«Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2007 жылғы 21 мамырдағы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
1995 жылғы 30 тамызда қабылданған
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КоНСТИТУцИяСЫ
Қазақстан Республикасының Парламенті
Қазақстан Республикасы Президенті
Н. Ə. Назарбаевтың бастамашылық баяндамасы
бойынша қабылданған жəне Президент қол қойған
«Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңына
ТүСіНіКТЕмЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘдіЛЕТ мИНИСТРЛігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢ шЫғАРУ ИНСТИТУТЫ
АСТАНА
2007
ББК 67.400
Қ 65
«Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007
жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңы. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан
Республикасының
Конституциясы.
Қазақстан
Республикасының Парламенті Қазақстан Республика-
сы Президенті Н. Ə. Назарбаевтың бастамашылық ба-
яндамасы бойынша қабылданған жəне Президент қол
қойған «Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254
Заңына түсініктеме.
Авторлық ұжымның жетекшісі, ҚР ҰғА академигі,
профессор ғ.С. Cапарғалиев.
ISBN 9965-600-38-4
К
ББК 67.400
© Авторлар ұжымы, 2007
© «ҚР Заң шығару институты» ЖШС, 2007
Астана, “ҚР Заң шығару институты” ЖШС, 2007. – 304 б.
1203020100
00(05)-07
Қ 65
«Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2007 жылғы 21 мамырдағы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
4
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап
1995 жылы 30 тамыздағы республикалық референдумда
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституция-
сына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
1996 ж., № 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат) мына-
дай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазыл-
сын:
«3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның
елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның
елордасы Астана қаласы болып табылады.».
2. 5-бапта:
1) 1-тармақтағы «Қоғамдық және мемлекеттік
институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік» деген сөздер
«Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы «, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік
қаржыландыруға» деген сөздер алып тасталсын.
3. 9-баптағы «нышандары» деген сөз «рәміздері» деген
сөзбен ауыстырылсын.
4. 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазыл-
сын:
«2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы
жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты
террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс
уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр
жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген
адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.».
5. 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазыл-
сын:
«2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың
санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады,
тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың
санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мер-
зімге ұстауға болады.».
6. 34-баптың 2-тармағындағы «нышандарын» деген сөз
«рәміздерін» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. 41-бапта:
1) 1-тармақтағы «жеті» деген сөз «бес» деген сөзбен
ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы «кемінде он бес» деген сөздер «соңғы
он бес» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 42-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші
бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре-
зидентіне қолданылмайды.».
9. 43-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
10. 44-бапта:
1) 2), 3), 4), 5), 7) тармақшалар мынадай редакцияда
жазылсын:
«2) Республика Парламентіне және оның Палата-
сына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды;
Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның
депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын
қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын
шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішін-
де қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе
оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа
салу үшін қайтарады;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партия-
лар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім
беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-
Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент
Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Минис-
трін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
Достарыңызбен бөлісу: |