«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет6/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

25
I бөлім
3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның 
елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның 
елордасы Астана қаласы болып табылады. 
4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының 
мәнi бара бар.
 
Ескерту. 2-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен
3-бап
1. Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық. 
2. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және 
еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн 
жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. 
3. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп 
кете  алмайды.  Билiктi  иемденiп  кетушiлiк  заң  бойынша 
қудаланады. 
Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика 
Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi 
шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен 
өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiл-
ген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi. 
4. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Консти-
туция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және 
сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк 
жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принци-
пiне сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап
1.  Қазақстан  Республикасында  қолданылатын  құқық 
Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де норма-
тивтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен 


26
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Рес-
публика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нор-
мативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. 
2.  Конституцияның  ең  жоғары  заңды  күшi  бар  және 
Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. 
3. Республика бекiткен халықаралық шарттардың Рес-
публика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық 
шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн 
жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады. 
4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табы-
латын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың 
құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нор-
мативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды 
қолданудың мiндеттi шартты болып табылады.
5-бап
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси 
әралуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия 
ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. 
2. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық 
бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық 
бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге 
мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмей-
дi. 
3. Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық 
құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мем-
лекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, 
ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға 
бағытталған қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың 
қызметiне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген 
құрамалар құруға тыйым салынады. 
4. Республикада басқа мемлекеттердiң саяси партияла-


27
I бөлім
ры мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың 
қызметiне, сондай-ақ саяси партиялармен кәсiптiк одақтарды 
шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекет-
тер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол 
берiлмейдi. 
5. Шетелдiк дiни бiрлестiктердiң Республика аумағындағы 
қызметi,  сондай-ақ  шетелдiк  дiни  орталықтардың 
Республикадағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауы 
Республиканың  тиiстi  мемлекеттiк  органдарымен  келiсу 
арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту.  5-бап  Қазақстан  Республикасының  2007 
жылғы  21  мамырдағы  №  254-III  Заңымен  енгізілген 
өзгерістермен.
6-бап
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен 
жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. 
2. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар 
қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi 
мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге 
асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен 
белгiленедi. 
3. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен 
жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет мен-
шiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, 
шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн. 
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ 
тiлi. 
2.  Мемлекеттiк  ұйымдарда  және  жергiлiктi  өзiн-өзi 


28
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен 
тең қолданылады. 
3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен 
дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
8-бап
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың при-
нциптерi мен нормаларын құрметтейдi, мемлекеттер ара-
сында ынтымақтастық пен тату көршiлiк қарым-қатынас 
жасау, олардың теңдiгi мен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне аралас-
пау, халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу саясатын 
жүргiзедi, қарулы күштi бiрiншi болып қолданудан бас тар-
тады. 
9-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Туы, 
Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және 
ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық заңмен белгi-
ленедi.
Ескерту.  9-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен.
II БӨЛIм 
АдАм ЖӘНЕ АЗАмАТ
10-бап
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес 
алынады және тоқтатылады, ол қандай негiзде алынғанына 
қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады. 
2.  Республиканың  азаматын  ешқандай  жағдайда 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау