«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет3/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

10
Қазақстан Республикасының Заңы
6)  Конституциялық  Кеңестің  Республикадағы 
конституциялық  заңдылықтың  жай-күйі  туралы  жыл 
сайынғы жолдауын тыңдайды;
7)  Палаталардың  бірлескен  комиссияларын  құрады, 
олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, 
комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
8)  Парламентке  Конституция  жүктеген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
54-бап
1.  Парламент  Палаталардың  бөлек  отырысында 
мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз 
кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар 
қабылдайды, оның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер 
мен толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және 
оларды алып тастайды;
3)  Қазақстанның  әкімшілік-аумақтық  құрылысы 
мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4)  мемлекеттік  наградаларды  тағайындайды, 
Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, 
сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілей-
ді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық 
және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратифика-
циялайды және олардың күшін жояды.
2.  Парламент  Палаталардың  бөлек  отырысында 
мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз 
кезегімен қарау арқылы:


11
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп-
терді талқылайды;
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар 
немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген 
күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау 
мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы 
Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. 
Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы 
санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған 
шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға 
қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса 
Палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе 
Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есепте-
леді.  Парламент  қабылдаған  конституциялық  заңдарға 
Мемлекет  басшысының  қарсылығы  осы  тармақшада 
көзделген  тәртіппен  қаралады.  Бұл  ретте  Парламент 
Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр 
Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен 
үшінің даусымен еңсереді;
3) республикалық референдум тағайындау туралы бас-
тама көтереді.».
17. 55-бапта:
1)  1)  тармақшадағы  «,  алқалар  төрағаларын»  деген 
сөздер алып тасталсын;
2) 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2)  Республика  Президентінің  Республика  Ұлттық 
Банкінің  Төрағасын,  Бас  прокурорын  және  Ұлттық 
қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім 
беру;»;
3) 4) тармақша алып тасталсын;
4) 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазыл-
сын:


12
Қазақстан Республикасының Заңы
«5)  Мәжілістің  өкілеттіктері  мерзімінен  бұрын 
тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде 
Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен 
заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;
6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге 
де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».
18. 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 
56-бап 
1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен 
заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жоба-
ларды қарау;
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік 
даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-
Министрін тағайындауға келісім беру;
3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабар-
лау;
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген 
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік 
даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемін-
де бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке 
сенімсіздік білдіруге хақылы.».
19. 57-баптың 1) және 6) тармақшалары мынадай редак-
цияда жазылсын:
«1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке 
тағайындайды;  Орталық  сайлау  комиссиясының  екі 
мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау 
жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге 
қызметке тағайындайды;»;
«6)  Палата  депутаттары  жалпы  санының  кемінде 


13
үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі 
мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін 
тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойын-
ша  Үкімет  мүшесі  Республика  заңдарын  орындамаған 
жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік 
даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Пре-
зидентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Прези-
денті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар 
Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен 
алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен 
кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін 
қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. 
Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін 
қызметінен босатады;».
20. 58-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай 
редакцияда жазылсын:
«7) палаталарға Конституциялық Кеңестің, Орталық 
сайлау  комиссиясының,  Республикалық  бюджеттің 
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі 
қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;».
21. 59-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазыл-
сын:
«4. Парламент сессиясын, әдетте, Республика Прези-
денті ашады және сессия Сенат пен Мәжілістің бірлес-
кен  отырыстарында  жабылады.  Парламент  сессиялары 
аралығындағы кезеңде Республика Президенті өз баста-
масымен,  палаталар  төрағаларының  немесе  Парламент 
депутаттары  жалпы  санының  кемінде  үштен  бірінің 
ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра 
алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер 
ғана қаралады.».
22. 61-бапта:


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау