«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет7/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89

29
II бөлім
азаматтығынан,  өзiнiң  азаматтығын  өзгерту  құқығынан 
айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға 
болмайды. 
3.  Республика  азаматының  басқа  мемлекеттiң 
азаматтығында болуы танылмайды.
11-бап
1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше бел-
гiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мем-
лекетке беруге болмайды. 
2. Республика өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азамат-
тарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк 
бередi.
12-бап
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам 
құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiл-
дiк берiледi. 
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумы-
сынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан 
ешкiм  айыра  алмайды,  заңдар  мен  өзге  де  нормативтiк 
құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай 
анықталады. 
3.  Республиканың  азаматы  өзiнiң  азаматтығына  орай 
құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады. 
4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда 
өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адам-
дар  Республикада  азаматтар  үшiн  белгiленген  құқықтар 
мен  бостандықтарды  пайдаланады,  сондай-ақ  мiндеттер 
атқарады. 
5.  Адамның  және  азаматтың  өз  құқықтары  мен 
бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары 


30
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен 
қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс.
13-бап
1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы 
бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi 
қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық 
тәсiлдермен қорғауға хақылы. 
2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот 
арқылы қорғалуына құқығы бар. 
3. Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда 
көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi. 
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. 
2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, 
жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, на-
нымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез кел-
ген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге 
болмайды. 
15-бап
1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар. 
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. 
Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты терро-
ристік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында 
ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде 
заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім 
жасау туралы өтініш ету хақы бар. 
Ескерту. 15-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен.


31
II бөлім
16-бап
1. Әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар. 
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың 
санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, 
тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың 
санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мер-
зімге ұстауға болады. 
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып 
тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып 
тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн 
пайдалануға құқылы.
Ескерту.  16-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен.
17-бап
1. Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды. 
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, 
басқадай  қатыгездiк  немесе  адамдық  қадiр-қасиетiн 
қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды.
18-бап
1. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және 
отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы 
атының қорғалуына құқығы бар. 
2.  Әркiмнiң  өзiнiң  жеке  салымдары  мен  жинаған 
қаражатының,  жазысқан  хаттарының,  телефон  арқылы 
сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа 
жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына 
құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей белгiленген 
реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi. 
3. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазым-


32
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
ды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа 
өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, 
шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн 
қамтамасыз етуге мiндеттi.
19-бап
1. Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге 
жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге 
хақылы. 
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, 
қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн ер-
кiн таңдап алуға құқығы бар.
20-бап
1. Сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi. 
Цензураға тыйым салынады. 
2. Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген 
тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып 
табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi. 
3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп 
өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне 
нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, 
дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ 
қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға 
немесе үгiттеуге жол берiлмейдi.
21-бап
1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген 
әрбiр  адам,  заңда  көрсетiлгеннен  басқа  реттерде,  оның 
аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты мекендi өз 
қалауынша таңдап алуға құқығы бар. 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау