«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет14/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   89

57
IV бөлім
ыс  беру  арқылы  Сенат  пен  Мәжiлiс  сайлаған  төрағалар 
басқарады. Сенат Төрағасының қызметiне кандидатураны 
Қазақстан Республикасының Президентi ұсынады. Мәжiлiс 
Төрағасының қызметiне кандидатураларды Палатаның де-
путаттары ұсынады. 
2. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшiн Палаталардың 
депутаттары  жалпы  санының  көпшiлiгi  дауыс  берсе, 
қызметтен керi шақырылып алынуы мүмкiн, сондай-ақ олар 
өз еркiмен орнынан түсуге хақылы. 
3. Парламент Палаталарының төрағалары: 
1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық 
етедi; 
2)  Палаталардың  қарауына  енгiзiлетiн  мәселелердi 
әзiрлеуге жалпы басшылық жасайды; 
3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметiне 
сайлау үшiн Палаталарға кандидатуралар ұсынады; 
4)  Палаталар  қызметiнде  регламенттiң  сақталуын 
қамтамасыз етедi; 
5)  Палаталардың  үйлестiру  органдарының  қызметiне 
басшылық жасайды; 
6) Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды; 
7) палаталарға Конституциялық Кеңестің, Орталық сай-
лау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын 
бақылау  жөніндегі  есеп  комитетінің  мүшесі  қызметіне 
тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады; 
8) өздерiне Парламент регламентi жүктейтiн басқа да мiн-
деттердi атқарады. 
4. Мәжiлiс Төрағасы: 
1) Парламент сессияларын ашады; 
2)  Палаталардың  кезектi  бiрлескен  отырыстарын 
шақырады, Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiр-
лескен отырыстарына төрағалық етедi. 


58
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
5. Палаталардың төрағалары өз құзыретiндегi мәселелер 
бойынша өкiмдер шығарады.
Ескерту. 58-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен.
59-бап
1. Парламент сессиясы оның Палаталарының бiрлескен 
және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi. 
2.  Парламенттiң  бiрiншi  сессиясын  Қазақстан 
Республикасының  Президентi  сайлау  қорытындылары 
жарияланған  күннен  бастап  отыз  күннен  кешiктiрмей 
шақырады. 
3.  Парламенттiң  кезектi  сессиялары  жылына  бiр  рет 
қыркүйектiң  бiрiншi  жұмыс  күнiнен  маусымның  соңғы 
жұмыс күнiне дейiн өткiзiледi. 
4. Парламент сессиясын, әдетте, Республика Президенті 
ашады және сессия Сенат пен Мәжілістің бірлескен оты-
рыстарында жабылады. Парламент сессиялары аралығындағы 
кезеңде Республика Президенті өз бастамасымен, Палата-
лар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы 
санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің 
кезектен  тыс  сессиясын  шақыра  алады.  Онда  сессияны 
шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады. 
5. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары оларға 
әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен 
екiсi қатысқан жағдайда өткiзiледi. 
6. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары ашық 
отырыстар  болып  табылады.  Регламенттерде  көзделген 
реттерде жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн. Республика 
Президентiнiң, Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiнiң, 
Ұлттық  Банк  Төрағасының,  Бас  Прокурордың,  Ұлттық 



IV бөлім
қауiпсiздiк комитетi Төрағасының кез келген отырыстарға 
қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар. 
Ескерту. 59-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен.
60-бап
1. Палаталар әр Палатада саны жетiден аспайтын тұрақты 
комитеттер құрады. 
2.  Палаталардың  бiрлескен  қызметтерiне  қатысты 
мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде 
бiрлескен комиссиялар құруға хақылы. 
3. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретiндегi мәселелер 
бойынша қаулылар шығарады. 
4. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкiлеттiгi 
және қызметiн ұйымдастыру тәртiбi заңмен белгiленедi.
61-бап
1. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президен-
тіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек 
қана Мәжілісте жүзеге асырылады. 
2. Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың 
басымдылығын  белгiлеуге,  сондай-ақ  осы  жоба  жедел 
қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң 
жобасын енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға 
тиiстi екенiн бiлдiредi. Парламент осы талапты орындама-
са, Республика Президентi заң күшi бар Жарлық шығаруға 
хақылы, ол Парламент Конституция белгiлеген тәртiппен 
жаңа заң қабылдағанға дейiн қолданылады. 
3. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды рет-
тейтiн, мыналарға: 
1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектiлiгiне, 


60
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және 
заңды тұлғалардың мiндеттерi мен жауапкершiлiгiне; 
2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға; 
3) мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару 
органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемле-
кеттiк және әскери қызметтiң негiздерiне; 
4) салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi 
белгiлеуге; 
5) республикалық бюджетке; 
6) сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiне; 
7)  бiлiм  беруге,  денсаулық  сақтауға  және  әлеуметтiк 
қамсыздандыруға; 
8) кәсiпорындар мен олардың мүлкiн жекешелендiруге; 
9) айналадағы ортаны қорғауға; 
10) республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына; 
11) мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету-
ге қатысты негiзгi принциптер мен нормалардың белгiлейтiн 
заңдар шығаруға хақылы. 
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелдi актiлермен 
реттеледi. 
4. Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының 
көпшiлiк даусымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, 
ол онда әрi кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат де-
путаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған 
жоба заңға айналады және он күннiң iшiнде Президенттiң 
қол қоюына берiледi. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары 
жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданбаған жоба 
Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы 
санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен жобаны қайтадан 
мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға 
берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия ба-
рысында қайтадан енгiзуге болмайды. 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау