Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 16,95 Mb.
бет37/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97

295-бап. Жалпы ережелер

Бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы екі рет салық салуға жатпайды.

Қосарланған салық салу мынадай тәртіпте жойылады:

1) шетел мемлекетінде бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығын төлеген жағдайда:

кем дегенде 20 пайыздық тиімді ставка бойынша, осындай пайда салығы осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығын төлеу есебінде есепке жатқызылады;

20 және одан да көп пайыздық тиімді ставка бойынша, салықтық босатулар осы Кодекстің 295-бабына сәйке қолданылады;

2) резиденттің екі бақыланатын шетел компаниясының арасындағы дивиденттерді Қазақстан Республикасында салық салынатын немесе салынған дивиденттерді төлеп жатқан бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан төлеген жағдайда, онда осындай дивиденттер осы Кодекстің 296-бабының 5-тармағына сәйкес дивиденттерді алатын бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан шегеріледі;

3) егер бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынған Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар қосылған жағдайда:

20 пайыздық ставка бойынша, сондай-ақ дивиденттер түріндегі табыстар, онда осындай табыстар осы Кодекстің 296-бабының 5-тармағына сәйкес бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан шегеріледі;

кем дегенде 20 пайыздық ставка бойынша, осындай салық осы Кодекстің 301-бабына сәйкес резиденттің корпоративтік табыс салығынан шегеруге жатады.


296-бап. Салық салудан босату

1. Мынадай шарттардың бірін орындаған кезде бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады:

1) бақыланатын шетел компаниясында басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын резиденттің жанама түрде қатысуы кезінде;

2) бақыланатын шетел компаниясында бақыланатын тұлға болып табылмайты тұлға арқылы жүзеге асырылатын резиденттің жанама түрде қатысуы кезінде;

3) егер бақыланатын шетел компанияларының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы 20 және одан да көп пайыздық тиімді ставка бойынша тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетел компаниясы тіркелген мемлекетте пайда салығы салынатын немесе салынған болса;

4) егер бақыланатын шетел компанияларының қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы ол арқылы резидент 20 және одан да көп пайыздық тиімді ставка бойынша бақыланатын шетел компаниясындағы қатысу үлесіне жанама түрде иелік ететін бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте салық салынатын немесе салынған болса;

5) жеңілдетілген салық салумен мемлекетте тіркелген бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы жиырма және одан да көп пайыздық тиімді ставка бойынша пайда салығымен салынатын немесе салынған болса.

2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін резидентте мыналар:

1) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары қолданылған жағдайда:

осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бақыланатын шетел компаниясында резиденттің жанама түрде қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелері; немесе

осындай шоғырландырылған топтың барлық қатысушыларының атауын және олардың географиялық орналасқан жерін (мемлекеттердің (аумақтардың) атауын), шоғырландырылған топ қатысушылары қайда құрылғанын (құрылған), қатысу үлестерінің мөлшерін және шоғырландырылған топтың барлық қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркелу нөмірін (салықтық тіркелу болған кезде) көрсете отырып қатысушысы (акционері) резидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдастырушылық құрылымын көрсететін құжаттың көшірмесі;

2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасын қолданған жағдайда:

тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетел компаниясының қаржы есептілік көшірмесі;

бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржы есептілік көшірмесі;

тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасына осындай тұрақты мекеменің қаржылық пайдасының қосылуын растайтын (растайтын) ішкі құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (қазақ немесе орыс тілдеріне міндетті түрде аударумен) жасалған (жасалынған) көшірмесі;

шет мемлекетте табысқа салықтың төленгендігін растайтын (растаған) құжаттың (құжаттардың) көшірмелері;

мынадай құжаттарының бірінің:

резиденттердің әлемдік табыстарына салық салу туралы нормаларының шетел мемлекетінде болуы бөлігінде уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпарат;

резиденттердің әлемдік табыстарына салық салу туралы нормаларын белгілеп жатқан немесе белгілеу бөлігінде тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетел компаниясы тіркелген мемлекеттің заңнамалық актісінің (актілерінің) шетел тілінде (қазақ немесе орыс тілдеріне міндетті түрде аударумен) жасалған (жасалынған) көшірмесі;

тұрақты мекемесін құрған бақыланатын шетел компаниясы тіркелген шетел мемлекетте бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының төленгенін растайтын (растайтын) құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (қазақ немесе орыс тілдеріне міндетті түрде аударумен) жасалған (жасалынған) көшірмесі болуы тиіс.

Осы тармақшаның жетінші немесе сегізінші абзацының ережелері мыналар болмаған жағдайда қолданылады:

резиденттердің әлемдік табыстарына салық салу туралы нормаларының шетел мемлекетінде болуы бөлігінде уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпарат; немесе

уәкілетті органда шетел мемлекетінде осындай резиденттердің әлемдік табыстарында салық салу туралы нормаларының бар болуы туралы резидентте бар мәліметтер;

3) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын қолданған жағдайда:

бақыланатын шетел компаниясында жанама иелену жүзеге асырылатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі;

бақыланатын шетел компаниясының қаржылық есептіліктің немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық есептіліктің көшірмесі;

ол арқылы резидент бақыланатын шетел компаниясының үлесіне жанама түрде иелік ететін бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық пайдасына бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қосуды растайтын (растайтын) ішкі құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (қазақ немесе орыс тілдеріне міндетті түрде аударумен) жасалған (жасалынған) көшірмесі;

шет мемлекетте табысқа салықтың төленгендігін растайтын (растаған) құжаттың (құжаттардың) көшірмелері;

мынадай құжаттарының бірінің:

бақыланатын шетел компанияларының қаржылық салық салу пайдасы немесе салық салынатын пайда туралы нормаларының шетел мемлекетінде болуы бөлігінде уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпарат;

бақыланатын шетел компаниясының қаржылық салық салу пайдасы немесе салық салынатын пайда туралы нормаларын белгілеп жатқан немесе белгілеу бөлігінде ол арқылы резидент бақыланатын шетел компаниясының үлесіне жанама түрде иелік ететін бақыланатын тұлға тіркелген мемлекеттің заңнамалық актісінің (актілерінің) шетел тілінде (қазақ немесе орыс тілдеріне міндетті түрде аударумен) жасалған (жасалынған) көшірмесі;

ол арқылы резидент бақыланатын шетел компаниясының үлесіне жанама түрде иелік ететін бақыланатын тұлға тіркелген шетел мемлекетте бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын (растайтын) құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (қазақ немесе орыс тілдеріне міндетті түрде аударумен) жасалған (жасалынған) көшірмесі болуы тиіс.

Осы тармақшаның жетінші немесе сегізінші абзацының ережелері мыналар болмаған жағдайда қолданылады:

бақыланатын шетел компанияларының қаржылық салық салу пайдасы немесе салық салынатын пайда туралы нормаларының шетел мемлекетінде болуы бөлігінде уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпарат; немесе

уәкілетті органда бақыланатын шетел компанияларының қаржылық салық салу пайдасы немесе салық салынатын пайда туралы нормаларының шетел мемлекетінде бар болуы туралы резидентте бар мәліметтер;

4) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасын қолданған жағдайда:

бақыланатын шетел компаниясының қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі болуы тиіс.

шет мемлекетте табысқа салықтың төленгендігін растайтын (растаған) құжаттың (құжаттардың) көшірмелері;

3. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында заңда салық салу туралы нормалары белгіленген шетел мемлекеттерінің тізбесін орналастырады:

резиденттердің әлемдік табыстарын;

бақыланатын шетел компанияларының қаржылық немесе салық салынатын пайдасын.

Осындай ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында уәкілетті орган оны қолданыстағы халықаралық шарттар шеңберінде ақпарат алмасу бойынша шетел мемлекеттерінің құзырлы органдарынан сұратуға, немесе осындай ақпаратты интернет-ресурстан, немесе сұрау салуы бойынша осындай ақпараты бар халықаралық ұйымдардан алуға құқылы.


297-бап. Бақыланатын шетел компаниясының пайдасына салық салу

1. Бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасы резидент заңды тұлғаның немесе резидент жеке тұлғаның салық салынатын табысына қосылады және Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығымен салынады. Бұл ретте резиденттің салық салынатын табысы болмаған жағдайда бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасы резиденттің кәсіпкерлік қызметінен шығын сомасын азайтады. Бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасы мен резиденттің кәсіпкерлік қызметінен шығын арасындағы оң айырмашылық резиденттің салық салынатын табысы деп танылады.

2. Бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасы мынадай формула бойынша айқындалады:

П = П1 × Д1 + П2 × Д2 +...+ Пn × Дn,

П1, П2, …, Пn = Пдн – У, мұнда:

П – осы Кодекстің 295-бабына сәйкес қаржылық пайдасы салық салудан босатылатын бақыланатын шетел компанияларды немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемелерін қоспағанда, барлық бақыланатын шетел компанияларының немесе бақыланатын шетел компанияларының тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы;

П1, П2, …, Пn – Қазақстан Республикасында салық салуға жататын әрбір бақыланатын шетел компаниясының немесе әрбір бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;

Д1, Д2, …, Дn – әрбір бақыланатын шетел компаниясында резиденттің тікелей, жанама, конструктивті түрде қатысу коэффициенті;

Пдн – есепті кезең ішіндегі салық салуға дейін бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;

У – осы баптың 5-тармағына сәйкес есепті кезең ішіндегі салық салуға дейін бақыланатын шетел компанияларының қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетел компанияларының тұрақты мекемелерінің қаржылық пайдасынан резидент өткізген азайту сомасы.

3. Есепті кезең ішіндегі салық салуға дейін бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын айқындау мынадай талаптарды есепке ала отырып жүзеге асырылады:

1) бақыланатын шетел компаниясы тіркелген немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасымен белгіленген стандарттарға сәйкес жасалған бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің бекітілген жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептіліктің негізінде;

Егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасымен қаржылық есептілікті жасау стандарты белгіленбеген жағдайда, бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы бағалы қағаздарды саудаға жіберу үшін қор биржалары қолданатын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не өзге де халықаралық танылған қаржылық есептілікті жасау стандарттарына сәйкес жасалған қаржылық есептілік деректері бойынша айқыналады.

Егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген мемлекеттің заңнамасымен жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жасамай еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін көрсетумен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда, онда осы тармақпен белгіленген талап бақыланатын шетел компаниясының осындай шоғырландырылған қаржылық есептілікке және бақыланатын шетел компаниясының еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың жеке қаржылық есептіліктеріне қолданылады.

2) бақыланатын шетел компаниясы тіркелген елдің заңнамасымен белгіленген стандартқа сәйкес жасалған осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қаржылық есептіліктің аудиті болған кезде.

Егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасына сәйкес оның қаржылық есептілігі міндетті аудитке жатпаған жағдайда, бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы аудиті аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес өткізілген қаржылық есептілік деректері бойынша айқындалады.

Осы тармақпен белгіленген талаптар орындалмаған кезде және жеңілдетілген салық салуы бар мемлекеттің заңнамасында қаржылық есептілікті дайындау (қалыптастыру) туралы талап болмаған және бақыланатын шетел компаниясында немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінде қаржылық есептілік болмаған жағдайда резиденттің салық кезеңі есепті кезең болып танылады. Бұл ретте бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының сомасын осындай есепті кезең ішіндегі салық салуға дейін резидент өз таңдауы бойынша мынадай тәртіптердің бірінде айқындайды:

1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салынатын табысты айқындау тәртібіне ұқсас тәртіпте;

2) салық салуға дейін қаржылық пайда сомасы есепті кезең ішіндегі бақыланатын шетел компаниясының табыс немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің табыс сомасының және 0,5 коэффициентінің туындысы ретінде айқындалады. Табыс сомасы есепті кезең ішіндегі бақыланатын шетел компаниясының банк шотына немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің банк шотына ақшаның түсіміне қарай айқындалады.

4. Резидент растау құжаттары болған кезде мынадай сомаға салық салуға дейін бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасын азайтуға құқылы:

1) еншілес ұйымдарды салық салуға дейін қаржылық пайда (шығын) сомасы, егер бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық пайдасы салық салуға дейін осындай соманы ескерсе, бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылған қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың табыстарындағы үлесі. Осы тармақшаның ережесі егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген мемлекеттің заңнамасымен жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жасамай еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін көрсетумен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда қолданылады;

2) егер бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы салық салуға дейін осы тармақшада көрсетілген салық салынатын табысты ескерсе, Қазақстан Республикасында жиырма пайыз ставкасы бойынша корпоративтік табыс салығы салынған тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтен бақыланатын шетел компаниясының салық салынатын табысы;

3) егер бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы салық салуға дейін осы тармақшада көрсетілген табысты қосса, шығыс сомасына азайтылған жиырма пайыз ставкасы бойынша төлем көзінде бұдан бұрын Қазақстан Республикасында салынған корпоративтік табыс салығымен Қазақстан Рсепубликасындағы көздерден бақыланатын шетел компаниясы алған тұрақты мекемені құрамай Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтен (жұмысты орындаудан) алынатын табыс.

Осы тармақшаның мақсаттары үшін шығыс сомасы қаржылық есептілік бойынша бақыланатын шетел компаниясының тікелей шығыстарының үлесі мен жалпы сомасының туындысы ретінде пропорциональды әдіспен айқындалады. Үлес, осы тармақшада көрсетілген табыс сомасының қаржылық есептілік бойынша бақыланатын шетел компания табысының жиынтық сомасына қатынасы ретінде айқындалады;

4) егер бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы салық салуға дейін осы тармақшада көрсетілген табысты қосса, Қазақстан Республикасында бұрын төлем көзінде жиырма пайыз ставкасы бойынша корпоративтік табыс салығы салынған Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетел компаниясы алған осы тармақтың 1), 2), 4) тармақшаларында көзделгендерден басқа табыс;

5) егер бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы салық салуға дейін осындай дивиденттерді қосса, Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетел компаниясы алған дивиденттер;

6) егер бақыланатын шетел компаниясының – дивиденттердің алушысының қаржылық пайдасы салық салуға дейін осындай дивиденттерді қосса, егер олар Қазақстан Республикасындағы резиденттің салық салынатын табысына есепті немесе алдыңғы салық кезеңінде енгізілген дивиденттерді төлейтін бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан төленген болса, басқа бақыланатын шетел компаниясынан алынған дивиденттер.

мынадай формула бойынша айқындалатын:

егер бұрын есепті немесе алдыңғы салық кезеңінде Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынған, дивиденттер сомасы көрсетілген бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан төленген болса, басқа бақыланатын шетел компаниясынан алынған дивиденттер сомасының,

дивиденттерді төлейтін бақыланатын шетел компаниясында резиденттің жанама қатысу коэффицентіне көбейтілген шамасы.

Осы тармақтың 6) тармақшасында белгіленген азайту, егер қаржылық табысқа осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген дивиденттер сомасы қосылса, бақыланатын шетел компаниясының-дивиденттер алушының салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасына қолданылады.

5. Шетел мемлекетінде есепті кезеңнің және осы Кодекстің 312-бабына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасындағы есепті салық кезеңінің ұзақтығы немесе басталу және аяқталу күні сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеуші түзету коэффициенттерін қолдану арқылы мынадай тәртіпте Қазақстан Республикасында салық салуға жататын әрбір бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының мөлшерін түзетуге міндетті (К1, К2):

П1, П2, …, Пn = Пу × К1 + Пу + 1 × К2,

К1 = НП (СР)1 / НП (СР)3,

К2 = НП (СР)2 / НП (СР)3, мұнда:

П1, П2, …, Пn - Қазақстан Республикасында салық салуға жататын әрбір бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының сомасы;

Пу – Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіндегі шеңберге кіретін бір есепті кезең ішінде Қазақстан Республикасында салық салуға жататын әрбір бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының сомасы;

Пу + 1 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіндегі шеңберге кіретін басқа есепті кезең ішінде Қазақстан Республикасында салық салуға жататын әрбір бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының сомасы;

НП (СР)1 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіндегі шеңберге кіретін шетел мемлекетіндегі бір есепті кезең айларының саны;

НП (СР)2 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіндегі шеңберге кіретін шетел мемлекетіндегі келесі есепті кезең айларының саны;

НП (СР)3 - шетел мемлекетіндегі есепті кезең айларының жалпы саны.

6. Шетел валютасында көрсетілген Қазақстан Республикасында салық салуға жататын әрбір бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының сомасын резидент есепті кезең ішіндегі валюталарды айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып теңгеде қайта есептейді.

Есепті кезең ішіндегі валюталарды айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы мынадай формула бойынша айқындалады:

R = (R1 + R2 + … + Rn)/12, мұнда:

R – есепті кезең ішіндегі валюталарды айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

R1, R2 …, Rn – есепті кезең ішіндегі әрбір айдың соңғы күнтізбелік күніне қолданылатын тиісті валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы.

7. Резиденттің әрбір бақыланатын шетел компаниясында тікелей қатысу коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

Д1, Д2, …, Дn = Х/100%, мұнда

Д1, Д2, …, Дn – резиденттің әрбір бақыланатын шетел компаниясында тікелей қатысу коэффициенті;

Х – резиденттің әрбір бақыланатын шетел компаниясында тікелей қатысуының пайыздық үлесі.

Резиденттің әрбір бақыланатын шетел компаниясында жанама түрде қатысу коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

Д1, Д2, …, Дn = Х1/100 % х Х2/100% х...х Хn/100%;

мұнда:


Д1, Д2, …, Дn – резиденттің бақыланатын шетел компаниясында жанама түрде қатысу коэффициенті;

X1 – жанама түрде қатысу жүзеге асырылатын тұлға арқылы резиденттің тікелей қатысу үлесі;

Х2, ... – жанама түрде қатысу жүзеге асырылатын тұлға арқылы әрбір алдыңғы тұлғаның әрбір келесі тұлғада тиісті реттілігімен тікелей қатысу үлесі;

Хn - бақыланатын шетел компаниясында алдыңғы тұлғаның тікелей қатысу үлесі.

Резиденттің әрбір бақыланатын шетел компаниясында конструктивті қатысу коэффициенті мынадай тәртіптің бірімен есептеледі:

1) резиденттің бақыланатын шетел компаниясында тікелей қатысу коэффициенті

қосу

резиденттің бақыланатын шетел компаниясында жанама түрде қатысу коэффициенті;



2) резиденттің бақыланатын шетел компаниясында тікелей немесе жанама түрде қатысу коэффициенті

қосу


егер бақыланатын шетел компаниясындағы бақыланатын тұлға резиденттің жақын туысы болып табылса, және осындай жақын туысы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса, бақыланатын тұлғаның тікелей немесе жанама түрде қатысу коэффициенті.

Резидент жеке тұлға кәмелеттік жасқа толмаған резидент жақын туыстарының қатысуымен бақыланатын шетел компаниясындағы қатысу үлесімен конструктивті иеленген кезде осы баптың ережесі осындай конструктивті иеленуге қолданылады. Резидент жеке тұлға кәмелеттік және (немесе) зейнеткерлік жасқа толған резидент жақын туыстарының қатысуымен бақыланатын шетел компаниясындағы қатысу үлесімен конструктивті иеленген кезде осы тармақтың ережесі осындай жақын туыстарының жазбаша келісімі болған кезде осындай конструктивті иеленуге қолданылады. Осындай жақын туысының (жақын туыстарының) жазбаша келісімі болмаған кезде салық міндеттемені әрбір тұлға (резидентпен және резиденттің осындай жақын туысы (туыстары)) осы тармаққа сәйкес егер бақыланатын шетел компаниясындағы резиденттің және осындай жақын туысының (туыстарының) жиынтық қатысу үлесі 25 пайыздан ассқан жағдайда бақыланатын шетел компаниясындағы иелену үлесінің мөлшеріне қарай орындайды.

8. Осы баптың ережесі бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінде қолданылады.

9. Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасы резидентке берген және (немесе) резидент үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктерге, инвестициялық салық преференцияларына, барынша қолайлылық режимiне, сондай-ақ осы Кодексте көзделгендерден неғұрлым қолайлырақ өзге де салық салу шарттарына қарамастан қолданылады.

10. Осы баптың мақсаттары үшін растау құжаттары ретінде мынадай құжаттар түсініледі:

1) осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдану үшін:

бақыланатын шетел компаниясының салық салынуына дейін қаржылық пайда сомасын айқындауға мүмкіндік беретін құжаттар көшірмесі. Осы құжаттар ретінде бақыланатын шетел компаниясының банк шотынан үзінді-көшірмелер, бақыланатын шетел компаниясының іскери айналымының дәстүрлеріне сәйкес жүргізілген операцияларды растайтын бастапқы құжаттар болуы мүмкін;

2) осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігінің 2) тармақшасын қолдану үшін:

есепті кезең ішіндегі бақыланатын шетел компаниясының банк шотынан ай сайынғы үзінді-көшірмесінің көшірмесі;

3) осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасын қолдану үшін:

бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі;

бақыланатын шетел компаниясының еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдарының бекітілген қаржылық есептілігінің көшірмесі;

осы тармақшада көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің көшірмесі;

бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық пайдасына еншілес ұйымдардың салық салуына дейін қаржылық пайданың (шығынның), қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың табысындағы үлесінің қосылуын растайтын (растайтын) ішкі құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (қазақ немесе орыс тілдеріне міндетті түрде аударумен) жасалған (жасалынған) көшірмесі;

4) осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасын қолдану үшін:

бақыланатын шетел компаниясының филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінің салық салынатын табысынан Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығының есептеуін және төленуін растайтын құжаттардың, оның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмесі;

Қазақстан Республикасында салық салуға жататын (салықпен салынған) бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстың қосылуын растайтын (растайтын) ішкі құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (қазақ немесе орыс тілдеріне міндетті түрде аударумен) жасалған (жасалынған) көшірмесі;

5) осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларын қолдану үшін:

төлем көздеріндегі корпоративтік табыс салығын Қазақстан Республикасының көздерінен алынған бақыланатын шетел компаниясының табысынан Қазақстан Республикасының бюджетіне аударуын және ұсталуын растайтын құжаттың көшірмесі;

Қазақстан Республикасында салық салуға жататын (салықпен салынған) бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстың қосылуын растайтын (растайтын) ішкі құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (қазақ немесе орыс тілдеріне міндетті түрде аударумен) жасалған (жасалынған) көшірмесі;

6) осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасын қолдану үшін:

екі бақыланатын шетел компаниясының арасындағы дивиденттердің бөлінуін және төленуін растайтын құжаттардың көшірмелері;

Қазақстан Республикасында салық салуға жататын (салықпен салынған) бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасына басқа бақыланатын шетел компаниясы төлеген (төлеп жатқан) дивиденттердің қосылуын растайтын (растайтын) ішкі құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (қазақ немесе орыс тілдеріне міндетті түрде аударумен) жасалған (жасалынған) көшірмесі.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар немесе олардың көшірмелері осы баптың 3 немесе 4-тармақтарының ережелерін қолданатын резидентте болуы тиіс.

11. Резидент бақыланатын шетел компаниясының жиынтық пайдасы енгізілген корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияларды бергеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі көшірмесін қоса бере отырып олардың көшірмелерн ұсынуға міндетті:

1) резидент заңды тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептіліктің;

2) егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасымен жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жасамай еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін көрсетумен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау белгіленсе, әрбір бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептіліктің;

3) егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген заңнамада жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жасамай еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін көрсетумен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда, бақыланатын шетел компаниясының еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың қаржылық есептіліктің;

4) осы тармақта көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің.

Егер салық декларациясын беру сәтіне қаржылық есептіліктің аудиті аяқталмаған болса, аудиторлық есеп қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті бекіткен күннен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылады.

12. Егер бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің алдыңғы есепті кезеңі ішіндегі қаржылық есептіліктің, немесе ол арқылы бақыланатын шетел компаниясындағы қатысу үлесіне жанама түрде иелену жүзеге асырылатын бақыланатын тұлғаның алдыңғы есепті кезеңі ішіндегі қаржылық есептіліктің аудит қорытындысы бойынша есепті кезеңде көрсетілетін осындай қаржылық есептіліктің түзетуі жүргізілсе, онда салық салу мақсаттарында осындай түзетулер есепті кезеңде қолданылады.

Егер бағалы қағаздарды саудаға жіберу үшін қор биржалары қолданатын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не өзге де халықаралық танылған қаржылық есептілікті жасау стандарттарына сәйкес осындай аудит қорытындысы бойынша жүргізілген түзетулерді есепке ала отырып жаңартылған түзетілген қаржылық есептілікті жасау (қалыптастыру) талап етілген жағдайда, онда осы баптың ережесі, оның ішінде аудиторлық есептің бар болуы туралы талап осындай жаңартылған қаржылық есептілікке қолданылады.

13. Резиденттің заңды тұлғаның салық салынатын табысына немесе резидент жеке тұлғаның салық декларациясы бойынша табысқа осы баппен белгіленген тәртіпте айқындалатын салық салуға жататын бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасын қоспауы немесе резиденттің мұндай бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының сомасын төмендетуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

14. Егер осындай резидент мұндай аудиторлық есепті бекіткен күннен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде осы тарауға сәйкес салық міндеттемесін орындаса, резидент егер бақыланатын шетел компаниясының қаржылық есептілігіне аудиторлық есепті бекіту мерзімі Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны беру мерзімінен кейін болған жағдайда жауапкершіліктен және өсімпұл есептеуден босатылады.

15. Резидент бір мезгілде мынадай талаптарды орындау кезінде жауапкершіліктен және өсімпұл есептеуден босатылады:

1) егер уәкілетті орган резиденттің бақыланатын шетел компаниясында қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде иеленгені туралы, пайда салығының тиімді ставкасы туралы, осы баптың 16-тармағына сәйкес уәкілетті орган резиденттен алған мәліметтердің негізінде халықаралық шартқа сәйкес шетел мемлекетінің құзыретті немесе уәкілетті органмен өткізген ақпарат алмасу нәтижелері бойынша резиденттің бақыланатын шетел компаниясының салық салынуына дейін қаржылық пайда туралы ақпаратты алған жағдайда;

2) резидент осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген дербес ақпаратты ала алмаған жағдайда;

3) резидент тиісті салық органына бақыланатын шетел компаниясында қатысу туралы өтінішті және резидент заңды тұлғаның салық салынатын табысына немесе резидент жеке тұлғаның табысына салық салуға жататын бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасын қосумен алдыңғы және (немесе) есепті салық кезеңі (кезеңдері) үшін корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны салық органының хабарламасында белгіленген мерзімде берген жағдайда.

Бір мезгілде мынадай талаптарды орындау ақпаратты ала алмау деп танылады:

1) резиденттің жербес және (немесе) бақыланатын тұлға арқылы бақыланатын шетел компаниясына бір реттен көбірек сұрау салуды жолдауы және өз сұрау салуларына бақыланатын шетел компаниясында қатысу үлесінің мөлшері және (немесе) тиісті кезең (кезеңдер) ішіндегі бақыланатын шетел компаниясының жеке қаржылық есептілігін ұсыну бөлігінде жауаптар алмау;

2) бақыланатын шетел компаниясының қаржылық есептілік деректері туралы ақпараттың интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында және өзге де ақпарат көздерінде бақыланатын шетел компаниясын жарияламау бөлігінде болмауы.

16. Резидент Қазақстан Республикасында халықаралық шарт қолданылатын шетел мемлекетінің құзыретті немесе уәкілетті органына одан мынадай ақпаратты және (немесе) құжаттарды алу бөлігінде сұрау салу жолдау өтінішімен уәкілетті органға жүгінуге құқылы:

1) бақыланатын шетел компаниясындағы резиденттің бақыланатын тұлғасының қатысу үлесінің мөлшері туралы;

2) бақыланатын шетел компаниясының тиісті кезең (кезеңдер) ішіндегі пайда салығының тиімді ставкасы туралы (қажет болған кезде);

3) тиісті кезең (кезеңдер) ішіндегі салық салуға дейін бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы туралы (қажет болған кезде);

4) тиісті кезең (кезеңдер) ішіндегі бақыланатын шетел компаниясының қаржылық есептілігі.

Резидент өтінішке ол арқылы осындай жанама немесе конструктивті түрде қатысу жүзеге асырылатын барлық қатысы бар бақыланатын тұлғаларды ашумен бақыланатын шетел компаниясы туралы ақпаратты қоса береді. Резидент сондай-ақ бақыланатын шетел компаниясы өз бетімен немесе бақыланатын тұлға арқылы жолдаған осы тармақта көрсетілген ақпаратты және (немесе) құжаттарды бақыланатын шетел компаниясының ұсынуы туралы сұрау салуының көшірмесін өтінішке қоса беруге құқылы.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау