«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет8/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89

33
II бөлім
2. Әркiмнiң Республикадан тыс жерлерге кетуiне құқығы 
бар.  Республика  азаматтарының  Республикаға  кедергiсiз 
қайтып оралуына құқығы бар.
22-бап
1. Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар. 
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы 
адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы 
мiндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектеме-
уге тиiс.
23-бап
1.  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  бiрлесу 
бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi 
заңмен реттеледi. 
2. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, 
құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьялар 
партияларда, кәсiптiк одақтарда болмауға, қандай да бiр са-
яси партияны қолдап сөйлемеуге тиiс. 
24-бап
1. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн 
еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi 
бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында 
ғана жол берiледi. 
2. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек 
ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы 
алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға 
құқығы бар. 
3. Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiлен-
ген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек 
дауларын шешу құқығы мойындалады. 


34
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
4. Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, 
жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының 
ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы 
ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi. 
25-бап
1.  Тұрғын  үйге  қол  сұғылмайды.  Соттың  шешiмiнсiз 
тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып 
кiруге, оны тексеруге және тiнтуге заңмен белгiленген реттер 
мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi. 
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен 
қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасалады. Заңда көрсетiлген 
санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiлен-
ген нормаларға сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорларынан 
олардың шама-шарқы көтеретiн ақыға берiледi.
26-бап
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде 
алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. 
2. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен 
кепiлдiк берiледi. 
3. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға 
болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемле-
кет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең 
бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн. 
4. Әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез 
келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға 
құқығы бар. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi шек-
теледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. 
27-бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң 
қорғауында болады. 


35
II бөлім
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу 
ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi. 
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке 
жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
28-бап
1.  Қазақстан  Республикасының  азаматы  жасына  кел-
ген,  науқастанған,  мүгедек  болған,  асыраушысынан 
айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең 
төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiнде әлеуметтiк 
қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi. 
2.  Ерiктi  әлеуметтiк  сақтандыру,  әлеуметтiк 
қамсыздандырудың  қосымша  нысандарын  жасау  және 
қайырымдылық көтермеленiп отырады. 
29-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын 
сақтауға құқығы бар. 
2.  Республика  азаматтары  заңмен  белгiленген  кепiлдi 
медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға хақылы. 
3. Мемлекеттiк және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, 
сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы 
адамдарда ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгiлен-
ген негiздер мен тәртiп бойынша жүргiзiледi.
30-бап
1. Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта 
бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi. 
2. Азаматтың мемлекеттiк жоғары оқу орнында конкурстық 
негiзде тегiн жоғары бiлiм алуға құқығы бар. 
3. Жекеменшiк оқу орындарында ақылы бiлiм алу заңмен 
белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады. 


36
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
4. Мемлекет бiлiм берудiң жалпыға мiндеттi стандарт-
тарын  белгiлейдi.  Кез  келген  оқу  орнының  қызметi  осы 
стандарттарға сай келуi керек.
31-бап
1.  Мемлекет  адамның  өмiр  сүруi  мен  денсаулығына 
қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етiп қояды. 
2. Адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн 
деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы 
заңға сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
32-бап
Қазақстан  Республикасының  азаматтары  бейбiт  әрi 
қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингiлер мен демонстра-
циялар, шерулер өткiзуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. 
Бұл құқықты пайдалану мемлекеттiк қауiпсiздiк, қоғамдық 
тәртiп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен 
бостандықтарын қорғау мүдделерi үшiн заңмен шектелуi 
мүмкiн.
33-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және 
өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мем-
лекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органда-
рына тiкелей өзi жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық 
өтiнiштер жолдауға құқығы бар. 
2. Республика азаматтарының мемлекеттiк органдар мен 
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға 
сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға 
құқығы бар. 
3.  Сот  iс-әрекетке  қабiлетсiз  деп  таныған,  сондай-ақ 
сот  үкiмi  бойынша  бас  бостандығынан  айыру  орында-


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау