бапта айқындалған құжаттарда, осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында айқындалғандарын қоспағанда, бірнеше күн көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі құжатқа қол қойылған күн болып табылады.

11. Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактурада осы Кодекске сәйкес айқындалатын айналым жасау күні көрсетіледі.

12. Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактурада айналым жасау күні көрсетіледі, онда:

1) осы Кодекстің 265-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда – осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күн бойынша;

2) осы Кодекстің 265-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда – қосымша шот-фактура жазып берілген күн бойынша, бірақ осы Кодекстің 265-бабына сәйкес қосымша шот-фактура жазып берілуге тиіс болатын кезең аяқталған күннен кешіктірілмейтін күн бойынша айқындалады.
43-ТАРМАҚ. АЙНАЛЫМ МӨЛШЕРІ МЕН ИМПОРТТЫ АЙҚЫНДАУ
379-бап. Айналым мөлшері

1. Егер осы Кодекстің 238-01-бабында өзгеше көзделмесе, өткізу бойынша айналым мөлшері, егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес өзгеше көзделмесе, мәміле тараптары баға мен тарифтерге қосылған құн салығын қоспай қолданатын баға мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ретінде айқындалады.

Тауардың төлемін бөліп төлеу шартымен өткізу кезінде өткізілетін тауардың құны шарты талаптарында көзделген барлық төлемдерді ескере отырып айқындалады.

2. Үшінші тұлғаларға төлеу бойынша қызметтер көрсету кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері комиссиялық сыйақы мөлшерінде айқындалады.

3. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төленуге жататын (төленген) акциз сомасы:

1) осы Кодекстің 279-бабы 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарды беру кезінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қызмет көрсететін осындай акцизделетін тауарды өндірушінің өткізу бойынша айналым мөлшеріне қосылмайды;

2) қалған жағдайларда - өткіуз бойынша айналым мөлшеріне қосылады.

4. Қосылған құн салығын төлеушінің тауарлар қалдықтары түріндегі айналым мөлшері осы қосылған құн салығын төлеушінің айналым жасау күні бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын (көрсетілген) осындай тауарлардың баланстық құны мөлшерінде айқындалады.

Осы тармақты мақсаттары үшін қосылған құн салығын төлеушінің тауарының баланстық құны:

1) қайта құруға байланысты қосылған құн салығы бойынша оны тіркеу есебінен алып тастау кезінде, сондай-ақ бөлініп шығу арқылы қайта құру кезінде – бөлу балансында немесе тапсыру актісінде көрсетілген, бірақ осындай қосылған құн салығын төлеушінің айналым жасау күні бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын (көрсетілген) баланстық құнынан төмен болмайды;

2) қалған жағдайларда - осындай қосылған құн салығын төлеушінің айналым жасау күні бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын (көрсетілген) тауардың баланстық құны болып табылады.

Тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым бойынша қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің ___ бабына сәйкес тауарлардың қалдықтары бойынша салық тіркелімін жасайды.

5. Қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым мөлшері бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде осы Кодекстің 238-1-бабына сәйкес айқындалады.

6. Осы бөлім мақсатындағы шетелік валютадағы операция айналым жасау күні алдыңғы соңғы жұмыс күні айқындалған валютаның валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қайта есептеледі.


380-бап. Жекелеген жағдайларда өткізу бойынша айналым мөлшерін айқындаудың ерекшеліктері

1. Кепілге салынған мүлікті кепіл беруші сатып алушыға немесе кепіл ұстаушыға меншікке беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері кепіл берушіде:

1) кепіл мүлкін өткізу кезінде – өткізілетін кепілге салынған мүлікке қосылған құн салығын қоспай, қолданылған өткізу бағасын негізге ала отырып, өткізілетін құны мөлшерінде;


  1. кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының меншігіне айналдырған кезде – мүлікті бағалау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жее немесе заңды тұлғаның қорытындысы негізінде сот шешімімен немесе сенімді тұлға белгілейтін ағымдағы бағалау құны мөлшерінде айқындалады. Бұл ретте сенімді тұлға кепілге салынған мүлікті мәжбүрлі соттан тыс тәртіппен сауда-саттық арқылы өткізу кезінде азаматтық заңнамада көзделген тәртіппен айқындалады.

2. Бұрын экспорттың кедендік рәсімімен орналастыра отырып, әкетілген тауардың кері импортын кедендік рәсімге орналастыру кезінде салық төлеушіде өткізу бойынша айналым мөлшері кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауардың көлемі бойынша, экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде қолданылған өлшем бірліктерімен, қосылған құн салығы бойынша декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетілген осы тауардың құны негізінде барабар айқындалады.

3. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сату кезінде салық салынатын айналымның мөлшері бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сату кезінде берілген мүліктің:

1) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырмаға ұлғайтылған;

2) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырмаға азайтылған баланстық құнының негізінде айқындалады.

4. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері мынадай:

лизинг шартына сәйкес белгіленген, қосылған құн салығының сомасын ескермей, сыйақы сомасы ескеріле отырып, мерзімді лизингтік төлем;

қосылған құн салығының сомасын ескермей, сыйақы сомасы ескеріле отырып, мерзімінен бұрын өтелген лизингтік төлем сомасы мөлшерінің бірімен айқындалады.

5. Тауарларды өтеусіз беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері, егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, оларды беру күні салық төлеуші бухгалтерлік есепте көрсетуге жататын (көрсететін), берілетін тауарлардың баланстық құны мөлшерінде айқындалады.

Өтеусіз орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша айналым мөлшері мынадай:

жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету өтеусіз пайдаланылған;

осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығы барабар әдіспен айқындалғанды қоса алғанда, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы ретінде ескерілген;

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде шығыстарға жатқызуға жататын талаптарға бір мезгілде сәйкес келген жағдайда тауарлардың баланстық құны, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алына отырып айқындалады.

Тіркелген активтердің, сондай-ақ осы Кодекстің 87-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген активтердің құны олар салық салынатын айналымға қосу үшін өтеусіз пайдалануға берілген жағдайда мынадай тәртіппен айқындалады:

Ақ = (ҚҚС сат/Пм) * Нс/мөлшерлеме,

мұндағы:

Ақ – өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға қосылатын актив құны;

ҚҚС сат - өтеусіз пайдалануға берілетін активті сатып алу кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығыны сомасы;

Пм – күнтізбелік айлармен есептелген активті пайдалану мерзімі, ол былай айқындалады:

бухгалтерлік есепте амортизацияға жататын активтер бойынша - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкесамортизация үшін бухгалтерлік есепте айқындалған активті пайдалы пайдалану мерзімі ретінде;

өзге активтер бойынша – активке техникалық құжаттама негізінде айқындалған актив қызметінің мерзімі ретінде, ал мұндай құжаттама болмаған кезде – 120 ай;

Нс – есепті салық кезеңіне сәйкес келетін пайдалануға беретін айлардың нақты саны;

мөлшерлеме – пайдалануға беру күні қолданыста болатын қосылған құн салығының пайызбен мөлшерлемесі.

6. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезінде, беру жүргізілу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

7. Өткізу бойынша айналым мөлшері мыналарда:

1) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келіскен кезде – кәсіпкерлік қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шартта;

2) кредит (қарыз, микрокредит) беру кезінде - кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шартта;

3) сенім білдірілген адам сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткіген, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен, сенім білдірілген адам сенім білдіруші үшін сатып алған тауарларды сенім білдірушіге берген, сондай-ақ сенім білдірілген адам үшінші тұлғамен жасаған мәміле бойынша сенім білдіруші үшін осындай үшінші тұлғаның сенім білдірушінің атынан және есебінен жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі кезінде кепілгерлік шартында көзделген сыйақы мөлшерінде, оған қосылған құн салығын қоспай айқындалады.

8. Ислам банкі Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға комерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде қаржыландыру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес ислам банкі алуға жататын кіріс мөлшерінде айқындалады.

Осы тармақтың мақсатында ислам банкі алуға жататын кіріске Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарт талаптарында айқындалатын, сатып алушыға өткізілетін тауарға үстеме сомасы жатады.

Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкі тауарды үшінші тұлғаға өткізу жағдайларына қолданылмайды.

9. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлға жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комиссионердің салық салынатын айналымының мөлшері оның

Қосылған құн салығын қоспағанда комиссиялық сыйақы негізінде айқындалады;

комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша айналымы болып табылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құны болып табылады.
381-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде айналым мөлшері

Айналым мөлшері сатып алу бойынша резидент еместен жұмыстар, қызметтер құны негізінде айқындалады сатып алу жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бабының 1-тармағында көрсетілген 241 қоса алғанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы жататын төлем көзінен ұсталуға. Бұл ретте, сатып алу құны негізінде анықталады:

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі

орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда –жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжат танылады.

Алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым осындай айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
382-бап. Айналым мөлшерiн түзету

1. Өзгеруі кезінде айналым мөлшерінің сол немесе өзге жаққа көзделген жағдайларда, осы баптың 2-тармағында күннен кейін оның тиісті түрде түзетіледі айналым мөлшері.

2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiн түзету:

1) кері импорттың кедендік рәсімінде әкелуді қоспағанда, бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарды тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;

2) мәміленің шарттары өзгерген;

3) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн бағалар, өтемақылар өзгерген;

Өрістер қолданылады, сондай-ақ өзгерген кезде төлеуге жататын сатылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер шарттың талаптарын негізге ала отырып, оның ішінде қолданумен байланысты коэффициентті (индексті);

4) бағаны түсірген, сату бағасын түсірген;

5) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған;

6) осы Кодекстің 231-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.

3. Осы баптың ережелері салық салынатын (салынбайтын) айналым қателерді түзету нәтижесінде мөлшері өзгерген жағдайда қолданылмайды.

4. Мөлшерін түзету айналымы салық төлеушінің құжаттар болған кезде жүргізіледі, олардың негізінде өзгертіледі мөлшері салық салынатын (салынбайтын) айналым.

5. Мөлшерін түзету сомасы салық салынатын (салынбайтын) айналым қосылады салық салынатын (салынбайтын) айналымға қатар салық кезеңінің күні тура келетін жағдайлар басталған көзделген осы баптың 2-тармағында. Мұндай күн болып табылады айналым сомасына түзету.Салық салынатын айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету осындай тауарларды өткізу, осындай жұмыстарды атқару, осындай қызметтерді көрсету бойынша бұрын көрсетілген айналым мөлшерінен аспауға тиіс.

7 осы баптың 2-тармағында және басталған күнгі көзделген жағдайларды Түзету кезінде салық салынатын айналымның мөлшерін ұлғайту жағына қосылған құн салығының сомасы осындай айналымы қолданыстағы мөлшерлемесі бойынша айқындалады.


383-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету

1. Егер өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн талаптың бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің мынадай жағдайларда:

1) үш жыл өткен соң салық кезеңінің басынан тура келетін:



орындау мерзімі бойынша талаптар өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер мұндай мерзім белгіленді;

беру күні тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетудің талап етуі бойынша сатылған тауарлар, жұмыстар, қызмет орындау мерзімі, оның анықталған жоқ;

2) банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңінде салық салынатын айналым мөлшерін осындай талап бойынша азайтуға құқығы бар.

Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 105-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.

2. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін азайту, өткізу бойынша айналым жасау күні қолданыста болатын қосылған құн салығы мөлшерлемесін қолдана отырып, тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызмет көрсетулер бойынша бұған дейін көрсетілген салық салынатын айналым мөлшері шегінде жүргізіледі.

3. Өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төлемақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағына сәйкес өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi өткізу бойынша айналым жасау күні қолданыста болатын қосылған құн салығы мөлшерлемесін қолдана отырып, аталған төлемақы алынған сол салық кезеңiнде көрсетілген төлемақының құнына арттырылуға жатады.


384 -бап.Салық салынатын импорт мөлшері

Салық салынатын импорт мөлшерiне Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын с учетом законодательства Республики Казахстан о трансфертном ценообразовании сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезiндегi салық және бюджетке төленетiн кеден төлемдерінің сомалары кіреді
44-ТАРАУ. НӨЛДІК МӨЛШЕРЛЕМЕ БОЙЫНША САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМДАР
385-бап. Тауарларды экспортқа өткізу бойынша айналым

1. Осы Кодекстің 248-бабында көзделген экспортқа тауарлар өткiзу бойынша айналымға нөлдiк мөлшерлеме бойынша салық салынады

Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

2. Мыналар:

1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт);

2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауарларға декларацияның көшірмесі тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.

3) мынадай жағдайларда:

магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;

тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде;

тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендiк ресiмдеудi жүргiзген мемлекеттік кіріс органының белгiлерi бар тауарларға толық декларацияның көшiрмесi;

4) тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

Тауарларды магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі табыс етіледі;

зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның зияткерлік меншiк объектiсiне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда, оның құнының растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

6) «Хоргос» Халықаралық шекара ынтымақтастық орталығы» орналасқан бақылау-өткізу пунктінде арнайы экономикалық аймағының кеден органының белгілері бар тауарлар шығаруды жүзеге асыратын экспорт кедендік рәсімінде, сондай-ақ кеден органының белгісі бар тауарларға декларацияның көшірмесі.

3. Кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңделген өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау осы баптың 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар:

1) қайта өңдеу рәсімі кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсіміне өзгертiлетiн тауарларға декларацияның көшірмелері;

2) кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсімінде ресiмделген жүктің кедендiк декларациясы;

3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде кеден аумағында қайта өңдеу (тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімінде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған тауарларға декларацияның көшiрмесi;

4) тауарларға декларацияның көшірмесіне сәйкес шет мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеудің кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту енгізілетін сол декларацияның көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.


386-бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу

1. Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулерді іске асыру жөніндегі айналымға :

Халықаралық тасымалдау болып танылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдауға;

2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;

3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нөлдік мөлшерлемемен салық салынады.

Егер тасымалдауды ресiмдеу осы тарауда белгіленген бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен жүзеге асырылған болса, осы баптың 4-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.

2. Жүзеге асырған жағдайда халықаралық тасымалдауды бірнеше тасымалдаушылар белгіленген жағдайды қоспағанда осы баптың 3-тармағында тасымалдау халықаралық тасымалдауға жатады, ол жүзеге асыратын тасымалдаушы Қазақстан Республикасының шекарасына дейін, немесе тасымалдаушы көлігі арқылы оның жолаушылар, тауарлар (почта жөнелтімдерін, багаж, жүк-багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген.

3. Жүзеге асырған жағдайда халықаралық тасымалдауды бірнеше тасымалдаушылар тікелей халықаралық темір жол-паромном қатынаста танылады халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы темір жол және су көлігінде.

4. Осы баптың мақсаттары үшін:

1) жүктерді тасымалдау кезінде:

халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;

халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты;

әуе көлігінде – қағаз жеткізгіште жазылған жүкқұжат немесе электрондық нысандағы әуе жүкқұжаты;

теңіз көлігінде - коносамент немесе теңіз жүк құжаты;

көліктің екі немесе одан да көп түрлерімен (аралас тасымал) транзиттеу кезінде – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);

магистральдық құбыр жүйесі бойынша:

есеп-қисап кезеңi iшiнде экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларға декларацияның көшірмесі не есеп-қисап кезеңi iшiнде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға декларация;

орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдап алу-беру актiлерi халықаралық тасымалдауды растаушы құжаттар болып табылады;

2) жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау кезінде:

автомобиль көлігімен:

тұрақты тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;

тұрақты емес тасымалдау кезінде – халықаралық қатынаста көлік қызметін көрсету туралы шарт;

теміржол көлігімен:

Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және почта құжаттарын сату туралы есеп;

халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;

теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдау үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость және жол жүру мен тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;

әуе көлігімен:

бас декларация;

жолаушы манифесі;

карго-манифест;

лоджит (орталық-тиеу кестесі);

жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті мен багаж квитанциясы) бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттары болып табылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар қағаз түрінде және (немесе) электрондық нысанда жасалуы мүмкін.

5. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.
387-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу

1. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлемемен салық салынады.

Осы баптың ережелері халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін әуежайларға қатысты қолданылады.

2. Осы баптың мақсаттары үшін:

1) Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерді қоса алғанда, шет мемлекеттердің авиакомпаниялары шетелдік авиакомпаниялар деп танылады;

2) әуе кемесінің шет мемлекет шекарасын кесіп өтуі кезінде әуе кемесінің ұшуы халықаралық ұшу деп танылады;

3) тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзілістің болуына немесе болмауына қарамастан, тасымалдауды орындау кезінде жөнелту және межелі пункттері:

екі немесе одан да көп мемлекеттің аумағында;

егер екінші мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекет аумағында орналасқан әуемен тасымалдау халықаралық әуемен тасымалдау деп танылады.

Егер жөнелту және межелі пункттері Қазақстан Республикасының аумағы болып табылса, осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасы үшінші абзацының ережесі қолданылмайды.

3. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік мөлшерлемемен салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде - әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;

тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде - шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі).

Бұл ретте, өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

өзі тіркелген мемлекетті көрсете отырып, авиакомпанияның атауы;

әуе кемесінің болжамды қону күні.

Форс-мажорлық жағдайлар салдарынан шетелдік әуе кемесі қонған кезде осы тармақшада көзделген өтінім толтырылмайды.

Осы тармақшаның мақсаттары үшін:

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады;

тұрақты рейс айқындамасына кірмейтін рейс тұрақты емес рейс деп танылады;

2) әуе кемесіне жанар-жағармай материалдары құйылғанын растайтын кеден органының белгісі бар, шетелдік әуе кемесіне май құюға арналған шығыс ордері немесе қойылатын талап, онда мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

авиакомпанияның атауы;

құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері;

әуе кемесіне май құйылған күн;

әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және май құюды жүзеге асырған әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің қолтаңбалары.

Осы тармақшаның ережелері Еуразиялық экономикалық одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде қолданылмайды;

3) әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін шетелдік авиакомпанияның ақы төлеу фактісін растайтын құжат;

4) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен уәкiлеттi орган бекiткен нысанда және тәртiппен өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бойынша) мөлшерiн растайтын қорытындысы.

Бұл ретте, Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамы осы тармақшада көзделген қорытындыны ұсынады.
388-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

Осы баптың мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар деп еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы тауарлар түсініледі.

2. Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1) қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге жасалған шарт (келісімшарт);

2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

3) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері.

2-1. Салық органдары кеден органдарынан ақпараттық байланыс арналары арқылы алған электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға декларацияның көшірмесін табыс ету талап етілмейді.

3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі.

4. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасы айқындалған кезде арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ұсынған деректер негізінде қалыптасатын арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты қолданылуын растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда еркін кеден аймағының кеден рәсіміне орналастырылған тауарлар салық салынатын импорт деп танылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептей отырып, арнайы экономикалық аймаққа тауар әкелінген күннен бастап қосылған құн салығын салуға жатады.


389-бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері

1. Егер осы Кодекстің 244-2-бабында өзгеше көзделмесе, "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру процесінде толығымен тұтынылатын тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

Осы баптың мақсаттары үшін құрылыс үдерісінде толығымен тұтынылатын тауарлар деп мұндай тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және олардың кедендік бақылауда болуы шартымен инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу үдерісіне тікелей тартылған тауарлар (электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда) түсініледі.

2. Осы бапқа сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілер құрылысын жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);

2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері.

2-1. Салық органдары кеден органдарынан ақпараттық байланыс арналары арқылы алған электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға декларацияның көшірмесін табыс ету талап етілмейді.

3. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару, осы бапқа сәйкес "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізеді. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұратуы бойынша астананың жергілікті атқарушы органы беретін, әкелінген тауарлардың инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.


390-бап. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері

1. Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылатын немесе өткізетін тауарларды "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы"арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

 Осы баптың мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар деп еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы тауарлар түсініледі.

 2. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы"арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1) қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге жасалған шарт (келісімшарт);

2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

 3) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

 4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері.

 3. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы"арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі.

4. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасы айқындалған кезде арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ұсынған деректер негізінде қалыптасатын арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты қолданылуын растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда еркін кеден аймағының кеден рәсіміне орналастырылған тауарлар салық салынатын импорт деп танылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептей отырып, "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймаққа тауар әкелінген күннен бастап қосылған құн салығын салуға жатады.
391-бап.Тазартылған алтынға салық салу

1. Бағалы металдар өндірісінің субъектілері және қайта өңдеу нәтижесінде тазартылған алтынның меншік иесі болып табылатын салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы металдар активтерін толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған тазартылған алтынды өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

2. Мыналар:

1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдар активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;

3) тазартылған алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері осы баптың 1-тармағында көрсетілген, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.

Осы баптың мақсаты үшін өз өндiрiсiнің шикiзаты деп салық төлеушінің дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізаты түсініледі.
392-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу

1. Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, олардың шарттарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларды өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Осы баптың мақсаты үшін қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген және өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жеткілікті өңдеу өлшемшарттарына сәйкес келетін шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.

Осы тармақта көрсетілген салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2. Нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы осы Кодекстiң 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердiң аумағына өткізуі бойынша айналымға салынады.

 Осы тармақта көрcетiлген қосылған құн салығын төлеушiлердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

3. Нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушінің бұрын осы салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекет аумағында өңдеген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымға салынады.

 Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.



4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар:

1) жеткізілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындауға арналғаны көрсетіле отырып, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды жеткізу шарты;

2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.

5. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсаттың өткізілуін растайтын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

2) құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу актісі;

3) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбырлар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-тапсыру актісі болып табылады.

 Құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.



6. Осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілуін растайтын құжаттар:

1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);

2) олардың негізінде өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);

3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;

4) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілуін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері болып табылады.

 Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбырлар жүйесі арқылы әкетілген жағдайда, тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-тапсыру актісі беріледі;



5) аумағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі – оларды сатып алушыға өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар;

6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына өткізілген өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;

7) осы Кодекстің 276-13-бабының 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы болып табылады.

Қайтарылуға жататын қосылған құн салығынан асып кеткен соманы айқындау кезінде Қазақстан Республикасының салық органының сұрау салуы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық қызметі өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған тексеру нәтижелері ескеріледі.

45-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН АЙНАЛЫМ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН ИМПОРТ




393-бап. Қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар

Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді:

1) осы Кодекстің 249-254-баптарында көрсетілген;

2) акциздiк маркаларды (осы Кодекстiң -бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);

3) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша бұрын сатып алынған, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өткізетін ғимараттарды, құрылыстарды және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін;

4) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша сатып алынған ғимараттарды, құрылыстарды және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша уақытша иелік етуге және пайдалануға беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге немесе мемлекеттік кәсіпорынға өтеусіз негізде берілетін мүлікті;

6) лотерея операторының лотерея қатысушысына беретін ұтыстар түріндегі мүлікті;

7) төлем қарточкаларымен және электрондық ақшамен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру бойынша қызмет көрсетулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді;

8) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінген тауарларды кеден аумағында кедендік рәсімдермен орналастыра отырып, өңдеу және (немесе) жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

9) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару бойынша үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативтерiнің қызметін;

10) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;

11) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:

осындай өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 пайызын мүгедектер құраса;

мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 пайызын) құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетін тауарларды өндіру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

12) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізген тауарларының, орындаған жұмыстарының, көрсетілген қызметтерінің сапасына кепілдік беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, олардың қосалқы бөлшектері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

13) егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, қор биржасында жасалған мәміленің негізінде не осындай мәміле тараптарының бірі екінші деңгейдегі банк немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – заңды тұлға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылған кезде құймалар мен тілімдер түріндегі инвестициялық алтынды;

14) құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті;

15) келу туризмі бойынша туроператордың көрсетілетін қызметтерін;

16) төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен берілетін ақшалай нысандағы қарыз операцияларын;

17) бажсыз сауданың кеден режиміне орналастырылған тауарларды;

18) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің діни жоралар мен рәсімдер өткізуі бойынша көрсетілетін қызметтерді;

20) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттарды;

Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастырудың өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

21) жерлеу бюроларының салт-жора қызметтерін, зираттар мен крематорийлердің көрсетілетін қызметтерін;

22) арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді;

23) Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

24) мұражайлардың мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруы және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын танымал етуді қамтамасыз етуі;

25) кітапханалардың ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын жүзеге асыруын;

26) театрлар, филармониялар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын мәдениет және білім беру саласындағы көрсетілетін қызметтер және жұмыстарды;

27) қызметтің осы түрін жүзеге асыру құқығына лицензияның негізінде жүргізілетін, тарих және мәдениет ескерткіштеріне жасалатын ғылыми-реставрациялық жұмыстарды;

28) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту саласындағы білім беру қызметтерін;

29) бiлiм беру саласында қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар білім беру ұйымдары көрсететін қосымша білім беру бойынша көрсетілетін қызметтерді;

30) қызметтiң осы түрлерiн жүзеге асыру құқығына тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі бiлiм беру саласындағы бiлiм беру қызметтерін;

31) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдарының осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған қызмет түрлерін жүзеге асыруын;

32) білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру ұйымдарының, сондай-ақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының кітапхана қорын уақытша пайдалануға беруі, оның ішінде электрондық нысанда беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді;

33) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды;

34) протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды; кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды;

33) және 34) тармақшаларда көрсетілген тауарлардың тізбесін денсаулық сақтау уәкілетті және ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

35) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі көрсететін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық көрсетілетін қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанындағы көрсетілетін қызметтерді;

36) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы көрсететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы көрсетілетін қызметтерді;

37) мыналар:

ветеринария саласында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында көзделген, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринария ұйымдары ветеринария саласында көрсететін қызметтерді;

38) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамында осы Кодекстің 255-бабы 15) тармақшасына немесе 276-15-бабы 3) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын бұрын әкелінген шикізат және (немесе) материалдар кірген;

өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуді аталған көлік құралын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізетін заңды тұлға жүзеге асырған;

индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекіткен, өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесіне енгізілген көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын;

39) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының аумағында өткізілетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
394-бап. Халықаралық тасымалдармен байланысты айналымдар

Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын, осы Кодекстің 244 және 276-12-баптарына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдармен байланысты мынадай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді:

тиеуді, түсiруді, қайта тиеуді (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстыру);

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе жолтабанының ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыруды;

Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi жөнелтуді;

вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін;



жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау