Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 16,95 Mb.
бет33/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97

252-бап. Қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім

Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының осы Кодекстің 89-1-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерінің азайтылған сомасын есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы теріс айырма ретінде айқындалған мөлшерде шегерімге жатқызуға құқығы бар.


253-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар және салдарды жою қорларына аударымдар сомасы бойынша шегерімдер

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табыстан салдарды жою қорына аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар. Көрсетілген шегерімге жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа іс жүзінде жүргізген аударымдардың мөлшерінде жол беріледі.

Салдарды жою қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленеді.

Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушының салдарды жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берілген, ағымдағы салықтық кезең үшін кейінгі салықтық кезеңде талап қою мерзімінің өтуі бойынша мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгізілуге жататын салықтық кезеңді, осы Кодекстің 42-бабында белгіленген талап қою мерзімінен асып кететін салықтық кезеңде анықтаған мақсатсыз пайдалану фактісін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының сол салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты беру кезінде басқа жер қойнауын пайдаланушыдан жою қорының қаражатын алған жағдайда, жою қорының осындай қаражатын алған жер қойнауын пайдаланушыдағы осындай қаражат:

оларды алған жылы жою қорын қалыптастыру үшін оларды Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнайы депозиттік шотта орналастырылған кезде жылдық жиынтық табысқа енгізілмейді;

шегеруге жатқызуға жатпайды.

2. Кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға салықтық кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушының іс жүзінде шеккен шығыстары, арнайы депозиттік шотта орналастырылған жою қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, сол шығыстарды шеккен салық кезеңінде шегерімге жатады.


254-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорындағы шығыстар бойынша шегерім

1. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнайы депозиттік шотқа аударылған қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдар сомасын шегерімге жатқызады.

2. Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдар мөлшері мен тәртібі, сондай-ақ қор қаражатын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушінің қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдалану қаражатының сомасы оған жол берілген сол салық кезеңінде салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісіне енгізуге жатады.

4. Қалдықтарды орналастыру полигондарын жоюға салықтық кезең ішінде салық төлеушінің іс жүзінде шеккен шығыстары, арнайы депозиттік шотта орналастырылған жою қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, сол шығыстарды шеккен салық кезеңінде шегерімге жатады.
255-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерім

1.Тіркелген активтерді сатып алуға, оларды орнатуға арналған шығыстардан және күрделі сипаттағы басқа да шығыстардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар шегерімдерге жатады.

Осындай шығыстарды шегерімдерге жатқызуға іс жүзінде орындалған ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмысқа арналған техникалық тапсырма және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдап алу актілері негіз болып табылады.

2. Жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап- компаниялардан оларды одан әрі коммерцияландыруға бағытталған лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған шығыстар шегерімдерге жатады.

Осындай шығыстарды шегерімдерге жатқызуға заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген лицензиялық шарт немесе басқаға беру (ішінара беру) шарты негіз болып табылады.
256-бап. Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстарға және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын қаржыландыру, сондай-ақ дербес кластерлік қорға ақша аудару жөніндегі шығыстарын шегеру

1. Жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ғылыми зерттеулерді келісімшарт қызметі бойынша:

ғылым саласындағы аккредиттелген уәкілетті орган арқылы ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды;

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорды қаржыландыруға (ақша аудару) арналған шығыстарды шегеруге құқығы бар.

2. Осы бапта көзделген шығыстарды шегеру мынадай тәртіппен айқындалған:

есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің қорытындысы бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық кірістің 1 пайызына тең соманың,

алу

осы Кодекстің 108-бабына сәйкес есепті салық кезеңінде шегерімге жатқызылған шығыстардың оң айырма мөлшерінен аспауға тиіс.


257-бап. Кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың сақтандыру сыйақылары мен жарналары бойынша шығыстарды шегеру

1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төлеуіне жататын немесе төлеген сақтандыру сыйақылары шегерімге жатады.

2. Жеке тұлғалардың депозиттерiне міндетті кепiлдік беру жүйесiне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың депозиттерiне кепiлдік беруге байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомасы шегерiмге жатады.

3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарындағы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті, төтенше және қосымша жарналардың сомасы шегерімге жатады.

4. Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы мақта өңдеу ұйымдарындағы мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерді орындауға кепілдік берумен байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы шегерімге жатады.

5. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы - астық қабылдау кәсiпорындарындағы астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерді орындауға кепілдік берумен байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы шегерімге жатады.


258-бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру

1. Осы Кодекстің 163-бабының 2-бабында көрсетілген, жұмыс берушінің:

1) мыналардың:

тіркелген активтердің;

преференциялар объектілерінің;

амортизациялауға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енгізілетіндерді;

2) запастардың өзіндік құнына енгізілетіндерді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, осындай запастардың өзіндік құны арқылы шегерімдерге жатқызылатындарды;

3) осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес кейінгі шығыстар болып танылатындарды қоспағанда, салық салынуға жататын қызметкер табысы бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20) және 21) тармақшаларында көрсетілген қызметкер табысы бойынша шығыстары) шегерiмге жатады.

Шегерімге, оның ішінде жұмыс берушінің қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберілген шығыстары түріндегі қызметкердің табысы жатады.

2. Осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының 2), 3), 7), 9) - 12), 14), 17) тармақшаларында айқындалған жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.

3. Салық төлеушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары бойынша төлеген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген шекте шегерімге жатады.
259-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерiмдерi

1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн іс жүзінде жүргізген, бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға, өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылатын бонустың сомалары және коммерциялық табу бонусының сомалары, осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 2) -6), 8)-15) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар және осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген шығыстарға:

1) осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 2)-6), 8)-15) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар жатады. Осындай шығындарға осы Кодекстің 268-бабының 2-тармағына сәйкес осы активтердің бастапқы құнына енгізілетін шығындар, сондай-ақ осындай активтер бойынша осы Кодекстің 272-бабына сәйкес жүргізілген кейінгі шығыстар;

2) басқа да шығыстар жатады. Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда осы тармақшада көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобына жататын шығыстардың мөлшері осындай шығыстарды корпоративтік табыс салығының мақсаттында шегерімдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдардың сомасы салық кезеңінің соңында, осы тармақта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 пайыздан аспайтын амортизация нормасын қолдану арқылы есептеледі.

Көрсетілген тәртіп:

егер жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде кен орнын табу мен бағалау негізінде жасалған өндіруге арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда да қолданылады. Барлауға арналған осындай келісімшарт бойынша соңғы салық кезеңінің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы осы өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерімге жатады;

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес бөлінген жер учаскесі бойынша өндіруге жеке келісімшарт жасалатын және бөлу жүргізілетін, барлауға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу арқылы барлауға қатысу бөлігінде бөлген жағдайда да қолданылады. Бұл ретте өндіруге арналған келісімшарт бойынша шегерімге жатқызу мақсаты үшін ауыстыруға жататын амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы барлауға қатысуда осындай бөлінетін бөлігіне тиесілі тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша жер қойнауын пайдаланушы тиісті келісімшарт бойынша бөлу сәтіне дейін жұмсалған тікелей шығыстардың жалпы сомасында айқындалады.

Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы осы бапта белгіленген коммерциялық табудан кейін өндіруді бастағаннан соң жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті аяқтаған жағдайда соңғы салық кезеңінің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобының құндық балансы шегерілуге жатады.

Осы баптың және осы Кодекстің 260-бабының мақсаттары үшін коммерциялық табудан кейінгі өндіру:

1) барлауға арналған, сондай-ақ қорлары бекітілмеген пайдалы қазбаларды бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы қорларды бекіткеннен кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын;

2) қосымша геологиялық зерттеуді және геологиялық-экономикалық қайта бағалауды талап ететін қорларды қоса алғанда, пайдалы қазбалардың қорлары мемлекеттік баланста тіркелген және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – егер мұндай жұмыстар келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделсе және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен келісілген болса, осы келісімшарттар жасалғаннан кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын білдіреді.

3. Егер ұңғыма Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес оны сынау кезінде көмірсутегі шикізатының өнеркәсіптік ағынының алынбауына байланысты жойылған болса (бұдан әрі осы тармақтың мақсаты үшін – өнімсіз ұңғыма), онда осындай ұңғыманы салуға және жоюға нақты жүргізілген шығыстар қосылған құн салығы ескеріле отырып, мынадай:

1) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе осындай шығыстардың бір бөлігі осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады;

2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден соң шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе осындай шығыстардың бір бөлігі осындай ұңғыма жойылған салық кезеңінде шегерімге жатқызылады.

Бұл ретте коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін жүргізілген өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар осы баптың 1-тармағына сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобынан алып тасталмайды.

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар (Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша есепке жазылған, бірақ төленбеген сыйақыдан басқа):

1) осы Кодекстің 241-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тастауға жататын табыстарды қоспағанда, геологиялық зерттеуді және өндіруге дайындық жұмыстарын жүргізу кезеңінде алынған табыстар;

2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін өндірілген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған табыстар;

3) жер қойнауын немесе оның бір бөлігін пайдалану құқығын іске асырудан алынған табыстар;

4) осы баптың 1-тармағына сәйкес оларды жарғылық капитал салымы ретінде беру кезінде қалыптасқан, амортизацияланатын активтердің жеке тобында ескерілген активтердің құны;

5) осы баптың 1-тармағына сәйкес қалыптасқан, амортизацияланатын активтердің жеке тобында ескерілетін өтеусіз берілген активтердің, аталған активтерді қабылдап алу-беру актілерінде көрсетілген, бірақ беру күніне бухгалтерлік есептің деректері бойынша аталған активтердің баланстық құнынан кем емес сомасына азайтылады.

5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіп жер қойнауын пайдалану құқығын алуға байланысты салық төлеуші шеккен материалдық емес активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығыстарға да қолданылады.
260-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар шегерiмдерінің және көмір сутегін барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерiмдерiнің ерекшелігі

1. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде (барлау кезеңінде) жер қойнауын пайдаланушы шеккен, осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағында көрсетілген шығыстар бойынша жер қойнауын пайдаланушы оларды аталған жер қойнауын пайдаланушы барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған басқа келісімшарт (барлау кезеңінде) бойынша шегерімге жатқызу мақсатында амортизацияланатын активтердің жеке тобын құруға құқылы.

Жер қойнауын пайдаланушының көрсетілген шығыстар бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында, осы тармақта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 пайыздан аспайтын амортизация нормасын қолдану арқылы есептеледі.

Бұл ретте аталған амортизациялық аударымдар осы жер қойнауын пайдаланушының барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған басқа келісімшарт (барлау кезеңінде) бойынша салық кезеңі үшін осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған тікелей табысының жалпы сомасында әрбір нақты барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа (барлау кезеңінде) тиесілі тікелей табыстың үлес салмағы бойынша оларды бөлу арқылы шегерімге жатады.

2. Осы бапта белгіленген жеке топтарды құру құқығы осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындарды алғашқы шеккен салықтық кезеңде ұсынылады. Бұл ретте, егер жер қойнауын пайдаланушыда осындай жеке топты құру кезінде барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған басқа келісімшарт (барлау кезеңінде) болмаған жағдайда, онда соындай жеке топты құру құқығы өндіруге арналған келісімшарт жасалған және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру басталған салық кезеңінде ұсынылады.

Бұл ретте мұндай құқық барлауға арналған келісімшарт немесе бірлескен барлау және өндіруге (өндіру кезеңі басталғанға дейін) арналған келісімшарттың қолданылу соңына дейін қайта қарауға жатпайды.

3. Осы бапқа сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобы салық кезеңі ішінде амортизациялық аударымдарды есептегенге дейін тиісті келісімшарт бойынша алынған, осы Кодекстің 258-бабы 4-тармағында көрсетілген табыстар сомасына азайтылады.

Егер осындай табыстардың сомасы осы бапқа сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобының мөлшерінен асқан жағдайда асып кету шамасы барлауға арналған тиісті келісімшарт бойынша немесе бірлескен барлау және өндіруге (өндіру кезеңі басталғанға дейін) арналған келісімшарт бойынша осы Кодекстің 258-бабына сәйкес қалыптасқан амортизацияланатын активтердің жеке тобын азайтады. Осы Кодекстің 258-бабына сәйкес қалыптасқан амортизацияланатын активтердің жеке тобы болмаған жағдайда осындай асып кетудің шамасы жылдық жиындық табысқа енгізіледі.

4. Жер қойнауын пайдаланушы осы бапқа сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобының және осы Кодекстің 258-бабына сәйкес қалыптасқан амортизацияланатын активтердің жеке тобының салықтық есебін барлауға арналған тиісті келісімшарт бойынша және (немесе) бірлескен барлау және өндіруге (барлау кезеңіне) арналған келісімшарт шеңберінде жеке дара жүргізуге міндетті.

5. Бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт немесе барлауға арналған келісімшарт шеңберінде кен орнын табу және бағалау негізінде жасалған өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңі басталған салықтық кезеңнен бұрын шегерімге жатқызылмаған осы бапқа сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны осы Кодекстің 258-бабында белгіленген тәртіппен осындай барлауға немесе бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде шегерімге жатады.

6. Барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге (барлау кезеңіне) арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған жағдайда осы бапқа сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобының шегерімге жатқызылмаған құны осындай тоқтату кезінде осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, шегерімге жатпайды.
261-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер

1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындау кезінде жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен амортизацияланатын активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар) жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды.

Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтерге:

1) блоктарда (полигондарда) салынған сору, айдау және технологиялық бақылау ұңғымалары, пайдалану-барлау ұңғымалары, оның ішінде олар бойынша геофизикалық зерттеулер шығындар;

2) пайдалану блоктарынан (полигондарынан) бастап өнімдік ерітінділерді қайта өңдеу учаскесінің өнеркәсіптік алаңындағы құм тоғанға дейін салынған технологиялық құбыржолдар, оның ішінде блоктардағы (полигондардағы) айдау және сору коллекторлар;

3) блоктар (полигон учаскелері) арасына салынған технологиялық құбыржолдар;

4) блоктарда (полигондарда) салынған технологиялық құбыржолдар;

5) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылданудың технологиялық тораптары;

6) блоктарда (полигондарда) салынған өнімдік ерітінділерді тарату тораптары;

7) блоктарда (полигондарда) салынған техникалық ерітінділерді қабылдау тораптары;

8) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылды және сұйық реагенттер қоймасын қабылдау тораптары, сондай-ақ қышқылқұбыры;

9) блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар технологиялық сорғы станциялары;

10) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар ерітінділерді айдауға арналған сорғылар;

11) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде салынған ұңғымаларда орнатылған басқару шкафтары бар батырып соратын сорғылар;

12) блоктарда (полигондарда) орнатылған немесе салынған энергетикалық жабдықтау объектілері: трансформаторлық кіші станциялар, компрессорлық станциялар, әуе электр желілері, кәбелдік желілер;

13) блоктарда (полигондарда) орнатылатын бақылау және процестерді автоматтандыру аппаратурасы;

14) блоктардағы (полигондардағы) ауа құбырлары;

15) блоктарға (полигондарға) және блоктар ішіндегі технологиялық кірме автожолдар;

16) блоктардағы (полигондардағы) құм тоғандар немесе өнімдік ерітінділер және сілтілендіру ерітінділері құйылатын ыдыстар;

17) блоктардағы (полигондардағы) құмның ұшырылып әкетілуіне қарсы қорғаныс жатады.

Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтер құнына активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар), сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай активтер құнына қосуға жататын басқа да шығындар (шығыстар) қосылады.

Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда, осы тармақта көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жекелеген тобына жатқызылатын шығыстардың мөлшері корпоративтік табыс салығының мақсаттары үшiн осындай шығыстарды шегерiмдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар) пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық кірістен шегерiледi.

Бұл ретте осы бапқа сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар сомасы салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебінің деректері бойынша есептелген активтердің осындай тобының амортизациялық аударымдар сомасы шегінде шегерімге жатқызылады.

Амортизациялық аударымдар сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған амортизацияланатын активтер тобын есепке алу әдісіне сәйкес блоктар немесе жалпы кен орны (полигон) бойынша мына формула бойынша айқындалады:

С1 + С2 + С3

S = ------------ * V4, мұнда:

V1 + V2 + V3

S – амортизациялық аударымдар сомасы;

С1 – амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңiнiң басындағы құны;

C2 – ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығындар (шығыстар);

С3 – жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, амортизацияланатын активтердің осы баптың 3-тармағында көрсетілген жекелеген тобының құны;

V1 – уран қорларының салық кезеңiнiң басындағы өндіруге дайын физикалық көлемі;

V2 – салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының өндіруге дайын осы бапқа сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны көлемі;

V3 – жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын физикалық көлемі;

V4 – салық кезеңінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген қорларының физикалық көлемі.

2009 жылғы салық кезеңі үшін амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны деп 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығындар (шығыстар) сомасы танылады.

2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны көрсетілген активтер тобының алдыңғы салық кезеңінің соңындағы құны болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:

амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны,

қосу


ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, өндіруге дайындық жұмыстарына осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар),

қосу


осы баптың 3-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтердің тобын үшінші тұлғалардан сатып алу бойынша шығындар,

қосу


осы баптың 3-тармағында көрсетілген, жарғылық капиталға салым ретінде алынған амортизацияланатын активтер тобының құны,

алу


салық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар сомасы.

2009 жылғы салық кезеңі үшін уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша уран қорларының өндіруге дайын физикалық көлемі деп танылады.

2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын көлемі қорлардың алдыңғы салық кезеңінің соңындағы өндіруге дайын физикалық көлемі болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:

уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын физикалық көлемі,

қосу

салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының физикалық көлемі,



қосу

жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын физикалық көлемі,

алу

салық кезеңінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген қорларының көлемі.



Егер пайдалану блогы жұмысының бүкіл кезеңінде уранның өтелген қорларының физикалық көлемінің саны осы пайдалану блогының уран қорларының өндіруге дайын физикалық көлемінің санынан аз болса, осы пайдалану блогы активтерінің амортизацияланатын тобы құнының қалған бөлігі салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде өндірудің және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құнына шығарылатын салық кезеңінде шегерімге жатқызылады.

Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жекелеген келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған соң жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтаған жағдайда амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің соңындағы құны осындай қызмет аяқталған салық кезеңіндегі шегерімге жатады.

3. Осы бапта белгiленген тәртiп амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген, жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған және (немесе) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, жекелеген тобына да қолданылады.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын үшінші тұлғалардан сатып алуға байланысты келіп түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын оның сатып алу құны мұндай активтер тобының құны болып табылады. Амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген тобын жарғылық капиталға салым ретінде алған кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салымның құны мұндай активтер тобының құны болып табылады.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау