Қорытынды
Географиялық ақпараттық жүйелер компьютерлік деректер қорын пайдалану арқылы Жердің және онда орналасқан нысандардың географиясын бейнелеудің құралы ретінде 1960 жылдары пайда болды.
Бүгінгі күңдері ГАЖ даму үстінде. Қазіргі кездегі ГАЖ-дың дамуының негізгі 5 бағытын көрсетуге болады. Бұл: GPS және ГАЖ интеграциясы; реляциялы деректер қоры бар ГАЖ интеграциясы; қуаттылығы жоғарылаған дербес компьютердің бағасының төмендеуі; ноутбуктар мен калталық компьютерлердің дамуы; желілік технологиялар, web-картографиялау және Интернет бойынша ГАЖ.
Интеграцияның қарқынды өсуі нарықта web-картографиялауға арналған көптеген өнімдердің пайда болуына алып келді. Мысалы, ESRI web-қосымшаларын құруға арналған әр түрлі өнімдер ұсынады: ArcView Internet Map server (IMS), Map Objects IMS және Arc IMS. Мар Info компаниясы MapXsite, Map Xtreme NT және Map Xtreme Java Edition өнімдерін ұсынады. Autodesk компаниясының web-картографиялауға арналған өнімі МарGuide болып есептеледі. Intergraph компаниясы GeoMedia Web Map және GeoMedia Web Enterprise өнімдерін ұсынады. ГАЖ индустриясы жаңа жағдайларға бейімделіп, өзгеру және даму үстінде. Бұл осы саланың үлкен потенциалын көрсететін индикатор больш табылады. Осылайша, XXI ғасырда ГАЖ өз пайдаланушыларына бұдан да жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, өзінің қарқынды дамуын тоқтатпайды десе де болады.
Қорыта келгенде, ГАЖ технологиялық бағдарламасының көмегімен оқу карталарын дайындау өте тиімді. ГАЖ бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр материктің физикалық картасын алдық. Картографтар үшін кез келген картаны дайындау барысында ұзақ уақытты қажет етпейді. ArcGIS 9.3. бағдарламасы сапалы картографиялық өнім шығаруға мүмкіндік беретін ГАЖ технологиясы болып табылады. Осыған орай, елімізде ГАЖ технологиялық бағдарламасының қолданылу аясын кеңейту қажет.
Ұсыныс
Осы жұмысты көпшілік назарына ұсына отырып, ГАЖ-дың осы және басқа да бағдарламаларын игере отырып, география кабинеттеріне арналған көрнекіліктерді (мысалы, әр түрлі тақырыптағы физикалық карталар) көбейтуді, ГАЖ бағдарламасының қолдану аясын ұлғайтуды ұсынамын.
Достарыңызбен бөлісу: |